Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есептеме



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет8/24
Дата27.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#27404
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

 

Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита 

стр. 2 

 

 

 

6. 



1995  жылдан  соң  банктік  сектордың  сапасы  жоғарылай  бастады.  Бұл  секторда  банктерді 

біріктірудің  қызу  процессі  байқалды: 1995 жылы  жұмыс  істеген 130 банктің  орнына 2005 жылдың 

маусымында  тек 36 банк  қалды. 2004 жылы  жекеше  секторды  несиелендіру  көлемі 13 млрд  АҚШ 

долларына  немесе  ЖІӨ 33 пайызына  дерлік  жетті.  Несиелік  тəуекелдіктерді  талдаудың  жеткіліксіз 

дамыған  деңгейіне,  сондай-ақ  олардың  қамтамасыздығына  несиелер  берілетін  жобалардың 

қоржындарын  бағалау  мүдделі  тұлғалармен  жəне  ақтық  экономикалық  бенефициарлармен 

жағдаяттың көлегейсіздігінің жеткілісіздігінің себебінен болатын қиындықтарға байланысты банктік 

несиелік қоржындардың сапасының төмендеуі белгілі бір мазасыздық туғызады. Бұл əсіресе мүдделі 

тұлғалар туралы ақпаратты ашуға қатысты бухгалтерлік есеп пактикасын жетілдіруді қажет етеді. 

 

7. 



Банктік емес қаржылық сектор бұрынғысынша шектеулі, бірақ өсіп келе жатқан рөл атқаруда. 

Қазақстан, зейнетақылық қамсыздандыру ауыртпалығын мемлекеттің иығынан тікелей азаматтардың 

иығына  аудару  үшін,  жекеше  зейнетақылық  қамсыздандырудың  міндетті  сұлбасын  енгізді. 2004 

жылдың соңына қарай ахуалы бойынша, елде жалпы есеппен 3,7 млрд АҚШ долларына жуық немесе 

ЖІӨ 8,7 пайызын  құраған  активтерді  басқаратын 16 тіркелген  зейнетақылық  қор  болды. 36 

сақтандыру  компаниясы  қызметін  жүзеге  асыратын  сақтандыру  нарығы  əлі  де  болса,  шамалы,  ал 

сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне ЖІӨ 0,7 пайызына жуық тиеді.  

 

8. 



Жинақтаушы  зейнетақы  қорларының  активтерінің  тұрақты  өсуі  қазақстандық  корпоративтік 

облигациялар нарығының дамуына оң ықпал етті. Қор нарығы əзірше біршама шағын, бірақ жылдам 

өсіп  келеді.  Қазақстан  қор  биржасында  (КАФБ)  ресми  баға  белгіленетін  компаниялар  екі  санатқа 

бөлінеді.  А  санатына  бағалы  қағаздармен  қызу  сауда  алдын  ала  белгіленген  деңгейден  асатын  жəне 

олар  бойынша  тұрақты  баға  белгіленімдері  жарияланып  отыратын  кəсіпорындар  жатады.  В  санаты 

тұрақтылығы  одан  кем  трейдингіні  көздейді,  онда  шекті  көлемдер  алдын  ала  ескерілмейді,  ал  беға 

белгіленімдері  тек  мезгіл-мезгіл  тағайындалады.  Қазіргі  сəтте  биржада  жалпы  есеппен  алғанда, 79 

кəсіпорынға  баға  белгіленеді  (А  санатының 47 кəсіпорыны  жəне  В  санатының 32 кəсіпорыны. 2004 

жылдың ішінде 17 акциялар эмиссиясы (А санатының 11 эмиссиясы жəне В санатының 6 эмиссиясы) 

жəне 35 облигациялық  қарыз  (А  санатының 32 қарызы  жəне  В  санатының 3 қарызы)  болды.  КАФБ 

ресми баға белгіленетін бағалы қағаздар нарығын жалпы капиталдандыру 2004 жылда 9,2 млрд АҚШ 

долларына дейін жетті, яғни, 2003 жылмен салыстырғанда 68 пайыздан астамға ұлғайды.  

 

9. 


Қазақстан  əуел  бастан (1995 жылдан  бері)  Халықаралық  қаржылық  есеп-қисап 

стандарттарының  базасында  Ұлттық  бухгалтерлік  есеп  жəне  қаржылық  есеп-қисап  стандарттарын 

əзірлеуге  бет  алып,  бухгалтерлік  есеп  жəне  қаржылық  есеп-қисап  стандарттарын  іске  енгізу  туралы 

жариялаған ТМД елдерінде алғашқылардың бірі болды, ол стандарттардың алғашқылары 1996 жылы 

қабылданды. Сонымен қатар Қазақстан ТМД елдерінде біріншілердің бірі болып, аудит стандарттары 

ұғымын  енгізген  аудиторлық  қызмет  туралы  заңды  қабылдады.  Нəтижесінде  Қазақстан  басқа  ТМД 

елдерінің көпшілігінен анағұрлым жаңа бухгалтерлік есепке жəне аудитқа ие. Алайда, осы есептемеде 

көрсетілгендей,  Қазақстан  егер  бухгалтерлік  жəне  аудиторлық  практиканың  сапасын  экономикасы 

дамыған елдердің деңгейіне дейін көтергенді қаласа, оған əлі көп іс тындыру керек болады. 

 

10. 



Осы  есептеме  ең  алдымен  одан  əріде  реформалар  жүргізудің  пайдасына  басты  уəж  болып 

табылатынға,  яғни,  жорамалдағы  реформалардың  Қазақстан  мен  оның  азаматтары  үшін  пайдасына 

арналған.  Осыған  байланысты,  осы  есептемеде  заңды  тұлғалардың  қаржылық  есеп-қисап  сапасын 

көтеруге жəне жекеше, сондай-ақ қаржылық секторлардың орнықты өсуіне жəрдемдесіп, сонысымен 

халықаралық  қаржы  нарықтарына  жəне  нарық  экономикасының  басқа  құралдарына  қол  жеткізу 

мүмкіндігін  кеңейтетін  қаржылық  есеп-қисап  негіздерін  құруға  бағытталған  жалпы  сипаттағы 

ұсыныстамалар беріледі. 



 

Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита 

стр. 3 

 

 

 

II. 



ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ НЕГІЗДЕР 

 

A. 

Заңнамалық негіздер

4

 

11. 



Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексіне  сəйкес,  коммерциялық  кəсіпорын 

төрт  ұйымдастырушылық-құқықтық  нысандардың  тек  біреуінде  ғана  құрыла  алады.  Олар 

мемлекеттік  кəсіпорын  (МК),  шаруашылық  серіктестік,  акционерлік  қоғам  немесе  өндірістік 

кооператив.  Осы  баяндама  шығарылған  сəтке  қарай  елде  шамамен 5 400 МК, 125 000 шаруашылық, 

2 700 акционерлік қоғам жəне 4 000 өндірістік кооператив болды.

5

 

 



12. 

Жалпы алғанда Қазақстанда бухгалтерлік есеп «Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-қисап 

туралы» Заңның қағидаларымен реттеліп келді. Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-қисап жүйесін 

одан  əрі  жетілдіру  мақсатында,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 2007 жылғы 28-ші  ақпанда 

«Бухгалтерлік  есеп  жəне  қаржылық  есеп-қисап  туралы»  Заңның  жаңа  оқылымына  қол  қойды,  ол 

бойынша,  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасына  сəйкес  бір  дүркіндік  талонның  немесе 

патенттің негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кəсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуді 

жəне  қаржылық  есеп-қисап  жасауды  жүзеге  асыруға  құқысыз.  Шағын  жəне  орта  кəсіпкерлік 

субъектілерінің  басқа  санаттары  үшін  қаржылық  есеп-қисап  жасауды  ХҚЕС  негізінде  əзірленетін 

ұлттық қаржылық есеп-қисап стандарттары бойынша жүзеге  асыру көзделген. Бұл орайда неғұрлым 

оңайлатынлған  ұлттық  қаржылық  есеп-қисап  стандарты  шағын  кəсіпкерлік  субъектілері  мен  ауыл 

шаруашылығы  өнімдерін  өндіруші  заңды  тұлғалар  үшін,  сондай-ақ  оңайлатылған  мағлұмдаманың 

негізінде əзірленетін болады.  

 

Сонымен  қатар,  ҚР  «Бухгалтерлік  есеп  жəне  қаржылық  есеп-қисап  туралы»  Заңымен  шағын 



жəне орта кəсіпкерлік субъектілері үшін ХҚЕС қолдануды ерікті таңдауға тыйым салынбаған. 

 

13. 



Ірі  кəсіпкерлік  субъектілері  мен  көпшіліктік  мүдделі  ұйымдар  қаржылық  есеп-қисапты 

халықаралық  қаржылық  есеп-қисап  стандарттарына  сəйкес  жасауға  міндетті.  Көпшіліктік  мүдделі 

ұйымдарға қаржылық ұйымдар, акционерлік қоғамдар (коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда), 

жер  қойнауын  пайдаланушы  ұйымдар  (кең  таралған  пайдалы  қазбалар  өндіруші  ұйымдардан  басқа) 

жəне  жарғылық  капиталдарында  мемлекеттің  қатысу  үлесі  бар  ұйымдар,  сондай-ақ  шаруашылық 

жүргізу  құқығында  құрылған  мемлекеттік  кəсіпорындар  жатады. Мұндай тəсілдеме ХҚЕС  олар  үшін 

əзірленбеген  немесе  оларға  арналмаған  ұйымдарда  ХҚЕС  қолдану  проблемасын  шешуге  мүмкіндік 

береді. 


 

14. 


Төменде  берілген  кестеде  қандай  қаржылық  есеп-қисаптардың  жалпыға  қол  жетерлік  болуға 

тиіс екендігіне қатысты құқықтық талаптар жалпыланады: 



Ұйымның типі 

Баланс 

Табыстар 

мен 

шығасыл

ар туралы 

есептеме 

Ақша 

қозғалыс

ы туралы 

есептеме 

Меншік 

капиталдағ

ы өзгерістер 

туралы 

есептеме 

Ескер

імдер 

Аудит

орлық 

қорыт

ынды 

Баяндаманың 

тармағы 

Акционерлік 

қоғамдар 

Иə 


Иə 

Иə 


Иə 

Жоқ 


Жоқ 

15

А санатының 



листингілік 

компаниялары  

Иə 

Иə 


Иə 

Иə 


Иə 

Иə 


16

                                                           

4

  

Осы  баяндамада  бухгалтерлік  есепке,  аудитқа  жəне  қаржылық  есеп-қисапқа  қолданылатын  құқықтық 



принциптер қысқаша сипатталған жəне ондай сипаттама тек осы мəселелерге кіріспе ғана болып табылады. 

Осы баяндама заңнаманы толық түсіндіруге ұмтылмайды, ал оның оқырмандары оны құқықтық мəселелер 

бойынша кеңес ретінде қабылдамауға тиіс.

5

  



Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.  


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау