14
4. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу бағдарламалық
базаны қамтамсыз ету.
Нақты бір мамандықтар бойынша біліктілік сипаттамасының
талаптарына жасалған талдау негізінде оқу бағдарламаларына түзетулер,
толықтырулар енгізу (теориялық және тәжірибелік сабақтардың ара-
қатынасын қайта қарау, тандау пәні, білім алушылардың таңдау пәндері
есебінен әрекетті -бағдарлы пәндер көлемін арттыру).
5. Жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің материалдық-
техникалық базасын құру.
Жаңа педагогикалық технологиялардың қолдану тиімділігін
арттыруда осы көрсетілген бағыттардың қүрылымдық мазмұнын іске
асыру, сапалы жүргізу нәтижелікке бағдарланған жұмыс болып табылады.
Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары
1. Жаңа технологияны қолдану қандай кезеңдер арқылы іске асады?
2. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін қандай алғы шарттар
қажет болады?
3. Бүгінде педагогикада технология ұғымы қандай мағынада
қолданылуда?
4. Оқыту технологиясының ерекшеліктері қандай?
5. Бүгінгі танда білім беру үрдісінде қандай дәстүрлі әдістемелер
қолданылады?
6. Педагогикалық технологияда алғаш рет анықтама берген
ғалымдарды атаңыз.
7. Қазақстандағы қандай ғалымдардың оқыту технологиялары оқу
үрдісінде белсенді түрде қолданылуда?
8. Оқытудағы білім беру технологиясы қандай әрекеттерден тұрады?
9. Қазіргі таңда оқыту үрдісінде жеке тұлғаға бағдарланған қандай
білім беру технологиялары жиі қолданылады?
10. Жас ұрпаққа білім - тәрбие беретін ұстаздары қандай болуы
керек?
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. «Әлеуметтік мектеп технологиясы» тақырыбында баяндама
жасаңыз.
2. Оқытуды және педагогикалық қызметті «технологияландыру»
талпыныстары туралы конспект жасаңыз.
3. «Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді
жүзеге асыру» тақырыбында реферат дайындаңыз.
15
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары
1. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің қандай салаларында
қолданылуы мүмкін?
А) басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг
Б) басқару, білім беру, қаржыландыру, заң
С) қаржыландыру, мониторинг, заң, құқық
Д) мониторинг, заң, құқық
Е) басқару, білім беру, құқық
2. Жаңа технологияны қолдану неше кезең арқылы жүзеге
асырылады?
А) төрт
Б) үш
С) екі
Д) бес
Е) алты
3. «Педагогикалық технологияны тәжірибеде іске асатын нақты
педагогикалық жүйе, жоба», - деген тұжырымдаманы қай ғалым айтқан?
А) В.П.Беспалько
Б) В.В.Давыдов
С) Д.Б.Эльконин
Д) Л.В.Занков
Е) С.И.Годник
4. Білім алушылардың өткен материалды бекітумен қатар оны
меңгеруі қалай анықталады?
А) тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу
Б) тест, бақылау жұмыстары, құқық
С) сұхбат, әңгімелесу,заң
Д) сұхбат, әңгімелесу, кітап
Е) бақылау жұмыстары, сұхбат, жасы
5. Т.Шамованың классификациясы бойынша жеке тұлғаға
бағытталған білім беру технологиялары негізінен неше топқа бөлінеді?
А) үш
Б) төрт
С) бес
Д) алты
Е) жеті
6. Оқушының білім сапасы неге байланысты болады?
А) оқытушының шеберлігіне
Б) кітапқа
С) жазылған дәрістерге
Д) оқушының жеке басына
Е) оқушының ата-анасына
16
7. Жеке тұлғаны жаңа жағдайларға бейімдеудегі қиындықтарды
сезіну мүмкіндіктері қай ғалымның зерттеулерінде көрсетілген?
А) С.И.Годник
Б) А. М. Яглом
С) Б. В. Гнеденко
Д) А. А. Боровков
Е) В. М. Тихомиров
8. Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді
жүзеге асыру қанша кезеңде жүргізіледі?
А) бес
Б) төрт
С) алты
Д) жеті
Е) сегіз
9. Оқытушыларға жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету үшін
қандай міндеттер жүктеледі?
А) өз тәжірибесін демонстрациялау және талдау жасау, нәтижелерін
эксперименттік түрде тексеру
Б) өз тәжірибесін демонстрациялау, тілді меңгеру
С) өз тәжірибесін демонстрациялау, заңды білу
Д) өз тәжірибесін демонстрациялау,құқығын білу
Е) өз тәжірибесін демонстрациялау, әдебиеттерді оқу
10. Нақты бір мамандықтар бойынша біліктілік сипаттамасының
талаптарына жасалған талдау негізінде қандай жұмыстар атқарылады?
А) оқу бағдарламаларына түзетулер, толықтырулар енгізу
Б) оқу бағдарламаларын қайтадан жазу
С) жаңа кітап жазу
Д) дәрістер жинағын толықтыру
Е) жұмыс жоспарын түзету, толықтыру
17
2. ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ МӘНІ, ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
ЖӘНЕ
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Үздіксіз жаңалық енгізу білім беру мекемелерінің басты факторы
болып отыр. Инновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай
себептермен түсіндіріледі?
Бірінші кезекте инновацияның өмірге енуі оқу орнының өзінің
жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға
ықпал жасайтын (оқытушылар мен білім алушылар) және өзінің
басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе
болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады.
Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, ол
мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын
қамтамасыз ету қажеттілігі, білім алушылардың білімге, дағдыға,
шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның
дамуы. Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген
коньюктураның (бір нәрсеге әсерін тигізетін жағдайлардың кездесуі)
мұқтаждығынан пайда болады.
Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары
жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр,
тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде.
Білім беру қоғамдық іс - әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін
қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі
дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері
байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал
етеді.
Әрине педагогикалық инновацияның бір бөлігі ғана тек белгілі
қоғамдық қатынастарда нақты ақиқат дүниеге айналады. Мысалы,
ізгілендіру үрдісінің дамуының негізгі шарты қоғамдағы саяси қайта
құрулар және оның жұмыс істеуі экономикалық механизмнің өзгерісі
болып табылады. Дегенмен, білім беру үрдісінің педагогикалық
сұрыпталуының негізі осы саланың қызметкерлері арқылы қалыптасады.
Американдық зерттеуші С.Погровтың пайымдауы бойынша,
педагогикалық қайта құрушылықтың тарихы - бұл үздіксіз сәтсіздік
нәтижелерін тәжірибеде бекіту. Д.Тиак және басқада зерттеушілер
педагогикалық иновацияның әдетте өмірінің қысқа болатынына көңіл
аударады.
«Инновация және кәсіпкерлік» деген кітабында П.Друкер негізгі
шарттарды анықтауға тырыса отырып, адам тәжірибесінің толық көрінісін
суреттейді, оның ішінде жаңа идеялар жемісті және ұзақ мерзімдік
инновация адам қызметінің кез келген саласында қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |