24
Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты
мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және
бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі болып табылады.
Педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру
формасымен анықталады.
Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері - қойылған
мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және
оны жүзеге асыру арқылы арнықталады. Оқытылатын пән мазмұны,
оқытушы мен білім алушының өзара байланыс іс-әрекеті, білім алушының
ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық
технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында орта
білім берудің жүйелі түрде реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен
маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір
маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың
қажеттілігінен туып отыр.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық
технологиялары жасалынып, оқу орындарының өміріне енгізілуде. Олар:
С.Н.Лысенкованың алдына ала оқыту технологиясы, В.Шаталовтың
қарқынды оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы) технологиясы,
П.М.Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдістеме
технологиясы және т.б.
Ал соңғы жылдары В.М.Монаховтың модульдік технологиясына,
В.К.Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсіліне сондай-ақ, профессор
Ж.Қараевтың окытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына
негізделген компьютерлік технологияны еліміздің көптеген оқу орындары
қолданып жүр.
Оқу орындарында жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік - сынақ
жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық
технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады.
Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе
жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір - бірімен тығыз байланысты мынадай
ұстанымдардан құралады:
• Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
• Теориялық білімнің жетекші рөлі.
• Оқу материалын жеделдете оқыту.
• Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
• Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін - еркін сезінеді,
оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады.
Осы жүйеде білім алушы мен оқытушының арасындағы жаңаша қарым -
қатынастың іргесі қаланады.
Оқытушы берілетін жаңа тақырыпты түсіндіруші ғана емес, білім
алушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
25
Д.Б.Элъконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті мен
оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы
төмендегідей: оқу - танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары,
оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің басты
міндеті жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан,
жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту
мақсаты болып қалады.
Педагогикалық технологиялар төмендегі кластарға бөлінеді:
- Қолдану деңгейіне қарай жалпы педагогикалық, жеке әдістемелік,
және модульдік технологиялар.
- Философиялық негізі бойынша: материалистік және идеалистік,
диалектикалық және метафизикалық, ғылыми және діни гуманистік,
антигумандық, антропософиялық, және теософиялық, прагматикалық,
экзистенциалистік, еркін тәрбие және мәжбүр ету т.б.
- Психикалық дамудың басты факторлары бойынша: биогендік,
социогендік, психогендік және идеалистік технологиялар болып бөлінеді.
Бүгінде жеке бас биогендік, социогендік және психогендік факторлардың
әсерлер жиынтығының нәтижесі болып табылады, - деп қабылданған, бірақ
нақты технология олардың бірін ғана ескереді немесе ұтыс жасайды және
оны негізгі деп есептейді.
- Тәжірибелі меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша:
ассоциативті - рефлекторлық, бихевиористік, гештальт технология,
интериоризаторлық, дамыта оқыту.
- В.П.Беспальконың танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және
басқару типі бойынша: оқытушының оқушымен өзара әрекеті
алшақталған, циклдық, шашыраңқы немесе бағытталған, индивидуалдық
және автоматтандырылған болып бөлінеді, яғни оқу құралдарының
көмегімен жүзеге асырылады. Осы жоғарыда аталған белгілердің
байланысы технологияның дидактикалық жүйесін анықтайды, олар:
1. Классикалық дәстүрлі оқыту;
2. Аудио - визуалды техникалық құралдар көмегімен оқыту.
Тәжірибеде
осы
монодидактикалық
жүйелердің
әртүрлі
комбинациясы қолданылады, олардың ішінде ең кең тарағаны:
- Я.А.Коменскийдің дәстүрлі классикалық сынып - сабақтық жүйесі,
мазмұндаудың дәрістік әдісі мен білім алушының кітаппен өз бетінше
жұмыс істеу комбинациясынан тұрады.
- Қазіргі дәстүрлі оқыту алдыңғыны техникалық құралдармен
байланыстыра қолданады.
- Оқытудың топтық және дифференциалдық әдістері, педагогтың
барлық топпен ақпарат алмастыруы, сондай-ақ жеке оқушыларға
репетитор ретінде көңіл аударады.
- Бағдарламалап оқыту, барлық басқа түрлерді жеке қолдана отырып,
басқарудың адаптивті бағдарламасына негізделеді.
26
- Эзотерикалық технологиялар эзотерикалық білім, оған апаратын
ақиқат пен жолдар туралы оқуға негізделген.
Педагогикалық үрдіс – ол хабарлама емес, қатынас емес, ол ақиқатқа
қосылу болып табылады.
Оқушылар категориясы бойынша неғұрлым маңызды және
түпнұсқалы түрлері төменде берілген, олар:
- Дәстүрлі мектеп технологиясы, орташа оқушыға арналған;
- Қозғалыстағы деңгей технологиясы, яғни пәндерді тереңдетіп
оқыту гимназия, лицей, арнаулы білім және т.б оқу орындарына арналған.
- Орнын толтыра оқыту технологиясы, яғни түзетулер жасауға
арналған.
- Әртүрлі виктимологиялық технологиялар (сурдо-, орто-, тифло-,
олигофренопедагогика);
- Жаппай көпшілік мектеп төңірегінде ауытқымалы, қиын немесе
дарынды балалармен жұмыс жасауға арналған технологиялар.
Сонымен қазіргі технологиялардың басым көпшілігінің атаулары
модернизация және модификация мазмұнымен анықталады, оларда
маңызды дәстүрлік жүйе кезедеседі.
Педагогикалық
қатынастардың
гуманизациясы
мен
демократизациясы негізінде қалыптасқан педагогикалық технологиялар.
Бұл технологиялардың іс жүргізу бағдары, жеке бас қатынастарының
приоритеті, индивидуалдық жақындау, қатаң емес демократиялық
басқаруы және айқын гуманистік бағыттағы мазмұны болады. Оларға
ынтымақтастық педагогикасы, Ш.А.Амонашвилидің гуманды жеке бас
технологиясы, Е.Н.Ильиннің адамды қалыптастыратын пән ретінде
әдебиетті оқыту жүйесі және т.б. жатады.
Оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта
құру негізіндегі педагогикалық технологиялар.
Оған
П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді ірілендіруі,
В.С.Библер мен С.Ю.Кургановтың «мәдениет сұхбаты» технологиясы,
Л.В.Тарасовтың «Экология және диалектика» жүйесі, М.Б.Воловичтің
ақыл-ой іс-әрекетін кезеңдік қалыптастыру теориясын жүзеге асыру
технологиясы және басқалары кіреді.
Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру»
қажет. Бұл үшін оқу құралдары білім алушының өздігінен танымдық іс-
әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,
оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға
қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін
қамтиды.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық
технологияның негізіне әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін
ескеру, білім алушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру,
Достарыңызбен бөлісу: |