y Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін формулалық негізде
айқындауға беталыс байқалады, бұл аграрлық секторға ресурстарды бұрыс бөлуге
əкеліп соғуы мүмкін.
Стандарттарды сақтауда (ХҚЕС жəне КСБУ сақтауда) олқылықтарды талдау
РОСК дайындаған топ стандарттарды сақтаудағы олқылықтарға талдау жүргізді, ол
кəсіпорындардың көпшілігі жасайтын қаржылық есеп-қисаптардың сапасы заңнамалық
базадан көрініс тапқан есеп-қисапқа талаптармен белгіленген деңгейден анағұрлым төмен
екенін көрсетті.
ХҚЕС сəйкес жасалған, аудиторлар растамаған қаржылық есеп-қисаптар əдетте ХҚЕС
сəйкес болып отырды, алайда бірқатар елеулі алшақтықтар анықталды, РОСК дайындаған
топ олардың негізінде есептемелерді жасаушылардың, аудиторлардың мүмкіндіктеріне
күмəндана бастады. Реттеуші органдардың мүмкіншіліктері қаржылық есеп-қисапты
ХҚЕС сəйкес жасау процессінің сақталуын бақылауға мүмкіндік бермейді.
КСБУ сəйкес жасалатын қаржылық есеп-қисаптардың сапасы əдетте өте төмен болды ж»не
РОСК дайындаған топ осы стандарттарды сақтамауға байланысты көптеген
проблемаларды атажы. Ол проблемалардың елеулі болғаны сонша, көптеген жағдайларда
сондай қаржылық есеп-қисаптарды пайдаланушылар олардың негізінде уəжді шешім
қабылдай алмады, тіпті одан сорақысы, шешім қабылдау кезінде қателік жіберуі мүмкін
еді. Жалпы алғанда, оның себебі есептеме жасаушыларды, аудиторлар мен реттеуші
органдардың қызметкерлерінде КСБУ сақтау жəне орындалуын қамтамасыз ету үшін
əлуеті жеткіліксіз болуына байланысты.
Аудит стандарттарын жəне олардың сақталуындағы олқылықтарды талдау
Жоғарыда аталғандай, жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заң 2006 жылдың қарашасынан
бастап ХАС қолдануды талап етеді, ал ол уақытқа дейін КСА қолданыста болады. КСА екі
негізгі себепке байланысты, ХАС қарағанда едəуір артта: КСА негізіне ескірген ХАС
нұсқалары алынған жəне КСА толық сипатта емес, өйткені ХАС құрамына кіретін 30
стандарттан астамның тек он бір стандарты бекітілген. КСА жəне ХАС арасындағы
айырмашылықтар КСА сəйкес жүргізілген аудиторлық тексеріс ХАС сəйкес жүргізілген
тексеріске қарағанда, ақпараттың сенімділігін анағұрлым аз ықтималдықпен растайтындай
дəрежеде.
Соның нəтижесінде міндетті аудиторлық тексерістердің сапасы, РОСК дайындаған топтың
пікірі бойынша, өте біркелкі болмаған. Халықаралық аудиторлық желілеріндің құрамына
кіретін жергілікті фирмалар ХҚЕС сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық
тексерістер жүргізген уақытта, олар КСБУ сəйкес жасалған қаржылық есеп-қисапқа
аудиторлық тексерістер жүргізуге қарағанда анағұрлым мұқият аудит рəсімдерін
пайдаланатын жəне анағұрлым тəжірибелі қызметкерлерді бөлетін секілді. Сол секілді,
ХҚЕС сəйкес жасалған жəне қарыз қаражаттарын тартатын немесе шетелде акциялар
шығаратын компаниялар дайындағын қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық тексерістер
əдетте анағұрлым жоғары сапасымен өзгешеленеді.
Кейбір жергілікті аудиторлық фирмалардың халықаралық стандарттарға сəйкес жұмыс
істеуге
айтарлық
күш
салатынына
қарамастан,
олар
жасаған
аудиторлық
қорытындылардың көпшілігінің нашар болғаны соншалық, аудиторлар растаған сондай
қаржылық есеп-қисаптарды пайдаланушылар аудиторлық фирма орындаған жұмыс туралы
Қазақстан – РОСК «Бухгалтерлік есеп жəне аудит»
Резюме – стр vii
.
қандай да бір тұжырымға келе алмады. Сонымен қатар, жергілікті аудиторлық фирмалар
жасаған кейбір аудиторлық қорытындылар Этика кодексін, соның ішінде тəуелсіздік
принципін сақтау тұрғысынан елеулі қауіп туғызды. Сондай-ақ жергілікті аудиторлық
фирмалардың басым көпшілігі өздері қайта қаралған жəне жаңартылған «Аудиторлық
қызмет туралы» Заңға сəйкес пайдалануға тиіс болатын қолданыстағы толық ХАС
нұсқасымен таныс болау фактісі де көп маасыздық туғызады.
Негізгі ұсыныстамалар
Осы баяндаманың VI Бөлімінде баяндалған барлық əдістемелік ұсыныстамалардың
маңызы үлкен болса да, РОСК дайындаған топ оның пікірі бойынша, қаржылық жүйенің
орнықтылығын, экономикалық өсуді (соның ішінде инвестициялық капитал тартуды) жəне
жемқорлықпен күресті қамтамасыз ету үшін өте маңызды болуы себепті, «негізгі табыс
факторлары» болып табылатын бірқатар ұсыныстамаларды бөліп шығарды. Төменде
қарастырылатын жəне қисындық тізбектестікте 1-ші суретте көрсетілген осы өте маңызды
ұсыныстамалар бухгалтерлік есеп жəне аудит инфрақұрылымының алты ірі компонентіне
жатады, олардың əрқайсысы бухгалтерлік есеп пен аудитты жүзеге асыру мəдениетін жəне
жалпы шарттарын қалыптастыруда көрнекті рөл атқарады:
y Көпшіліктіктік мүдделі ұйымдар ХҚЕС көшуге тиіс (қысқа мерзімді
перспективада): ХҚЕС халықаралық деңгейде мойындалған жəне қаржылық
ақпараттың сенімділігі мен салғастырымдылығын көтеруге көмектесетін кешенді
жоғары сапалы қаржылық есеп-қисаптың негізі болып табылады. Өздерінің экономика
мен қоғам үшін маңызына байланысты, көпшіліктк мүдделі ұйымдар қаржылық есеп-
қисаптарын ХҚЕС сəйкес жасауға тиіс. Ондай ұйымдарды айқындау үшін үш өлшемді
қолдануға болады: (a) биржада бағалы қағаздарға баға белгілеу; (b) бизнестің сипаты
(мысалы, банктер жəне сақтандыру компаниялары); (c) бизнестің көлемдері (белгілі бір
шекті деңгейден асатын баланс валютасы; жылдық айналым көлемі немесе
жұмыскерлер саны). Бұл 2007 жылғы жаңа «Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-
қисап туралы» Заңнда көрініс тапқан.
y Аудиторлық тексерістер тек олар қоғамдық мүддені білдіретін жəне ол үшін
мүмкіндіктер болған (қысқа мерзімді перспективада) жағдайда міндетті болуға
тиіс: Аудиторлық тексерістер заңнаманың негізінде міндетті тəртіпте жүргізілетін
ұйымдардың саны қолда бар білікті аудиторлардың санымен шамалас болуға тиіс.
Экономикалық саясатты əзірлеушілер аудиттың заңнамалық белгіленген талаптарын,
олар Қазақстандық аудиторлардың мүмкіншіліктерінен асып кетпейтіндей, біртіндеп
енгізуге тиіс.
y Қоғамның бақылауында болатын кəсіби аудиторлық қызметтің сапасын сырттан
бақылау жəне кəсіби аудиторлардың тəртіптік жауапкершілігін қамтамасыз ету
жүйелерін құру жəне іске асыру қажет (орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді
перспективада): «Аудиторлық қызмет туралы» Заңға енгізілген түзетулер кəсіби
аудиторлық қызметтің сапасын бақылау рəсімдерін енгізуді талап етеді, бірақ ол
сұлбаларды қоғамдық қадағалау енгізуді қамтамасыз етпейді. Кəсіби аудиторлық
қызмет шын мəнінде қоғамның мүдделеріне жауап беру үшін, негізінен аудиторлық
практикамен айналыспайтындардан тұратын АП қызметін қоғамдық қадағалау жүйесін
құру қажет. Ондай қадағалау органы сондай-ақ төмендегі функцияларды атқара алар
еді: (a) кəсіби аудиторлық қызметтің сапасын бақылау жүйесі мəні бойынша да,
нысаны бойынша да биік моральдық сипаттармен өзгеше болуы үшін шаралар
қабылдау; (b) қоғамның аудитордың кəсібіне сенімін арттыруға жəрдемдесетін
шаралар қабылдау. Сонымен қатар, кəсіби аудиторлық қызметтің сапасын бақылау
аудиторлық тексерістердің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін негіз қалаушы
Қазақстан – РОСК «Бухгалтерлік есеп жəне аудит»
Резюме – стр viii.