22
жаңалығы емес, білім беру және ғылым жүйесінің ұйымдары мен
қызметкерлері жасаған жаңалықтар болып табылады.
Сонымен бірге білім беру саласында болып жатқан өзгерістердің
барлығын авторлар педагогикалық инновацияға жатқыза алмайды. Бұл
категорияға олар білім берудің қоғамдық жағдайларының өзгерісін, оның
мәртебесінің жоғарылауы мен қаржыландырудың өсуі сияқты
мысалдарды жатқызады.
Білім беру мекемелерін жабдықтау да таза педагогикалық инновация
болып табылмайды, - бұл инновацияның компьютерлік техника саласына
енуі, оқу құралдарының өндірілуі болып табылады.
Білім беру жүйесінің құрылымындағы өзгерістерді де педагогикалық
инновация деп атауға болмайды. Бұл дұрысында білім беруді басқару
саласындағы инновация болып табылады.
Басқару инновациясына мектеп ұйымының ішкі қызметіндегі кейбір
жаңадан енгізілген шараларды жатқызуға болады.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді баптап өсірер
тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдыңдағы маңызы зор міндеттердің
бірі.
Еліміздің, қоғамның эқаномиканың саяси - мәдени дамуына үлес
қосатын, әлемдік инновацияға көтерілетін білімді де, мәдениетті,
парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – оқу
орындарының, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Адам ұрпағымен мың жасайды, - дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде
де халықтык мәселе болған.
Тарихтан білетініміз: дарындылар мен қабілетті тұлғалар әрқашанда
аса жоғары бағаланған, сондықтан қазіргі оқу орындарының алдыңда
тұрған аса маңызды міндет — талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп,
тәрбиелеп шығару. Ал табиғатында еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілеті
жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген.
Жеке тұлға қалыптастыруда әр оқушының кабілетін танып, біліп,
дамытып, шыңдап, жол сілтеп оның дәрежесін көтеру керек және жаңашыл
жұмысқа бет бұру қажет болады, ол үшін ұлттық мәдениетті көтеру,
ұлттық педагогиканы және халық мұрасын пайдалану арқылы намысты,
иманды, ізгілікті, жат іс - әрекеттерге сын көзбен қарайтын, әр жағдайға өз
бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын
қорғай білетін азамат тәрбиелеу.
Сол үшін оқу орындарында білім беруді жаңаша әдіс - тәсілмен
жүргізуіміз керек. Бірақ, оқу орнының атауын өзгерткеннен (гимназия,
лицей, академия және т.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз.
Ондағы оқыту мазмұны, білім беру технологиясы білім алушының
талантына, дарынына, талап - тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт - дәстүр,
бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға қалыптастыруға
бағытталуы керек.
23
Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім
беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру
құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде.
Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерген, содан
соң оны оқу мазмұнына, білім алушылардың жас және психологиялық
ерскшеліктеріне қарай пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық
технология ұғымы іс - тәжірибемізде жиірек қолданылып, тәжірибеге
енуде.
Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын
жұмыстағы, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы, ал
педагогикалык технология — педагогикалык мақсатқа қол жеткізу
жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен
әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті, —
деп В.Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тәжірибеде
жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы болып табылады.
Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған,
белгілі - бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды
ұйымдастыруға қажеттті өзара байланысқан әдістер мен құралдардың
жиынтығы.
Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту
үшін оны тәжірибеде пайдалану қажет. Педагогикалық технологияның
негізі - саралап оқыту. Бұл технология бойынша білім алушының білімді
менгеру деңгейін төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей - міндетті
деңгей, ал қалғаны білім алушының қабілетіне қарай игеріледі.
Сонымен, міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, онда
білім берудің шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда,
педагогикалық технология – ол білім алушының шығармашылықтық
тұрғыда терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту
мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Білім берудің бұрынға құрылымы мен білімнін жаңа мазмұнының
арасындағы қарама-қайшылықты жою үшін білім беруді жүйелі түрде
саралап, оның сан тараулы дамуын меңгеретін білім алушыға оның табиғи
мүмкіндігі негізінде дамыта тәрбиелеу қажет.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру
деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен
салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы
елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы
ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің тәжірибесі экономика,
ғылым мен мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін
көрсетіп отыр, ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын
меңгеруге міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |