20
ұжымға кірігуіне болжам жасау қажет. Педагогикалық тәжірибеде
объективті және даралық құндылықтар бір – бірімен астасып жатады, бірақ
педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей
көпшіліктің игілігі бола алмайды. Тек жеке тұлғаның жаңа тәжірибе
жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерекшеліктері ғана
назарға алынады. Озық педагогикалық тәжірибе бұқарылық негізде
қалыптаса отырып, объективті педагогикалық заңдылықтарды игерудің
деңгейін де танытады. Озық педагогикалық тәжірибенің бір түрі болып
есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе
сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын
басқыш сияқты.
Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің баға
беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогика
бойынша зерттеу тәжірибелеріне сүйене отырып, педагогикалық
жаңалықтың мынадай критерийлері жиынтығын анықтауға болады:
жаңашылдық, оптималдық, жоғары нәтижелік, бұқаралық тәжірибеде
шығармашылық пен қолдану мүмкіндігі.
Инновацияны негізгі критерийі ғылыми педагогикалық тәжірибеге
де баға беруде басшылыққа алынатын жаңашылдық деп білеміз.
Сондықтан инновациялық үрдіске араласқысы келетін мұғалім қолға алған
жаңалығының мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс.
Біреулер үшін жаңалық болып табылатын құбылыс екіншілер үшін олай
болмуы мүмкін. Осыған байланысты мұғалімдерді инновациялық үрдіске
тартқанда олардың еріктілігін, тұлғалық ерекшелігін, дербестік –
психологиялық мінездемелері ескерілуі тиіс. Жаңашылдықтың бірнеше
деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, локальді – абсолютті,
шартты, субъективті, танымалдық деңгейі және қолдану аймағы бойынша.
Критерийлер жүйесіндегі оптималдық нәтижеге қол жеткізуге
мұғалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған
тәсілінің тиімділігін айқындайды. Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі еңбек
жағдайымен бөлек оқушылар ортасында бірдей жоғары нәтижеге қол
жеткізеді. Оқу үрдісіне педагогикалық инновацияны енгізіп, барынша аз
дене, ой еңбегін және аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізуінің
оптималдығын білдіреді.
Нәтижелік инновацияның критерийі ретінде мұғалім қызметіндегі оң
нәтижелердің
барынша
тұрақтылығын
білдіреді.
Өлшемдегі
технологиялық, нәтижені бақылау мен белгілеудегі түсіну мен
баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаң әдістің маңыздылығын, оқыту
мен тәрбиелеудің тәсілдерін бағалаудың басты құралына айналдырады.
Инновациялық бұқаралық тәжірибеде шығармашылық пен қолдану
мүмкіндігі педагогикалық инновацияның бағалаудың критерийі ретінде
қарастырылады. Шындығында, құнды педагогикалық идея немесе
технология
шартты
ерекшеліктермен
күрделі
техникалық
жарақтандыруымен немесе мұғалім қызметінің ерекшеліктерімен тар
21
шеңберге тығылып, қолдану мүмкіндігі шектеулі болса, онда біз
педагогикалық жаңашылдық туралы айт алмас едік.
Инновацияны бұқаралық педагогикалық тәжірибеде қолданудың
бастапқы кездегі жекелеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің қызметіне
негізделгені мен олар сыннан өтіп объективті бағалаған соң жалпыға
бірдей қолдануға енгізуге ұсынуы мүмкін.
Жоғарыда аталған критерийлерді біреу және педагогикалық
инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа
негіз қолайлы.
Арнайы әдебиеттерді және мектеп қызметінің тәжірибесін
талдағанда оқу орынының жұмысында педагогикалық жаңалықты
тәжірибеде қолдануға белсенділіктің төмен екендігін аңғарамыз. Ал
осындай педагогикалық инновациялардың іске асырылмай қалуының ең
кем деген де екі себебін атауға болады. Бірінші себеп, инновацияның
қажетті сараптама мен сыннан өте бермейтіндігі. Екінші себеп,
педагогикалық жаңалық көбіне ешқандай алдын ала ұйымдық,
техникалық, ең басты тұлғалық, психологиялық қатынастар тұрғысында
дайындықсыз енгізіледі.
Педагогтардың идеясы сияқты кез келген инновациялық қызметтің
нәтижесі оқу орындары мен педагогика ғылымының қарқынды дамуына
ықпал етуі керек.
«Білім берудегі жаңартудың мағынасы қандай да бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты.
Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен оның сипаты ғана жаңалықты енгізу
бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жетістігін анықтайды.
Сондықтан оларды негіздеуге тар шеңберде қолданылатын
міндеттермен шектеліп қоймай, әлеуметтік - педагогикалық дамудың
нақты бағыттары мен негізгі мақсаттарын ескеру қажет», - дейді А.Найн.
Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу
және қабылдау біздің оқу орындарының қажеттіліктерінен туындайды.
Сондықтан біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді
үздіксіз дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз және ол
инновацияға қысқа мерзімді , өткінші ғана құбылыс деп қарамайды.
Білім беру жүйесі құрылымының өзін қоғамның өмір сүріп отырған
деңгейінде сақтап қалу үшін, оның тамырының табиғатта, біздің қоғамның
негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы
әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа
тартады.
Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызметтің басқа
салаларымен бірлесе отырып жұмыс жасағанда ғана аяғынан тұрып кетеді.
Педагогикалық инновациялар білім берудің ішкі жүйесіндегі адамдар
қызметінің нақты нәтижесі болып табылады.
А.Колодин мен С.Смирновтың пікірлерінше, педагогикалық
инновация мемлекеттік білім ұйымдарының жасап, жүзеге асырған
Достарыңызбен бөлісу: |