Ғимараттар мен имараттардың ұзақ уақыттық төзімділігі мен оларды пайдалану тұрғысындағы басқа да сипаттары негіздіктердің көтеруші қабілетіне тəуелді.
Құрылыс барысында жəне пайдалану кезінде ұшырасқан апаттардың себептерін талдау олардың басым көпшілігі не- гіздіктер мен іргетастарды жобалау жəне құру кезінде жіберіл- ген қателіктердің салдары екендігін көрсетіп берді.
Бұл қателіктердің залалдарын түзеу, ереже бойынша, шы- ғындарды едəуір үнемдеуге қол жеткізеді, кейде шығындардың мөлшері іргетастың бастапқы құнынан асып түседі.
Іргетастар мен негіздіктерді құруға жұмсалатын шығындар ғимараттар мен имараттардың жиынтық құнының 20%-ына дейін жетуі жəне асып түсуі мүмкін, сондықтан бүл шығын- дарды азайту арқылы ақшалай қаражаттарды біршама үнем- деуге болады.
Негіздіктер мен іргетастардың беріктігі құрылыс жұмыс- тарын жүргізу тəсіліне, негіздер топырағының физикалық- механикалық сипаттарына дұрыс баға берілуіне, сондай-ақ, олардың іргетастармен жəне барлық жерүсті құрылымдарымен өзара үйлесім табуын ескере білуге байланысты.
Іргетастардың құрылымдық шешімінің табылуы құрылыс алаңы топырағының жатысына байланысты, сондықтан құ- рылыс жүргізілетін жердің геологиялық, гидрологиялық жəне топографиялық жағдайы ғимараттар мен имараттарды жоба- лаудың бастапқы жəне неғұрлым маңызды кезеңі болып табылады. Негіз (основание) деп ғимараттар мен имараттар салмағын қабылдайтын іргетас астындағы топырақ қабатын айтады. Негіз
табиғи жəне жасанды болып екіге бөлінеді.
Жаратылыс қалыптастырған негіздік – табиғи негіз, ал əр- түрлі тəсілдермен тығыздалған, бекітілген немесе топырақты жекелей алмастыру жолымен табиғи топырақтың қасиеттерін жасанды түрде өзгерту арқылы жақсартылған негіздік – жасанды негіз деп аталады.
Ал желдің үгітуімен пайда болған жер бетінің жоғары қаба- тын құратын тау жынысы топырақ деп аталады. Ол үш күйде: қатты, сұйық жəне газ түрінде болады. Бұл күйлердің өзара қарым-қатынасы, сондай-ақ қатты бөлшектердің арасындағы
байланыстың беріктігі көп тұрғыда топырақтың физикалық қасиеттеріне байланысты.
Негіздіктердің топырағын сипаттау жəне жіктеу үшін құры- лыс алаңындағы инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстары кезінде ұңғымалардан жəне шұнғырлардан топырақ үлгісі алынады.
Топырақты зертханалық зерттеулерден өткізу нəтижесі бо- йынша оның мынандай негізгі үш көрсеткішін анықтайды:
р – құрылымы бұзылмаған топырақтың тығыздығы, ол топырақ үлгісі салмағынын оның көлеміне ара қатысына тең болады
ps – топырақтың қатты бөлшектерінің тығыздығы, ол қатты бөлшектер салмағының оның көлемінің ара қатысына тең;
w – табиғи ылғалдылық, ол топырақ құрамындағы су салмағының қатты бөлшектер көлемінің арақатысына тең.
Қолданыстағы жіктеулерге сəйкес топырақтың келесі түр- лерге бөлінеді:
жартастық
ірі сынықты
құмды
шаңды-сазды топырақтар деп бөлінеді.
Жартастық, ірі сынықты, құмды топырақтар, ережедегідей, жақсы негіздіктер болып табылады. Топырақтың шөкпе, кеулеулі (ісінбелі) жəне мəңгі тоң топырақ түрлерін ерекше санатқа жатқызған дұрыс. Өйткені жергілікті метеорологиялық жайлардың əсерінен, бұл топырақтардың қасиеті өзгеріп отырады. Мысалы: ылғалданған кезде едəуір деңгейде қосымша шөге түсетін (шөгінді болатын) сазды топырақ түрі шөгінді топырақ деп аталады. Кеулеулі топырақтың көлемі ылғалданған кезде ұлғая түседі. Ылғалдылық азайған кезде кері үдеріс жүруі ықтимал, онда топырақ көлемі кішірейеді, бұл шөгу деп аталады. Мəңгі тоң топырақтың сипаты – үш жыл бойы жəне онан ұзақ мерзімге кеуектерінде судың мұз болып қатуы. Температура көтерілген кезде мəңгі тоң топырақтың еруі ықтимал, бұл оның
ішкі құрылымының өзгеруімен ұштасып жатады.
Ғимаратты (имаратты) тікелей жер бетінде тұрғызу өте сирек кездеседі. Бұл топырақтың беткі қабаты ғимараттың салмағынан түсетін қысымды көтере алмауына; метеорологиялық жайлардың əсерінен тік бағытта қозғалып кетуі ықтималдылы- ғына (суықтан қатқан кезде қампиюы, еріген кезде шөгуі,
ылғалданған кезде ісінуі, құрғаған кезде шөгуі); жəне басқа да əсерлерге байланысты топырақтың қасиетінің бұзуына байланысты. Сондықтан түсетін қысымды едəуір тереңде жат- қан топыраққа беруге арналған жерасты құрылымын – іргетас құру кажет.
Достарыңызбен бөлісу: |