Сн рк 02-13-2019 Қазақстан Республикасы



жүктеу 1,14 Mb.
бет5/13
Дата21.12.2019
өлшемі1,14 Mb.
#24753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

4-параграф. Газгольдерлер
115. Осы бөлімнің нормаларын концентрацияларды сақтауға, араластыруға, орташаландыруға және қысымды тегістеуге, газ бөлуге арналған болат газгольдерлерді жобалаған кезде сақтау қажет.

116. Газгольдерлерді жобалаған кезде конструкцияны дайындау мен монтаждаудың ағындық әдісінің мүмкіндігін және олардың бақылау, тазалау, жөндеу, тот басудан қорғау, бояу үшін қолжетімділігін, сонымен қатар жөндеу кезеңінде газгольдерді желдету мен газын шығару мүмкіндігін қарастыру керек.

117. Газгольдерлер төмен және жоғары қысымды етіп жобаланады. Газгольдерлердің сыйымдылығын м3 қабылдау қажет.

118. Газгольдерлерді жобалаған кезде газгольдер элементтерін белгілі тәртіп бойынша бекітілген мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарға сәйкес топтарға жатқызу арқылы болат маркаларын қабылдау керек.

119. Жоғары қысымды газгольдерлердің тіректерін:

1) шарлы – тіректік немесе тұтас (цилиндрлік, конустық және тағы басқа);

2) горизонталь цилиндрлік – тоқымдық немесе тіректік;

3) вертикаль цилиндрлік – тұтас немесе тіректік етіп жобалау қажет.

Тұрақты көлем газгольдерлердің астындағы күш түсетін конструкциялардың өртке төзімділігінің шегі екі сағаттан кем болмауы тиіс.

120. Төмен қысымды (су немесе құрғақ) газгольдерлерді жобалаған кезде оларды дайындау және монтаждау барысында орау әдісін қолдануды қарастыру қажет.

121. Құрғақ газгольдерлер мен су газгольдерлердің бөлімдерінің, сонымен қатар горизонталь және вертикаль цилиндрлік газгольдердің қабықшаларының биіктігі мен диаметрі илемдік табақшалы болаттың ені мен ұзындығына еселі етіп қабылданады.

122. Шарлы газгольдердің қабықшаларын жобалаған кезде:

1) табақшалы болаттың аз ғана қалдығын қамтамасыз ететін күлте формасын қолдану;

2) қабықшаны бір марканың болатынан қолдану;

3) қабықша күлтесінің санын жұп етіп қабылдау;

4) тұрақтардың санын жұп етіп қабылдау;

5) күлте түйістерінің өңделген ернеулермен дәнекерлік қосуды қарастыру қажет.

123. Төмен қысымды газгольдерлерді есептеген кезде жүктеме және қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес жұмыс жағдайлары бойынша сенімділік коэффициенттері қабылданады.

124. Орнатылған арматураларға, аспаптар мен басқа да құралдарға қызмет көрсету үшін газгольдерлер стационарлық баспалдақтармен, алаңдармен және енінің қолданыстағы нормативтер бойынша жоспарлық шектеулері бар өтпе жолдармен қамтамасыз етілуі тиіс.

125. Күн сәулесімен қызуға ұшырайтын газгольдердің жоғарғы бөлігінің шағылыстыру коэффициенті бар түсті бояуы болуы тиіс. Газгольдерлерде ішінде сақталатын материалдардың белгілерін, сандарын және басқа да таңбаларын немесе кәсіпорынның эмблемасын орналастыруға жол беріледі.



8-тарау. Сусымалы материалдарға арналған сыйымдылық ғимараттарын жобалауға қойылатын талаптар

1-параграф. Қамбалар
126. Осы бөлімнің нормаларын сусымалы және даналы материалды сақтауға арналған ашық қамбаларды жобалаған кезде сақтау қажет.

127. Қамбаларды ғимараттарда және ашық алаңдарда тереңдетілген немесе жетүстілік, бұғатталған, көп ұяшықты етіп орналастыруға жол беріледі.

128. Жоспардағы қамбалардың ұяшықтарының өлшемдері мен қабырғаның биіктігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сай қабылданады.

129. Қамбаларды темірбетоннан жобалау керек.

