Тақырыбы
|
«Оқушының білімдегі жетістігі: бағалаудағы оң қадамдар»
|
Жалпы мақсат:
| -
Ата-аналарға нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру.
-
Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін ата-аналардың топтарда бірлесе жұмыс істеуін ұйымдастыру.
-
Әр ата-ананың тапсырманы орындау негізінде ойларын, сезімдерін білдіруі. Топтағы жұмыстардың қорытындыларын талқылау және көрсету және оларды формативті бағалау
|
Оқу нәтижесі:
|
Бағалаудағы жаңа қадамдар туралы мәлімет алады, оқушының сыни көзқарастарын қалыптастырудың маңыздылығын сезінеді, өз ойларын ортаға салады, өзгенің пікірін тыңдайды, туындаған проблеманы шешу жолдарын қарастырады.
|
Түйінді идеялар:
|
Оқушы білім жетістігін бағалаудағы жаңа қадамдар. Критерийалдық бағалау, формативті және жиынтық бағалау
|
Ресурстар
|
Үлестірмелі материалдар, А4, А3 қағаздары, маркерлер, интерактивті тақта
|
Дерек көздері:
|
Интернет материалдар, Мұғалімге арналған нұсқаулық
|
I.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
Топқа бөлу
| -
«Сәлем – сөздің анасы» тренингісі.
2. «Ақ тілек» тренингісі. Қатысушылар лента таңдап алады да, оң жақтағы көршісіне тілек айтып, лентаны білегіне байлайды.
Бір-бірімізге қол соғып қояйық.
-
Топқа бөлу: Қымбатты ата-аналар, әріптестер білектеріңіздегі лентаның түстеріне байланысты топтасуыңызды сұраймын.
|
І. Қызығушылығын ояту бөлімі
(«Ой қозғау» әдісі)
|
1. «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» бейнеролик көрсетіледі.
-Оқушылардың суретін бағалаудағы жас мұғалімнің іс-әрекеті туралы қандай ой айта аласыз?
-Неге бұлай болды? Себебі не?
-Бейнеролик мазмұнына байланысты біздің бүгінгі бірлескен жұмысымыз қандай тақырыпта болады деп ойлайсыз?
-
Тақырып хабарланады: «Оқушының білімдегі жетістігі: бағалаудағы оң қадамдар»
|
Мағынаны тану.
«Постер» әдісі
(Дайындыққа 5 минут, қорғауға 2 минуттан, бағалауға 1 минут)
|
«Көкейде жатқан көрікті ой...» айдарымен әр топқа тапсырма беріледі.
1-топ: «Баға деген не?»
2-топ: «Оқушы жетістігі не?»
3-топ: Бағалаудағы өзгерістер не үшін қажет?
4-топ: Оқушы жетістігіндегі ата-ананың рөлі қандай?
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау
Сергіту сәті: «Поезд «ойыны
|
Критериий дайындау тапсырмасы
|
«Сатып алушы талғамы» тапсырмасы.
Әр топқа аяқ киім бір бірден аяқкиім суреті беріледі. Осы аяқкиімді
сіз қалай бағалайсыз, критерий құрастыру.
Топ жұмысы тыңдалады.
Топ жұмысы «От шашу» арқылы бағаланады.
|
Топтық жұмыс(ізденіс тапсырмалары)
|
1-топ: Әңгіме үзінділерін ретімен орналыстырыңыз, мазмұнын көркем әңгімелеп айтыңыз. (Ыбырай Алтынсаринің «Бақша ағаштары» әңгімесі үш түрлі түспен беріледі.)
2-топ: Әңгімені рөлге бөліп оқыңыз. Әңгіме сізге қалай әсер етті? Сейіт қандай бала? Мінездеме беріңіз.( Ыбырай Алтынсаринің «Аурудан аяған күштірек» әңгімесімен жұмыстанады)
3-топ: Әңгіме мазмұнын қойылым арқылы көрсетіңіз.( Ыбырай Алтынсаринің «Әке мен бала» әңгімесі)
4-топ: Үзіндіні оқып, әңгімені өздеріңізше аяқтаңыз. Әңгімеге ат қойыңыз.
(топты тыңдап болған соң, дұрыс нұсқасы оқылады. Топтан әңгіменің түйінін табу сұралады)
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
|
| -
«Әлемнің жеті керемет балалар көзімен» (бейнеролик көрсету)
Бейнеролик бойынша тыңдаушылар пікірлерін тыңдау
(Өз ойларыңызды айтсаңыздар).
-
«Суреттер сыр шертеді» (Суреттермен жұмыс)
Әр топқа суреттер сұлбасы беріледі.
А) суретті бояу,
Ә) тақырып қою;
Б) тақырыпты ашатындай нақыл сөздер келтіру;
В) Топтан «шебер әңгімеші» шығып қорғайды.
Топ жұмысы «Бағдаршам» әдісімен бағаланады.
|
Ой толғау бөлімі.
|
«Оқушы жетістігін бағалау: бағалаудағы жаңа қадамдар»
|
Рефлексия
|
«Табыс ағашы»
Қатысушылар коучинг-семинардан алған әсерін стикерлерге жазып, табыс ағашына жапсырады.
|