112
үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін
ұйымдастыру болып табылады.
Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі.
Интерактивтік оқыту технологиясын пайдалану арқылы өтілетін сабақ
түрлер:
1) Жұптасып жұмыс істеу.
2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.
3) Карусель - Айналмақ.
4) Шағын топтармен жұмыс.
5) Аквариум.
6) Аяқталмаған сөйлем.
7) Миландыру (Мозговой штурм).
8) Броундық қозғалыс.
9) Есепту ағашы (Дерево решений).
10) Ролдік (іскерлік) ойын.
11) Сығымдау әдісі.
12) Өз позицияңды ұстан.
13) Дискуссия.
14) Дебаттар.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап
таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді
үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.
Мысалы; оқушыларға «Карусель» деп аталатын мынадай жұмыс түрі
қатты ұнайды.
Екі сақина жаслады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл
қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд
сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше
тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына
әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады.
Аквариум технологиясының мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер
ішінде ситуацияны жасырады, ал қалғандары оларды бақылап тұрып
әрекеттеріне талдау жасайды.
Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп
берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді.
Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман
парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің
ағашына өз идеяларын жазады.
«Өз позицияңды ұстан» - деп аталатын интерацияның да пайдасы
бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар
«Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады.
Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.
Мұғалім
мен
оқушының
интерактивтік
шығармашылығы
шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор.
113
Бүгінгі шығып жатқан жаңа педагогикалық технологиялар оқытудың
интерактивтік әдісімен байланыстырылады.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің
қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып
табылады. Сонымен бірге инетрактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің
арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын
алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі
оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу
барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау.
Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным
үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері
арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады.
114
ҚОРЫТЫНДЫ
ХХІ ғасыр – әлемдегі өзгерістерге негізделген білімнің дәуірлеу
ғасыры, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен
қауіпсіздігін
қамтамасыз
етуде,
әлемдік
рыноктағы,
әлемдік
қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін
анықтауда негізгі көрсеткіш болып табылады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты әсіресе
соңғы кезде педагогика саласына түбегейлі өзгертулер, жаңалықтар
енгізілуде. Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе
басқаша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және
шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар.
Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан - жақты дамытуға
және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай
туғызуға тиіспіз. Еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, ең
алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен
анықталады.
Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында
халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де
болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің
экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз
етеді. Өз кезегінде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-
экономикалық, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге
қабілеттілігімен анықталады.
Жаңашылдық - білім беру саласының алдында тұрған жаңа
міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады.
Ол оқу - тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға
септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын,
қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға
соғады.
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға,
біздің қоғамға және біздің өмірге тән құбылыс емес. Олар мәңгі адами
қозғалыстың, яғни адамның жақсы өмір сүруіне, жаңа заман талабына сай
шарттарға қол жеткізуіне деген күресі мен талпынысының көрінісіне
айнала отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана
мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге асатын, алайда соңғы жылдардағы
ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесінде
олар да қарқындылығын күшейте бастады.
Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені
дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан,
олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және
мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы
байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның рөлі мен оны жетілдірудің
маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің
115
рөлін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның
қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы
білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған
байланысты, әртүрлі қоғамдық - саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде
білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі
тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі
нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі
қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
Жас ұрпаққа беретін жоғары білімнің маңызы қай уақытта да артпаса
кеміген емес. Оны қоғамның дамуына ықпал етіп қана қоймай, оның
сұраныстарын да қамтамасыз ететін әлеуметтік институт деп білуіміз
керек. Өйткені, бүгінгі ғаламдық аймаққа шығып кеткен кең ауқымды
және жан-жақты мазмұнға ие экономикалық қарым - қатынастар ең
алдымен жоғары оқу орындарында кәсіби дайындалған әмбебап
мамандарға деген сұранысты қалыптастырып отыр. Мұның өзі жоғары
білім беру жүйесін жер жүзіндегі озық ғылым мен техниканың жеткен
биігі болып есептелетін “әлемдік стандартқа” талпынуға итермелейді.
Халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру
жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық - әдістемелік
тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін
құру қажеттігі туындады.
Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланудың
білімгерлердің білімін көтерумен қатар оның тәрбиелік те маңызы зор.
Дәстүрлі оқыту әдісіне қарағанда кредиттік оқыту жүйесі, электрондық
оқулық немесе жаңа инновациялық оқыту технологиясы білімгерлердің
жалпы қызығушылығын туғызады, ол өз кезегінде оларды сапалы және
тұрақты білім алуына жағдай жасайды. Қазіргі кезеңде ақпараттық
технологиялардың дамуының негізгі бағыты «мультимедиа» жүйесі болып
табылады. «Мультимедиа» терминін ағылшын тілінен сөзбе - сөз
аударғанда «көп орталық», яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына
бірнеше түрде мәтін, сурет, бейне және т.б. топтаушы деген мағынаны
береді. Н.В.Клемешова мультимедиа терминін оқу материалының
мазмұнына дыбыстық және визуальдық түрде интерактивтік форма
беретін, сезімдік қабылдау үрдістерінің тиімді өтуіне қолайлы жағдай
туғызатын, білімгерлердің жеке қабілеттерінің дамуына мүмкіндік
туғызатын
компьютерлік
құрал
деп
түсіндіреді.
Мультимедиа
бағдарламасында ақпарат үш құрал арқылы – сызба, аудио, бейне арқылы
беріледі. Оқытудың кез келген түрінің тиімділігі білімгер мен
оқытушының ара - қатынасына, педагогикалық технологиялардың
пайдалануына, оқу - мазмұнына, әдістемелік материалдардың құрастырылу
деңгейіне тәуелді.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат
қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп
116
өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім
жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика
тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып
отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды,
жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де
ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша
ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір оқытушы жадында сақтауы тиіс.
117
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Кертаев Г. Оқытудың кейбір әдістері. Алматы,2001.
2. Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен
тәжірибелері. Алматы,2001.
3. Беспалько В.П. Педагогика технологиясы.1998.
4. Селенко К.К.Современенны образовательные технологии.1998.
5. Мирсейітова С.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.1998.
6. Арстанов М.Ж., Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С., Проблемно-
модульное обучение: Вопросы теории и технологии.-Алма-Ата:Мектеп,
1990.
7. Беспалько В.П. Програмированное обучение: Дидактические
основы. М.,1990.
8. Беспалько И.П. Слагаемые педагогической тахнологии.-М., 1989.
9. Шырынбаева Г.Қ. «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы»
Мектептегі технология. – 2005. №3
10. Абылкасымова А.Е. Позновательная самостоятельность в
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы /баптары бойынша
түсіндірмелерімен/ және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар.
Астана, 2000.
11. Қазақстан Республикасы “Білім мемлеттік бағдарламасы”
/Қазақстан мұғалімі. 2000.-№33-34.
12. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасы. /Қазақстан мектебі. 2004-№2/(1).
14. Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар.
Алматы., 2005.
15. Валиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие
үрдісіне енгізу жолдары. (Әдістемелік нұсқау) – Алматы, 2002.
16. Бұзаубақова К.Ж.Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004,
21-бет.
17. Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы., 2006.
18. Сарбасова Қ.А. Инновациялық педагогикалық технологиялар
негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру.
Қарағанды, 2005.
19. Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны
дамыту құралы ретінде. Алматы., 2002
20. Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары
Алматы, 2006, 4-бет.
21. Қожамжарова Р.Т., Бектенғалиева К.Х., Қадірбаева Қ.Қ. Білім
мекемесі- оқу тәрбие ордасы. Шымкент-Алматы, 2002.
22. Ангеловски К. Учителя и инновации. Москва, 2001.
23. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-
воспитательного процесса. Усть-Каменогорск.-2002.
118
24. Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары.
Алматы, 1978.
25. Лысенкова С.Н. Методом опережающего учения. М., 1998.
26. Новикова Т.Г. Экспертиза инновационной деятельности в
образовании. Москва, 2006.
27. Гузеев В.В. Методы и организационные формы обучения.
Москва, 2001.
28. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как
теория и практика нововведений в системе образования. Алматы, 2001.
29. Инновационное обучение: Стратегия и практика. /Под.ред.
В.Я.Ляудис.-М.-2004.
30. Бұзаубақова Қ.Ж. “Жаңа педагогикалық технология” тренингі
/оқу-әдістемелік құрал/. Алматы., 2005.
31. Тілеуова С.С. Әліпбек.А. Педагогика. Шымкент, 2006.
32. Бегалиев Т. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Оқу құралы.
Тараз., 2002.
33. Шаталов В.Ф. Педагогическая проза; из опыта работы школ
г.Донецка. М., 1990.
34. Юдин В.В. Педагогическая технология. Ярославль, 1997.
35. Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций: Учебное пособие для
студентов пед.учебных заведений и слушателей ИПК и ФПК.-М., 1998.
36. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы
оқушылардың танымдық белсенділігінің арттырудың дидактикалық
шарттары. Алматы., 2005.
37. УстемировК.У., Шаметов Н.Р., Бакиров Р.Т. Современные
образовательные технологии технические системы обучения. Алматы,
2006(17).
38. Әбдіманапов С. Елдік өркендеу және инновациялық даму. //
Егемен Қазақстан, 2007, 28 сәуір.
39. Керимбаева М.С. Инновационные процессы в школе: проблемы,
перспективы, поск.- Алматы. 1995.
40. Маджуга А.Г., Саипов А.Б., Мусурманова Г.Ж. Использование
традиционных и активных форм и методов обучения в педагогическом
процессе. Шымкент, 2004.
41.
Ахметов А.К. Принципы технологии и содержание
образовательной программы. – Алматы, 1995.
42. Анатолий Гин. Приемы педагогической техники. Москва, 2009,
11-бет.
43. Монахов В.М. Технологические основы проектирования и
конструирования учебного процесса. Волгоград. 1995.
44. Кларин М.В. Инновационные модели обучения в зарубежных
педагогических поисках. М., 2004, 8-бет.
45. Щуркова Н. Е. Педагогическая технология. М., 2002.
119
46. Селевко Г. К. Опыт системного анализа современных
педагогических систем // Школьные технологии. 2006. № 6.
47. Шамова Т. И., Третьяков П. И., Капустин Н. П. Управление
образевательными системами: Учеб. пособие для студ. высш. учеб,
заведений /Под ред. Т. И. Шамовой. М.: ВЛАДОС, 2001.
48. Махмудов.М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру.
Алматы., 1999
49. Крысько В.Г. Психология и педагогика в схемах и таблицах. М.,
2000.
50. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы
обучения в высшей школе. Алматы., 2000.
51. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. -
Өскемен, 2005.
52.
Мұқаметқали
М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық
инновациялық іс-әрекетке даярлау жолдары - Өскемен, 2004.
53. Внутришкольное управление: теория и опыт педагогических
управленческих инноваций / Под ред. Н.В. Горбуновой. М.: Новая шк.,
1995.
54. Педагогические технологии: Учебное пособие для студентов
педагогических специальностей/Под общей ред. В. С. Кукушина. – Серия
«Педагогическое образование». – М.: ИКЦ «МарТ»; Ростов н/Д.:
Издательский центр «МарТ», 2004.
55. Bloom, B. S., Engelhart, M. D., Furst, E. J., Hill, W. H., & Krathwohl,
D. R.. Taxonomy of educational objectives: the classification of educational
goals; Handbook I: Cognitive Domain New York, Longmans, Green, 1956.
56. Камалов Р.Р. Информационно-педагогический ресурс как объект
современной педагогики. Глазов, 2010. – 196 с.
57. Эрдниев П.М. Обучение математике в начальных классах: Книга
для учителя. - 2-е изд.- М.: ЛО Столетие, 1995. - 272с.
58. Эрдниев П., Эрдниев, О. УДЕ как логический импринтинг.
Живой родник мышления и творчества // Известия Калмыкии. -№ 9, 19
января 1999.
120
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .................................................................................
3
1
Педагогикалық жүйедегі жаңа технологияларды дамыту
және оқу үрдісіне енгізу..........................................................
5
2
Жаңашылдықтың мәні, оның қажеттілігі және жаңа
педагогикалық технологиялардың классификациясы.........
17
3
Жаңа технологялар арқылы шығармашылыққа баулу және
оның обьективті қажеттілігі................................................
33
4
Жаңа технологияларды пайдалануда оқушылардың пәнге
қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары..............
43
5
Жаңа педагогикалық технологияның түрлері......................
54
6
7
8
Қашықтықтан оқыту технологиясы .....................................
Қазiргi әлемдегi бiлiмнiң негiзгi даму тенденциялары........
Жаңа педагогикалық технология түрлерін информатика
пәнінде қолдану әдістемесі..................................................
78
97
104
Қорытынды........................................................................... 114
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер тізімі..........................
117
121
А.Қ. БЕКБОЛҒАНОВА
Оқу құралы
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Компьютерлік қалыптаушы С.Д. Шудабаева
Мұқабаның дизайнері С.А. Липшиц
Баспашы А.М.Жұмасейтов
Басуға қол қойылды
21.08. 2013 ж.
Әріп түрі «Times New Roman». Қалыбы 60х84
Офсетті қағаз. Таралымы 50 дана. Ш.т.б.7.5 Тапсырыс № 00708
«Жетісу университеті» баспа бөлімі.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
040009 Талдықорған, Жансүгіров көшесі, 187а
Достарыңызбен бөлісу: |