130. Қамбалардың қабырғаларының материалына түсетін горизонталь қысымды тірек қабырғаларына анықтағандай тәсілмен анықтауға жол беріледі. Қамбаларда сақталатын материалдардың нормативтік сипаттары қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сай қабылданады.

131. Қамбаларды қарау, жөндеу, тазалау үшін оларды жылжымалы баспалдақтармен қамтамасыз ету қажет.

Мұнара оның жоғарғы жағына және бакқа шығу үшін болаттан жасалған сатылармен, сондай-ақ, құрылғы конструкцияларын және құбырларын тексеру мен жөндеу жұмыстары үшін алаңдармен жабдықталады. Баспалдақтар тік, жеңіл саты ретінде, оны пайдалану кезінде қауіпсіз ететін иіндері бар етіп жобаланады

2-параграф. Бункерлер
132. Бункерлер жоспарда шаршылы, тік төртбұрышты және дөңгелек болады. Бункерлерді ғимараттың ішінде орналастыруға және оның күш түсетін конструкцияларымен байланыстыруға болады.

133. Бункерді жобалау жүйелі екі кезеңнен тұрады:

1) геометриялық параметрді анықтау;

2) бункер конструкциясын есептеу мен жобалау.

134. Бункерлердің геометриялық параметрлерін анықтау байланыстыратын (ілінісі, ізіне түсетіні) және байланыстырмайтын (ілінісі, ізіне түсуі жоқ) сусынды материалдардан тұрады.

135. Бункерлерді жобалау кезінде сусымалы материалдың ағып кетуінің екі формасы бар екендігін назарға алу керек: гидравликалық – ол кезде сусымалы материал бункердің барлық көлемі бойынша қозғалыста болады және гидравликалық емес – ол кезде шығарылатын тесіктен үстінен тек орталық бөлігі ғана қозғалыста болады, ал қалған бөліктері қозғалыссыз болады.

Байланыстыратын немесе өздігінен жанатын сусымалы материалдар үшін гидравликалық ағатын формадағы бункерлер, байланыстырылмайтындарға гидравликалық емес формадағы бункерлер жобаланады.

136. Байланыстырылмайтын материалдарға арналған гидравликалық емес бункерлер үшін геометриялық параметрлерді жобалау кезінде (пирамидалық форма, конустық, жалпақ көлденең түбі бар, параболикалық және тағы басқа) тек қана бір параметрге нормаланады – шығарылым тесігінің өлшемі сусынды материалдың ең үлкен тілімі мөлшерінен анықталады.

137. Гидравликалық ағындағы байланыстыратын материалдарға арналған бункерлерді конустық, пирамидалық және науалық формада пайдалану керек. Басқа формалар (параболикалық, жалпақ түпті), сондай-ақ симметриялық емес бункерлер қолданылмайды.

138. Сусымалы материалдың бункердің қабырғасына түсіретін қысымын сусымалы материал мен бункер қабырғасының арасындағы үйкеліс күшінің есебінсіз тірек қабырғасындағыдай қабылдау қажет.

139. Бункерлердің конструкциялары бункерді толтыратын сусымалы материалдың салмағынан түсетін уақытша жүктеменің, конструкцияның өзіндік салмағынан, футеровка салмағынан болатын тұрақты жүктеменің әрекетіне, сонымен қатар бункер үстіндегі арақабырғаның тұрақты және уақытша жүктемелерінің әрекетіне есептеледі.

Қысымның бағыты сол нүктедегі қабырғаның үстіне перпендикуляр етіп қабылданады.

140. Бункерлер темірбетоннан немесе болат темірбетоннан (тегіс темірбетон тақтадан және болат қаңқадан), немесе жиналмалы-монолиттік темірбетоннан жобаланады.

141. Бункер бұрыштарының байланыс материалдарына арналған ішкі шектерін вуттармен немесе дөңгелек етіп жобалау қажет.

142. Бункерлердің ішкі беттері тозуға ұшырайтын (І және ІІ аймақтар) және тозуға ұшырамайтын (ІІ аймақ) телімдерге бөлінеді.

143. Бункерді конструкцияның үстіңгі жағын тез тоздыруға қабілетті қатты ірі кесекті немесе абразивтік материалдармен толтырған кезде арнайы қорғайтын қаптау-футерлеуді қолдану керек, бұл үшін болаттан жасалған тақтайшалар, тақталар, болаттан жасалған торларды және тағы басқаны жиі қолдануға болады.

Бункерлердің бір бөлігін қысаң ететін құйғыштарды (ілінетін бункерлер), сонымен қатар сусынды материалдың механикалық, химиялық және температуралық әрекетіне ұшырайтын және темірбетоннан жасалмайтын бункерлер қолданылады.

Сусымалы материалдың қажалатын әсер етуінің, жоғары температурасы мен химиялық агрессияларының үйлесімі кезінде бункердің ішкі бетін қож-тасты құймадан жасалған тақтайшалармен, тозуға төзімді және ыстыққа төзімді бетонмен (жіктерін қышқылға төзімді және ыстыққа төзімді құраммен толтыру арқылы), сонымен қатар жеке жағдайларда болаттың тиісті түрлерінен (термикаға төзімді және басқа) жасалған тақтайшалармен қорғау қажет.

144. Бункерлерді басқыншылықты және газды ортада пайдалануға берген кезде олардың сыртқы беттерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес тот басудан қорғау керек.

145. Бункерлерді жобалаған кезде жылынбайтын үй-жайларда орналасқан дымқыл сусымалы материалдар үшін бункердегі материалдың қатып қалмауы мақсатында бункер қабырғасын тиісті түрде жылытуды қарастыру қажет.

146. Қыздырылған немесе қатқан күйде түсетін байланыс материалдарына арналған бункерлерді жобалаған кезде қыздырылған материал кезінде су буларының конденсациясын, сонымен қатар қабырғаларға қатқан материалдың қатып қалуын болдырмайтын жылу-техникалық есепке сәйкес бункерлердің қабырғаларын жылумен оқшаулауды қарастыру қажет.

147. Бункерлердің жапқыштарында темір қақпағы бар люктерді орналастыру керек. Бункердің бетінде көтерме-көліктік құрылғылар болуы, ал ішінде төменге қарай қар суын немесе басқа да монтаждық құралдарды бекітетін ілмектері болуы тиіс.

148. Бункердің ішіне адамның түсу қажеттілігі болмау үшін бункерлер қабырғаларды механикалық тазалауға және жабысып қалған сусымалы материалды жоюға арналған құралдармен жарақтандырылуы тиіс.

3-параграф. Сусымалы материалдарды сақтауға арналған сүрлемдер мен сүрлемдік корпустар
149. Сүрлемдік қоймалар жеке сүрлем немесе сүрлемдік корпусқа біріккен сүрлем топтары түрінде болып шешілуі мүмкін.

Сүрлемдердің формасы, олардың мөлшерлері, жоспарда орналасуы және саны техника-экономикалық салыстыру нәтижелерінен және сәулет-композициялық талаптарынан шыға, технологиялық процестің талаптарына, сондай-ақ топырақтық және температуралық жағдайларға сәйкес анықталады.

Астықты және оны өңдеген кезде алған азықтарды сақтауға арналған сүрлемдер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сай жобаланады.

150. Сүрлемдер сипаты және іргетасқа тірелуі бойынша сүрлем астылық қабатсыз және сүрлем астылық қабатты болып екі негізгі топқа бөлінеді.

151. Сүрлемдік корпустарды жобалаған кезде техника-экономикалық мақсатқа сәйкестіктен және құрылыстың нақты жағдайларына байланысты монолиттік темірбетонды (индустриалдық әдіс арқылы соққанда) немесе жиналмалы темірбетонды (біріздендірілген бұйымдардан) пайдалануды қарастыру қажет.

Темірбетон сыйымдылықтарда сақтауға болмайтын сусымалы материалдарға арналған болат сүрлемдерді, сонымен қатар болат инвентарлық және оперативтік сүрлемдерді қолдануға жол беріледі.

152. Сүрлемдердің қабырғаларын болаттан жобалаған кезде табақшалар мен үлкен өлшемді бауларды, орау әдісін, дайындамаларды «қуыс» түрінде дайындауды, монтажда орындалатын дәнекерлік жіктердің минималдық санымен автоматты түрде дәнекерлеуді, сонымен қатар басқа да алдыңғы қатарлы әдістерді қолдану жолы арқылы оларды дайындау мен монтаждаудың индустриалдық әдістерін қарастыру қажет.

153. Жобаларда жиналмалы элементтердің түйістерін атмосфералық шөгінділердің енуінен және ұсақ дисперстік сақталатын материалдардың шаңдануынан қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар қарастырылуы тиіс.

154. Сүрлемдердің қабырғалары мен түптерінің ішкі беттерінің шығыңқы горизонталь қабырғалары мен құламалары болмауы керек.

155. Сүрлемдердің түбі сүрлемнің және сақталатын материалдың диаметріне байланысты болаттан жасалған жартылай құйғыш және бетоннан жасалған құбыр немесе сүрлемнің барлық қиысуына темірбетон немесе болаттан жасалған құйғыш түрінде жобаланады.

156. Абразивтік және кесектік материалдарға арналған сүрлемдердің қабырғалары мен түптерін жүктеген кезде қажалу мен қираудан қорғау қажет.

Сүрлемдердің қабырғалары мен түптерін қорғауға арналған материал сақталатын материалдың физика-механикалық қасиеттеріне байланысты таңдалады. Сондай-ақ сүрлемдерді жобалаған кезде сақталатын материал мен ауа ортасының химиялық басқыншылығы да ескеріледі.

157. Сүрлемдерді жүктеу кезінде сүрлем үстінен жабылатын құбыр өткізгіш контейнерлік пневматикалық көлікті қолданған кезде сүрлемдерде артық қысымның пайда болуына кедергі келтіретін алдын-ала сақтайтын қақпақты қарастыру қажет.

158. Сүрлем үстілік жапқыштарды жиналмалы темірбетон немесе болаттан жасалған арқалық бойынша жиналмалы темірбетон тақтаны, сондай-ақ болат арқалықтар бойынша кескінделген төсеу тақтайшаларын қолданып жобалау керек. Қабырғалары болаттан жасалған сүрлемдерге болаттан жасалған жапқыштар қолданылады

159. Сүрлем үстілік үй-жай болмаған кезде бөлек тұрған дөңгелек сүрлемдердің, сонымен қатар диаметрі 12 м асатын сүрлемдердердің жабындарын қабықша түрінде жобалауға жол беріледі.

160. Сүрлем үстілік үй-жайлар мен конвейерлік галереяларды жанбайтын материалдардан жасалған жеңілдетілген қабырғалық қоршауларды қолданып жобалау керек. Жиналмалы темірбетон конструкцияларды да қолдануға жол беріледі.

161. Жылынбайтын сүрлем үстілік үй-жайлардың ішкі қабырғалары темірбетон жиналмалы панельдерді қолдана отырып жобаланады.

162. Сүрлемдер арасындағы немесе сүрлемдік корпустар арасындағы қосылатын галереяларды жобалаған кезде сүрлемдердің немесе тегіс емес шөгуден және жантаюдан пайда болған сүрлемдік корпустардың қатысты орын ауысуын ескеру керек.

163. Бөлек тұрған сүрлемдер мен сүрлемдік корпустардың іргетастары монолиттік темірбетон арқалығы жоқ тақтайшалар түрінде жобаланады. Жартасты және ірі кесекті топырақтарда жеке тұрған, баулық немесе сақиналық, монолиттік немесе жиналмалы іргетастарды қабылдауға жол беріледі.

164. Сүрлемдердің конструкцияларын белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүктемелер мен әсер етуге есептеу қажет.

Сонымен қатар сүрлемдерді есептеген кезде:

1) сусымалы материалдардың салмағынан, горизонталь қысымның бөлігі мен сусымалы материалдардың сүрлемдердің қабырғасына үйкелуінен, технологиялық жабдықтың салмағынан, бетонның отыруы мен жылжуынан, жантаю мен тегіс емес шөгуден болатын – уақытша ұзақ;

2) жиналмалы конструкцияларды дайындаған, тасыған және монтаждаған кезде, сыртқы ауаның температурасы өзгерген кезде, сусымалы материалдардың горизонталь тегіс емес бөлігінен, сүрлемге айдалып келетін ауаның қысымынан, белсенді желдету мен гомогенизация кезінде пайда болатын – қысқа уақытты;

3) жарылыс кезінде дамитын қысымнан болатын – ерекше жүктемелер мен әсер етулер ескерілуі тиіс.

165. Диаметрі 12 м дейінгі дөңгелек сүрлемдердің, шаршы және көпшекті сүрлемдердің қабырғаларын беріктіліктен басқа шыдамдылыққа есептеу керек.

166. Ыстық сусымалы (бетонмен байланыстағы температурасы 100 °С асатын) материал салынатын сүрлемдер температураның қысқа уақытты және ұзақ әрекетінің есебімен бірінші және екінші топтардың шекті жағдайы бойынша есептеледі.

167. Дөңгелек сүрлемдерді осьтік созуға есептеу қажет.

168. Дөңгелек сүрлемдердің қабырғаларын орталық созуға есептеген кезде бетонның жұмысы ескерілмейді. Шаршы және көпшекті сүрлемдердің қабырғаларын орталықтан тыс созуға есептеу керек.

169. Болат дөңгелек сүрлемдердің қабырғалары темірбетон дөңгелек сүрлемдердің қабырғалары сияқты жүктемелердің үйлесімділігіне есептелінеді.

170. Сусымалы материалды симметриялық жүктеу және түсіру кезінде болат сүрлемдердің қабырғалары беріктілікке тексеріледі.

171. Сусымалы материалды симметриялық емес жүктеу немесе түсіру жағдайында сақиналық майысатын сәттерді қабылдамайтын болат дөңгелек сүрлемдердің қабырғалары тұрақтылық пен беріктілікке тексеріледі.

172. Монолиттік темірбетон сүрлемдердің қабырғаларын В15 кем емес кластың бетонынан, қабырғаның жиналмалы темірбетон элементтерін – В25 кем емес кластың бетонынан жобалау қажет.

173. Көрші корпустардың әсерінің болмауы шартында жалпы іргетастық тақтайшадағы қатты бұғатталған сүрлемдердің түріндегі корпустардың іргетастарының кренін анықтаған кезде топырақ деформациясының жоғарыланған модулі ескеріледі.

174. Іргетастың табанының астындағы топыраққа түсетін қысымды анықтаған кезде сүрлемдерді сусымалы материалдармен толық жүктеу жағдайын да, жүк түсіру жағдайын да ескеру қажет.

175. Сүрлем астылық қабаттың бағандарын сүрлем түбіндегі нақты қысылудың есебімен іргетасқа қаланған тіректердің схемасы бойынша есептеу керек.

176. Шаңы сүрлемдерді тиеу немесе түсіру кезінде жарылыс қауіпті концентрацияларды тудыруы мүмкін сусымалы материалдарға арналған сүрлемдерді жобалаған кезде жарылыстың пайда болуын жоққа шығаратын, сонымен қатар электр-статикалық разрядтардың пайда болуынан сақтайтын шаралар қарастырылады.



4-параграф. Кокс химиялық зауыттарының көмір мұнаралары
177. Осы бөлімнің нормаларын көмір шихтасын кокстау және оны кокстық пештерге бөлуге арналған жүк салатын вагондарға жүктеу алдында аккумуляциялауға арналған кокстық-химиялық зауыттардың көмір мұнараларын жобалау кезінде сақтау қажет.

178. Көмір мұнараларының көлемдік-жоспарлық шешімдері мен олардың габариттік мөлшері кокс батареяларымен ұтымды тұтасуын және құрылыс тапсырмасына сәйкес келетін жылжымалы технологиялық жабдықпен қатар орналасуын (коксты ығыстырып шығаратын алмалы есік машиналарымен, сөндіруші және тиеу вагондармен) қамтамасыз етуі керек.

179. Бір кәсіпорын үшін бірнеше көмір мұнараларын жобалаған кезде олардың конфигурациясы мен көлденең қимасының мөлшері біріздендірілген болуы тиіс.

180. Көмір мұнараларының габариттері жоспарлық модульге еселі қылып қабылданады.

181. Негізгі мақсаттың технологиялық жабдығынан бос көмір мұнарасының төменгі аймағының көлемдерін қосалқы үй-жайларды: электр орындарын, желдеткіш қондырғыларды, БӨА үй-жайларын, кокстық блоктың қызметтік-тұрмыстық үй-жайларын және тағы басқаны орналастыру үшін пайдалануға жол беріледі.

182. Көмір мұнарасының тесіп өтетін бөлігіндегі ішкі габариттердің қауіпсіздік ережелері талап ететін жоспарлық шектеулері болуы тиіс.

183. Көмір мұнарасының сұйықтық үстілік бөлігінің өлшемдері шихтаны сұйықтықтық бөліктің ұяшықтары бойынша таратуға арналған жабдықты орналастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

184. Көмір мұнаралары мен олардың элементтерін есептеген кезде конструкцияның өзіндік салмағы, стационарлық жабдық пен жүк тиейтін вагоннан болатын жүктемелер, сыйымдықты толтыратын материалдың қысымы, жел жүктемесі, топырақтың қысымы, жанасқан конструкциялардан берілетін жүктемелер ескерілеуі тиіс.

Қажет болған жағдайда ерекше жүктемелер мен әсер етулер (сейсмикалық әсер ету, тау өңдемелерінің ықпал етуі және тағы басқа) ескеріледі.

185. Сыйымдылық бөлігінің қабырғаларының майысуы өлшемдермен шектелген.

186. Толтыратын материалдың сыйымдылық бөлігінің қабырғаларына есептік горизонталь қысымын тікбұрышты силос немесе бункер үшін геометриялық өлшемдердің қатынасына байланысты анықтау қажет.

187. Сыйымдылық бөлігінің қабырғаларын есептеген кезде жүктемелердің төмендегідей үйлесімдері қарастырылады:

1) сыйымдылықтың барлығы толтырылған, қабырғалардың біреуіне желдетілген вертикаль бет сияқты желдің бұрыс қысымы әрекет етеді;

2) сыйымдылықтар толтырылмаған, қабырғаға желдетілген вертикаль бет сияқты желдің дұрыс қысымы әрекет етеді;

3) сыйымдылықтың біреуі (ішкі көлденең қабырғаны есептеу үшін) толтырылған.

188. Көмір мұнарасын физикалық жүйенің есебімен кеңістіктік жүйе ретінде, ал жүк тиейтін вагонның жүретін аймағындағы қабырға – және оның геометриялық сызықсыздық үшін (конструкция үшін вертикальдан құрылыс нормалары және жұмыс өндірісінің ережелері рұқсат ететін тиімсіз шектің есебімен деформацияланған схема бойынша) есептеу керек.

189. Көмір мұнараларында сыйымдылық үсті бөлігіне дейінгі жүк-жолаушы тасымалдайтын лифті қарастырылады.

9-тарау. Жерүстілік ғимараттарды жобалауға қойылатын талаптар

1-параграф. Этажеркалар мен алаңдар
190. Осы бөлімнің нормаларын ғимараттың сыртындағы және ішінде орналасқан технологиялық жабдықты сүйеуге және құбырларды орналастыруға арналған этажеркаларды, сонымен қатар жабдыққа қызмет көрсету мен жөндеуге керекті материалдарды орналастыруға арналған алаңшаларды жобалау кезінде сақтау қажет.

191. Этажеркалар мен алаңша конструкциялары (бағандар, арқалар, жапқыштар) жиналмалы темірбетоннан, болаттан жасалған пішіннен, табақтардан және кескінделген төсегіштен жобаланады.

Бес жылдан сирек өзгеріп отыратын технологиялық процестердің өндірісі кезінде этажерка конструкциясы болаттан жобаланады.

192. Ішінде олардың элементтерін бетондау талап етілетін болат этажеркаларда бетон қаңқамен бірлескен жұмысқа қосылуы тиіс.

193. Діріл тудыратын жабдықты орналастыратын этажеркалар ғимарат қаңқасымен қосылмауы керек, ал олардың жабдықтарын дірілоқшаулағыштарға орнату қажет.

194. Сыртқы этажеркаларды белгілі тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттардың талаптарына сай қосымша талаптардың есебімен қар және жел жүктемесіне есептеу керек: жоғарғы яруста қар жүктемесін толығымен, ал аралық ярустарда екі есе аз ескеру. Жел жүктемесі желдің жабдыққа әсер етуінің есебінен қабылданады.

195. Алаңша мен баспалдақтардың тірегін, діріл көзі болып табылатын жабдықтан басқа, күш түсетін қабілеттігі мен конструктивтік шешім бойынша қолжетімді болса, тікелей сол жабдықта қарастыру қажет.

196. Этажеркалар мен алаңдардың, арақабырғалардағы ашық ойықтардың, баспалдақтар мен баспалдақ алаңдарының (оның ішінде бағандық аппараттағы алаңдардың) сыртқы периметрі бойынша қоршауды қарастыру керек.



2-параграф. Ашық крандық эстакадалар
197. Осы бөлімнің нормалары ашық ауада орналасуы және тіректі көпір крандары түріндегі көтеру-көліктік жабдықты талап етуі мүмкін қоймалар мен өндірістерге қызмет етуге арналған ашық крандық эстакадаларды жобалау кезінде сақталуы тиіс.

