Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есептеме



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет3/24
Дата27.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#27404
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

АП жəне тіркелген кəсіби «Аудиторлар алқасы» аудиторлық ұйымынан басқа, Қазақстанда 

бухгалтерлер  мен  аудиторларға  арналған  басқа  кəсіптік  бірлестіктер  бар,  олар:  Кəсіпқой 

бухгалтерлер  мен  аудиторлар  палатасы  (ППБА),  Қазақстан  бухгалтерлер  мен  аудиторлар 

одағы.  АП  Халықаралық  бухгалтерлер  федерациясының  (МФБ)  толық  мүшесі  болып 

табылғанымен, ол  əзірше  МФБ  мүшелерінің  міндеттері  туралы  қағидаларды (ПОЧ)  түгел 

орындай  бермейді.  АП  да,  ППБА  да  Еуразиялық  сертификатталған  бухгалтерлер  мен 

аудиторлар кеңесінің мүшелері болып табылады. 

 

Аудит  стандарттарын  қабылдаумен  қатар,  АП  өз  мүшелерінің  кəсіби  білімі  үшін  жауап 



береді.  АП 1998 жылғы  МФБ  Этика  кодексінің  негізінде  өзінің  Этика  кодексін  əзірледі. 

Алайда  АП  Кодексінде  анағұрлым,  əсіре  тəуелсіз  аудиторға  қатысты  тұрғыдан  қатаңға 

айналған МФБ қолданыстағы талаптарының барлығы ескерілмеген. Сонымен қатар, РОСК 

дайындаған топ қолда бар Кодекс сақталмаған бірнеше жағдайды атады. 

 

АП  мүшесіне  айналу  үшін,  дербес  аудитор  САР/СIРА  (Сертификатталған  практикашы 



бухгалтер / Сертификатталған 

халықаралық 

кəсіби 

бухгалтер) 



куəландыру 

бағдарламасының  негізінде  емтихандар  өткізетін  АП  Біліктілік  комиссиясымен  (КК) 

куəландырылуға  тиіс.  Алайда  емтихандарды  табысты  тапсырғандардың  үлесі 

кандидаттардың нашар дайындығына, оқу бойынша тиімсіз бағдарламаларға жəне жоғары 

емтихандық стандарттарға байланысты көп болмай отыр. 

 

ППБА  қатысушылары – негізінен  сертификатталған  практикашы  бухгалтерлер  (САР 



немесе  сертификатталған  бухгалтерлер)  жəне  небəрі  бірнеше  Сертификатталған 

халықаралық  кəсіби  бухгалтер  (СIРА  немесе  сертификатталған  аудиторлар).  ППБА  өз 

мүшелері  үшін  кəсіптік  ережелер  шығарды,  бірақ  РОСК  дайындаған  топ  анықтағандай,  

Палатаның жеке мүшелері ондай ережелердің бар екені туралы əдетте біле бермейді. 

 

Қазақстанда  ППБА  куəландырған  бухгалтерлер  ППБА  да,  АП  да  куəландыру  рəсімін  бір  



СAP/СIPA  куəландыру  бағдарламасының  негізінде  құрғанына  қарамастан,  аудитор  болу 

үшін  өздерінің  (Сертификатталған  практикашы  бухгалтерлер / Сертификатталған 

халықаралық  кəсіби  бухгалтерлер)  ретінде  тəжірибелерін  пайдалана  алмайтынына 

байланысты,  бухгалтерлер  мен  аудиторларды  куəландыруда  елеулі  проблема  орын  алып 

отыр. Бұл ППБА куəландырған бухгалтер кез келген басқа бухгалтердің біліктілігі немесе 

бухгалтерлік жұмыс тəжірибесі жоқ адам секілді барлық КК емтихандарын тапсыруға тиіс 

болады деген сөз. 

 

Қазіргі уақытта банктердің немесе сақтандыру компанияларының аудиторлық ұйымдарды 



ауыстырып  отыруына  талап  белгіленбеген,  бірақ  «Сақтандыру  қызметі  туралы»  Заңға 

аудиторларды  əр  үш  жыл  сайын  міндетті  ауыстырып  отыруды  көздейтін  түзету  енгізу 

туралы ұсыныс бар. 

 

  Қазақстан  – РОСК «Бухгалтерлік есеп жəне аудит» 



Резюме – стр v.  

 



 Стандарттардың сақталуына мониторинг жəне бақылау 

Қаржылық  қадағалау  жөніндегі  агенттік  барлық  реттелетін  нарықтарды – банктік 

секторды,  сақтандыру  секторын,  қор  нарығы  мен  зейнетақы  қорларын  қадағалау  жəне 

реттеу  үшін  жауап  береді.  Білікті  кадрлардың,  əсіресе  ХҚЕС  саласында  дайындыққа  ие 

мамандардың жеткіліксіздігі АФН тарапынан қадағалау тиімділігін төмендетеді, бұл ХҚЕС 

сақталуына  мониторинг  секілді  спецификалық  міндетті  орындауды  қиындатады.  Оның 

үстіне, АФН реттелетін компанияларды қадағалауды жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық 

өкілеттіктерге ие болғанына қарамастан, бақылау шараларын тиімді деп те, уақтылы деп те 

атауға болмайды: 

 

y  Банктік сектор. Іс жүзінде АФН шын мəнінде жалпы мақсаттағы банктік қаржылық 



есеп-қисаптарды дайындау кезінде бухгалтерлік, есеп-қисап жəне аудит талаптарының 

сақталуын  бақыламайды.  Бір  тұрғыдан  оның  себебі  қадағалауды  жүзеге  асырғанда, 

АФН  инспекторларының  аудитор  растаған  қаржылық  құжаттарды  пайдаланбауында 

жатыр.  Олай  істеудің  орнына,  олар  пруденциалдық  есептемелерді  зерделейді  жəне 

өзінің  тергеуін  жүргізеді.  Сөйтіп, «Банктер  жəне  банктік  қызмет  туралы»  Заңда  жəне 

Əкімшілік  құқық  бұзушылықтар  кодексінде  есеп-қисап  талаптарын  сақтамау  үшін 

көптеген санкциялардың көзделгеніне қарамастан, РОСК дайындаған топ АФН аталған 

санкцияларды қолданған бір де бір жағдайды таба алмады. 

 

y  Сақтандыру  секторы.  Алайда,  сақтандыру  секторына  қатысты,  АФН  қаржылық 



есеп-қисап  ережелерін  сақтауды  қамтамасыз  ету  үшін  анағұрлым  жігерлі  күш  салуда 

жəне сақтандыру компаниялары үшін сенім тудырмайтын есептемелер беруге қатысты 

бірқатар нұсқаулықтар шығарды. 

 

y  Листингілік  компаниялар.  Барлығына  қарап  пайымдаса,  қаржылық  есеп-қисап 



ережелерінің  сақталуына  мониторинг  АФН  үшін  де,  КАФБ  үшін  де  басым  міндет 

болып  табылмайтын  секілді.  Қазіргі  уақытта  жарияланатын  қаржылық  есеп-

қисаптардың  мазмұнына  (яғни,  қаржылық  есеп-қисап  стандарттарының  сақталуына) 

мониторинг  жоқ  деуге  болады.  Негізгі  назар  құжаттарды  белгіленген  мерзімнен 

кешіктіріп тапсыру секірді əкімшілік мəселелерге бөлінеді. Соның нəтижесінде кейбір 

жағдайларда  инвесторларға  берілетін  ақпарат  компанияның  қаржылық  жағдайын 

тиіссіз көрсетуі жəне сонысымен инвесторларды адастыруы мүмкін. 

 

Бухгалтерлік  есеп  жəне  қаржылық  есеп-қисап  стандарттарындағы  олқылықтарды 



талдау 

ХҚЕС  жəне  Қазақстандық  бухгалтерлік  есеп  талаптары  жалпы  алғанда  бір  бірімен 

келісетініне  жаппай  сенімділікке  қарамастан,  олардың  арасындағы  алшақтықтар  өте 

елеулі. КСБУ жəне ХҚЕС қолданылатын есептік саясатқа жəне ақпаратты ашуға қатысты 

бір  бірінен  айтарлықтай  өзгешеленеді.  Бұл  КСБУ  жəне  ХҚЕС  арасындағы 

айырмашылықтардың  ойлағаннан  көрі  көп  екенін  көрсетеді.  Жүйелі  сипаттағы  негізгі 

проблемалардың бірқатары анықталды: 

y  Негізгі қаражаттардың құнын бағалау əдетте құнсыздандыруға сынаманың жəне билік 

орындары  гиперинфляция  кезеңінде  жүргізуді  талап  еткен  мезгілдік  қайта 

бағалаулардың жоқтығынан тым жоғары. 

y  Жалпы секторда жиі кездесетін өсімсіз қарыздар əдетте несиегерлердің баланстарында  

тым жоғары. 

y  Белгіленген  төлемдер  бар  зейнетақылық  бағдарламалар  есепке  алынбайды,  бұл 

пассивтерді төмендетуге əкеліп соғады. 



  Қазақстан  – РОСК «Бухгалтерлік есеп жəне аудит» 

Резюме – стр vi.  

 



жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау