15
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
К
елесі бөлімдерде азаматтық құқық пен
ювеналды әділет (қылмыстық құқық)
тұрғысында балаларға қатысты әділсоттың
қолданылуы туралы ақпарат ұсынылады.
Балаларға қатысты әділсот бойынша халықаралық
тәжірибе және оның қолданылуы талқыланады.
Осы қағидаларды толық ұстану арқылы балаға
мейірімді әділсотты жүзеге асыруға зор үлес
қосуға болады. Судьялар балаға мейірімді әділсот
тәжірибесін орнықтыру үшін әлдеқайда көп күш-
жігер қажеттігін ұғынады.
Халықаралық және ұлттық деңгейлерде балаға
мейірімді сот жүйесінің негізгі элементтері туралы
пікірталастар жалғасуда.
2008 жылы БҰҰ Бас Хатшысы Балаларға қатысты
әділсотқа БҰҰ-ның көзқарасы жөнінде басшылық
нұсқаулар шығарды және 2010 жылы Еуро-
па Кеңесінің Министрлер комитеті Балаларға
мейірімді әділсот жөніндегі басшылық нұсқауды
қабылдады.
20
Біз судьялардың балаларға
қатысты істерді қарауы үшін қажетті ақпаратты
талқылайтынымызды ескергендіктен, бұл тарауда
аталған осы екі құжат талқыланбайды. Тек кейбір
байқаулармен шектелеміз.
Еуропа Кеңесі нұсқаулығы секілді кейбір құжаттар
қылмыс құрбандары болған балаларға қатысты
әділсотты қоса алғанда, балаларға қатысты әділсот
ювеналды әділетпен (қылмыстық құқық) бірдей де-
ген пікір туғызады. Бірақ балаларға қатысты әділсот
ұғымы Бас Хатшының Басшылық нұсқауларында
берілген ұғыммен салыстырғанда әлдеқайда кең
ұғым.
Балаларға қатысты әділсот – бұл, қылмыстың
құрбаны, куәгерлері немесе ықтимал құқық
бұзушы ретінде не құқық бұзумен байланы-
сты қамқоршылық, қорғаншылық немесе қорғау
мәселелері бойынша сот, мемлекеттік-әкімшілік
немесе мемлекеттік емес сот төрелігінің араласуы
қажет етілетін басқа себептер бойынша әділсотпен
және онымен байланысты жүйелермен қарым-
қатынасқа түсетін барлық балаларға қатысты
халықаралық стандарттар мен нормалардың толық
қолданылуын қамтамасыз етуді мақсат еткен
қызмет.
Осы қос құжат балаға мейірімді әділсот тәжірибесін
қолдану тәжірибесін орнықтыру үшін заңнама
және саясат саласында көптеген істер атқарылу
тиіс екенін анық көрсетеді.
Судьялар балаға мейірімді әділсот тәжірибесін
жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.
Олар үшін кемсітпеушілік қағидаттарын ұстану,
баланың басым мүдделерін бірінші кезектегі
маңызды фактор ретінде қолдану, сондай-ақ,
балаға өз көзқарастарын білдіруге толық мүмкіндік
беру, оларды назарға алу маңызды болып табыла-
ды. Сонымен қатар, әрбір баланың қадір-қасиетін
құрметтеп, оған ниеттес болу өте маңызды.
Баланың жауабын тыңдаған кезде бұл қағидат
ерекше маңызды.
Судьялар балалармен қарым-қатынас жасай білу
дағдыларын үйрететін оқу курстарын өтуге тиіс, ол
баланың жас шамасына сәйкес келіп, тез арада тіл та-
быса алатындай, адал әрі баланың мұқтаждықтары
мен құқықтарына зейін қоятындай болуға тиіс.
Жеңіл тіл табысу үшін, тек ол үшін жағдайдың
болуы емес, судьялар сұрақтар бергендегі дауыс
реңкі, сұрақтардың табиғаты және вербальды емес
қарым-қатынас құралдары маңызды рөл атқарады.
Баланы сот залында тыңдау әрдайым, мыса-
лы, қорғау немесе қорғаншылық туралы істерді
қараған кезде қажет бола бермейді. Мұны баланың
тұратын жерін қоса алғанда, судьяның кабинетінде
немесе басқа да қолайлы жерде жасауға бола-
ды. Ең басты талап бала өз пікірін еркін білдіруі
үшін оған қолайлы ахуал туғызу болып табылады.
Басқа адамдардың, мысалы, ата-анасының қатысуы
баланың көзқарасын еркін білдіруіне кедергі
келтіруі мүмкін. Бұл келесі тарауларда неғұрлым
толық қаралады.
3-бөлім.
балаға мейірімді әділсот
20. Басшылық министрлер орынбасарларының 1098-отырысын-
да қабылданған, 2010 ж. 17 қараша; Редакцияланған нұсқасы
Түсіндірме меморандуммен бірге 2011 жылы 31 мамырда
жарияланған.