Осы баяндаманы Бүкіл дүниежүзілік банктің мамандарының тобы Қазақстанда 2005 жылдың қараша айында
өткізілген диагностикалық зерттеудің нəтижелерін ескере отырып, дайындаған. Топтың жұмысына Фредерик
Жилен (ECSPS) жетекшілік етті, ал оның құрамына кіргендер Дэвид Кейрнз (Лондон экономика мектебінен
шақырылған профессор), Ишан Деликанли (Түркия Банк қызметін реттеу жəне қадағалау жөніндегі агенттігі),
Герт Карреман (философия докторы, бұрын білім беру мəселелері жөніндегі Директор, КГИБ, Нидерланд),
Алия Ким (ECSPS), Галина Кузнецова (ECSPS) жəне Йан Ричи (Пейсли университетінің Халықаралық
корпоративтік басқару жəне бухгалтерлік есеп орталығының Директоры, Ұлыбритания) болды. Зерттеу түрлі
мүдделі тараптардың қызу қатысуымен қазақстандық билік орындарының басшылығымен жүргізілді.
СТАНДАРТТАР МЕН КОДЕКСТЕРДІ САҚТАУ ТУРАЛЫ ЕСЕПТЕМЕ
(РОСК)
Қазақстан Республикасы
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖƏНЕ АУДИТ
2007 жыл мамыр
Мазмұны
Түйіндеме
I.
Кіріспе
II.
Институционалдық негіздер
III.
Бухгалтерлік есеп стандарттары: теория жəне практика
IV.
Аудит стандарттары: теория жəне практика
V.
Қаржылық есеп-қисаптың сапасын түсіну
VI.
Əдістемелік ұсыныстамалар
Түйіндеме
Осы есептемеде Қазақстанның жалпы жəне қаржылық секторының компаниялары үшін
жүргізілген бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп-қисап жəне аудит талаптары мен
практикасын бағалау ұсынылған. Қаржылық есеп-қисап үшін бағалау жəне əдістемелік
ұсыныстамалар əзірлеу үшін база ретінде Халықаралық қаржылық есеп-қисап
стандарттары (ХҚЕС) жəне Халықаралық аудит стандарттары (ХАС) қолданылады,
сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен аудитты реттеудің, соның ішінде Еуропалық одаққа (ЕО)
мүше елдердегі халықаралық тəжірибесі жəне түзу ниетті практикасы ескеріледі.
Əдістемелік ұсыныстамалардың мақсаты Қазақстанның Үкіметіне елдің əлемдік
экономикаға интеграциясын, соның ішінде корпоративтік секторда қабылданған
бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп-қисап жəне аудит практикасын нығайту арқылы қолдау
бойынша көмек көрсету болып табылады. Қазақстан Президенті өзінің 2006 жылғы 1-ші
наурыздағы халыққа жолдауында Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға интеграция
арқылы əлемнің неғұрлым бəсекелестікке жарамды экономикалы 50 елінің қатарына
қосылуын елді экономикалық дамытудың ең маңызды міндеттерінің бірі деп жариялады.
Сондай дамытудың жəне бəсекелестікке жарамдылықтың негізгі компоненті қазақстандық
компанияларда шетелдік серіктестерде сенім туғызатын жəне олар үшін түсінікті болатын
жоғары сапалы қаржылық ақпараттың болуын жəне қол жетерлігін қамтамасыз ету болып
табылады; ондай ақпаратты дайындау жəне тексеру халықаралық стандарттарға
сəйкестікте жүзеге асырылатын болады.
Қазақстанда 15,2 млн адам тұрады, ал жан басына жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 2006 жылда
5 100 АҚШ долларын құрады. 2000 жылдан бері ЖІӨ нақты өсімі орта есеппен жылына 9
пайызды құрайды, ол көп жағынан мұнай өнеркəсібіне шетелдік инвестициялардың
арқасында орын алып отыр. Қазақстанға расында төте шетелдік инвестицияларды (ТШИ)
табысты тартудың сəті түсті, олардың жалпы көлемі 2004 жылдың соңына қарай 21,8 млрд
40942
Public Disclosure Authorized
Public Disclosure Authorized
Public Disclosure Authorized
Public Disclosure Authorized
Public Disclosure Authorized
Public Disclosure Authorized
Public Disclosure Authorized
Public Disclosure Authorized
АҚШ долларын құрады, бұл Тəуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) үшін рекорд болып
табылады. Алайда Қазақстанда қоржындық инвестициялар бұрынғысынша шамалы, оның
үстіне сырттай қоржындық инвестициялардың жалпы ағынының басым бөлігі
қазақстандық еурооблигациялардың еншісінде.
Жекеше коммерциялық банктер басым келетін қаржылық сектор Қазақстандағы неғұрлым
динамикалы даму үстіндегі секторлардың бірі болып табылады. Алайда, жекеше секторды
несиелендіру көлемі 2004 жылы 13 млрд АҚШ долларына (ЖІӨ 33 пайызына дерлік) дейін
жеткеніне қарамастан, несиелік тəуекелдіктерді талдау бұрынғысынша шамалы дамыған,
ал олардың қамтамасыздығына несиелер берілетін жобалардың қоржындарын бағалау
мүдделі тұлғалармен жəне ақтық бенефициарлармен жағдаяттың көлегейсіздігінің
жеткілісіздігінің салдарынан қиындаған.
Банктік емес қаржылық сектор бұрынғысынша шектеулі, бірақ өсіп келе жатқан рөл
атқаруда. Қазақстан дербес шоттар ашылатын жекеше зейнетақылық қамсыздандырудың
міндетті сұлбасын енгізді. Соның нəтижесінде 2004 жылы елде жалпы есеппен 3,7 млрд
АҚШ долларына жуық немесе ЖІӨ 8,7 пайызын құраған активтерді басқаратын 16
тіркелген зейнетақылық қор болды. Сақтандыру секторы əлі де болса, шамалы, ал
сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне ЖІӨ 0,7 пайызына жуық тиеді. Жинақтаушы
зейнетақы қорларының активтерінің тұрақты өсуі қазақстандық корпоративтік
облигациялар нарығының дамуына оң ықпал етті. Қор нарығы əзірше біршама шағын,
бірақ жылдам өсіп келеді. Қазақстан қор биржасында (КАФБ) ресми баға белгіленетін
бағалы қағаздар нарығын жалпы капиталдандыру 2004 жылда 9,2 млрд АҚШ долларына
дейін жетті, яғни, 2003 жылмен салыстырғанда 68 пайыздан астамға ұлғайды.
Қазақстан əуел бастан (1995 жылдан бері) Халықаралық қаржылық есеп-қисап
стандарттарының базасында Ұлттық бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-қисап
стандарттарын əзірлеуге бет алып, бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-қисап
стандарттарын іске енгізу туралы жариялаған ТМД елдерінде алғашқылардың бірі болды,
ол стандарттардың алғашқылары 1996 жылы қабылданды. 2002 жылы стандарттар
əзірлеумен шұғылданатын орган ХҚЕС толық көлемде белгілі бір ұйымдармен белгіленген
мерзімдерде қабылдауды ұйғарып, алға батыл қадам жасады. Сонымен қатар Қазақстан
ТМД елдерінде біріншілердің бірі болып, аудит стандарттары ұғымын енгізген аудиторлық
қызмет туралы заңды қабылдады. Нəтижесінде Қазақстан басқа ТМД елдерінің
көпшілігінен анағұрлым жаңа бухгалтерлік есепке жəне аудитқа ие. Алайда, осы
есептемеде көрсетілгендей, Қазақстан егер бухгалтерлік жəне аудиторлық практиканың
сапасын экономикасы дамыған елдердің деңгейіне дейін көтергенді қаласа, оған əлі көп іс
тындыру керек болады.
Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жəне аудит реформасы
Жалпы алғанда Қазақстанда бухгалтерлік есеп 1995 жылғы «Бухгалтерлік есеп жəне
қаржылық есеп-қисап туралы» Заңның (2004 жылғы соңғы оқылымдағы «Бухгалтерлік
есеп туралы» Заң) қағидаларымен реттеліп келді. «Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-
қисап туралы» Заңмен халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттарына сəйкес
қаржылық есеп-қисап жасау қаржылық ұйымдар үшін – 2003 жылғы 1-ші қаңтардан
бастап, акционерлік қоғамдар үшін – 2005 жылғы 1-ші қаңтардан бастап жəне өзге
ұйымдар үшін – 2006 жылғы 1-ші қаңтардан бастап белгіленген (мемлекеттік
мекемелерден басқа). ХҚЕС көшуге белгіленген мерзімдерге дейін ұйымдар қаржылық
есеп-қисап жасауды уəкілетті мемлекеттік орган бекіткен қазақстандық бухгалтерлік есеп
стандарттарына (КСБУ) сəйкес жүзеге асырып келді. Алайда, «Бухгалтерлік есеп туралы»
Қазақстан – РОСК «Бухгалтерлік есеп жəне аудит»
Резюме – стр ii.