82. Өртке қарсы қауіпсіздік өрттің алдын алу, ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы жағдайын жақсарту, өндірістік процестерде өрт қаупін төмендету бойынша іс-шаралардың кешенін құрайды.
83. Құрылыс өндірісіндегі, құрылыс материалдарының өнеркәсібі мен құрылыстық индустриядағы жұмыстарды ұйымдастыру және орындау кезіндегі өртке қарсы қауіпсіздік өрт-жарылыс қауіпсіздігінің, қоршаған табиғи ортаның зиянды заттар қалдықтарымен ластануын ескерту шараларынан тұруы қажет.
84. Өндірістік процестердің өрт қауіпсіздігі технологиялық процестердің өрт-жарылыс қауіпсіздігіне бағытталған технологиялық жұмыстарды жобалау, ұйымдастыру және тексеру процесінде қамтамасыз етілуі тиіс.
Апаттың, жанудың, өрттің және жарылыстардың болмауы өрт қауіпсіздігінің тиімділігінің критерийіне жатады.
85. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар өрт инвентарі мен басқа да өртке қарсы құралдармен жабдықталады.
86. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес өрт инвентарі мен өрт сөндірудің алғашқы құралдарының орналасуы өртті қадағалау қызметімен келісілу тиіс.
87. Уәкілетті органдарымен жарылыс-өрт қауіпсіздігі мен улылығына сертификатталған қолданыстағы материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен құрылыс машиналары мен механизмдерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет. Тиімді дыбыстық немесе жарықтық сигнализация қамтамасыз етіледі. Құрылыста пайдаланылатын инвентарлық құрылғылар мен монтаждық жабдықтар өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап берулері тиіс.
88. Жұмыстар жүргізу кезінде жарылыс-қауіпті және уытты қасиеттері бар полимерлік материалдар мен бұйымдарды белгіленген тәртіпте бекітілген, оларды қолдану бойынша нұсқаулықтармен таныспай, пайдалануға тиым салынады.
Полимерлік материалдар мен олардан жасалған бұйымдар денсаулық сақтау істері жөніндегі уәкілетті органдардың рұқсаттарымен ғана, сондай-ақ материалдың өрт қауіптілік көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарының талаптарына сай болған кезде қолдануға рұқсат етіледі.
6.8 Машиналарды, көлік құралдарын, өндірістік жабдықтарды, механизация құралдарын техникалық қызмет көрсету мен ағымды жөндеу кезіндегі жұмыс орындарын түзету құралдарының, аспаптардың, инвентардың, жүк көтеретін аспаптардың жиынтығымен және «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы ережелер» ТР 17-Қосымшаға, және Заңның 20 бабы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен жабдықталуы керек.
6.9 Өндірістік аумақтарда ықтимал өрттерді сөндіру үшін сыртқы және ішкі сумен жабдықтау көздері болу керек.
Өндірістік аумақта ғимараттар мен құрылыстарға өрт техникаларының, құтқарушы және медициналық қызметтердің техникалық құралдарының барлық жақтардан бөгетсіз жетулерін қамтамасыз ететін өтпелері, жолдары және подъездері болуы керек.
ӘӨЖ 69.331.45 МСЖ 91.040
Негізгі сөздер: еңбекті қорғау, еңбек жағдайлары, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, қауіпті өндірістік фактор, қауіпті аумақ, зиянды өндірістік фактор, жұмысшылардың жеке және ұжымдық қорғау құралдары, өндірістік жабдықтары мен өндірістік процестердің қауіпсіздігі, қауіпсіздіктің белгілері мен түстері, тас төсеу құралдары.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының
2019 жылғы __________
№ ______-нқ бұйрығына
2-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАР ҒИМАРАТТАРЫ
СООРУЖЕНИЯ ПРОМЫШЛЕННЫХ ПРЕДПРИЯТИЙ
ҚР ҚН 3.02-28-2019
СН РК 3.02-28-2019
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
АЛҒЫ СӨЗ
1. ӘЗІРЛЕГЕН:
|
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ
|
2. ҰСЫНҒАН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
|
3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2019 жылғы « » бұйрығымен №
2019 жылғы « » бастап
|
ПРЕДИСЛОВИЕ
1. РАЗРАБОТАН:
|
АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»
|
2. ПРЕДСТАВЛЕН:
|
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
|
3. УТВЕРЖДЕН
И ВВЕДЕН
В ДЕЙСТВИЕ:
|
Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от « » 2019 года №
с « » 2019 года
|
Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.
Достарыңызбен бөлісу: |