Пән: Информатика Күні: Сынып: 5а Сабақтың №:
Сабақтың тақырыбы: Сырты жад.
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасуыштар туралы түсінік беру; дискіжетек, USB-порты, CD-ROM мен DVD-ROM жұмыстарымен таныстыру;
- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;
- оқушыларды ақпараттық мәдениетке, тәртіпке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту, әңгіме элементтері бар дәріс сабағы
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, проблемалық, практикалық, зерттеу
Көрнекілік: ДК, интерактивті тақта, электрондық оқулық, қатқыл диск, иілгіш және компакт-дискілер, дискіжетек, дәптер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Интерактивті тақтамен жұмыс. Оқушылар топтарға бөлініп, тапсырмаларды орындайды.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
«Адамның ішкі және сыртқы жады» деген тақырып бойынша өз ойыңды айт.
Қойылатын сұрақтар:
Адамның ішкі жадында не сақталады?
Қандай жағдайларда оған сыртқы жадты қолдануға тура келеді?
Адам қандай заттарды сыртқы жад ретінде қолданады?
адамның жады мен компьютер жадының ұқсастықтары жайлы сұхбаттасу. Қажетті деректерді адам ішкі жадында, ал аса қажет емес ақпараттарды түрлі ақпарат тасуыштарында – құжаттарда, дәптерлерде, кинотаспаларда және т.б. сақтайды.
Сыртқы жад.
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналаса алады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш, компакт және флеш-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.
Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша – магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта IBM типі Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданылады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді, флеш-дискілерді жатқызуға болады.
Сыртқы жад – бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.
Иілгіш диск (дискета)
Иілгіш дискілер (дискеттер, англ. floppy disk - флоппи-дискілер).
Флоппи-диск – төзімділігі жеткілікті және өлшемі тұрақты, арнайы пленкадан жасалған тегіс диск. Оның ферромагниттік қабаты бар және қорғаушы конвертке салынған (дискеттің қабы).
Дискеттің құрылымы
Магниттік дискіде ақпарат қалай орналасады?
Дискетті бірінші рет қолдану алдында әдіспен оны форматтау қажет. Бұл арнайы бағдарламалардың көмегімен орындалады. Форматтау кезінде әдетте дискеттің беті тексеріледі.Жаңылыстар байқалған учаскелері дефектілі деп белгіленеді де, ол бөліктерге ары қарай жазу жүргізілмейді. Кейбір өндірушілер дискілерді форматтап шығарады. Стандартты компьютердің бір үшдюймдық дискіжетегі – 1,44 Мб болады.
Қатқыл диск (винчестер, англ. HDD — Hard Disk Drive)
Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер – бұл дискілер жиыны бар (екі жақ бетіне де ақпарат жазылатын, жылтыратып тегістелген ферромагнитті қабаты бар мүлтіксіз жазық бірнеше пластина), жетекпен бірге жинақталған (сәйкес электронды басқару схемасымен оқу – жазу механизімінің үйлесуі) жадтайтын құрылғы. Қатқыл магнитті дискілердің жинақтауыштарда бір емес, бір блокқа жиналған магнитті бастиектер тобы жұмыс істейді. ЭЕМ қосылып тұрғанда дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен айналады, сол себепті бастиектер мен дискілердің механикалық түйісуі (котакті) мүмкін емес. Әрбір бастиек диск бетінің үстінде 0,5-0,3 микрон қашықтықта «жүзеді». Жинақтауыштың электромеханикалық бөлігі механизмге шаң тимеуі үшін, герметикалы корпусқа салынған. Винчестер әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылады және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.
Қатқыл дискінің схемасы.
Достарыңызбен бөлісу: |