198. Ашық крандық эстакадалар көпірлік электрлік тірек және белгілі тәртіпте бекітілген мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттар мен машина жасайтын зауыттардың техникалық шарттары бойынша әзірленетін арнайы (магниттік, грейферлік, магниттік-грейферлік) крандармен жабдықталуына рұқсат беріледі.

Ескертпе* – Крандардың жұмыс тәртібі қолданыстағы нормативтік құжаттар бойынша белгіленеді.

199. Ашық кранды эстакадаларды бір аралықты және көп аралықты етіп жобалау қажет.

200. Крандық эстакаданың алаңында эстакаданың бойына және маңайына автомобиль және темір жолдарын төсеуге жол беріледі.

201. Ашық крандық эстакадаларды еркін тұрған (көлденең бағытта) бағандармен жобалау қажет.

202. Іргенің типі белгілі тәртіп бойынша бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес есептер бойынша эстакада алаңының нақты шарттарынан таңдалады.

Бағандардың горизонталь шекті майысулары мен крандық жүктемеден болатын тежегіштік майысу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптары бойынша қабылданады.

203. Ашық кранастылық эстакадалардың іргетастарын бір қабатты тұтас өндірістік ғимараттардың іргетастарына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес темірбетонды монолиттік немесе жиналмалы етіп жобалау қажет.

Көлбеу бағыттағы эстакаданың тұрақтылығы кранастылық арқалықтармен және әрбір температуралық бұғатта орналатылатын тік байланыстармен қамтамасыз етіледі.

204. Тежегіштік конструкцияларды, кранастылық арқалықтардағы соңғы тіректерді, бағандар бойынша вертикаль байланыстарды, крандық габариттік үстіндегі көлденең кермелерді, алаңдар мен баспалдақтарды болаттан жобалау қажет.

205. Ашық крандық эстакаданың алаңының жабыны (еденін) технологиялық талаптардың және белгілі тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес пайдалануға беру шарттарының есебімен таңдалады.

206. Ашық крандық эстакадаларға түсетін жүктемелерді жүру галереяларына адамдардың және жөндеу материалдарының салмағынан түсетін нормативтік вертикаль жүктемелердің есебімен белгілі тәртіпте бекітілген мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес анықтау қажет.

207. Ашық крандық эстакадалардың іргетастарының астындағы іргелер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес бірінші және екінші топтардың шекті жағдайлары бойынша кран көпірінің жазығында әрекет ететін жүктемелерге есептеледі.

Іргетас астындағы топыраққа түсетін шеткі қысымды қолданыстағы нормалардың талаптары бойынша қабылдау керек.

208. Ашық крандық эстакаданың жанасқан бағандарының іргелерінің деформацияларын қолданыстағы нормалардың талаптарына сәйкес қабылдау қажет.

209. Конструкция элементтерінің майысуы мен орын ауысулары қолданыстағы нормалардың белгіленген параметрлердің шегінен аспауы тиіс.

210. Кранастылық жолдардың бойында бағандардың әрбір бойлық қатары бойынша қызмет көрсетуші қызметкер үшін өтпе жолдарды қарастыру керек.

Бағандардың шеткі қатарлары бойынша сүйенетін қоршауларды тек сыртқы жақтан ғана, ал ортаңғы қатарлар бойынша – екі жақтан, кранға шығатын шешілетін телімнің бағандарының әрбір қадамына орналастыру арқылы орнату қажет.

Барша ұзындық пен ен бойынша кранастылық арқалықтардың жоғарғы белдігіне тығыз келетін төсемдер қарастырылады.

211. Эстакаданың әрбір аралығы қолданыстағы технологиялық нормалардың талаптарына сәйкес отырғызатын және жөндейтін алаңдармен және эстакадаға көтерілуге арналған баспалдақтармен жабдықталуы тиіс.

212. Кранастылық жолдар мен отырғызу алаңының бойындағы әрбір өтпеге қолданыстағы технологиялық нормалардың талаптарына сәйкес өлшемдері бар тұрақты болат баспалдақтар жобалануы тиіс. Баспалдақтың санын анықтаған кезде отырғызу, жөндеу және басқа алаңдардың баспалдақтары ескеріледі.



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау