Мазмұны
1-тарау.
|
Қолдану саласы
|
|
2-тарау.
|
Нормативтік сілтемелер
|
|
3-тарау.
|
Терминдер мен анықтамалар
|
|
4-тарау.
|
Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары
|
|
1-параграф.
|
Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
|
|
2-параграф.
|
Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
|
|
5-тарау .
|
Тоңазытқыштардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
|
|
1-параграф.
|
Ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын қамтамасыз ету
|
|
2-параграф.
|
Ғимараттың өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
|
|
3-параграф.
|
Ғимараттарды пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету
|
|
4-параграф.
|
Инженерлік жүйелерге қойылатын талаптар
|
|
5-параграф.
|
Қоқыстарды шығару жөніндегі талаптар
|
|
6-параграф.
|
Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету
|
|
7-параграф.
|
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар
|
|
6-тарау.
|
Энергия унемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
|
|
1-параграф.
|
Энергия үнемдеу және жылу шығынын азайту
|
|
2-параграф.
|
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ТОҢАЗЫТҚЫШТАР
ХОЛОДИЛЬНИКИ
|
-
Қолданысқа
енгізілген күні
|
2019-ХХ-ХХ
|
1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы құрылыс нормалары жер телімдеріне, сәулет-жоспарлау шешіміне, тамақ өнімдерін салқындатуға, мұздатуға және сақтауға арналған үй-жайларға, салқындататын қоймаларға, әкімшілік-тұрмыстық жайларға, сондай-ақ ғимараттың инженерлік жүйелері мен үй-жайдағы тоңазытқыштарға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы құрылыс нормалары ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік түріне қарамастан, жобалауды, салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ басқару мен қадағалау органдары тамақ өнімдерін тоңазытқышта өңдеу мен сақтауға арналған тоңазытқыштарды және үй-жайларды жобалаған және салған кездерде сақталуы тиіс.
2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР).
Ескертпе* - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы құрылыс нормаларында ҚР ҚБҚ 1.01-01 бойынша терминдер, сондай-ақ тиісті анықтамалар бар мынадай терминдер қолданылады:
1) бөлік – температуралық, тұнба, сейсмикалық жіктермен бөлінген ғимараттың, құрылыстың, қоршаудың бөлігі;
2) концентратор – берудің бірыңғай ортасын қамтамасыз ететін желілік құрылғы;
3) платформа – рампа мақсатына ұқсас құрылыс. Рампадан айырмашылығы екі жақты жобаланады: бірінші жағын теміржол жолының бойында, ал екіншісін - автопойыз бойында орналастырады;
4) стеллаждық сақтау – өнімдерді стеллаждарда сақтау;
5) тамбур-шлюз – бір жайдан екінші жайға газдың, будың, шаң-тозаңның және басқа зиянды заттардың ену мүмкіндігін болдырмайтын, сондай-ақ үй-жайдағы ауа ортасының берілген параметрлерін қолдау үшін арнайы құрылғылармен жабдықталған тамбур;
6) тиеу-түсіру рампасы – тиеу-түсіру жұмыстары өндірісіне арналған құрылыс. Рампаның бір жағы тоңазытқыш қабырғасына қосылса, екіншісі теміржол жолының немесе автокіреберістің бойында орналасады;
7) тоңазытқыштың сыйымдылығы - бір мезгілде тоннамен сақтай алатын өнімдер мөлшері.
4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары
1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты
4. Нормативтік талаптардың мақсаты – санитарлық-гигиеналық, көлемдік-жоспарлық, эргономиялық талаптарға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға, энергетикалық тиімділік пен ресурстарды үнемдеуге, объектілердің мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты әрекеттерді ескертуге (пайдаланушылар мен тұтынушыларды шатастыруға алып келетін), саудадағы техникалық кедергілерді жоюға сәйкес тоңазытқыш қондырғыларын орнатуды, үй-жайдағы технологиялық процестерді ескере отырып, адамдардың денсаулығын және мүліктерді ортаның қолайсыз әсерінен қорғау, адамдардың жұмыста қауіпсіз болуы үшін жағдай жасау мақсатында көтергіш конструкциялардың бүкіл пайдаланылу мерзімінің ішінде орнықтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін тоңазытқыш ғимараттарын жобалау мен салу.
2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
5. Ғимараттар тоңазытқышын ғимараттарды салған, реконструкциялаған немесе пайдаланған кезде көтергіш конструкциялардың механикалық қауіпсіздігін, беріктілігін, толық немесе ішінара қирауды болдырмауды, сондай-ақ оның бүкіл қызмет ету мерзімінің ішінде конструкциялардың сенімділігін қамтамасыз етуді ескере отырып жобалау және салу қажет.
6. Ғимараттың қоршау конструкцияларын ылғалдан қорғауды және үй-жайды қорғау мақсатында сумен жабдықтау жүйесі және канализация жүйесінде судың ағуы мен ластанудың болмауын қамтамасыз ету керек.
7. Өртті ерте анықтау мен ауыздықтау, хабарлау жүйесі, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау үшін жағдай жасау жөніндегі шараларды ескеру, сондай-ақ өрт қаупі бар ахуал немесе өрт пайда болған жағдайда, ғимаратқа өрт бөлімшелерінің кіруіне қолжетімділікті қатамасыз ету қажет.
8. Тоңазытқыштар ғимаратында оларды пайдалану барысында аумақты көріктендіру, сәулет-жоспарлау шешімдері, санитарлық-гигиеналық талаптар ескерілуі, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін жұмысқа қажетті жағдай жасалуы тиіс.
9. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғимараттың ішінде және одан тыс маңайда жүріп-тұрған кезде, ғимаратқа кіргенде және шыққанда, сондай-ақ олардың элементтері мен инженерлік қондырғыларды пайдаланған кезде адамдарды жарақат алудан қорғау қажет.
10. Тоңазытқыштар ғимаратын жазатайым жағдайлардың алдын-алу, адамдардың ғимаратың ішінде және оның аумағында жүріп-тұруы кезінде жарақат алмауын ескере отырып жобалау және салу керек.
11. Тоңазытқыштар ғимараты ғимараттың қызмет ету мерзімінің ішінде жұмыс аймағының ауасында ластаушы заттардың, шу деңгейінің, дірілдің, ультрадыбыс пен сәуленің шекті жол берілген шоғырының жоғары болуына байланысты адамдардың денсаулығына қауіп тудырмауды ескере отырып жобалануы және салынуы тиіс.
12. Көлік-қойма операцияларын автоматтандырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету, өнімдерді тиеу мен арту үшін механикаландырылған құралдарды және ыдыстарды қолдану, сондай-ақ қабылдау, есепке алу, сақтау, бұзылмаушылық, сұрыптау және жиынтықтау әдісінің оңтайлы шарттарын жасау қажет.
13. Өнімдерді сақтауға арналған тоңазытқыштар ғимараты барлық инженерлік жүйелермен, бақылау және автоматты реттеу, барлық салқындатылатын және төмен температуралы үй-жайларда температураны ұстау аспаптарымен жабдықталуы тиіс.
14. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына арналған тоңазытқыштар ғимаратында және оның аумағында кедергісіз және ыңғайлы жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету ескерілуі тиіс.
15. Тоңазытқыштар ғимаратында жылыту және салқындату жүйелері, желдету мен ауа баптау, сондай-ақ жарықтандыру, энергия үнемдеу және жылу сақтау режимінде жұмыс істеуі тиіс.
16. Тоңазытқыштар ғимаратын жобалау мен салу барысында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, су тұтынуды үнемдеу, құрылыс конструкцияларын, материалдар мен бұйымдарды қайта қолдану қамтамасыз етілуі тиіс.
5-тарау. Тоңазытқыштардың жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар
1-параграф. Ғимараттардың сенімділігін және орнықтылығын қамтамасыз ету
17. Тоңазытқыштар ғимаратының конструкцияларын жобалаған кезде геотехникалық шарттарды, отқа төзімділік пен сейсмикалық әсерді ескере отырып есептеу жолымен олардың сенімділігі мен орнықтылығы қамтамасыз етілуі тиіс.
18. Динамикалық және циклді жүктемелерді немесе әсерлерді қабылдайтын конструкцияларды жобалаған кезде кернеудің ықтимал концентраторлары алынып тасталуы тиіс және қажет болған жағдайда арнайы қорғану шаралары (тербелістерді бәсеңдеткіштер, қоршайтын конструкциялардың перфорациясы, виброоқшаулау және тағы басқалар) қолданылуы қажет. Циклді жүктемелерді қабылдайтын конструктивті элементтерді жобалау оларды беріктікке және тозу беріктігіне сынама есептеу нәтижелерін ескере отырып, жүргізілуі тиіс.
19. Жекелеген салқындатқыш қоймалар мен тоңазытқыштар ғимараттары құрсауланған жағдайда, аралықтар мен сыртқы қоршау конструкцияларының ішкі бұрыштарының биіктіктен құлауын болдырмау қажет.
20. Ұзын созылған ғимараттарда олардың көлемдік-жоспарлық шешімдеріне және құрылыс ауданының табиғи-климаттық шарттарына байланысты температуралық-отыру, шөгу немесе сейсмикаға қарсы жіктер қарастырылуы тиіс.
21. Ғимараттарды салу және пайдалану процесінде негіздер мен көтергіш конструкцияларда ғимараттарды пайдалану қасиетінің төмендеуіне алып келетін жарықшақтар, зақымданулар мен деформациялар болмауы тиіс.
22. Барлық құрылыс-климаттық аудандарда тұрғызылатын жайлардағы теріс температуралы тоңазытқыштар ғимараттары іргетастар мен едендердің негізі болып табылатын топырақтың тоңазуының алдын-алу қажеттілігін ескере отырып, жобалануы тиіс.
23. Тоңазытудан топырақты қорғау жүйелері кері температуралы үй-жайлардың астында, сонымен қатар олармен ұштасатын дәліздер, вестибюльдер, лифтілі шахталар астында қарастырылуы тиіс.
24. Салқын агентті тасымалдау үшін инженерлік желілерді және құбырларды еденнің астына орналастыруға болмайды.
Аражабынның бетінде конденсаттың түзілуіне жол берілмейді.
25. Желдетілетін еден астындағы темірбетон аражабынының элементтері аязға төзімділігі мен су өткізбеушілігі бойынша жобалық құжаттар талабына сәйкес бетоннан жасалуы тиіс.
26. Тоңазытқыштар ғимараттарында кеміргіштер бүлдірмейтін материалдардан жасалған қуыссыз қоршайтын конструкциялар, тұтас және қуыссыз төсемді сыртқы есіктер, қақпалар және люк қақпақтары, желдету жүйелері каналдарының саңылауларын жабуға арналған құрылғылар қарастырылуы тиіс.
27. Тоңазытқыштар ғимараттарының көтергіш және қоршайтын конструкцияларының материалдары бойынша бөлінеді:
1) плиталы материалдардан жасалған жылуоқшаулауы бар темірбетон және тас конструкциялардан жасалған тоңазытқыштар;
2) «сэндвич» түріндегі жылу оқшаулайтын панельді қолданумен жеңіл металл және болат конструкциялардан жасалған тоңазытқыштар;
3) «сэндвич» түріндегі панельмен қоршалған темірбетон конструкциялардан жасалған қаңқалы тоңазытқыштар.
28. Көп қабатты тоңазытқыштардың ғимараттарын арқалықты емес түрдегі темірбетон қаңқамен жобалау қажет. Панелдің сыртқы көтергіш темірбетон қабатының қалыңдығы есептеу бойынша алынады.
29. Тиімді жылу оқшаулағышы бар қабырғалар мен жабындардың климатқа әсерін нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес есептеу қажет.
30. Күн радиациясының әсерін төмендету үшін сыртқы қабырғаларды қабырғалардың сыртқы беті мен экран арасындағы аралық қабатта табиғи желдетуді қарастыра отырып экрандау қажет.
31. Камераларды кедергісіз жүктеу және түсіруді, көлік құралдарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін қабырғаларда есіктермен жабылатын тиісті өлшемдегі ойықтар салынуы тиіс. Есіктер жеңіл ашылып-жабылуы, суық шығын азайту үшін бүкіл периметрі бойынша қораппен тығыз шектесуді қамтамасыз етуі қажет.
32. Аммиакты тоңазыту жабдықтарының машина және аппарат бөліктерінің үй-жайларын пайдалану процесінде терезе ойықтарының ауданын азайтуға, әдеттегі шынының орнына шыны блоктарды және шыны профилитті қолдануға, сонымен қатар жобада қарастырылған тоңазыту камераларының жанғыш емес оқшаулауын жанғыш оқшаулауға ауыстыруды жүргізуге болмайды.
33. Салқындататын үй-жайларды ішкі әрлеу саңырауқұлақтан бұзылу мүмкіндігін болдырмайтын санитарлық талаптарды ескере отырып қарастырылуы тиіс.
34. Жарылыс қаупі бар үй-жайларда едендердің жабындары ұшқынданбайтын болуы тиіс.
Сыртқы панель қабырғаларының тік кесіндісінде ғимарат қаңқасына бекіткіштер арасындағы ұзындық арақашықтығын олардың қимасы бойынша температуралардың өзгеруін ескере отырып, анықтау қажет.
35. Сырты қаңқалы тоңазытқыштар ғимараттарында үлкен көлемді үй-жайларда тұрақты температуралық режимді ұстау және жылу ағындарын азайту үшін шатыр асты жабынды салуды қамтамасыз ету қажет.
36. Тоңазытқыштар ғимараттарының шатырларында жүріс жолдары және алаңдар немесе қызмет көрсетілетін жабдықтың айналасында ағаш төсемдер, сонымен қатар атшаларды, деформациялық жіктерді бойлай, шетжақты қабырғалардағы шатыр көлбеуімен төсемдер қарастырылуы тиіс.
37. Агрессивтік ортаның әсері жағдайындағы кезеңдік ылғалдандырушы бөліністердегі жабынның қорғаныс қабатының материалдарына мынадай талаптар қойылады:
1) ірі түйіршікті тас ұнтағы сілті және қышқылдар ерітінділерінің әсеріне төзімді материалдардан жасалуы тиіс;
2) малтатастар қышқылдар ерітінділерінің әсеріне төзімді атқыламалы жыныстардан тұруы тиіс;
3) битум-полимерлік мастика қоспадан тұруы тиіс.
38. Салқындатылатын үй-жайлар үстіндегі шатыр кеңістігінде табиғи желдету болуы тиіс. Жергілікті қар ұстаушы элементтерді қолданған кезде шатыр түріне және көлбеуіне байланысты, олардың орналасу сызбасын осы элементтердің өндірушісі ұсынады.
2-параграф. Ғимараттың өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
39. Ғимараттарға әртүрлі санаттағы жайларды орналастыруда эвакуациялық жолдар мен шығаберістерге, сыртқы жеңіл түсетін конструкцияларға, түтін кетіретін құрылғыларға қойылатын талаптарды «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР сәйкес қабылдау керек.
Бір ғимаратта орналастырылатын функционалдық өрт қауіптілігі әртүрлі санатты үй-жайлар осы құрылыс нормаларының және өрт қауіпсіздігі бойынша басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қарама-қарсы тосқауылдармен бөлінуі тиіс.
40. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машиналық және аппараттық бөлімшелер үй-жайы өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
41. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машиналық және аппараттық бөлімшелер үй-жайын оларды басқа үй-жайлардан 1-ші типті өртке қарсы арақабырға және 3-ші типті аражабын арқылы ажыратумен отқа төзімділігі ІІ дәрежелі бір қабатты және көп қабатты тоңазытқыштар ғимаратының бірінші қабатында орналастыруға жол беріледі.
42. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машиналық және аппараттық бөлімшелер үй-жайына аппараттар мен сорғыларды орнату үшін ашық ойық орнатуға жол беріледі.
43. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машиналық және аппараттық бөлімшелер үй-жайында қауіпсіздік қамтамасыз етілуі және эвакуациялық шығаберістер саны көшірудің есептік уақытына сәйкес белгіленуі тиіс, олардың біреуін тікелей сыртқа орнату қарастырылуы қажет.
44. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машиналық және аппараттық бөлімшелер үй-жайларының үстіне тұрақты жұмыс орындары бар үй-жайларды, сонымен қатар әкімшілік және тұрмыстық үй-жайларды орналастыруға болмайды.
45. Машина (аппарат) бөлігінің еденін аумақтың жоспарлы белгісінен төмен тереңдетуге болмайды.
46. Өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық, оның ішінде кіріктірме ғимараттар тоңазытқыш ғимараттарынан отқа төзімділігі бойынша өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес бөлінуі тиіс.
47. Тоңазытқыштар ғимаратында жүк платформасына эвакуациялық шығатын жерлерді тікелей баспалдақ торларынан немесе көлік дәлізі арқылы орнату қажет.
48. Қоршайтын конструкциялардың отқа төзімділік шегі және өртке қауіптілік класы конструкциялар инженерлік коммуникациялармен қиылысқан кезде өзгермеуі тиіс.
49. Сыйымдылығы 200 тоннаға (бұдан әрі – т) дейінгі тоңазытқыштар үшін отқа төзімділік дәрежесі IVa (картоп, көкөністер мен жеміс-жидек сақтайтын ғимараттарды қоспағанда), ал сыйымдылығы 5000 т дейін – отқа төзімділік дәрежесі ІІІ а болуы тиіс.
50. Жабық платформалар мен шатырлар конструкциялары үшін пайдаланылатын материалдар жанбайтын материалдардан болуы қажет.
51. Ашу және жабу механизмдердің электрлі және пневматикалық жетегі бар есіктер мен қақпалар барлық жағдайларда оларды қолмен ашу құрылғыларымен қамтамасыз етілуі тиіс.
52. Кішкене қақпа мен қақпаларда табалдырық болмауы, ғимараттан шығатын бағытқа ашылуы және адамдарды көшіргенде ыңғайлы болуы тиіс.
Егер үй-жайда мүгедектерді еңбекке орналастыру қарастырылмаса, онда Заңның 20 бабы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер)талаптарына сәйкес табалдырықтар қарастыруға жол беріледі.
53. Жабық жүк платформасында сыртқа шығатын эвакуация жолдары болуы қажет, оның саны көшірудің есептік уақытымен анықталады.
54. Тоңазытқыштар ғимараттарында өртке қарсы белдіктер отқа төзімді конструкциялармен тығыз шектесуі тиіс. Оларға саңылаулар жасауға және коммуникацияларды өткізуге болмайды.
3-параграф. Ғимараттарды пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету
55. Тоңазытқыш ғимаратының аумағы атмосфералық, қар суының бөлінуін және жол алаңдарын шайып кететін жауын-шашын канализациясының суларын ескере отырып жоспарлануы қажет.
56. Тоңазытқыштар ғимараттары аумағында жолдарды, жаяу жүргінші жолдарын, жүк тиеу-түсіру платформаларына жүк көлігінің кедергісіз кіруін қарастыру қажет.
57. Негізгі ғимараттарға, қосалқы құрылыстарға және кірме жолдарға орналастырылатын тоңазытқыш аумағы көліктің еркін қозғалысымен қамтамасыз етілуі тиіс.
58. Жер телімінің аумағы жарықтандырылуы, ал бос жер телімдері көгалдандырылуы тиіс.
59. Кәсіпорын аумағында қызметкерлердің демалуына арналған аймақтар қарастырылуы қажет.
