3-параграф. Жеке тұрған тіректер мен технологиялық құбыр жолдарына арналған эстакадалар
213. Осы бөлімнің нормаларын төмен және жоғары бөлек тұрған тіректерді, сонымен қатар технологиялық құбыр жолдары үшін эстакадаларды жобалаған кезде сақтау қажет.
214. Бөлек тұрған тіректер мен эстакадаларды жобалаған кезде құбыр жолдарының еңістері іргетастың жоғарғы кескінінің белгісін немесе трасса бойында жер бетінің рельефінің есебімен бағандардың ұзындығын өзгерту есебінен жасалады.
215. Бөлек тұрған тіректердің құбыр жолдарының арасындағы қашықтықты құбырды беріктілік пен қаттылыққа есептеп белгілеу қажет.
216. Бөлек тұрған тіреулер мен эстакадаларды жиналмалы унифицирленген темірбетон конструкциялардан алдын-ала жүктелген және жүктелмеген арматурамен бірге жобалау керек.
217. Эстакадаларда, егер ол пайдалануға беру шарттары бойынша талап етілсе, құбыр жолдарына қызмет көрсетуге арналған өтпе көпірлері қарастырылады.
218. Темірбетон тіреулерді қада-бағандар және жазық немесе кеңістіктік жүйеге біріктірілген қада-бағандар түрінде, төртбұрышты темірбетон қаданы қолдану арқылы баулық бір қадалы іргетастарға орнықтырылған бағандар түрінде, бұрғы толтырылған немесе қаптама қада түрінде жобалауға жол беріледі.
Технологиялық құбыр тіреулерінің бір қабатты өндірістік ғимараттардың бағандарында қолданылатын темірбетон жиналмалы және монолиттік іргетастары болуы мүмкін.
219. Бөлек тұрған тірек пен эстакаданың бойлық тұрақтылығын әр температуралық бұғатта бір анкерлік тіректі орнату арқылы анкерлік құралмен қамтатамыз ету қажет.
Көрсетілген қашықтықтар еңісті телімдер үшін еңіс бойынша қабылданады.
Темірбетон тіректері бар эстакадаларды анкерлік тіректерсіз жобалау керек. Бұл жағдайда трасса бойында әрекет ететін, температуралық блокка түсетін горизонталь жүктемелерді барлық тіректерге беру қажет.
220. Бойлық бағыттағы бөлек тұрған тіректер мен эстакадаларды температуралық блоктарға бөлу керек, олардың ұзындығы құбыр жолдарының қозғалмайтын тірек бөліктерінің арасындағы шекті қашықтықтан аспауы тиіс.
221. Эстакадалардың температуралық жіктері құбыр жолдарының компенсаторлық құралдарымен біріктіріледі, бұл жерде температуралық блоктардың ең үлкен ықтимал ұзындығын қарастыру қажет.
222. Бөлек тұрған тіректер мен эстакадаларды оқшаулау арқылы құбыр жолдарының, таситын өнімнің, адамдардың және қызмет көрсететін алаңдар мен өтпе көпірлеріне шығатын жөндеу материалдарының, өндірістік шаңның шөгінділерінің салмағынан болатын жүктемелерге, горизонталь жүктемелер мен құбыр жолдарынан болатын әсер етуге, сонымен қатар қар және жел жүктемелеріне есептеу қажет.
Бұл жерде гидравликалық сынау кезіндегі бу жолдарындағы судың салмағынан болатын қосымша нормативтік вертикаль жүктеме бір ғана бу жолын толтыру кезінде ескерілуі тиіс.
Жүктеме бойынша сенімділік коэффициенттері осы бөлімнің талаптарының есебімен белгілі тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттар бойынша анықталады.
223. Бөлек тұрған тіректер мен эстакадалардың құрылыс конструкцияларын есептеуді жазық конструкцияларды есептеген сияқты жүргізу қажет. Нақтылап есептеу жүргізу мен қосымша факторларды ескеру қажет болғанда, бөлек тұрған тіректер мен эстакадалардың құрылыс конструкцияларын есептеуді олардың құбыр жолдарымен бірлескен жұмысының есебімен кеңістіктік жүйелерді есептеген сияқты жүргізу керек.
224. Құбыр жолдарын эстакадада төгене кезде құбырлардың қозғалмалы тірек бөліктеріндегі бойлық горизонталь жүктемесі аралық құрылыспен және анкерлік тіректермен қабылданады және аралық тіректерге берілмейді.
225. Құбыр жолдарынан тіректер мен эстакадаларға берілетін нормативтік вертикаль жүктеме барлық құбыр жолдарынан болған вертикаль жүктемелердің сомасы ретінде қабылдануы тиіс.
Тіректегі бір құбыр жолының үйкелісінің есептік күші осы құбыр жолынан болатын есептік вертикаль жүктемені «болаттың бойындағы болат» тірек бөліктерінде:
сырғанайтын бөлікте – үштен бірін; қ
ұбыр жолы осьінің илемдік бөлігінде – оннан бірге;
осьтің бойында емес бөлікте – үштен бірге;
шариктік бөлікте – оннан бірге тең етіп қабылданатын үйкеліс коэффициентіне көбейтумен анықталады.
226. Бөлек іргетастардың табандарының өлшемін анықтауды үзіліс аймағының шамасын іргетастың толық алаңының үштен біріне тең етіп қабылдай отыра жүргізуге жол беріледі.
227. Бір қадалық іргетастарға орналасқан қада-қабықшалардан және бұрғы қағатын қадалардан жасалған бағандарды, қада-бағандарды қолдану арқылы тіректерді есептеу белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
4-параграф. Галереялар мен эстакадалар
228. Осы бөлімнің нормаларын сыртқы конвейерлік (үздіксіз және жүк артатын баулары бар), жаяу жүргінші, шоғырсымдық, аралас галереялар мен эстакадаларды жобалаған кезде сақтау қажет.
229. Аралас галерея мен эстакадалар баулық конвейерлерді орнату транзиттік шоғырсымдар мен басқа коммуникацияларды төсеуге арналған.
230. Шоғырсымдық ажыратпалар ашық эстакадаларда орналасуы тиіс. Шоғырсымдық галереяларды орнатуға тиісті техника-экономикалық негіздеме кезінде жол беріледі.
231. Галереялар мен эстакадалар тіректерінің осьтерінің арасындағы қашықтықты модульге еселі етіп қабылдау керек. Еңісті телімдер үшін көрсетілген қашықтықтар еңіс бойынша қабылданады.
5-параграф. Конвейерлік және жаяу жүргінші галереялары мен эстакадалар
232. Галереялар мен эстакадалардың аралық құрылыстары мен тіректерін:
1) атмосфералық әсер етуге (қар жел, температураның ауысуы);
2) галереяның, конвейердің, бауда тасымалданатын жүктің өзіндік салмағынан, шашпа салмағынан, жөндеу материалдары мен адамдардың салмақтарынан болатын вертикаль жүктемелерге;
3) баулық конвейерлерден берілетін бойлық жүктемелерге;
4) конвейердің қозғалатын бөліктерінен пайда болатын динамикалық жүктемелерге есептеу қажет.
233. Едендерді шаң мен тозаңдардан жинаудың ыңғайлылығы үшін галереяларда баулық конвейерлерді аспалы етіп жобалау керек.
234. Шашпаны гидрожуу кезінде галереяның қоршау конструкцияларын жылытылған және ылғалға төзімді етіп жобалау қажет.
235. Галереялар мен эстакадалардың көлемдік-жоспарлық және оттың таралуын шектеуге қатысты конструктивтік шешімдерге қойылатын талаптар «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР-де берілген.
236. Галереялардан шығу жолын артық жүктеу тораптарымен біріктіруге жол беріледі. Артық жүктеу тораптарының бос көлемдеріне осы артық жүктеу торабының жұмысшыларына арналған қосалқы үй-жайларды орналастыруға рұқсат етіледі.
6-параграф. Шоғырсымдық және аралас галереялар мен эстакадалар
237. Шоғырсымдық және аралас галереялар мен эстакадалардың көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерін «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарына сәйкес қабылдау қажет.
238. Галереялар мен эстакадалардың трассаларының ең кіші ұзындығы мен бұрылыстардың ең кіші саны, жолдармен және басқа коммуникациялармен қиысуы болады және белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді.
239. Шоғырсымдарының саны он екіден кем емес шоғырсымдық эстакадаларды, сонымен қатар аралас галереялар мен І және ІІ санаттың электр қабылдағыштарының қорегі үшін транзиттік шоғырсымдардың басқа коммуникацияларын төсеуге арналған эстакадаларды жобалаған кезде негізгі күш түсетін құрылыс конструкцияларды темірбетоннан немесе болаттан қарастыру керек.
240. Галереялар мен эстакадалардың тіректерінің осьтерінің арасындағы қашықтықты 36 м дейін және одан да көп, 3 м еселі етіп қабылдау қажет. Еңісті телімдер үшін көрсетілген қашықтық еңіс бойынша қабылданады.
241. Жаяу жүргінші галереялары мен эстакадалардың өлшемдерін:
1) галереяның еденнің деңгейінен коммуникацияның немесе жабынның есебімен арақабырғаның шығыңқы конструкциясының табанына дейінгі биіктігін – екі метрден кем емес (еңісті галереяларда биіктікті еденге деген дұрыс бойынша өлшеу керек);
2) галереялар мен эстакадалардың енін – бір бағыттағы бір метр енге 2000 адам/сағ өткізу қабілеттілігінің шартынан есептеу бойынша, бірақ бір жарым метрден кем емес етіп қабылдау қажет.
242. Галереялар мен эстакадалардың аралық құрылыстары мен тіректерін:
1) галереяның, жүк бауында тасымалданатын конвейердің өзіндік салмағынан, шашпаның, жөндеу материалдары мен адамдардың салмағынан түсетін вертикаль жүктемелерге;
2) баулық конвейерлерден берілетін бойлық жүктемелерге;
3) конвейердің қозғалмалы бөліктерінен туатын динамикалық жүктемелерге;
4) атмосфералық әсер етуден, температуралардың құлауынан болатын жүктемелерге есептеу керек.
243. Галереялар мен эстакадалардың көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерін жобалау «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарының есебімен орындалады.
244. Шоғырсымдар мен құбыр жолдарын бір аралас галереялар мен эстакадада біріктірген кезде құбыр жолдары мен шоғырсымдық конструкциялардың арасындағы қашықтық жарты метрден кем болмауы тиіс. Шоғырсымдарды жанатын газы бар құбыр жолдарымен, жанатын және жеңіл тұтанатын сұйықтықтармен бірлестіріп төсеу шарттары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР ЭҚҚ талаптарына жауап беруі қажет.
245. Аралас (шоғырсымдарды төсеу арқылы) галереяларды жанбайтын өртке қарсы арақабырғалармен бөлімшелерге бөлу керек.
246. Аралас галереяларда май толтырылған шоғырсымдарды төсеген кезде галереялар жылытатын болуы тиіс.
247. Галереядан шығу үшін баспалдақтарды қарастыру қажет, галереялар мен эстакадалардың сыртқы баспалдақтарын ашық болатты етіп орындауға жол беріледі.
248. Галереялар мен эстакадалардың биіктігі ауысқан жағдайда өтпелерде пандус қарастырылады.
7-параграф. Жүк түсіретін темір жол эстакадалары
249. Осы бөлімнің нормаларын вагондардан сусымалы материалдарды түсіруге арналған 1520 мм колеяның темір жолдарына эстакадаларды жобалау кезінде сақтау қажет.
250. Эстакадалар тұйық та өтпелі етіп қабылданады. Тұйық эстакадалардың аяғында жол тірегін қарастыру керек.
251. Жүк түсіруші эстакадалардағы темір жолды көлденең алаңда бойлық пішінде, ал жоспарда-тікелей телімде орналастыру қажет.
252. Пайдалануға беру кезінде өздігінен тазалау және сенімділік шарттары бойынша эстакадалардағы темір жолдардың жоғарғы құрылысын оның элементтері үшін қорғау іс-шараларын, сонымен қатар жөндеу жұмыстары кезінде оларды кедергісіз ауыстыруды қарастыра отырып, күшейтілген конструкцияларды қабылдау керек.
253. Эстакадалар конструкцияларының жұмысының ауыр тәртібі кезінде [материалды массасы 0,5 кН (50 кгс) асатын бөліктермен жүктеу, материалды 50 °С асатын температурамен жүктеу, химиялық белсенді материалдарды жүктеу] эстакада конструкцияларының элементтерін механикалық, тот басуға қарсы және термикалық қорғауды қарастыру қажет.
10-тарау. Биік ғимараттарды жобалауға қойылатын талаптар
1-параграф. Градирнялар
254. Осы бөлімнің нормаларын желдеткіш және мұнаралық градирнялардың құрылыс конструкцияларын жобалау кезінде сақтау қажет.
Ескертпе* – Нормалар көлденең-толық және радиаторлық (құрғақ) градирняларды жобалауға таралмайды.
255. Негізгі габариттік өлшемдерді (жоспардағы және биіктігі бойынша ауа кіргізетін ойықтардың өлшемдерін), сонымен қатар градирня типін таңдау ереже жинақтарының талаптарына сәйкес, сонымен қатар техника-экономикалық есептерге сәйкес белгілеу қажет.
256. Жоспардағы градирняның формасы:
1) желдеткіш-секциялық үшін – төртбұрышты немесе тік бұрышты ара қатынасы 4:3 аспайтындай;
2) мұнаралық және бір секциялық үшін – дөңгелек, көп бұрышты немесе шаршылы етіп қабылданады.
257. Градирнялардың су жинайтын резервуарларындағы судың тереңдігін 1,7 м кем емес етіп, ал резервуардағы судың ең биік деңгейінен оның бортының үстіне дейінгі қашықтықты – 0,3 м кем емес етіп қабылдау қажет;
Ғимарат шатырында орналасқан градирнялар үшін 0,15 м кем емес судың тереңдігімен поддондарды орналастыруға жол беріледі.
258. Градирнялар іргетастарының жоғарғы жағы мен градирнялардың су жабдықтайтын резервуарлары қабырғаларының жоғарғы беткейін градирня айналасынан 0,20 м кем болмайтындай етіп жоспарланған белгіден жоғары алу керек.
259. Градирнялардың іргетастары мен су жабдықтайтын резервуарлар монолиттік бетоннан жобаланады.
Су жабдықтайтын резервуарлардың қабырғаларын аралас темірбетоннан жасау керек. Ғимараттардың шатырына орналастырылатын градирняларға темірден жасалған су жабдығын қолдануға болады.
260. Градирнялардың болаттан жасалған конструкциялары кезең бойынша қаралып отыруы тиіс, сонымен қатар жабдықты демонтаждамай-ақ оған тот басуға қарсы әрекеттер жасауды қолайлы етіп дайындау қажет.
261. Суландырғыштарды ағаштан, хриизотилцементтен немесе пластмассадан жасау керек. Арқалардың конструкциясы мен қойылымы градирня алаңы бойына судың бір қалыпты тік ағуын қамтамасыз етуі тиіс.
262. Градирнялардың ағаштан жасалған конструкциясы үшін жұмсақ жапырақты тұқымдастардан модифицирленген ағашты қолдану қажет. Қылқан жапырақтар тұқымдастарынан антисептиктермен жуылмайтын, бірінші сұрыптан төмен емес ағашты қолдануға да жол беріледі.
263. Градирнялардың темірбетон конструкцияларының бетонын қысуға беріктілік бойынша төменде көрсетілген кластардан төмен емес етіп қабылдау керек:
1) су жинайтын резервуарлардың түбінің тақтайшасы үшін – В15;
2) монолиттік іргетастар (жеке тұрған және баулық) үшін – В25;
3) су жинайтын резервуарлардың монолиттік қабырғалары мен соратын мұнаралардың қабықшалары үшін – В30;
4) мұнаралық градирнялардың еңісті бағандықтарының жиналмалы элементтері үшін – В30;
5) су жинайтын резервуарлардың жиналмалы қабырғалары үшін – В25;
6) және су суытатын құралдың жиналмалы конструкциялары үшін –В30.
264. Градирнялардың темірбетон конструкцияларының бетонының аязға төзімділігі мен су сіңірмеушілігі бойынша маркасы пайдалануға беру жағдайларына және құрылыс ауданының сыртқы ауасының есептік қысқы температураларының мәндеріне байланысты болады.
265. Градирнялардың монолиттік және жиналмалы темірбетон конструкцияларындағы сызаттарды ұзақ уақыт ашудың ені 0,2 мм артық болмауына жол беріледі.
266. Градирнялардың маңайында екі жарым метрден кем емес ені бар көпірлікті және градирняның ауа кіргізетін терезелерінен желмен шығарылатын атмосфералық суларды жинау мен бұруға арналған жыраларды қарастыру қажет. Градирняларға жанасатын аумақ жоспарланған және шөптен жамылғысы немесе қиыршықтасты жабыны болуы тиіс.
2-параграф. Желдеткіш градирнялар
267. Желдеткіш градирнялардың көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерін жобалауды «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарының есебімен орындау қажет.
268. Желдеткіш градирнялар суландырғыш блоктарын ұстайтын қаңқадан, желдеткіш құрылғыдан және су жинайтын бассейннен тұрады. Типі бойынша желдеткіш градирнялар:
1) көлемі 400 м2 аспайтын жеке секциялардан жиналатын секциялық желдеткіш градирнялар;
2) көлемі 400 м2 және одан асатын мұнаралық желдеткіш градирнялар болып бөлінеді.
Көп секциялы градирняларда су жинағыш резервуар екіден аспайтын секцияны біріктіріп тұруы тиіс.
269. Жанатын қаңқа немесе қаптама, не болмаса жанбайтын қаңқа мен жанатын қамтама кезінде блоктанған бірнеше секцияның көлемі 1200 м2 аспауы керек.
3-параграф. Мұнаралық градирнялар
270. Мұнаралық градирняларды айналмалы өндірістік сумен жабдықтау жүйелерінде жобалау қажет.
271. Градирнялардың созылмалы мұнараларын гиперболикалық, конустық немесе пирамидалық формада жобалау керек.
272. Болаттан жасалған қаңқасы бар созылмалы мұнаралар оларды монтаждаудың есебімен ірілендірілген элементтермен жобалануы тиіс.
273. Темірбетон сормалы мұнаралары бар градирняларды ең суық бескүндіктің минус 28 °С кем емес есептік орташа температурасы бар аудандарда қолдану қажет.
274. Темірбетон мұнара мен суландырғыш құрылғы астындағы тіректер жиналмалы темірбетоннан жасалады.
275. Созылмалы мұнараның темірбетонды қабықшасының жоғарғы бөлігінде ені бір метрден кем емес қаттылық сақинасын қарастыру қажет.
276. Суды суыту құрылғысының күш түсетін қаңқасы жиналмалы темірбетон конструкциялардан жобаланады.
277. Градирнялардың суғаратын қондырғысын жазық нығыздалған хризотилцемент немесе пластмасса тақтайшалардан бір ярусты немесе екі ярусты етіп жобалау керек. Ағаш суғарғыштарды қолдануға жол беріледі.
278. Мұнаралық градирнялардың конструкцияларын есептеу белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес жүктемелердің негізгі үйлесімдеріне жүргізіледі.
4-параграф Пайдалы қазбалар өңдеу кәсіпорындарының мұнаралық копралары
279. Осы бөлімнің нормаларын скиптік, торлық және жетегі мен түсіруді реттейтін аппаратурасы бас көп арқанды көтеретін машиналарды, технологиялық, көтерудің жөндеу және қосалқы жабдығын, қабылдау құралдары мен пайдалы қазбаларға арналған сыйымдылықтарды, бос алаң бар болған жағдайда – пайдалы қазбаларды жерастылық әдіспен өңдеу кәсіпорындарының қоймалық және басқа үй-жайларында орналастыруға арналған скиптік-торлық мұнаралық копраларды жобалаған кезде сақтау қажет.
280. Мұнаралық копралар жоспарда тікбұрышты немесе шаршылы формада қабылданады.
281. Мұнаралық копраларды жобалаған кезде көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары негізінде орындалады.
282. Копраларды іргетасқа жылжыту қажет болған кезде копраларды болат қаңқамен орындау қажет.
283. Мұнаралық копралардың күш түсетін темірбетон конструкциялары үшін қысуға беріктіліктің В15 төмен емес класының бетонын қабылдау керек.
284. Копралардың сыртқы қабырғалары мен ішкі шахтаның қабырғалары ортақ іргетастық тақтайшаға тірелуі тиіс.
285. Копралардың ішкі және сыртқы қабырғаларын өзектің аузы мен копраның іргетас конструкциясы арасындағы ортақ іргестасқа тіреу кезінде саңылау қарастырылуы тиіс.
286. Мұнаралық копралардың жантаюы мен шөгуі белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттарда көрсетілген және олардың ішінде орналастырылған көтеретін құралдардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етудің талаптарына сәйкес келетін мәндерден аспауы тиіс.
287. Мұнаралық копраларды есептеген кезде жүктемелер мен әсер етуді, жүктеме бойынша сенімділік коэффициенттерін белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттар бойынша қабылдау қажет.
288. Қабырғалардың беріктілігін есептеген кезде горизонталь қиысудың күш түсетін қабілеттілігі ойықтардағы деформациялар мен кернеулердің концентрациясының есебімен анықталуы тиіс.
289. Конструкцияларды тот басудан қорғау белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленуі керек.
Боялуға тиесілі копраның барлық болат конструкциялары бояуды, оның ішінде қол жетпейтін жерлердегі бояуды орнына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз етудің есебімен жобаланады.
290. А, Б және В санатының үй-жайлары басқа үй-жайлардан өртке қарсы арақабырғалармен, ал жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша А және Б санатының үй-жайлары – шаң-газ өткізбейтін арақабырғалармен бөлінеді, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарының есебімен жобалау қажет.
291. Ауаның әртүрлі қысымы кезінде үй-жайларды бөліп тұратын қабырғалар мен арақабырғалардың конструкциялары мен материалдары осы үй-жайлардың герметикалығын қамтамасыз етуі тиіс.
292. Машиналық залда немесе жақын арақабырғада санитарлық торапты қарастыру қажет.
293. Мұнаралық копраларда ішкі су ағыны орнатылуы тиіс. Суды ұйымдастырмай, шатырдан ағызуға тыйым салынады.
294. Копраларда шатырға шығатын шығу жолын қарастыру керек. Шатырдың қоршауы болуы тиіс.
295. Мұнаралық копралардың герметикалық үй-жайларға шығатын ағысты ауасы бар өзектерін шлюздар арқылы қарастыру керек.
5-параграф. Түтін мұржалары
296. Осы бөлімнің нормаларын кірпіштен, темірбетоннан, металдан және әртүрлі температурадағы, ылғалдылықты және басқыншылықты түтін газдарының жер деңгейіндегі концентрациялардың шегінің қолданыстағы санитарлық нормаларына дейін тиімді шашуды қамтамасыз ететін әйнек пластиктен жасалған күш түсетін діңгектері бар түтін мұржаларын жобалаған кезде сақтау қажет.
297. Түтін мұржасының материалы мен конструкциясын, тербелісті сөндіргіші бар конструкцияны қоса, таңдауды пайдалануға беру тәртібінің, құрылыс салуға арналған арнайы жабдықтың, сонымен қатар сәулеттік-композициялық түсініктердің есебімен техника-экономикалық негіздеменің негізінде жүзеге асыру керек.
298. Түтін мұржаларының шығу тесіктерінің диаметрлері және биіктігі аэродинамикалық, жылу техникалық және санитарлық-гигигеналық есептердің негізінде анықталады.
299. Түтін мұржаларын жобалаған кезде көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдер құрылыстағы қолданыстағы нормативтер мен «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР талаптарының есебімен орындалады.
300. Болат мұржаларды күш түсетін қаңқада, қосалқы мұржаны, көп діңгекті мұржаларды жобалау қолданыстағы санитарлық нормаларды сақтау және жылу-техникалық есептерге сәйкес болуы тиіс.
301. Ғимаратты жалғастыру кезінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарларында көрші кірпіш немесе темірбетон түтін мұржаларының арасындағы қашықтық ең үлкен өлшемді мұржаның бес орташа сыртқы диаметрінен кем емес болуы тиіс.
302. Металдан жасалған мұржалар бірнеше ұңғыдан құралған конструкцияны құрауы мүмкін. Түтін мұржаларын конструктивтік біріктіру кезінде олардың арасындағы ара қашықтық технологиялық конструктивтік ұғыныстарға сай жасауға болады. Мұржалар арасындағы ара қашықтық орташа сыртқы үштен беске дейінгі диаметр болған жағдайда бафтинг құбылысы болатындығын есепке алу қажет.
303. Түтін мұржасының төменгі бөлігінде, іргетаста немесе жүргізілген газ жолдарында мұржаны тексеретін тесікті, қажет болған жағдайда – конденсатты бұратын құралды қарастыру керек.
304. Мұржаның сыртқы жағында алаңшалар және сатылар, кірпіш мұржалар үшін – құлақтар қарастырылуы тиіс. Сатылар немесе құлақтар жерден екі жарым арақашықтықта орналастырылады. Алаңшалардың, сатылар мен құлақшалардың қоршаулары болуы тиіс.
305. Бірнеше агрегаттарды мұржаға қосқан және конденсаттың пайда болуына әкелетін жүктемелердің тербелістері кезінде техника-экономикалық негіздеме бар болған жағдайда мұржаның күш түсетін діңгегінің ішінде орналасқан бірнеше газ бұратын діңгектері бар көп діңгекті мұржаларды жобалауға жол беріледі.
306. Бірнеше газ бұратын діңгектері бар көп діңгекті мұржалар қасында тұрған ғимараттар мен құрылыстарға (ортақ діңгекте және жеке тұрған діңгектерге орналастырылған) бекітілуі мүмкін.
307. Түтін мұржалары (біреу немесе бірнешеуі) мұнараның (сормалы мұнаралардағы сияқты) немесе діңгектердің күш түсетін конструкцияларына бекітілуі тиіс. Бұл шешімді ортақ сыртқы мұржаның ішіндегі көп діңгекті газ бұратын діңгектер үшін де қолдануға болады.
308. Түтін мұржаларының іргетастары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес дөңгелек, көпбұрышты немесе сақиналы кескінді темірбетон етіп жобаланады.
309. Мұржа іргетастарының шөгуі мен қисаюының шекті мәндері белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттар бойынша қабылдануы тиіс.
310. Жерастылық сулардың жоғары деңгейі мен газ жолдарының жер астында орналасуы кезінде дренажды қарастыру керек.
311. Темірбетон түтін мұржаларды бірінші топтың шекті жағдайлары бойынша есептеген кезде өзіндік салмақтан болатын жүктеменің бір уақыттағы әрекетін, есептік жел жүктемесін, сонымен қатар шығаратын газдардың температурасының әсер етуін, екінші топтың шекті жағдайы бойынша есептеген кезде – өзіндік салмақтан болатын жүктеменің бір уақыттағы әрекетін, жел жүктемесін, сонымен қатар шығаратын газдардың температурасының және күн радиациясының әсер етуін ескеру қажет.
312. Түтін мұржаларына түсетін жүктемелер мен әсер етуді, жүктемеге қатысты сенімділік коэффициенттерін, сонымен қатар жүктемелердің ықтимал үйлесімдерін белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қабылдау қажет.
313. Түтін мұржалары мен газ жолдары жылына бір рет – көктемде сыртқы тексеруден өтуі тиіс. Түтін мұржаларын ішкі тексеруді олар пайдалануға берілгеннен кейін бес жылдан кейін, ал ары қарай қажеттілік бойынша, бірақ он бес жылда бір реттен кем емес жүргізу керек. Кірпіш және монолиттік футеровкасы бар мұржаларды ішінен тексеру бес жылда бір реттен кем емес тексеру жиілігімен жылу бөлінетін тексеруге алмастырылуы мүмкін.
314. Түтін мұржалары тұрақты күтімді талап етеді. Түтін мұржаларын тазалауды жылыту маусымына дейін немесе кейін, олар жұмыс істемей тұрған уақытта жүзеге асыру керек. Мұржаларды уақытылы тексеру пайда болған ақауларды анықтауға және жылытатын имараттағы дұрыс циркуляцияны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Түтін мұржасына күтім жасау қосылыстарды (келте құбыр, гильза) және оттегін беруге кедергі келтіретін шықпалардың бар-жоқтығын тексеруді пайымдайды. Мұржаларда сызат анықтаған кезде оларды жою қажет, себебі оларға судың тиюі қатып қалып, мұржалардың қысқы кезеңде жіктерін ажыратып, қирап қалуына әкеледі. Жіктерден жасалған ерітінділерді әрбір бес-он жыл сайын ауыстыру керек, ол түтін мұржаларын күрделі жөндеуге кіреді. Мұржаларды профилактикалық тазалау арнаның ішінен оның қабырғаларында шөгіп қалған күлді, күйе мен ысты шығаруды көздейді.
6-параграф. Кірпіш түтін мұржалары
315. Кірпіш мұржаларды температураның кең диапазонында түтінді бұру үшін өнеркәсіптің, оның ішінде биік өнеркәсіптің, барлық салаларында қолдануға жол беріледі.
316. Кірпіш мұржалар жел жүктемесі бойынша I-IV аудандарға, ал арма-кірпіш мұржалар – V-VII аудандарға жатқызылған жерлерде соғылады.
Сейсмикалығы 7 және одан да көп баллдық аудандар үшін кірпіш және арма-кірпіш мұржаларды жобалауға сейсмикалық құрылыс саласындағы республикалық мамандандырылған ұйымдардан техникалық шарттарды алған кезде жол беріледі.
317. Кірпіш түтін мұржаны жобалауды:
1) қажетті математикалық есептерді орындау;
2) сыналған жобалық шешімдердің қатарының есебімен конструктивтік іске асыру сияқты екі кезеңде орындау қажет.
318. Кірпіш түтін мұржалардың өзегін кесілген конус (мұржаның бүйірі цилиндр формасында болуы керек) түрінде жобалау қажет. Мұржа өзегінің сыртқы бетін жасайтын еңіс бүкіл биіктікке бір жарым-төрт пайыз шегінде вертикальға тұрақты етіп қабылданады.
319. Кірпіш түтін мұржасының өзегін қалау үшін саз локалдық және 125, 150, 200, 250 және 300 маркалы және су сіңіргіштігі 15% аспайтын пластикалық тығыздаудың қарапайым тұтас кірпіш қолданылады. 5% аспайтын қуыссаны бар қуыс денелі керамикалық кірпішті қолдануға жол беріледі.
Кірпіштің аязға төзімділігі бойынша маркасын мұржа жұмысының тәртібіне байланысты, бірақ 35 кем емес етіп қабылдау керек. Ұңғыны қалау үшін 50 кем емес марканың күрделі ерітінділерін қабылдау қажет.
320. Кірпіш мұржаның биіктігі бойынша қадамы мен қиысуы есеп бойынша қабылдануы қажет сызықтық болаттан жасалған горизонталь созу сақиналарын қарастыру керек.
321. Ұңғы қабырғаларының қалыңдығы есеп бойынша, бірақ 11/2 кірпіштен кем емес етіп қабылданады.
322. Күш түсетін қабілеттілік бойынша горизонталь қиысуларды есептеу белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.
323. Ұңғының вертикаль қиысуларын ұңғы қабырғасының қалыңдығына қатысты температураның түсуінен пайда болған температуралық күшейтуге есептеуді эпюраны қысылған аймақта тікбұрышты етіп қабылдай отырып жүргізу керек. Созылатын күшейтулер тартатын сақиналармен қабылдау қажет.
324. Арма-кірпіш мұржаларды есептеу келесі жүйелілік бойынша орындалады:
1) вертикаль арматура мен ұңғының қалыңдығының қиысуын беру;
2) арматурадағы және қалаудағы иілмелі сәттің өзіндік салмағынан болатын кернеуді анықтау;
3) желдетілген және желдетілетін жақтардың горизонталь қиысуының сыртқы және температуралық жүктемелердің бірлескен әрекеттеріне беріктігін тексеру.
Жоғарыда берілген барлық есептер арнайы әдістеме бойынша жүргізіледі.
325. Ызботтардың жерастылық кірістері бар іргетастардың жобаларында іргетас стаканының сыртқы бетінің шекарасында шөгуге қарсы жік пен кеспектің ызбот құламасының деңгейінен үш жүз миллиметрден кем емес тереңдікті қарастыру қажет.
326. Әлсіреген қиысуды күшейтуді пилястр орналастыру мен қалауды арматуралаудың есебінен жүргізу керек.
327. Мұржа ұңғысын биіктік бойынша қалыңдықтары кірпіштің жартысына тең келетін шығыңқылармен өлшенетін бөліктерге (белдіктерге) бөлу қажет.
7-параграф. Жиналмалы темірбетон түтін мұржалары
328. Темірбетон түтін мұржаларының діңгегі цилиндр, кесілген конус немесе араластырған форма бойынша, кесілген конус немесе цилиндр түрінде жобаланады. Бүкіл ұңғының биіктігінің немесе оның жеке телімінің өзінің сыртқы диаметріне қатынасы жиырмадан аспауы тиіс.
329. Жиналмалы темірбетон түтін мұржаларды жеке царгалардан цилиндр формасында жобалау керек. Царгаларды бір-бірімен қосу жоғары беріктікті шпилькаларда немесе бұрандаларда жүзеге асырылады.
330. Жиналмалы темірбетон түтін мұржаларын ІІІ ауданға дейін жел ағысы бар аумақтарға жобалау керек, одан үлкен жел жүктемесі бар аудандар үшін мұндай түтін мұржаларын пайдалануға болады, бірақ ол оңтайлы емес. МSK-64 шкаласы бойынша 6 баллдан асатын сейсмикалықты сейсмикаға қауіпті аймақтарда жиналмалы темірбетон мұржалар сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы республикалық мамандандырылған ұйыммен берілген техникалық шарттар бар болған кезде қолданылуы тиіс.
331. Жиналмалы темірбетон мұржаларды жобалаған кезде:
1) беріктілікке;
2) царгалар арасындағы жіктердің ықтимал ашылуына;
3) барлық кезеңдер (дайындау, тасымалдау, монтаждау) үшін шекті жағдайларға қатысты есептеу қажет.
332. Темірбетон мұржалардың ұңғысы қабырғасының қалыңдығын есептеу бойынша қабылдау керек.
333. Мұржалардың созылған арматурасының түйісулерін дәнекерлеусіз үсті-үстіне орнатуға жол беріледі. Бойлық және горизонталь арматуралардың түйісулері бытыраңқы орналасуы тиіс.
334. Ыстыққа төзімді бетоннан жасалған түтін мұржаларын 120-250 оС температуралы әлсіз басқыншылықты түтін газдарын шығару және токты ажырату жұмыстары үшін жобалау қажет.
335. 250 оС температурадан жоғары түтін газдарды немесе орташа-қатты басқыншылықты газдарды шығаратын мұржаларды жобалаған кезде футеровкалық жүйенің бір түрі қарастырылады.
336. Арматураны қыздырудың шекті рұқсатты температурасын, түтін газдарының температурасына байланысты бетонның құрамын таңдауды, бетон мен арматураның есептік кедергісіне арналған жұмыс жағдайларының қосымша коэффициенттерін, сонымен қатар вертикаль қиысудың қабырға қалыңдығы бойынша тегіс емес қыздырудың әрекетіне есептеу әдісін белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес қабылдау қажет.
8-параграф. Болат түтін мұржалары
337. Болат күш түсетін түтін мұржалардың ұңғысы жоғарғы цилиндр және төменгі конус бөліктен тұратындай етіп жобаланады.
338. Еркін тұрған болат мұржалар үшін мұржаның ортақ биіктігіне деген өлшемдерінің қатынастары келесі шарттарды қанағаттандыруы тиіс:
цилиндр бөлігінің диаметрі – жиырмадан бірден кем емес;
конус бөлігі іргесінің диаметрі – оннан бірден кем емес;
конус бөлігінің биіктігі – төрттен бірге кем емес.
Тербелістің динамикалық немесе механикалық сөндіргіштерін орнатқан кезде цилиндр бөліктің диаметрі мұржаның жалпы биіктігінен жиырма бестен бір болуы мүмкін.
339. Биіктігі алпыс метр және одан да биік футеровкасыз болат түтін мұржалары, сонымен қатар мұржа биіктігінің жиырмадан аса диаметріне қатынасы бар футеровкалы құбырлар ұңғы үшін серпінді тірек болып табылатын созылмалы етіп жобалануы тиіс.
Металл мұржалардың орталық іргетасы болады, оған діңгектің ұңғысы және созылғыштар орнатылатын анкер тіреледі немесе орнатылады.
340. Биіктігі жүз жиырма метрден жоғары болат түтін мұржалар төменгі жақта қатты сүйеулермен бекітілуі тиіс. Күш түсетін конструкциялар ретінде жоспарда үшбұрыш және төртбұрыш формадағы тор мұнаралар қолданылады.
341. Болат түтін мұржаларының цилиндр және конус жақтары қабырғасыз қысу арқылы қосылады. Мұржа қабырғаларының қалыңдығы 4 мм кем болмауы тиіс. Мұржалардың қабырғаларын жалпы және жергілікті тұрақтылыққа тексеру қажет.
342. Мұржаның цилиндр бөлігінің үсті қаттылықтың горизонталь қабырғасымен күшейтіледі.
343. Болат мұржалардың футеровкасын мұржаның қабырғасына ішкі жағынан дәнекерленген арнайы горизонталь сақиналық қабырғаларға тіреу қажет.
344. Түтін мұржасымен жанасатын жердегі газ жолының кіреберісінің дөңгелек, сопақ немесе бұрыштары дөңгелектелген тікбұрышты формасы болуы тиіс, бұл жерде қиысудың беріктілігінің тең болуын қамтамасыз ету мақсатында ұңғының қабықшасы кескіннің периметрі бойынша табақшаларды дәнекерлеу арқылы күшейтіледі.
345. Түтін мұржаларына арналған болаттардың маркалары төменде көрсетілген топтарға жеке элементтерді жатқызу арқылы белгілі тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес қабылдануы тиіс:
1) 2-топ – қаттылық қабықшасы, қабырғасы, қаттылық сақиналары мен тірек сақиналары;
2) 4-топ – алаңдар, баспалдақтар, қоршаулар.
346. Түтін мұржаларының болат конструкцияларының элементтерін есептеу мен конструкцияның 300 °С және одан төмен температура кезінде материалдардың есептік кедергісін анықтау белгілі тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізу керек.
347. Ғимаратты резонанстық тербелістерге ұшырататын желдің қауіпті жылдамдығы кезінде болат түтін мұржаларды қажуға есептеу қажет.
Қажуға тексеруду желдің тиісті қауіпті жылдамдығы үшін резонанстық тербелістер қажу бұзылыстарының жиналып қалуына, қабықша материалында (әсіресе дәнекерлік жіктердің маңында) сызаттардың пайда болуы мен ақырын өсуіне, және соңында әлсіреген телімдердің қирауына әкелмейтіндігін белгілеу мақсатында резонанстық құйынның қозуы жағдайда орындау керек. Мұржалардың қабырғаларының дәнекерлік қосылыстары мұржаның жел жүктемелерінің әрекеттерінен резонанстық тербелісі кезінде пайда болатын белгісі ауысатын циклдық кернеулерге тексерілуі тиіс.
Түтін мұржасының болат қабықшасының түйісу жіктері тексерілуге тиісті, бұл жерде есептеуде батырудың кемінде екі миллион циклы ескерілуі қажет.
348. Мұржаның цилиндр және конус бөліктерінің түйісу орны, сонымен қатар мұржа қабырғасының қалыңдығының өзгеруінің барлық жерлері шеткі әсерден болатын қосымша кернеудің есебімен тексеріледі.
9-параграф. Соратын мұнаралар
349. Осы бөлімнің нормаларын тазартылған, бірақ басқыншылықтың нақты дәрежесін сақтайтын, ылғалдылығы 80%-90%, конденсаттан тұратын және жоғары температурасы жоқ зиянды жанбайтын газдарды жоюға арналған соратын мұнараларды жобалау кезінде сақтау қажет.
Соратын мұнаралар температурасы жоғары (3000С дейін) ауа мен газдарды жоюға арналуы мүмкін. Бұл жерде мұржа материалдарының есептік сипаттамаларының өзгеру мүмкіндігі ескеріледі.
Газ шығаратын ұңғылар металдан және конструкциялық жанбайтын немесе қиын жанатын полимер материалдардан жобаланады.
350. Соратын мұнаралардың тұрақты жүктемелеріне іргетастарды, топырақтың массасы мен қысымына қоса олардың массалары; ұзақ уақытты жүктемелерге – пайдалануға беру процесінде өзгеруі мүмкін ғимараттың бөліктерінің массасы, тербелістің пайда болуы мүмкін желдің орташа жылдамдығы; қысқа уақытты жүктемелерге – максималдық қарқындылықтың жел жүктемелері, мұз қату, бір тәулік ішінде температураның өзгеруі, сонымен қатар температураның күн радиациясынан өзгеруі, шөгінділер (қар, жаңбыр, шаңның жиналуы); ерекше жүктемелерге – жабдықтың дұрыс еместігінен немесе, мысалы созбаларда күшейтуді реттейтін автоматты түрдегі жұмыстардың тоқтауы сияқты сынуынан пайда болатын сейсмикалық және жарылыс әрекеттері, ірге шөгуінің тегіссіздігі жатады.
351. Массадан болатын жүктемелерді анықтаған кезде жүктеме бойынша сенімділік коэффициенттерінің γf мәндерін қабылдау қажет.
352. Желге есептеген кезде кейбір аймақтарда максималдық, бірақ мезоағыстық ағындардың салдарынан атмосфераның шекаралық қабатында пайда болатын желдің жылдамдықтарының биіктігі бойынша тегіс емес үлкен ұзақтықты дауыл кезінде, жергілікті дауыл кезіндегі желдің жергілікті әсер етуі, құйынды дауыл және тағы басқа, желдің пульсациялық әсер етуі кезінде байқалатын жел жылдамдығының макмималдық шамаларының ықтималдығын ескеру қажет.
Нормативтік көктайғақ жүктеме мен климаттық әсер ету тиісті нормативтердің талаптарына сәйкес анықталады.
353. Биіктігі екі жүз он метрден асатын соратын мұнаралардың күш түсетін болат ұңғылары арнайы әзірленген техникалық шарттар бойынша жобаланады.
354. Соратын мұнарада бір немесе бірнеше газ бұратын ұңғыларды орнатуға жол беріледі. Бір газ бұратын ұңғы күш түсетін мұнараның ішінде орналасуы тиіс. Бірнеше газ бұратын ұңғылар бар болған кезде барлық газ бұратын ұңғыларды күш түсетін мұнараның ішінде немесе ұңғылардың бөлігін – мұнараның ішінде, ал қалған бөлігін – оның сыртқы жағында орналастыруға жол беріледі.
355. Газ бұратын ұңғының өлшемдерін атмосфераға шығатын зиянды заттардың шекті концентрациясының санитарлық нормаларының талаптарын сақтай отыра, технологиялық есептер бойынша анықтау қажет.
356. Күш түсетін торлы мұнараның формасы мен оның өлшемдері болатты үнемдеуді қамтамасыз етудің, дайындаудың технологиялығының, монтаждаудың қабылданған әдісінің шарттарының, мұнараны бас жоспарда оңтайлы орналастыру мен пайдалануға берудің ыңғайлығының есебімен анықталады.
357. Күш түсетін мұнараны үш, төрт және одан да көп шектері бар призматикалық (жоғарғы) және пирамида (төменгі) үйлесім түрінде жобалау қажет.
358. Диафрагмаларды газ бұратын ұңғылардың горизонталь тірегі үшін және газ бұратын ұңғылардың маңындағы күш түсетін мұнараның торларының белдіктері мен тораптарына қарай өтпелерді қамтамасыз ету үшін пайдалануға беру мақсатына қажетті алаңдар ретінде пайдалану керек.
359. Күш түсетін торлы мұнараларға арналған болаттардың маркаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылдау қажет.
360. Газ бұратын ұңғыларды шығаратын газдардың әсеріне тұрақты немесе тиісті тот басуға қарсы қорғанысы бар материалдардан қарастыру қажет.
361. Конструкциялық полимерден жасалған газ бұратын ұңғылар үшін химиялық және термикалық төзімді шыны-пластиктерді, текстофаолиттерді, бипластмассаларды (термопластан жасалған ішкі қабаты бар шыны-пластиктер) және қабаттық конструкциялық пластиктерді пайдалану керек. Газ бұратын ұңғылар үшін қолданылатын конструкциялық полимерлік материалдар жанбайтын немесе қиын жанатын болуы тиіс.
362. Ең жақсы аэродинамикалық қасиеттерді қамтамасыз ету және металды үнемдеу үшін күш түсетін мұнара құбырлық көлденең қиысудың элементтерінен жобаланады.
363. Газ бұратын ұңғыдан болатын вертикаль жүктеме соратын мұнараның төменгі деңгейлеріне берілуі тиіс.
Газ жолының кірісінің деңгейіне байланысты газ бұратын ұңғының:
1) өзінің іргесіне тірелуі;
2) арнайы қосымша тірекке тірелуі;
3) күш түсетін мұнараның төменгі диафрагмаларының біріне (осы диафрагмаға шығатын металдың шығыны арнайы тіректің металының шығынынан аспайтындығының шарты кезінде жол беріледі) тірелуі сияқты нұсқалардың біреуін қабылдау қажет.
364. Күш түсетін мұнараны жетілдіру немесе толығымен көтеру әдісімен монтаждаған кезде мұнара элементтерін монтаждық жүктемелерге қосымша есептеу керек.
365. Болаттан жасалған газ бұратын ұңғыдан немесе конструкциялық полимерден жасалған өзіндік күш түсетін цилиндр қабықшадан болатын горизонталь жүктемені күш түсетін мұнараға мұнараның көлденең диафрагмаларының жазықтығында беру қажет.
Болат аралық қаңқамен қосылған царгалардан монтаждалған конструкциялық полимерден жасалған газ бұратын ұңғыдан болатын горизонталь жүктеме де мұнараның диафрагмаларына, бірақ аралық қаңқа арқылы беріледі.
366. Газ бұратын ұңғының горизонталь жүктемелерді беру орындарына тіреу тораптарының конструктивтік шешімі ұңғы мен мұнараның еркін өзара вертикаль және горизонталь температуралық орын ауысуларын қамтамасыз етуі тиіс.
367. Газ бұратын ұңғылардың царгаларының түйісетін тораптары беріктілік және герметикалық талаптарынан басқа, полимерлік материалдың температуралық деформациясынан пайда болатын вертикаль орын ауысудың еркіндігін де қамтамасыз етуі тиіс.
368. Болат аралық қаңқаларды вертикаль аспалардан, горизонталь сақиналардан және тірек элементтерінен жобалау керек, бұл жерде:
1) жүктеме беретін горизонталь сақиналар мұнара диафрагмасымен бір деңгейде орналасуы тиіс;
2) аралық қаңқаны мұнараға бекіту температуралық деформациялар болатын вертикаль орын ауысу еркіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
3) биіктік бойынша аралық қаңқаны ұңғы царгаларын жетілдіру әдісімен ірі блоктармен қаңқаны монтаждауға қажетті түйістері бар жеке секциялардан қарастыру қажет;
4) қаңқаның вертикаль аспаларын әрбір секцияға бекітілген икемді элементтер түрінде қабылдау керек.
369. Конструкциялық полимерлік материалдардан жасалған газ шығаратын ұңғыларды есептеу материалдардың анизотропиясының есебімен жүргізіледі.
Материалдардың есептік сипаттары бөлінетін газдардың максималдық температурасының, басқыншылықты ортаның әсерінің және жүктемелер әрекетінің ұзақтығының есебімен анықталуы тиіс.
370. Газ шығаратын ұңғының іргетасын бетоннан, жарты кескі шолақ конус немесе цилиндр түрінде, тұтас немесе айналмалы тақтайша түрінде темірбетоннан жобалау қажет.
371. Күш түсетін мұнаралардың іргетастары әрбір тіректік тораптың астына жеке жобаланады, бұл жерде мұнараның металл конструкцияларындағы керменің пайда болуына жол бермеу үшін іргетастардың тегіс шөгуі мен іргетас үстінің горизонталь орын ауысуын қамтамасыз ететін шаралар қарастырылуы тиіс.
372. Соратын мұнараларды жобалаған кезде іргетастар мен күш түсетін мұнараның газ шығаратын ұңғысының барлық конструкцияларын тот басудан сенімді қорғауды қарастыру қажет.
373. Газ шығаратын ұңғыда конденсаттың пайда болуы мүмкін болған жағдайда оны жинау мен бұруға арналған құралды қарастыру керек.
374. Мұнараға көтерілетін баспалдақты қарастыру қажет.
10-параграф. Су айдайтын мұнаралар
375. Осы бөлімнің нормаларын өнеркәсіптік кәсіпорындарын, ауыл шаруашылығы кешендері мен елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен, өндірістік және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінде қолдануға арналған су айдайтын мұнараларды жобалаған кезде сақтау қажет.
Су айдайтын мұнаралар шатырсыз, болат бактармен, темірбетоннан, кірпіштен немесе болаттан жасалған тіректермен, жиналмалы немесе монолиттік темірбетон іргетастармен жобаланады.
376. Су айдайтын мұнаралардың габариттік схемалары – бактың сыйымдылығы және бактың түбіне дейінгі биіктік сынды екі параметрлермен анықталады.
377. Бактың формасы сәулет-композициялық және техникалық-экономикалық есептерге сәйкес таңдалады.
Бактың жабынында бакқа түсетін асылмалы сатысы бар люкті және желдетуге арналған құбырларды қарастыру керек.
378. Бактың түбі келетін-шығатын және ағызылатын су құбырына ылдилығы бес пайыздан кем емес етіп жобаланады.
379. Су айдайтын мұнаралардың тіреуіштерін цилиндр формасында немесе жиналмалы темірбетон тіректердің жүйесі түрінде жобалау қажет.
Бактардың астындағы кеңістікті шаң, түтін және газ шықпайтын қызметтік және кеңселік үй-жайларды, қоймаларды, өндірістік үй-жайларды орналастыру үшін қолдануға жол беріледі.
380. Су айдайтын мұнараның іргетасын тұтас темірбетон, ішінде жылытылған, бірақ ысытылмайтын, табиғи желдетілетін су айдайтын мұнаралар үшін ысырмалары және басқару-өлшеуіш құрылғылары бар етіп жобалау қажет.
381. Есіктері мен алаңшалары бар кіргізуші-таратушы тіреушелердің қиысу түйіндерінде тіреушелердің вертикаль температуралық ауытқуларына жол берілуі тиіс.
382. Мұнараларды есептеген кезде жел жүктемесі жылдамдық ағысының пульсациясының динамикалық әсер етуінің есебімен биік ғимараттарға есептелген сияқты анықталады.
Мұнараларды есептеуді толтырылған немесе толтырылмаған бак сияқты екі жағдайда орындау қажет.
383. Мұнараларды бакқа және оның жабынына көтерілуге арналған болат баспалдақтармен, сонымен қатар құрылыс конструкциялары мен құбыр жолдарын қарау мен қызмет көрсетуге арналған алаңдармен жабдықтау керек. Баспалдақтарды вертикаль, аспалы саты түрінде, оны қолдану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін доғасымен жобалауға жол беріледі. Алаңдардың сүйенетін қоршауы болуы тиіс.
384. Су айдайтын мұнараларды жобалаған кезде құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғауға қатысты іс-шараларды қарастыру қажет. Конструктивтік шешімдер тот басуға қарсы жабындыны қарау мен орнына келтіруге қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
385. Бактардың ішкі тот басуға қарсы қорғанысы үшін шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау тәжірибесінде қолдану үшін тиісті ұйымдар рұқсат берген материалдар мен реагенттердің тізбесіне енгізілген материалдарды қолдану қажет.
11-тарау. Халықтың қимылы шектеулі тобына қолжетімділікті қамтамасыз ету
386. Пайдаланушылардың (жұмысшылардың, келушілердің, тұтынушылардың) қимылы шектеулі санаты үшін өнеркәсіптік кәсіпорын ғимараттарын жобалаған кезде сәулет ортасын қалыптастыруға қойылатын жалпы талаптарды, ғимараттың жеке типтеріне қойылатын арнайы талаптарды ескеру қажет.
387. Ғимараттарды халықтың қимылы шектеулі тобына қолжетімділікті қамтамасыз ету есебімен жобалау және құрылысын салу «Қала құрылысы. Елді мекендерді мүгедектердің және халықтың басқа да қимылы шектеулі топтарының тұтыну есебімен жоспарлау және құрылысын салу» құрылыстағы басшылық құжатының талаптарының есебімен жүргізіледі.
388. Ғимарат жанындағы автотұрақтарда халықтың қимылы шектеулі тобының жеке көлігіне арналған орын халықтың қимылы шектеулі тобына қызмет көрсететін орынның жалпы санынан бөлінуі тиіс.
389. Халықтың қимылы шектеулі тобына қолжетімді өндірістерде жабдықтарды жинақтау мен орналастыру арбада өздігінен және көмекшісі бар жұмысшыларға, балдақпен жүрген қимылы шектеулі тұлғаларға, сонымен қатар көзі көрмейтін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсетуге есептелген болуы тиіс.
390. Өндірістік жабдықтар қатарларының арасындағы өтпелердің өлшемдері олардың жүру және жету аймақтарында қозғалу процестеріндегі қозғалу құралдарының габариттеріне сай анықталады.
12-тарау. Төтенше жағдайлардың алдын-алуға қойылатын талаптар
391. Өнеркәсіптік кәсіпорын ғимараттарын салу мен реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасының құрамында төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын-алу мен жұмысшыларды және объектілерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға қатысты іс-шаралардың мазмұны бар «Төтенше жағдайлардың алдын-алуға қатысты инженерлік-техникалық іс-шаралар» бөлімі қарастырылуы тиіс.
392. Төтенше жағдайлардың көздері ретінде тиісті нормативтік құқықтық актілердің және осы саладағы нормативтік-техникалық құжаттардың шығыс деректері мен талаптарына сәйкес әлеуетті қауіпті объектілердегі жобалық, сонымен қатар ішкі және сыртқы апаттар қарастырылуы қажет.
393. Ғимараттарды тектоникалық жарылыс аймақтарында, су жиналуы жоғары жерлерде (жырада, су бөлінетін аңғарда және тағы басқа) және қауіпті геологиялық процестердің (көшкін, қирау, сел ағыстары, қар көшкіні және басқа) аймақтарында орналастыру кезінде қорғау ғимараттары болуы керек немесе қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес ғимараттарды осы процестерден қажетті қорғауды қамтамасыз ететін іс-шараларды қарастыру қажет.
13-тарау. Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар
394. Өнеркәсіптік кәсіпорын ғимараттарындағы қоршаған ортаны қорғауға қатысты іс-шаралар мен техникалық шешімдер ғимараттардың құрылысын салу мен пайдалануға беру процесінде жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық құжаттарының қағидаларына сәйкес орындалуы тиіс.
395. Заңнамалық актілердің талаптарының есебімен жаңа ғимараттардың құрылысын салу мен қолданыстағыларын реконструкциялау туралы шешім қабылдаған кездегі экологиялық факторлар анықтаушы болып табылады.
Бұл факторлар жобалық шешімдерді қабылдау кезінде әзірленетін құжаттамаға қойылатын экологиялық талаптарды қарастырады, табиғи ресурстарды пайдалану сипаттарын бағалауды, объектінің қоршаған орта компоненттеріне әсер ету параметрлерін анықтауды, ғимараттарды орналастырудың баламалық нұсқаларын сараптауды, сонымен қатар ғимараттардың құрылысын салу мен пайдалануға берудің экологиялық және әлеуметтік салдарының болжамын құруды талап етеді.
396. Ғимараттардың құрылысын салу мен пайдалануға беру атмосфераның, су қоймаларының, су ағыстарының, жерастылық сулардың рұқсат берілмеген шегінде ластануына, эрозиялық процестердің және басқа да жағымсыз жаратылыстардың пайда болуы мен дамуына әкелмеуі тиіс.
397. Аумақты құрылыс салуға бөлу мен жер қойнауын қорғауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындау қажет.
398. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және құрылыс салу кезінде жүзеге асырылатын іс-шаралар мен техникалық шешімдерді белгіленген тәртіп бойынша аумақтық мемлекеттік басқару және қадағалау органдарымен келісу қажет.
399. Ғимараттардың құрылысын салу мен пайдалануға беру процесі кезіндегі өнеркәсіптік кәсіпорындар ғимараттарының аумақтарында үстіңгі және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды бұру мен тазалау жүйесі қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
400. Ғимарат маңында орналасқан өндірістерден адам денсаулығы үшін зиянды заттардың ғимаратқа енуінен қорғауды қамтамасыз ету қажет.
ӘОЖ 658.562 МСЖ 91.010.10
Негізгі сөздер: өндірістік ғимараттар, имараттар, қоймалық ғимараттар, құрылыс материалдары, құрылыс конструкциялары, үй-жайлар, өртке төзімділік деңгейі, ғимараттың конструктивтік өрт қаупінің класы, тіреуіш қабырғалар, жертөлелер, туннельдер мен арналар, ысырмалы құдықтар, резервуарлар, газгольдерлер, қамбалар, бункерлер, сүрлемдер, көмір мұнаралары, эстакадалар, галереялар, градирнялар, мұнаралық копрлар, құбырлар, жарылыс-өрттік және өрт қауіпсіздігі санаттары, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік, А, Б, В санаттары, тот басу, іргетас, тіреуіш қабырғалардың биіктігі, топырақ қысымы, тұрақтылық
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының
2019 жылғы __________
№ ______-нқ бұйрығына
3-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ТОҢАЗЫТҚЫШТАР
ХОЛОДИЛЬНИКИ
ҚР ҚН 3.02-35-2019
СН РК 3.02-35-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
АЛҒЫ СӨЗ
1. ӘЗІРЛЕГЕН:
|
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
|
2. ҰСЫНҒАН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
|
3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2019 жылғы « » бұйрығымен №
2019 жылғы « » бастап
|
ПРЕДИСЛОВИЕ
1. РАЗРАБОТАН:
|
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
|
2. ПРЕДСТАВЛЕН:
|
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
|
3. УТВЕРЖДЕН
И ВВЕДЕН
В ДЕЙСТВИЕ:
|
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от « » 2019 года №
с « » 2019 года
|
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Достарыңызбен бөлісу: |