Заңға сəйкес, бұрын КСБУ қолданған кəсіпорындар 2006 жылғы 1-ші қаңтардан бастап
ХҚЕС сəйкес қаржылық есеп-қисап жасауға көшуге тиіс (акционерлік қоғамдар ХҚЕС
қолдануға 2005 жылғы 1-ші қаңтардан бастап көшуге тиіс болған).
Жаңа оқылымдағы «Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-қисап туралы» Заң 2007
жылғы 28-ші ақпанда қабылданды. РОСК дайындаған топтың мүшелері таныса алған ең
соңғы түзетулер үш деңгейлі есеп-қисап құрылымын енгізуді көздейді. Осы құрылымға
сəйкес, микрокəсіпорындар бұрынғысынша оңайлатылған салық салу ережелерін
қолданатын болады, шағын жəне орта кəсіпорындар (МСП) КСБУ қолдануға тиіс, ал
көпшілікті мүдделі ұйымдар (ОПИ), сондай-ақ ірі компаниялар ХҚЕС қолдануға тиіс.
«Көпшілікті
мүдделі ұйымдар» термины осы санатқа акционерлік қоғамдар
(коммерциялық емес ұйымдардан басқа), қаржылық ұйымдар, мемлекеттік капитал
қатысатын компаниялар жəне белгілі бір жер қойнауын пайдаланушы компаниялар кіретін
ретінде айқындалады. Ондай тəсілдеме ХҚЕС олар үшін əзірленбеген немесе оларға
арналмаған ұйымдарда ХҚЕС қолдану проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Банктер, сақтандыру компаниялары үшін, сондай-ақ кейбір листингілік компаниялар үшін
бухгалтерлік есептің ерекше талаптары белгіленген:
y Банктер ХҚЕС қолдануға тиіс. Еншілес компаниялары бар банктер топтастырылған
қаржылық есеп-қисап жасауға міндетті. Банктер аудитор растаған заңды тұлғаның
есеп-қисабын жариялауға тиіс, алайда олар топтастырылған қаржылық есеп-қисапты
жариялауға міндетті емес; демек, салымшылар мен басқа несиегерлер банктердің
толық қаржылық ахуалы туралы жеткілікті ақпарат алуға талпынғанда көп
қиыншылықтарға тап болуы мүмкін.
y Сақтандыру компаниялары қаржылық есеп-қисапты ХҚЕС сəйкес жасауға жəне
аудитор растаған баланстық есептемені жəне пайдалар мен залалдар туралы есептеме
жариялап отыруға тиіс.
y КАФБ листингінің жоғарғы санатына (А санаты) жататын листингілік компаниялар
ағымдағы сəтке қарай өздерінің қаржылық есеп-қисаптарын ХҚЕС сəйкес дайындауға
міндетті. Алайда одан көрі төмен листинг санатына (В санаты) жататын листингілік
компаниялар егер соңғысы заңнамаға қайшы келмесе, қаржылық есеп-қисапты ХҚЕС
немесе КСБУ сəйкес жасай алады. КАФБ листингілік компаниялардан алынған
ақпаратты өзінің Интернет-сайтында жариялайды, бірақ бұл орайда алынған ақпаратты
егжей-тегжейлі тексеру жүргізілмейді деуге болады. Сөйтіп, листингілік
компаниялардың қаржылық есеп-қисабының толымсыз жəне сапасы жағынан тұрақсыз
болуы сирек емес.
Барлық басқа компаниялар, соның ішінде зейнетақы қорлары (акционерлік қоғамдар
ретінде тіркелуге тиіс болатын) «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңды, сондай-ақ нақты
типтегі компаниялар үшін арнайы белгіленген кез келген басқа талаптарды, мысалы,
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңды сақтауға тиіс болды. Осы заңға сəйкес, акционерлік
қоғамдар міндетті жариялауға жатпайтын аудиторлық қорытындыны қоспағанда, аудитор
растаған қаржылық есеп-қисаптарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыруға
міндетті.
Көпшілікті мүдделі ұйымдардың көпшілігі заңды тұлғалар ретінде өздерінің қаржылық
есеп-қисаптарының белгілі бір бөлімдерін Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында
жариялап отыруға тиіс екеніне қарамастан, ондай талап тұрғындар сондай қаржылық есеп-
қисаптарды еш қиындықсыз оңай таба қояды дегенді білдірмейді, керісінше, ол
Қазақстан – РОСК «Бухгалтерлік есеп жəне аудит»
Резюме – стр iii.
тұрғындарға қаржылық есеп-қисаптың толық нұсқаларына қол жеткізуге мүмкіндік
бермейді. Оның үстіне, топтастырылған қаржылық есеп-қисаптарға қатынауға жəне
олармен танысуға мүмкіндік шектеулі сипатқа ие. «Бухгалтерлік есеп туралы» Заңның
ағымдағы нұсқасы Үкіметке барлық ОПИ өздерінің қаржылық есеп-қисаптарын тапсыруға
міндетті депозитарий құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі сəтте шамамен 27 КСБУ бар, олардың басым бөлігі тиісті КСБУ əзірлеу күніне
болған ХҚЕС эквивалентіне негізделген. Сонымен қатар, кейбір КСБУ үшін ХҚЕС
эквиваленті жоқ, ал ХҚЕС үшін ескерілген кейбір салалар КСБУ үшін ескерілмеген.
Шағын бизнестің кəсіпорындары негізіне салықтық талаптар алынған
оңайлатылған ережелерді сақтауға міндетті
.
2006 жылдың мамырында күшіне кірген «Аудиторлық қызмет туралы» Заңға елеулі
өзгертулер енгізілді. Жаңа Заң бойынша, 2006 жылдың қарашасынан бастап, аудиторлық
тексерістер, егер олар ұлттық заңнамаға қайшы келмесе, Халықаралық аудит
стандарттарына (ХАС) сəйкес жүргізілуге тиіс. ХАС МФБ жанындағы Халықаралық
аудиторлық практика комитетінің олардың Қазақстанда ресми аудармасына рұқсатын
алған ұйыммен мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
Бұрынғы «Аудиторлық қызмет туралы» Заң Қазақстанда құрамында көптеген толық (жəне
бүгін қолданыстағы) ХАС жоқ Қазақстандық аудит стандарттарын (КСА) қолдануды талап
етті. Бұрын қабылданған режим кезінде аудиторлар көбіне қандай стандарттарды: сол
сəтке қарай Қаржы министрлігі бекіткен 11 КСА, Қазақстан АП шығарған 48 стандартты
КСА бүкіл жинағын немесе қолда бар барлық ХАС қолдану керектігін түсіне алмайтын.
Жергілікті аудиторлардың көпшілігі ХАС ағымдағы толық нұсқасымен таныс боып
шықпауының жəне жақын алдағы болашақта жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заңның
қағидаларын тиісті түрде қолдануда айтарлықтай қиыншылықтарға ұшырауының
тəуекелдігі бар.
Бухгалтер мен аудитор кəсіптері
Қазақстанда бухгалтер мен аудитор кəсіптеріне бірқатар кемістіктер тəн, бұл білікті
кəсіпқой кадрлардың ұдайы тапшылығына əкеліп соғады. Ол кемістіктер оқу дəрістерінің
(яғни, университетте жəне аспирантурада), кəсіби дайындау жəне біліктілікті көтеру (ПК)
курсын жүргізуге жарамды дайындығы бар оқытушылардың жеткіліксізігіне байланысты.
Жағдаят практикалық тəжірибеге қатысты талаптардың халықаралық стандарттарға сəйкес
келмейтінінен жəне онша қатаң сақталмайтынынан қиындайды. Сонымен қатар, ПК жəне
басқа кəсіби дайындық курстары жеткіліксіз.
Кəсіптік бірлестіктердің өздерінің мүшелеріне қатысты кəсіби қызмет сапасын бақылауды
міндетті түрде жүргізуін талап ететін жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заңмен маңызды
қадамдар енгізілуде. Барлық аудиторлар бір мезгілде тек бір кəсіптік бірлестіктің мүшелері
болып табылуға тиіс. Кəсіби аудиторлық қызметтің сапасын бақылау үш жылда бір мəрте
жүргізіліп отыруға тиіс. Сапаны тексеру рəсімдерін кəсіптік бірлестіктер белгілеуге тиіс.
Аудитордың бақылау рəсімінен өтуге жарамсыздығы аудиторлық лицензияны уақытша
қайтып алуға əкеліп соғады. Алайда заңның құрамында кəсіби аудиторлық қызметтің
сапасына жүргізілген тексерістердің нəтижелеріне көпшіліктік сипат беру мүмкіндігі
туралы қағида жоқ. «Аудиторлық қызмет туралы» Заң, болашақта аудиторлардың
қызметін бақылауды жүзеге асыратын осындай бірнеше ұйымның болуы мүмкін екенін
ескере отырып, “кəсіби бірлестіктердің” міндеттеріне сілтейді.
Қазақстан – РОСК «Бухгалтерлік есеп жəне аудит»
Резюме – стр iv
.