60. Тоңазытқыштар ғимаратының жер теліміне коммуникацияларды орналастыру көлік пен адамдардың қозғалысына кедергі жасамауы тиіс.
61. Тоңазытқыштар ғимараты мен үй-жайы осы құрылыс нормаларының және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес болуы тиіс.
62. Тоңазытқыш ғимаратына (салқындататын қоймаға) камералар, көлік дәліздері, жүк платформалары мен басқа да қосалқы жайлар кіреді.
63. Бір қабатты ғимараттар мен көп қабатты тоңазытқыштардың салқындататын жайлар саны және дәліздердің орналасуы төтенше жағдай кезінде қызметкерлерді көшіру талаптарын сақтай отырып белгіленеді.
64. Бірдей немесе жақын температуралық режимі бар салқындатылатын жайларды бірыңғай салқындатылған көлемге топтау қажет.
65. Функционалдық мақсаты бойынша тоңазытқыштар былай бөлінеді:
1) мұздатылған өнімдерді ұзақ уақыт сақтайтын тоңазытқыштар;
2) сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын тез бұзылатын өнімдермен қамтамасыз етуге арналған таратқыш тоңазытқыштар;
3) тамақ өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу процестерімен технологиялық байланысты тамақ өнеркәсібіндегі өндірістік тоңазытқыштар;
4) көкөністер мен жемістерді сақтауға арналған тоңазытқыштар.
66. Тоңазытқыштар жеке кәсіпорындар болуы (бөлгіш тоңазытқыштар) немесе өндірістік кешеннің құрамына кіруі мүмкін (ет комбинаты, балық комбинаты және басқа).
67. Тоңазытқыштың тоннадағы сыйымдылығы салқындатылатын үй-жайда бір мезгілде сақталатын өнімдер көлемінің ең жоғарғы санымен сипатталуы тиіс.
68. Суық шығынын үнемдеу мақсатында тоңазытқыш ғимаратының көлемдік-жоспарлық шешімі сыртқы қоршаулардың жалпы ауданының жинақылық көрсеткіштерімен бағаланатын ғимарат көлеміне ең төменгі қатынаспен сипатталуы тиіс.
69. Көлемдік-жоспарлық шешімдерін құрылыс конструкцияларына, технологиялық процестерге және жұмысшыларға дірілбелсенді жабдықпен немесе тербелістердің сыртқы көздерімен туындайтын динамикалық әсерлерді төмендету мақсатында әзірлеу қажет.
70. Тоңазытқыштар ғимараттарында мынадай қауіпсіздік сигнализацияларын қарастыру керек: қауіпсіздік (камерадағы адам), өрт және күзет. Барлық жағдайларда дабылдың тәулік бойы адамдар болатын үй-жайларға берілуін қарастыру қажет.
71. Салқындатылатын үй-жайлардың ішкі әрлеу жұмыстары зеңді зақымға ұшырау ықтималдығын болдырмайтын санитарлық ережелерге сәйкес қарастырылуы тиіс.
72. Тамақ өнімдерін сақтауға арналған қойма үй-жайлары едендерінің жабыны үшін қарамай және қарамай мастикаларын, сондай-ақ басқа экологиялық зиянды материалдарды қолдануға болмайды.
73. Салқындататын үй-жайлардағы темірбетон аражабындар тегіс төбелі болуы тиіс.
74. Тоңазытқыштар ғимараттарын талаптарға сәйкес жарықтандыру және ауаны желдету жүйесімен, сондай-ақ салқындату және жылыту жүйесімен қамтамасыз ету қажет.
75. Әкімшілік және тұрмыстық үй-жайлар басқа тоңазытқыштар ғимараттарының жайларынан бөлек болуы тиіс.
76. Жұмысшылар үшін жұмыс істеуге жарамды температурадағы жеке үй-жайлар қарастырылуы тиіс.
77. Жұмысшылар үшін қажетті қондырғылармен және жиһаздармен жабдықталған қыздыруға арналған жайларды қарастыру керек.
78. Шаруашылық-қойма үй-жайларын қарастыру қажет.
79. Шаруашылық-қойма үй-жайларында көлденең экрандары болуы тиіс сөрелерді қарастыру қажет.
80. Тоңазытқыштардың бірінші қабатында платформалармен, салқындататын және басқа үй-жайлармен байланыстыруға арналған көлік дәліздері орналасуы тиіс.
81. Машина бөліктерінде монтаждау және жөндеу жұмыстары өндірісі үшін қажетті көтергіш құрылғылары болуы тиіс. Машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсету қолайлылығы үшін арнайы сатыларды, алаңдарды, таяныштармен қоршалған қосалқы шұңқырлар салады.
82. Аппаратты бөліктен машина бөлігіне шығыстан басқа тікелей сыртқа шығатын қосымша шығысты қарастыру қажет. Егер сыртқа шығу болмаса, аппараттарды, сорғыларды және басқа жабдықтарды тікелей машина бөлігіне орналастырады.
83. Суық контурға қосымша үй-жайлар, машина және аппарат бөліктері және басқалары қосылмауы тиіс. Бұл үй-жайлар суық қойма ғимаратына жапсарлас құрылыстарда немесе жеке тұрған құрылыстарда орналасады.
84. Барлық қоршаулардың жылу оқшаулағыштары суық көпірлерін болдырмау үшін бір-бірімен өзара жалғануы тиіс.
85. Жабынды еңісті болат пішінделген төсемнен орындау керек, рулондық жабын құрылғысына жол берілмейді.
86. Мастикалық жабынды тоңазытқыштар ғимаратының жабынында еңіс болуы тиіс, көп қабатты тоңазытқыштар үшін ұйымдастырылған суағар қарастырылуы қажет.
87. Жылу және бу оқшаулау үшін және тоңазытқыштар үй-жайларының ішкі әрлеуі үшін Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген материалды ғана қолдануға болады.
88. Жылытылмайтын топырақта орналасатын салқындайтын үй-жайлардың едендерінде сыртқы қабырғалардың периметрі бойынша жылуды жіберуге кедергісі бар жылуоқшаулауы болуы тиіс.
89. Тоңазытқыштар ғимараттарын топырақтың тоңазуының алдын алу қажеттігін ескере отырып жобалау қажет.
90. Тоңазытқыштар ғимараттары салқындататын үй-жайлардың қоршайтын конструкцияларының жылу және бу оқшаулауын ескере отырып жобалануы тиіс.
91. Отқа төзімділік дәрежесі I, II және III ғимараттарда жанғыш және нашар жанатын материалдардан жасалған жылуоқшаулау қабатпен және бөліктерге өртке қарсы белдіктермен бөлінуі тиіс.
92. Жанғыш және жануы қиын материалдардан жасалған жылу оқшаулау үй-жайлар жағынан қоршайтын конструкциялардың отқа төзімділік шегін және өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес олар бойынша оттың таралу шегін қамтамасыз ететін материалдармен қорғалуы тиіс.
93. Сыртқы қоршаулар конструкциясындағы, ішкі қабырғалардағы, арақабырғалар мен аражабындардағы, едендердегі бу ену мен бу оқшаулаудың талап етілетін қарсылығы оларды қауіпсіз пайдалану талабына сәйкес келуі тиіс.
94. Салқындатылатын үй-жайлардағы температураның аралық мәндері кезінде жылу беру мен бу енудің қарсылық мәні интерполяциямен анықталуы тиіс.
4-параграф. Инженерлік жүйелерге қойылатын талаптар
95. Тоңазытқыштар ғимараты су құбыры және канализация жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
96. Тоңазытқыштар ғимараттарының салқындататын бөлігіндегі ішкі өртке қарсы су құбыры (тасымалдау дәлізі бар тоңазыту камералары) қарастырылмайды.
97. Тоңазытқыштар ғимараттарында ішкі өндірістік су құбыры желілерінің ашық төселуі қарастырылуы тиіс. Салқындатылатын үй-жайларда су құбыры желілерін төсеуге болмайды. Сумен жабдықтау өндіріс технологиясына сәйкес қарастырылуы қажет.
98. Тоңазытқыш қондырғылары үшін айналымдық сумен жабдықтау жүйесі қарастырылуы тиіс.
99. Ауа салқындатқыштағы қар суын айналымдық сумен жабдықтау жүйесінде немесе басқа технологиялық қажеттіліктерге пайдалануға болады.
100. Тұрмыстық және өндірістік ағынды сулар тұрмыстық канализацияға жеке шығарулармен бөлінуі тиіс.
101. Құралдар мен аппараттардан шығатын ағынды суларды жылыту үй-жайларында орналасқан жеке немесе топтық гидравликалық ысырмалар арқылы тұрмыстық канализацияға шығару қажет.
102. Ауа температурасы төмен үй-жайларда және жылытылмайтын үй-жайларда төселетін канализация желілері жылыту жүйесімен жабдықталуы тиіс.
103. Платформаларды жууға арналған ағын суды тұрмыстық канализацияға бұру қажет. Шығатын жерлеріне гидротығындары бар құдықтарды орнату қажет.
104. Шатыр беті кез-келген көлбеу бұрышта су жинайтын құрылғыларға еркін ағысын қамтамасыз етуі тиіс.
105. Аммиакты тоңазытқыш қондырғыларының машиналық және аппараттық үй-жайларынан шығарылатын ауаны тазалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қарастырылады.
106. Аммиакты, машиналық және аппараттық бөлімшелердегі тартпа және апаттық желдету үшін желдеткіштер мен электр қозғалтқыштарды жарылысқа қауіпсіз орындауды қарастыру қажет.
107. Ауаның сапасын бақылау мен желдеткішті қосу үшін қажетті аспаптар бар апаттық желдеткішті зиянды немесе жанатын газдардың, булардың (немесе аэрозольдардың) түсіп кетуі ықтимал үй-жайлар үшін қарастыру керек.
108. Картопты, көкөністер мен жеміс-жидектерді сақтауға арналған үй-жайлар ауаның температурасын бақылау мен тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік беретін аспаптармен және құрылғылармен, сондай-ақ салыстырмалы ылғалдылықты бақылауға арналған аспаптармен жабдықталуы тиіс.
109. Өнімдерді сақтауға арналған үй-жайларда атмосфераны бақылау мен автоматты реттеуге арналған аспаптар қарастырылуы тиіс.
110. Өнімдерді сақтауға арналған үй-жайларда қабырғалардың ішкі беттері мен төбелерде ылғалдың сұйыққа айналуына жол берілмейді.
111. Машина бөлімінде құбырларда судың қатып қалуын ескерту және қызмет көрсету бойынша тиісті жағдай жасау үшін жылыту қарастырылуы тиіс.
112. Әкімшілік-тұрмыстық, сондай-ақ адамдардың тұрақты келіп-кетуіне арналған үй-жайларды жобалаған кезде жылыту жүйесі мен тарту-сору желдеткішін қарастыру қажет.
113. Ғимаратты жылыту жүйесі жылу ағынын реттеуге арналған аспаптармен жабдықталуы тиіс.
114. Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар салқындатқыш машиналардан тоңазытқыш ғимараттарына лақтырынды ауаның түсу ықтималдығынан оқшаулануы тиіс.
115. Төмен температуралы үй-жайлар үшін ойықтың бүкіл периметрі бойынша есік қораптары арқылы оқшаулау есіктерінің жанасу беттерін жылытуды қарастыру қажет. Есік төсемінің жылу беру қарсылығы салқындатылатын үй-жайдың температуралық режиміне сәйкес келуі тиіс.
5-параграф. Қоқыстарды шығару жөніндегі талаптар
116. Қоқыс жинайтын контейнерлерді тоңазытқыштар аумағында орналастыру қажет. Контейнерлерді ғимаратқа орналастыруға жол берілмейді.
117. Қоқысты жинау үшін асфальтталған немесе бетондалған алаңда қақпақтары бар контейнерлер орналасуы тиіс.
118. Қоқыс жинағыш контейнерлер жабық камераларда немесе қоршалған алаңдарда орналасуы қажет.
119. Қоқыс жинағыш камералар мен контейнерлердің орналасуы тоңазытқыш ғимаратынан қауіпсіз қашықтықта болуы тиіс.
120. Тоңазытқыш ғимараты аумағында қоқыс жинағыш камералардың орналасуы қоқыс жинайтын машиналар үшін қолжетімді болуы қажет.
121. Қоқыс жинайтын контейнерлер көлемі тәулігіне тоңазытқышқа тасталатын қоқыстың орташа көлеміне жауап беруі тиіс.
6-параграф. Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету
122. Тоңазытқыштар ғимараттарға шектесетін аумақ халықтың жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі топтарының қозғалысын ескере отырып, жайғастырылады.
123. Тоңазытқыштар аумағында нашар көретін және зағип жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жаяу жолдарын, сондай-ақ кресло-арбаларды қолданатын жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қозғалысын жүк ағындары жолдармен қиылыстыруға жол берілмейді.
124. Тоңазытқыштар ғимаратында қозғалу мүмкіндіктері шектеулі топтар үшін жұмыс орындарын ашқан жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес талаптар қамтамасыз етілуі тиіс.
125. Машина және аппарат бөліктеріне әкімшілік және тұрмыстық үй-жайларды жапсыра салған кезде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған (қозғалу үшін кресло-арбаларды қолданатын жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі тұлғалардан басқа) мүмкіндігі шектеулі жұмысшылар үшін осы үй-жайлардың қол жетімділігін қамтамасыз етуді ескеру қажет.
126. Тоңазытқыштардың көпқабатты ғимараттарында егер мүмкіндігі шектеулі жұмысшыларға салқындату қоймаларында жұмыс орындары қарастырылған болса, олардың қозғалуы үшін жабдықталған лифтілер қарастырылуы тиіс.
127. Табалдырықтарды эвакуациялық жолдарға, сондай-ақ олар үшін салқындатылатын қоймаларға жұмыс орындарын орналастырған жағдайда, мүмкіндігі шектеулі топтардың жүру жолдарына жобалауға жол берілмейді.
128. Апаттық жарықтандырудың ашықтығы апат жағдайында мүмкіндігі шектеулі топтарды жайғастыру қиындығын болдырмауды ескере отырып қарастырылуы тиіс.
7-параграф. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар
129. Тоңазытқыштар ғимараттарын және салқындату қоймаларын жобалаған кезде антропогенді факторлардың кері әсерін азайтуға немесе толық жоюға бағытталған адам тіршілігінің барлық түрлері жататын қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастыру қажет.
130. Тоңазытқыштар ғимараттарының құрылысы, пайдалану процесінде қоршаған ортаны қорғау табиғи-климатттық жағдайларды және жобаланатын құрылыс технологиясын ескерумен, прогрессивті технологиялық және ресурстарды үнемдеуші шаралар кешенін кең түрде енгізу арқылы қол жеткізіледі.
131. Тоңазытқыштар ғимараттарын жобалаған, салған және пайдаланған кезде қоршаған ортаның қолайлы жағдайын сақтау бойынша талап етілетін шаралардың сақталуына тексеру жүргізу қажет.
132. Ғимараттарды салу және пайдалану уақытында қоршаған ортаның сау күйін сақтау мақсатында қалдықтарды орналастырудың қауіпсіз тәсілдері орындалуы тиіс.
133. Қоршаған ортаны қорғау үшін атмосфералық ауа, топырақ, су ресурстары мен ластану сапасының нормаларын сақтау жөніндегі шараларды жүргізу қажет.
134. Қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салқындату жүйелерінде Жердің озон қабатын бұзуды тудырмайтын және булану әсерінің пайда болуына алып келмейтін уытты емес, жарылыс және өртке қауіпсіз салқындату агенті қолданылады.
6-тарау. Энергия үнемдеу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
1-параграф. Энергия үнемдеу және жылу шығынын азайту
135. Тоңазытқыштар ғимараттарын жобалау, салу, реконструкциялау процесінде объектілердің ең жоғарғы энергетикалық тиімділігін қамтамасыз ететін сәулет, конструктивті және инженерлік-техникалық шешімдер қолданылуы тиіс.
136. Жылдың суық маусымында жылуды сақтау және тоңазытқыштың әкімшілік үй-жайларында ғимарат жеткілікті инсоляцияны қамтамасыз ету мақсатында жарық жағынан дұрыс бағдарлануы қажет.
137. Тоңазытқыш ғимаратын аумаққа орналастырған кезде, құрылыс кезінде, сондай-ақ одан әрі пайдалану кезінде энергетикалық тиімділікті мүмкіндігінше сақтау үшін климаттық және жергілікті шарттар назарға алынады.
138. Тоңазытқыш ғимаратының қоршайтын конструкцияларын, қасбетін жобалау және тұрғызу процесінде ғимаратта жылуды, суықты сақтау және тиімді қолдану, сонымен қатар шығынын төмендетуге арналған энергия үнемдейтін материалдарды қолдануды қарастыру қажет.
139. Электр энергиясы шығынын азайтуды қамтамасыз ету мақсатында энергия тиімділігі жоғары класты құрылғыларды қолдану қажет.
140. Тоңазытқыштар ғимараттарының энергияны тұтынуын мүмкіндігінше ең төменгі камсыздандыруды ескере отырып, салқындату, жылыту, желдету және жарықтандыру жүйелерімен тұрғызылуы және жобалануы керек.
141. Тоңазытқыштарды жобалаған кезде жылыту, салқындату, желдету және сумен жабдықтау жүйелерін қолмен реттеуді қамтамасыз ету немесе автоматтандыру қажет.
2-параграф. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
142. Тоңазытқыштар ғимараттарын жобалау, салу және пайдалану барысында табиғи ресурстарды тиімді (тұрақты) пайдалану және оларды жаңғырту үшін ресурс үнемдеуші, аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды қолдану қажет.
143. Тоңазытқыштар ғимараттарын жобалау, тұрғызу және пайдалану барысында, сондай-ақ оның аумағында табиғи ортаны қалпына келтіру жөніндегі шаралар қарастырылуы тиіс.
144. Тоңазытқыштар ғимараттарын жобалау және жабдықтау кезінде қуаттың барлық көздерін есепке алу құралдарын, сонымен қатар су ресурстарын тиімді қолдану мақсатында суық және ыстық суды жеке тұтынудың кешенді ақпараттық-өлшеуіш жүйесін міндетті орнатуды қарастыру қажет.
145. Тоңазытқыштар ғимараттарын жобалау, тұрғызу және пайдалану кезінде топырақ жабынын эрозиядан қорғау және қалпына келтіру шаралары қарастырылуы тиіс.
ӘОЖ 725.4.054 МСЖ 91.040.20
Түйінді сөздер: тоңазытқыштар, қоймалар, платформа, тиеу, бөлік, сақтау.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының
2019 жылғы __________
№ ______-нқ бұйрығына
4-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЛАРЫ
ГЕНЕРАЛЬНЫЕ ПЛАНЫ
СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫХ ПРЕДПРИЯТИЙ
ҚР ҚН 3.01-04-2019
СН РК 3.01-04-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
АЛҒЫ СӨЗ
1. ӘЗІРЛЕГЕН:
|
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
|
2. ҰСЫНҒАН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
|
3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2019 жылғы « » бұйрығымен №
2019 жылғы « » бастап
|
ПРЕДИСЛОВИЕ
1. РАЗРАБОТАН:
|
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
|
2. ПРЕДСТАВЛЕН:
|
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
|
3. УТВЕРЖДЕН
И ВВЕДЕН
В ДЕЙСТВИЕ:
|
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от « » 2019 года №
с « » 2019 года
|
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Достарыңызбен бөлісу: |