18
Жаңа
идеялардың
тағдырына
қатысты
ол
төмендегідей
қорытындыларға келеді:
- идеялар айқын мақсатты көздеген және оларды жүзеге асыру мен
тарату тәсілдері қалыптасқан жағдайда ғана сәтті инновация бола алады;
- инновация жемісті болу үшін ол аз және өте нақты нәрседен
басталуы қажет;
- ақпаратқа негізделген өзгерістің сәтті болуы екіталай, алынып
отырған ақпарат оңай жолмен келсе немесе арзанға түссе ғана өз жемісін
береді.
Тұтас педагогикалық үрдістің инновациялық стратегиясына
жаңашылдық үрдістерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп
директоры, мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің рөлі арта түсуде. Оқыту
үрдісінің көптүрлілігіне қарамастан – дидактикалық, компьютерлік,
мәселелік, модулдық және басқа – жетекші педагогикалық қызметті іске
асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу – тәрбие үрдісіне қазіргі
заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші
кеңесінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде.
Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей,
педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы
салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан
мұғаліммен арнайы психологилық – педагогикалық дайындық талап
етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және
іске асыруға дайындық қалыптасады.
Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды
білідіреді. Инновация үрдіс ретінде әлде бір жаңалықты ендіру деген сөз.
Педагогикалық үрдісте инновация оқыту ме тәрбиенің тәсілдері, түрлері
мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін
ұйымдстыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудеге инновациялық үрдістердің мәні педагогиканың
маңызды екі мәселесін құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірибені
зерттеу, жинақтау мен тарату мәселесі және педагогикалық –
психологиялық ғылымдардың жетістігін тәжірибесін енгізу мәселесі.
Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық үрдістердің мазмұны мен
механизмі осы кезге дейін бір – бірінен оқшау қарастырылып келген өзара
тығыз байланысты екі үрдістің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс,
яғни инновациялық үрдістің нәтижесі теориямен тәжірибенің тоғысуында
пйда болатын теориялық және тәжірибелік жаңалықтарды қолдану болады.
Мұның барлығы педагогикалық жаңалықты – жасау, игеру және
пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі.
Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен
тұжырымдаманың авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы
және насихатшысы қызметін атқарады. Осы үрдісті басқару мұғалімнің өз
қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар мен
әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал
19
педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы
білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық
қызметтің
инновациялық
бағыттылығының
қажеттігі
бірқатар
жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық қайта
құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының
оқу тәрбие үрдістерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен
жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және
пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық
бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің
көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің
енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз
іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық
білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және
қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу - тәрбие үрдісінің
мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз
бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметінің
жаңа әдіс тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмайды. Егер бұрынғы
уақытта
инновациялық
қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған
жаңалықтарды тәжірибеде қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол
барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастайды. Сондықтан да
мектеп, білім беру ұйымы басшыларының қызметіндегі маңызды
бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап,
баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске
асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ
олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен
басшыларда ол тәжірибені зерттеу –және қолдану қажіттілігі
қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен талдаудың
дағдысы және іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс - әрекетінде
өзінің, сол сияқты әріптестерінің де педагогиклық тәжірибесіне талдау
жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.
Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық
педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. Өйткені әрбір жаңа
кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да
мүмкіндіктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары
пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен
тәжірибесінің қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет
атқарады. Озық педагогикалық тәжірибені жасау және таратуа мұғалімнің
ұстанымы үлкен рөл атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші
ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскенде субъективті
факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық
Достарыңызбен бөлісу: |