Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есептеме



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет5/24
Дата27.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#27404
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

маңызға  ие,  бұл  жарияланатын  қаржылық  ақпаратқа  сенімді  арттырады  жəне 

акционерлердің,  инвесторлардың,  несиегерлер  мен  басқа  мүдделі  тараптардың 

мүдделерін  қорғауға  кепілдік  береді.  Сапаны  сырттан  бақылау  жүйесінің  көмегімен 

алынған  нəтижелер  біліктілікті  көтеру  бағдарламасының  жəне/немесе  тəртіптік 

жауапкершілікті  қамтамасыз  ету  жүйесінің  (жағдайға  қарай)  шеңберінде 

пайдаланылуға  тиіс.  Аудиторлар  палатасының  сапаны  бақылауды  қамтамасыз  ету 

жүйесін табысты іске асыруы Қазақстанда аудиторлық қызметтердің жоғары сапасына 

жету үшін негізгі маңызға ие.  

y  Аудитор  растаған  қаржылық  есеп-қисаптар  жалпыға  қол  жетерлік  болуға  тиіс 

(орта мерзімді перспективада): Қаржылық есеп-қисаптардың бүкіл жинағына, соның 

ішінде  оларға  ескерімдерге  жаппай  қол  жетерлікке  талаптың  бірнеше  себепке 

байланысты  үлкен  маңызы  бар.  Біріншіден,  қаржылық  есеп-қисаптардың  жаппай  қол 

жетерлігі  үшінші  тұлғалардың  (соның  ішінде  несиегерлердің,  жеткізушілердің, 

жұмыскерлердің  жəне  т.б.)  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  етеді,  өйткені  бұл 

кəсіпорындар  мен  үшінші  тұлғалардың  арасында  ақпарат  бөлудегі  теңсіздікті 

қысқартады.  Екіншіден,  бұл  қоғамды  ықтимал  негативті  экономикалық  салдардан 

қорғауға  көмектеседі;  ол  мысалы,  экономикалық  маңызды  компаниялар  жағдайында, 

егер олардың қызметі жəне/немесе жабылуы жергілікті экономикаға елеулі негативтік 

əсерін  тигізуі  мүмкін  болса,  маңызды  бола  алады.  Ең  соңында,  бұл  қаражаттарды 

кəсіпорындардың  өздерінің  ішінде  де,  экономика  масштабында  да  анағұрлым  тиімді 

бөлуге  жəрдемдеседі,  өйткені  кəсіпорындардың  жетекшілері  мен  инвесторлар  қандай 

инвестициялық 

мүмкіншіліктер 

мен 

іскерлік 



операциялардың 

жақсы, 


ал 

қандайларының  нашар  екенін  жақсырақ  түсіне  алады. «Бухгалтерлік  есеп  туралы» 

Заңға  ұсынылған  түзетулермен  көзделген  ОПИ  үшін  өздерінің  қаржылық  есеп-

қисаптарын  қоғамдық  депозитарийге  табыстау  туралы  талап  қаржылық  есеп-

қисаптардың жұртшылық үшін қол жеткізу деңгейін көтереді. 

y  Салық кодексі құрған бөгеттерді жою мақсатында «салықтық көпір» құру қажет 



(қысқа  мерзімді  жəне  орта  мерзімді  перспективада):  Қазақстанға  «салықтар  есеп-

қисаптан  соң»  принципінің  қандай  дəрежеде  стратегиялық  жарамды  мақсат    болып 

табылатыны  (егер  ол  жалпы  жарамды  болса)  туралы  мəселені  қарастыру  қажет. 

Артықшылықтардың  қатарына  қаржылық  есеп-қисаптың  нақтылығы  жəне  дəйектілігі 

(біздің ойымызша, зықысы шыққан «көлегейсіздік» терминінің мəнін ашатын), сондай-

ақ  талаптарды  сақтауға  байланысты  ауыртпалықтың  қысқаруы  (яғни,  кəсіпорындар 

қаржылық  есеп-қисап  жəне  салық  салу  мақсаттары  үшін  есептемелердің  жекелеген 

жиынтықталымдарын  жасауға  тиіс  болмайтыны)  жатады.  Алайда,  тəжірибе 

көрсеткендей,  ондай  факторларға  бұлжымас  қағида  ретінде  қарап,  оларды  толымды 

деп  санау  қаупі  үлкен.  Олар  адамдардан  бухгалтерлік  есеп  жүйесінің  де,  салық  салу 

жүйесінің де өзіндік басымдықтары мен негіз қалаушы принциптері бар болу фактісін 

жəне  басымдықтар  мен  принциптердің  осы  екі  тобының  арасындағы  қатынастардың 

əрқашан  тегіс  болмауы  мүмкін  екендігін  көлегейлеуі  мүмкін.  Стратегиялық  мақсат 

айқындалғаннан  кейін,  билік  орындарына  салық  төлеушілердің  біразы  салық 

салынатын  табысты  есептеу  кезінде  негіз  ретінде  ХҚЕС,  ал  басқалары – КСБУ 

қолданатын жағдайларда туындауы мүмкін əлуеттегі проблемаларды жоятын салықтық 

салыстырып  тексеру  рəсімін  əзірлеуге  тура  келетін  сияқты.  Ондай  рəсім  салық 

органдарының  негіз  ретінде  қандай  стандарттардың – ХҚЕС  немесе  КСБУ – 

қолданылғанынан тəуелсіз, бухгалтерлік кітаптар мен салықтарды салыстырып тексеру 

нəтижесінде  бірдей  салық  салынатын  табыс  шығуын  қалай  қадағалап  отыруға  тиіс 

болатынын айқындайды.  

  Қазақстан  – РОСК «Бухгалтерлік есеп жəне аудит» 

Резюме – стр ix.  

 



  Қазақстан  – РОСК «Бухгалтерлік есеп жəне аудит» 

Резюме – стр x.  

 

y  ХАС  үшін  аудит  жүргізу  бойынша  анықтамалық,  стандартты  аудит  əдістемесін 



жəне  нұсқаулық  əзірлеу  қажет  (орта  мерзімді  перспективада):  Егер  АП  жоғарыда 

аталған  қызметтерді  көрсете  алса,  бұл  аудитор  кəсібінің  жалпы  əлуеті  мен  əсіресе 

жергілікті аудиторлық фирмалардың əлуетін нығайтуға жəрдемдеседі. Бұл өз кезегінде 

аудит  секторында  дені  сау  бəсекелестікті  дамытуға  жəрдемдесетін  болады,  ол  болса, 

Қазақстанның экономикасына оң əсерін тигізеді. 

y  Қадағалау  органдарының  əлуетін  нығайту  мақсатында  сынақ  өтілдері  жəне 



твиннинг бағдарламасын ұйымдастыру керек (қысқа мерзімді жəне орта мерзімді 

перспективада):  Қадағалау  органдары  (АФН,  НБК,  Қаржы  министрлігі  жəне  т.б.) 

өздерінің  негізгі  мамандарын  олар  «өндірістен  қол  үзбей»  тиісті  салалардағы 

мониторинг жəне қадағалау бойынша үздік халықаралық практиканы, сондай-ақ ХҚЕС 

жұмыс  істеу  практикасын  игеруі  үшін  басқа  елдердің  баламалы  мекемелеріне  сынақ 

өтіліне  жолдап  отыруға  тиіс.  Сонымен  қатар,  қадағалау  органдары  Қазақстанға  басқа 

елдердің  баламалы  реттеуші  органдарының  АФН,  НБК,  КАФБ  жəне  т.б.  жеке 

қызметкерлерімен  жұмыс  істей  алатын  тəжірибелі  қызметкерлерін  тарту  үшін, 

қызметкерлермен алмасу бойынша келісімдер жасасуға тиіс. 

 

 



жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау