НЕГІЗГІ ҚЫСҚАРТЫМДАР МЕН АКРОНИМДАР
АФН
Қажры нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу жəне қадағалау
жөніндегі агенттік
САР
Сертификатталған практикашы бухгалтер
КЕРЦБ
Еуропалық бағалы қағаздар реттеушілері комитеті
СIPA
Сертификатталған халықаралық кəсіби бухгалтер
СНГ
Тəуелсіз мемлекеттер достастығы
ПА
Аудиторлар палатасы
ППБА
Кəсіби бухгалтерлер мен аудиторлар палатасы
ПК
Біліктілікті көтеру
КОМОБ
МФБ Білім жөніндегі комитеті (СМСОБ)
ЕО
Еуропалық одақ
ТШИ
Төте шетелдік инвестициялар
ЖІӨ
Жалпы ішкі өнім
СМСОБ
Халықаралық бухгалтерлік білім стандарттары жөніндегі кеңес
(бұрынғы КОМОБ)
МСБУ
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары
СХҚЕС
Халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттары жөніндегі кеңес
КХҚЕС
Халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттары жөніндегі комитет
ФКХҚЕС
Халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттары жөніндегі
комитеттің қоры
МСО
Халықаралық білім стандарты
МФБ
Халықаралық бухгалтерлер федерациясы
КИМФО
Халықаралық қаржылық есеп-қисап түсініктелері жөніндегі комитет
ХҚЕС
Халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттары
МВФ
Халықаралық валюта қоры
ППП
Бастапқы жариялы ұсыныс
ХҚЕСГС
Мемлекеттік сектордағы халықаралық қаржылық есеп-қисап
стандарттары
ХАС
Халықаралық аудит стандарттары
СПЭИ
Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы
КСБУ
Қазақстандық қаржылық есеп-қисап стандарттары
КАФБ
Қазақстан қор биржасы
КСА
Қазақстандық аудит стандарттары
НБК
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
КГИБ
Голландия корольдік бухгалтерлер институты
ОПИ
Көпшіліктік мүдделі ұйымдар
ОС
Негізгі қаражаттар
КК
Біліктілік комиссиясы
РОСК
Стандарттар мен кодекстердің сақталуы туралы баяндамалар
МСП
Шағын жəне орта кəсіпорындар
ПОЧ
МФБ мүшелерінің міндеттері туралы қағида
ГП
Мемлекеттік кəсіпорын
АМР США
АҚШ халықаралық дамыту агенттігі
Казахстан – ДССК «Бухгалтерский учет и аудит»
Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 1
I.
КІРІСПЕ
1.
Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жəне аудит парктикасын осы бағалау Бүкіл дүниежүзілік
банктің жəне Халықаралық валюта қорының (МВФ) Стандарттар мен кодекстердің сақталуы туралы
есептемелер (РОСК) жасауға қатысты бірлескен бастамасының бір бөлігі болып табылады. Осы
бағалаудың шеңберінде заңды тұлғалардың қаржылық есеп-қисабының сапасына ықпал ететін
бухгалтерлік есеп жəне аудит режимінің артықшылықтары мен кемістіктері қарастырылады жəне
міндетті талаптар мен іс жүзіндегі практикаға талдау жүргізіледі. Бағдар ретінде Халықаралық есеп-
қисап стандарттары (ХҚЕС)
1
жəне Халықаралық аудит стандарттары (ХАС)
2
қолданылады жəне
бухгалтерлік есеп пен аудитты нормативтік реттеу саласындағы халықаралық тəжірибе мен түзу
ниетті практика ескеріледі.
2.
Қазақстан Үкіметі Бүкіл дүниежүзілік банктен Қазақстан мен Бүкіл дүниежүзілік банктің
бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасының (СПЭИ) аясында бухгалтерлік есеп жəне аудит
саласында осы РОСК дайындауды өтінді. СПЭИ – Қазақстан Үкіметі мен Бүкіл дүниежүзілік банк
үлестік негіздерде қаржыландыратын үш жылдық бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы.
3.
Қазақстанда 15,2 млн адам тұрады, ал жан басына жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 2006 жылда 5 100
АҚШ долларын құрады.
3
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанда іскерлік белсенділіктің төмендеуі
1990 жəне 1995 жылдар аралығындағы кезеңде нақты ЖІӨ 35% құлдыраған уақытта кеңестен соңғы
кеңістіктегі ең көптерінің бірі болды. 1999 жылы басталған экономикадағы бетбұрыс мұнайдың
бағаларының өсуіне жəне ауа-райы жағдайларының жақсаруына байланысты болды, бұл аграрлық
секторға қолайлы ықпал еттті. Шетелдік компаниялардың мұнай өнеркəсібіне инвестициялары мұнай
өндіру көлемін ұлғайтуға көмектесті, соның нəтижесінде нақты ЖІӨ өсімі 2000 жылдан бастап орта
есеппен жылына 9 құрады. Тұтынушылық бағалар инфляциясының орташа деңгейі 2000 жылдағы
13.4%-дан 2004 жылдағы 6,9 %-ға дейін қысқарды.
4.
Қазақстанның үлесіне Орталық Азиядағы барлық төте шетелдік инвестициялардың (ТШИ) 80
пайызына жуығы тиеді, бұл орайда 2004 жылдың соңына қарай ТШИ ағыны үдей келе,
қорытындысында 21,8 млрд АҚШ долларын құрады, Тəуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД)
ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Алайда Қазақстанда қоржындық инвестициялар
бұрынғысынша шамалы, оның үстіне сырттай қоржындық инвестициялардың жалпы ағынының
басым бөлігі қазақстандық еурооблигациялардың еншісінде.
5.
ТШИ экономиканы қалпына келтіруді қамтамасыз етті, алайда ол инвестициялардың басым
бөлігі өндіруші өнеркəсіпте, негізінен үлесіне инвестициялардың жалпы көлемінен 64,5 пайыз келетін
мұнай өнеркəсібінде шоғырланған. Мұнай-газ өнеркəсібі Қазақстанның экономикасын дамытуда
негізгі рөл атқарады. Мұнай мен газ ұлттық экспорттың 57 пайызына жуығын құрайды. Басқа
секторлар мұнай өнеркəсібімен салыстырғанда əлі де болса əлсіз, мысалы, аграрлық сектордың
үлесіне, ол бұрынғысынша елдің ең ірі жұмыс берушісі болып табылғанымен, ЖІӨ тек 7,9 пайызы
(1992 жылы – 23 пайызы) келеді.
1
Халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттарын бухгалтерлік есеп стандарттарын белгілейтін тəуелсіз
орган – Халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттары жөніндегі кеңес (СХҚЕС) шығарады, ол
Лондонда (Ұлыбритания) орналасқан. 2001 жылдың сəуір айында СХҚЕС оның бухгалтерлік есеп
стандарттары «Халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттары» (ХҚЕС) болып аталатыны туралы
мəлімдеді. Сондай-ақ сол 2001 жылдың сəуір айында СХҚЕС Халықаралық қаржылық есеп-қисап
стандарттары жөніндегі комитет (КХҚЕС) шығарған барлық Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын
(МСБУ) қабылдайтынын жариялады. Оңай болу үшін, ХҚЕС термині осы есептемеде ХҚЕС жəне МСБУ
екеуін де білдіреді.
2
Халықаралық аудит стандарттары – Халықаралық аудит стандарттары жəне Халықаралық бухгалтерлер
федерациясының (МФБ) сенімділікке кепілдігі жөніндегі кеңес шығаратын стандарттар.
3
Gross domestic product based on purchasing-power-parity per capita, International Monetary Fund, World
Economic Outlook Database, September 2005.