5
1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.
Бұл міндеттерді шешу үшін әр оқытушының күнделікті ізденісі
арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол
ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Сондықтан да, әр оқытушы өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі
тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде
қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық
технологиялары жасалып, білім беру үрдісіне енгізіліп отыр.
Ал, жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық
қаблеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске
асады.
I кезең - оқып үйрену;
II кезең - меңгеру;
III кезең - өмірге ендіру;
IV кезең - дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар
қажет: оқу үрдісін қарқынды жүргізуді жаппай қолға алу; білім
алушылардың
сабақтастылығын
болдырмау
шараларын
кешенді
қарастыру. Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту - әдістемелік
ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа
буын
оқулықтарының
мазмұнын
зерттеп
білу,
пәндік
білім
стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру тенологиясын игеру
арқылы білім алушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге
қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіруді үнемі басшылыққа алу, өйткені
оқыту - тәрбиенің негізі болып табылады.
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
• қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру
түрлерін технология дейді.
• нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов
технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)
• қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс - тәсілдердің
жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық
енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған.