15
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
К
елесі бөлімдерде азаматтық құқық пен
ювеналды әділет (қылмыстық құқық)
тұрғысында балаларға қатысты әділсоттың
қолданылуы туралы ақпарат ұсынылады.
Балаларға қатысты әділсот бойынша халықаралық
тәжірибе және оның қолданылуы талқыланады.
Осы қағидаларды толық ұстану арқылы балаға
мейірімді әділсотты жүзеге асыруға зор үлес
қосуға болады. Судьялар балаға мейірімді әділсот
тәжірибесін орнықтыру үшін әлдеқайда көп күш-
жігер қажеттігін ұғынады.
Халықаралық және ұлттық деңгейлерде балаға
мейірімді сот жүйесінің негізгі элементтері туралы
пікірталастар жалғасуда.
2008 жылы БҰҰ Бас Хатшысы Балаларға қатысты
әділсотқа БҰҰ-ның көзқарасы жөнінде басшылық
нұсқаулар шығарды және 2010 жылы Еуро-
па Кеңесінің Министрлер комитеті Балаларға
мейірімді әділсот жөніндегі басшылық нұсқауды
қабылдады.
20
Біз судьялардың балаларға
қатысты істерді қарауы үшін қажетті ақпаратты
талқылайтынымызды ескергендіктен,
бұл тарауда
аталған осы екі құжат талқыланбайды. Тек кейбір
байқаулармен шектелеміз.
Еуропа Кеңесі нұсқаулығы секілді кейбір құжаттар
қылмыс құрбандары болған балаларға қатысты
әділсотты қоса алғанда, балаларға қатысты әділсот
ювеналды әділетпен (қылмыстық құқық) бірдей де-
ген пікір туғызады. Бірақ балаларға қатысты әділсот
ұғымы Бас Хатшының Басшылық нұсқауларында
берілген ұғыммен салыстырғанда әлдеқайда кең
ұғым.
Балаларға қатысты әділсот – бұл, қылмыстың
құрбаны, куәгерлері немесе ықтимал құқық
бұзушы ретінде не құқық бұзумен байланы-
сты қамқоршылық, қорғаншылық немесе қорғау
мәселелері
бойынша сот, мемлекеттік-әкімшілік
немесе мемлекеттік емес сот төрелігінің араласуы
қажет етілетін басқа себептер бойынша әділсотпен
және онымен байланысты жүйелермен қарым-
қатынасқа түсетін барлық балаларға қатысты
халықаралық стандарттар мен нормалардың толық
қолданылуын қамтамасыз етуді мақсат еткен
қызмет.
Осы қос құжат балаға мейірімді әділсот тәжірибесін
қолдану тәжірибесін орнықтыру үшін заңнама
және саясат саласында көптеген істер атқарылу
тиіс екенін анық көрсетеді.
Судьялар балаға мейірімді әділсот тәжірибесін
жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Олар үшін кемсітпеушілік қағидаттарын ұстану,
баланың басым мүдделерін бірінші кезектегі
маңызды фактор ретінде қолдану, сондай-ақ,
балаға өз көзқарастарын білдіруге толық мүмкіндік
беру, оларды назарға
алу маңызды болып табыла-
ды. Сонымен қатар, әрбір баланың қадір-қасиетін
құрметтеп, оған ниеттес болу өте маңызды.
Баланың жауабын тыңдаған кезде бұл қағидат
ерекше маңызды.
Судьялар балалармен қарым-қатынас жасай білу
дағдыларын үйрететін оқу курстарын өтуге тиіс, ол
баланың жас шамасына сәйкес келіп, тез арада тіл та-
быса алатындай, адал әрі баланың мұқтаждықтары
мен құқықтарына зейін қоятындай болуға тиіс.
Жеңіл тіл табысу үшін, тек ол үшін жағдайдың
болуы емес, судьялар сұрақтар бергендегі дауыс
реңкі, сұрақтардың табиғаты және вербальды емес
қарым-қатынас құралдары маңызды рөл атқарады.
Баланы сот залында тыңдау әрдайым, мыса-
лы, қорғау немесе қорғаншылық туралы істерді
қараған кезде қажет бола бермейді. Мұны баланың
тұратын жерін қоса алғанда,
судьяның кабинетінде
немесе басқа да қолайлы жерде жасауға бола-
ды. Ең басты талап бала өз пікірін еркін білдіруі
үшін оған қолайлы ахуал туғызу болып табылады.
Басқа адамдардың, мысалы, ата-анасының қатысуы
баланың көзқарасын еркін білдіруіне кедергі
келтіруі мүмкін. Бұл келесі тарауларда неғұрлым
толық қаралады.
3-бөлім.
балаға мейірімді әділсот
20. Басшылық министрлер орынбасарларының 1098-отырысын-
да қабылданған, 2010 ж. 17 қараша; Редакцияланған нұсқасы
Түсіндірме меморандуммен бірге 2011 жылы 31 мамырда
жарияланған.
16
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы және басқа да халықаралық құжаттар
1-тарау. Халықаралық стандарттар:
Б
ала құқықтары туралы конвенция ювеналды
әділет жүйесіндегі балалардың құқықтарына
қатысты басты екі ережеден тұрады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі әділсот
туралы 40-бап
ювеналды әділет тәжірибесімен,
ақырғы шара ретіндегі өлім жазасымен, мерзімінен
бұрын босату құқығынсыз өмір бойы түрмеде
отырумен және бас бостандығынан айырумен
шектелмейтін азаптаулар мен басқа ұрып-соғуға,
мейірімсіз және адамның қадір-қасиетін кемсітетін
қарым-қатынасқа және жазаларға тыйым салу ту-
ралы 37-бап. Біз келесі параграфтарда, алдымен,
кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға қатысты
қолданылатын санкциялардың құрамдас бөліктері
ретінде 40 және 37-баптарды қарастырамыз.
4.1. Ювеналды әділеттің
жалпы қағидаттары мен
мақсаттары
40-баптың 1-тармағына сәйкес кәмелетке толмаған
құқық бұзушылар істері бойынша әділсоттың жал-
пы қағидаттары қылмыстық заңнаманы бұзған ба-
лалармен сөйлесу арқылы:
•
баланың ар-намыс және маңыздылық сезімін
дамытуға
ықпал ету және
•
оның бойында адамның құқықтары мен негізгі
бостандықтарына құрмет сезімін ұялату болып
табылады.
Заң алдында жауапты балаға қатысты қолданылатын
барлық шаралардың басты мақсаты – баланың қайта
бейімделуіне және қоғамдық пайдалы жұмыспен
айналысуына ықпал ету.
Баланың ар-намысын және маңыздылығын
дамытуға ықпал ететін қарым-қатынас: Бұл
қағидат – адам туғаннан еркін және өз ар-намысы
мен құқықтары бойынша тең дәрежеде делінетін,
адамның іргелі құқықтарының бірінің көрінісі.
Осы ар-намыс сезімі және маңыздылық жөніндегі
ажырамас құқығы құқық қорғау органдарын-
да баламен алғаш сөйлесуден бастап әрі қарай да
сақталуға және қорғалуға тиіс.
Баланың адамның құқықтары мен негізгі
бостандықтарына құрмет сезімін ұялататын
қарым-қатынас: Бұл қағидат ювеналды әділет
жүйесінде балалармен араласу адамның құқықтары
мен негізгі бостандықтарына құрмет сезімін
нығайтуға бағытталуға тиіс екенін көрсетеді
(БҚК 29(1-бабы (b). 40 (2) –
бапқа сәйкес, әділ
сот талқылауының кепілдігін қамтамасыз ету үшін
ювеналды әділеттің бұл қағидатын сақтау қажеттігі
айқын. Егер полиция қызметкерлері, прокурор-
лар, судьялар және шартты түрде сотталғандарды
қадағалаушы инспекторлар сияқты ювеналды
әділет жүйесіндегі басты тұлғалар осы кепілдіктерді
толық сақтамаса немесе қорғамаса, мұндай келеңсіз
өнегелерден кейін балалардың өзге адамдардың
құқықтары мен негізгі бостандықтарын
құрметтеуіне үміт артуға бола ма?
Баланың жасы және оның қоғамға қайта бейімделуі
мен пайдалы еңбекпен айналысуына жәрдемдесу
ниеті ескерілетін қарым-қатынас: Бұл қағидат
баламен құқық қорғау органдарында алғаш
сөйлескен кезде және әрі қарай да онымен тиісті
қарым-қатынас жасау үшін қажетті барлық шара-
ларды жүзеге асыру қолданылып, сақталуға және
құрметтелуге тиіс. Ол кәмелетке толмағандардың
істері бойынша сотқа
қатысушы барлық мамандар-
дан балалардың өсіп, жетілуі, әл-ауқатына сәйкес
тұрақты өсуі сондай-ақ балаларға қатысты таралған
зорлық-зомбылық түрлері бойынша хабардар болу-
ды талап етеді. Қайта бейімделу кезеңінде баланың
қоғам өміріне толық қатысуына теріс әсер ететін
әрекеттердің, мысалы, қоғам алдында айыптаудың,
әлеуметтік оқшаулаудың немесе бұқаралық ақпарат
құралдарындағы келеңсіз хабарлардың болмауы та-
лап етіледі. Заңмен қайшылықта жүрген баланың
өмірге қайта бейімделуін қамтамасыз етуде оның
қоғамның толық құқылы мүшесіне айналуы үшін
барлық қажетті шараларды қолдану қажет.
Баланың қадір-қасиет сезімін құрметтеушілік
мұндай балаға қатысты зорлық-зомбылықтың
барлық түрлеріне тыйым салуды және оны бол-
дырмауды талап етеді.
Бала құқықтары жөніндегі
комитеттің есептері бойынша, құқық қорғау орган-
дарына алғаш келгеннен бастап, алдын ала қамауда
ұстау және бас бостандығынан айырылған бала-
лар мекемелерінде ұстау кезінде ювеналды әділет
бойынша әділ сотты жүзеге асыру процесінің
барлық сатыларында зорлық-зомбылықтың орын
4-бөлім.
Ювеналды әділет жүйесіндегі бала
құқығы
21
21. Қазақстан үшін Қорытынды ескертулердегі ювеналды әділет
жүйесін реформалау бойынша толық ұсынымдарды қараңыз, 2007
ж., 70-тармақ.