ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет3/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79

7
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
1.1. адам құқықтары 
тұрғысынан алғандағы бала 
құқықтары туралы бҰҰ 
конвенциясы
Бала құқықтары саласындағы тұңғыш халықаралық 
құжат 1924 жылы 26 қыркүйекте Ұлттар 
Лигасының жәрдемдесуімен қабылданған Же-
нева декларациясы болды. Келесі қадам Біріккен 
Ұлттар Ұйымының басқа Бала құқықтары декла-
рациясын қабылдауы болып табылды.
1
 Бұл Декла-
рация Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адам 
құқықтарын әзірлеу жөніндегі іс-шаралардың бір 
бөлігі болды. 
1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы нәсілдік, 
жыныстық, тілдік немесе діни сенім белгілері бой-
ынша бөлмей, адам құқықтарын және баршаның 
негізгі бостандықтарын құрметтеу мен сақтауды 
ілгері апару және көтермелеу мақсатында өз 
Жарғысын қабылдады. 
1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 
барлық БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттер мақұлдап, 
қабылдаған, адамның барлық негізгі құқықтарын 
қамтыған алғашқы халықаралық құжат – Адам 
құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын 
(АҚЖОД) қабылдады.
 2
 АҚЖОД адам құқықтары 
жөніндегі мынадай екі халықаралық келісімді 
әзірлеуге негіз әрі оған дем беруші болып табылды:

 
 
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени 
құқықтар туралы халықаралық пакт 
(ЭӘМҚХП); 

 Азаматтық және саяси құқықтар туралы 
халықаралық пакт (АСҚХП).
Екі пакті де 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында 
қабылданды және 1976 жылы күшіне енді.
3
  Осы 
екі құқықтар жиынтығы айырмашылықтарының 
мәніне қатысты пікірталастар әлі де жалғасып 
келеді. Бірақ экономикалық, әлеуметтік және 
мәдени құқықтардың өзіне тән ерекшелігі, мысалы, 
білім алу құқығы, қол жеткізуге болатын ең жоғары 
физикалық және психикалық денсаулық деңгейі 
құқығы қысқа мерзім ішінде іске асырылуы мүмкін 
емес, бұл – барынша ұзақ үдеріс, мемлекеттің 
билігіндегі ресурстарға байланысты екені туралы 
бәтуа бар. Азаматтық және саяси құқықтар толық 
тануды және еш кідіріссіз іске асыруды талап етеді. 
1965 жылдың өзінде-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы 
адам құқықтары туралы неғұрлым нақты шарт – 
Нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою ту-
ралы халықаралық конвенцияны қабылдады.
4
 Бұл 
адам құқықтары туралы алғашқы халықаралық шарт 
болып табылды, осы құжатқа берілген басымдықты 
1945 жылғы БҰҰ Жарғысында да және 1948 жылғы 
АҚЖОД-да да барлық адамдардың заң алдында 
тең екеніне, кез келген кемсітушіліктен қорғануға, 
сондай-ақ кемсітушілікке арандатудан қорғауға ба-
сты назар аударылуымен түсіндіруге болады. 
ЭӘМҚХП және АСҚХП қабылданғаннан кейін 
олардың баршаны тегіс қамтитын мазмұнына 
қарамастан, халықаралық қоғамдастықта әйелдер, 
балалар, көшіп-қонушы жұмысшылар және мүгедек 
адамдар секілді адамдардың әлсіз топтарына 
мейлінше ерекше қорғау тетігін ұсыну қажеттілігі 
туындады. Бұл Әйелдерге қатысты барлық 
кемсітушілік түрлерін жою туралы конвенцияның, 
Баланың құқықтары туралы конвенцияның (БҚК), 
Барлық еңбекші көшіп-қонушылардың және 
олардың отбасыларының құқықтарын қорғау тура-
лы конвенцияның және Мүгедектердің құқықтары 
туралы конвенцияның қабылдануына алып келді. 
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын 
адамдардың әлсіз топтарының құқықтарын тікелей 
тану және қорғау мақсатындағы даму үдерісінің 
бір бөлігі ретінде қарауға болады. Осылайша, 
БҚК балалардың азаматтық, саяси, экономикалық, 
әлеуметтік және мәдени құқықтары мұқият 
әзірленіп, егжей-тегжейлі баян етілді. Құжат 
адам құқықтарын қолданушы ретінде баланы 
халықаралық деңгейде мойындау болып табылады. 
бала құқықтары туралы бҰҰ 
конвенциясына жалпы кіріспе 
1. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1386 (XIV) қарары, 1959 ж. 20 қараша.
2. БҰҰ Бас Ассамблеясының 217A (III) қарары,1948 ж. 10 
желтоқсан. Бұл халықаралық адам құқықтары күні болып табылады 
және осы құжаттың маңыздылығын атап көрсету үшін жыл сайын 
көптеген елдерде атап өтіледі. 
3. Екеуі де БҰҰ Бас Ассамблеясының 2200A (XXI) қарарымен 
қабылданған, 1966 ж. 16 желтоқсан. ӘМҚХП 1976 ж.3 қаңтарда, 
АСҚХП– 1976 ж. 23 наурызда күшіне енді; депозитарийге ра-
тификациялау туралы 25-құжат өткізілгеннен кейін 3 айдан соң 
(ӘМҚХП 27-бабы және АСҚХП 49-бабы).
4.  БҰҰ Бас Ассамблеясының 2106A (XX) қарары, 1965 ж. 21 
желтоқсан.


8
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы және басқа да халықаралық құжаттар
1-тарау. Халықаралық стандарттар: 
Адам құқықтары туралы шарттардың әрқайсысы 
арнайы комитет құруды көздейді, олардың міндеті 
шарттарды ратификациялаған мемлекеттің оны 
тиісті іске асыруы бойынша мониторинг жүргізу 
болып табылады. Комитет мүшелерін шартқа 
қатысушы мемлекеттер сайлайды. Комитеттер мо-
ниторинг жүргізу үшін әрбір қатысушы мемлекет 
шарттардың жүзеге асырылуы бойынша өз қызметі 
туралы ұдайы есеп ұсынуға тиіс. 
Бұл ережелер БҚК-ге де қатысты да қолданылады. 
БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті 42-бапқа 
сәйкес, Комитет қатысушы мемлекет ұсынған 
ақпарат пен БҰҰ агенттіктерінің және ҮЕҰ-ның 
есептері негізінде БҚК-нің іске асырылу процесін 
бақылауға тиіс деп белгіленген. 
БҚК-ны іске асыруда қол жеткен барлық ілгерілеу 
және кемшіліктер, сондай-ақ оларды жоюдағы 
нақты ұсынымдар көрсетілген Қорытынды ескер-
тулер ретінде белгілі құжат осы бақылаудың 
нәтижесі болып табылады.
5
  БҚК – қатысушы 
мемлекеттерінің саны неғұрлым көп (саны- 193) 
адам құқықтары туралы шарт болып табылады.
6
Баланың құқықтарын тиімді қорғау мақсатында 
2000 жылдан бастап БҚК-ге үш Факультативтік 
хаттама қабылданды (бұдан әрі 1.3.- тармақты 
қараңыз).
1.2. бҰҰ бала құқықтары 
туралы конвенциясы, 
құрылымы мен мазмұны 
БҚК адам құқықтары туралы жалпыға бірдей шарт 
болып табылады. Бұл бөлім БҚК-ның құрылымы 
мен мазмұнын түсінуде өзіндік бір басшылық бо-
лып табылады.  
1.2.1.  бҚк құрылымы 
БҚК алғысөзден және үш бөлімнен тұрады: І 
бөлім негізгі баптардан, ІІ бөлім Бала құқықтары 
жөніндегі комитеттің құрылуы мен рөлі туралы 
ақпараттан, ІІІ бөлім БҚК-ні ратификациялау 
және оған енгізілетін түзетулер мен толықтырулар 
туралы ақпараттан тұрады. 
Алғысөз БҚК-ға кіріспе болып табылып, мұнда 
1924 және 1959 жылдардағы Бала құқықтары 
туралы декларациялар және басқа да тиісті 
халықаралық қағидаттар мен қағидалар сияқты 
осының алдындағы құжаттарға сілтемелер 
берілген. Сондай-ақ, қоғамның іргелі діңгегі және 
балалардың дені сау болып, өсіп жетілуі үшін 
табиғи орта ретінде отбасының маңыздылығы атап 
көрсетілген: толық, үйлесімді дамуын қамтамасыз 
ету үшін баланың отбасында өсуі қажет.
I бөлімде баланың құқықтары және БҚК-ге 
қатысушы мемлекеттердің оны толық іске асы-
ру үшін барлық қажетті шаралар қабылдауға 
тиіс екені көрініс тапқан. Құқықтар олардың 
бөлінбейтінін білдіре отырып, қандай да бір белгілі 
тәртіппен санамалап көрсетілмеген. Баланың 
құқықтары мен әл-ауқаты негізінің Африка хар-
тиясында көрсетілгеніндей, БҚК-де баланың ар-
найы міндеттері туралы баптар жазылмаған. Бірақ 
адам құқықтары және олардың іске асырылуы 
өзінің табиғаты бойынша өзгенің құқықтарын 
құрметтеумен тығыз байланысты. 
II бөлімде Бала құқықтары жөніндегі комитет 
мүшелерін сайлау қағидалары, аталған Комитеттегі 
мониторинг іс-шаралары және оның жұмысына 
БҰҰ агенттіктері мен ҮКҰ-ның қатысу реті 
белгіленген.
III бөлім БҚК-ні ратификациялау жөніндегі 
бірқатар ережелерден, ескертулер беру және олар-
ды алып тастау тәртібінен, сондай-ақ, БҚК-ге 
түзетулер мен толықтырулар енгізу қағидаларынан 
тұрады
7
.
1.2.2. бҚк мазмұны 
Бала құқықтары жөніндегі комитет Қатысушы 
мемлекеттердің есеп ұсыну жөніндегі 
нұсқаулығында қатысушы мемлекеттердің жеке 
баптар бойынша емес, баптардың әрбір тобы бойы 
бойынша есеп беруге тиіс екені атап көрсетілген. 
Кластерлер Конвенцияның белгілі бір тақырыбына 
қатысты баптардың жиынтығы болып табылады. 
Комитетте БҚК баптары 8 кластерге бөлінген 
және осы бөлу БҚК мазмұнын қысқаша танысты-
ру үшін пайдаланылатын болады.  
I кластер. Іске асыру жөніндегі 
жалпы шаралар  
Осы кластер бойынша қатысушы мемлекет-
тер БҚК-де атап көрсетілген құқықтарды іске 
асыру үшін өздері қабылдаған заңнамалық, 
әкімшілік және басқа да шаралар туралы есептерді 
дайындайды (БҚК 4-бабы). Бұл олардың 
баланың құқықтарын іске асыруға ықпал ететін 
инфрақұрылымдар құру туралы ақпарат беруге 
5. БҰҰ -ның 2007 ж.19 маусымдағы CRC/C/KAZ/ CO/3 құжатында 
Қазақстанға арналған Қорытынды ескертуді табуға болады. 
6. БҚК-ні ратификацияламаған мемлекеттер – Сомали, АҚШ 
және таяуда құрылған Оңтүстік Судан болып табылады.
7.  БҚК-ге енгізілген жалғыз түзету мүшелерінің санын 10-нан 
18-ге дейін өсіру көзделген 43-баптың 2-тармағына енгізілген 
өзгеріс болып табылады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 50/155-қарары, 
1995ж. 21 желтоқсан. Қатысушы мемлекеттердің үштен екісі 
қабылдағаннан кейін 2002 жылғы 18 қарашада түзету күшіне енді. 
2003 жылғы ақпаннан бастап Комитетте 18 мүше бар. 


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау