Сн рк 02-13-2019 Қазақстан Республикасы



жүктеу 1,14 Mb.
бет3/13
Дата21.12.2019
өлшемі1,14 Mb.
#24753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Мазмұны


1-тарау.

Қолдану саласы




2-тарау.

Нормативтік сілтемелер




3-тарау.

Терминдер мен анықтамалар




4-тарау.

Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары




1-параграф.

Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты




2-параграф.

Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары




5-тарау .

Өндірістік ғимараттарды жобалауға қойылатын талаптар




6-тарау.

Жерастылық ғимараттарды жобалауға қойылатын талаптар




1-параграф.

Тіреуіш қабырғалар




2-параграф.

Жертөлелер




3-параграф.

Туннельдер мен арналар




4-параграф.

Ысырмалы құдықтар




7-тарау.

Сұйықтықтар мен газдарға арналған сыйымдылық ғимараттарын жобалауға қойылатын талаптар




1-параграф.

Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарлар




2-параграф.

Болат резервуарлар




3-параграф.

Темірбетон резервуарлар




4-параграф.

Газгольдерлер




8-тарау.

Сусымалы материалдарға арналған сыйымдылық ғимараттарын жобалауға қойылатын талаптар




1-параграф.

Қамбалар




2-параграф.

Бункерлер




3-параграф.

Сусымалы материалдарды сақтауға арналған сүрлемдер мен сүрлемдік корпустар




4-параграф.

Кокс химиялық зауыттарының көмір мұнаралары




9-тарау.

Жерүстілік ғимараттарды жобалауға қойылатын талаптар




1-параграф.

Этажеркалар мен алаңдар




2-параграф.

Ашық крандық эстакадалар




3-параграф.

Жеке тұрған тіректер мен технологиялық құбыр жолдарына арналған эстакадалар




4-параграф.

Галереялар мен эстакадалар




5-параграф.

Конвейерлік және жаяу жүргінші галереялары мен эстакадалар




6-параграф.

Шоғырсымдық және аралас галереялар мен эстакадалар




7-параграф.

Жүк түсіретін темір жол эстакадалары




10-тарау.

Биік ғимараттарды жобалауға қойылатын талаптар




1-параграф.

Градирнялар




2-параграф.

Желдеткіш градирнялар




3-параграф.

Мұнаралық градирнялар




4-параграф.

Пайдалы қазбалар өңдеу кәсіпорындарының мұнаралық копралары




5-параграф.

Түтін мұржалары




6-параграф.

Кірпіш түтін мұржалары




7-параграф.

Жиналмалы темірбетон түтін мұржалары




8-параграф.

Болат түтін мұржалары




9-параграф.

Соратын мұнаралар




10-параграф.

Су айдайтын мұнаралар




11-тарау.

Халықтың қимылы шектеулі тобына қолжетімділікті қамтамасыз ету




12-тарау.

Төтенше жағдайлардың алдын-алуға қойылатын талаптар




13-тарау.

Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАР ҒИМАРАТТАРЫ
СООРУЖЕНИЯ ПРОМЫШЛЕННЫХ ПРЕДПРИЯТИЙ




Қолданысқа

енгізілген күні


2019-ХХ-ХХ



1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы құрылыс нормалары өнеркәсіптік кәсіпорын ғимараттарын жобалау, жаңадан құрылысын салу, реконструкциялау және оларды Қазақстан Республикасы аумағында пайдалануға беру кезінде қолдануға арналған.

2. Қазақстан Республикасының осы құрылыс нормалары өндірістік ғимараттарды, сонымен қатар заттарды, материалдарды, өнімдерді және шикізаттарды (жүктерді) сақтауға арналған, функционалдық өрт қаупінің Ф5.2 класының, оның ішінде функционалдық өрт қаупінің басқа ғимараттарына кірістірілген қоймалық ғимараттар мен үй-жайларды соғу мен пайдалануға берудің барлық кезеңдерінде сақталуы тиіс.

3. Осы құрылыс нормалары жарылыс заттары мен жарылыс құралдарын өндіру және сақтауға арналған ғимараттар мен үй-жайларға, әскери мақсаттағы, метрополитендердің жерастылық ғимараттарына, тау өңдеулеріне, құрғақ минералдық тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын, жарылатын, радиобелсенді және қатты әрекет ететін улы заттарды, жанатын газдарды, 70 кПа асатын қысым астындағы ыдыстардағы жанбайтын газдарды, каучукты, целлулоидті, жанатын пластмассалар мен киноүлдірді, цементті, мақтаны, ұнды, жемдерді, аң терісін, тері және тері бұйымдарын, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған қоймалық ғимараттар мен құрылыстарға таралмайды.
2-тарау. Сілтемелік құжаттар
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі (бұдан әрі – Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс);

«Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11124 болып тіркелген) (бұдан әрі – «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары);

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);

«Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЭҚҚ);

Ескертпе* - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.

3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:

1) алаң – ғимараттың ішінде немесе одан тыс, өзіндік тіректерге, ғимараттың конструкцияларына немесе жабдыққа тірелетін және жабықты орнатуға, қызмет көрсетуге немесе жөндеуге арналған бір ярустық (қабырғасыз) ғимарат;

2) арна – байланысты ұйымдастыру, қандай да бір затты жіберу немесе ауыстыру үшін арналған, созылған, жасанды шек қойылған кеңістік;

3) биік стеллаждық сақтау – қоймалау биіктігі 5,5 м асатын стеллажда сақтау;

4) бункер – уақытша сақтауға және еспе материалдардың артық мөлшерде тиеуіне арналған, жоспарда енжарман минималды шамасынан аспайтын тік бөліктің биіктігі бар, өздігінен жүк түсіретін кеңдік құрылысы. Бункерлер отынның, шикізаттың, жартылай фабрикаттардың немесе дайын өнімдердің жіберілу мен таратылуының әртүрлілігін теңгереді;

5) газгольдер – газды бөлу газ құбыр жолдарына қабылдауға, сақтауға және шығаруға немесе оларды қайта өңдеу мен қолдану үшін орнатуға арналған тұрақты имарат. Сақталатын газдардың артық қысымына байланысты газгольдерлер тұрақты және ауыспалы көлемде орындалады;

6) градирня – су энергетикалық және өндірістік агрегатан көп мөлшердегі жылуды бұрып беретін құрал болып табылатын және айналымдық су жабдықтау жүйесінде суды салқындатуға арналған құрылғы. Салқындату қағидаты градирнядан өтетін су жұқа немесе тамшылы қабықшаға бөлінуден тұрады, соның арқасында салқындатудың беті артады және ауамен желдетіледі;

7) ғимарат – біріншіден техникалық процестердiң массасына қызмет көрсететін құрылыс конструкцияларының жерүстiлік, жер бетiндегі немесе жерастылық жүйесі;

8) ғимараттың инженерлік жабдығы – газ, электр қуатының жіберілуі мен сұйықтықты бұрумен қамтамасыз ететін құрал, аппарат, машина және байланыстардың жүйесі (су жүргізетін, газ өткізетін, жылытатын, электрлік, кәріздік, желдеткіш жабдықтар);

9) докшелтер – қойма үй-жайының қабырғасы және көлік құралы қорабының арасындағы ойылған орынның герметизация жүйесі;

10) желдеткіш градирня – ауаның күші тартатын және соратын желдеткіштен пайда болады;

11) конвейерлік галерея – әдетте, ғимараттар арасында орналасқан, көбіне үлкен ұзындықты, жерүстілік горизонталь немесе еңісті көпірлік типтес болып келетін имарат.

Галереялар аралық құрылыстар мен тіреулерден тұрады. Аралық құрылыстың ішінде еспе материалдарын тасымалдау үшін баулық конвейер орналасады. Аралық құрылыста, керектілігіне қарай, әртүрлі мақсаттағы технологиялық байланыстар да орналасуы мүмкін.

12) көмір мұнарасы – көмір шихтасын кокстау алдында аккумуляциялауға және оны кокстық пештерге бөлу үшін жүк вагондарына тиеуге арналған ғимарат;

13) қамба – астықты, ұнды және басқа да сусымалы (бор, әк, минералдық тыңайтқыштар және тағы басқа) және даналық материалдарды сақтауға арналған ағаш жәшік түріндегі астық қоймасында, қамбадағы немесе қоймадағы қоршалған бөлім;

14) мұнаралық градирня – ауаның табиғи күші соратын мұнараның арқасында пайда болады;

15) мұнаралық копралар – терең шахта діңгегінің аузынан салынатын тұрақты ғимарат (әдетте 500 м жоғары). Мұнаралық копра діңгектің көтергіш түтікшелердің (клетейдің және скиптің) қозғалысын қамтамасыз ететін көтергіш машинаны, электрлік және басқа жабдықтарды орналастыруға арналған. Мұнаралық копралар монолиттік темірбетоннан, жиналмалы темірбетоннан, металл, аралас құрылыс түзілістерінен салынады;

16) платформа – белгіленген рампаға ұқсас ғимарат. Рампамен салыстырғанда екі жақты етіп жобаланады: бір жағынан теміржол жолын жағалай, ал қарама-қарсы жағынан автоподъезді жағалай орналасады;

17) рампа – жүк тиеу-жүк түсіру жұмыстары өндірісіне арналған ғимараттар. Рампа бір жағынан қойма қабырғасына жалғасқан, екінші жағынан теміржолды (теміржолды рампа) жағалай немесе автоподъезде (автокөліктік рампа) орналасқан. Рампа қойманың ішінде орналасуы мүмкін. Рампаның еден дәрежесіндегі биіктігі көлік түрімен анықталады;

18) соратын мұнара – атмосфераның жоғарғы қабатында тазалаудан кейін зиянды заттардың құрамын сақтайтын өндірістің қалдықтарын және күш шығаруға арналған арнайы биік ғимарат;

19) сүрлем – жоспарда енжарма диаметрінің үлкендігін немесе кіші мөлшерден асатын, көп жағдайда цилиндрлік тік бөліктің биіктігі бар, өздігінен жүк түсіретін кеңдік ғимарат; негізінде ұзақ уақыттық сақтау және сусымалы материалдарды артық мөлшерде тиеуге арналған корпуста топталады. Әдетте, сүрлемдер жиналмалы және монолиттік темірбетоннан жасалады;

20) сүрлемдік корпус – ортақ іргетаспен, көліктің кіруіне арналған сүрлем астылық қабатпен, төрт және алты қырлы банка мен жүкті беретін механизмдері бар сүрлем үстілік галерея кезінде ортақ қабырғалармен біріктірілген сүрлем жүйелерінен тұратын құрылыс;

21) терминал – кірісті, шығысты және ішкі дүрмекті қосатын, қоймада жүктің ең қолайлы орналасуын және автоматтандырылған басқарудың сыртқы ортамен өзара байланысын қарастыратын қоймалық мақсаттағы ғимараттар;

22) туннель – көліктік мақсаттарда, судың ауысуы, жерастылық байланыстардың тартылуы және тағы да басқа қызмет атқаратын горизонталь және еңістік жерастылық ғимарат;

23) тіреу қабырғасы – топырақты шашпа мен шұңқырдың еңісіндегі опырылудан ұстайтын ғимарат;



24) ысыру құдығы – топыраққа батыратын қуыс цилиндр қабықша (көбінесе жоспарда дөңгелек болып келеді). Ысыру құдықтары көбінесе топырақтың астыңғы, айтарлықтай берік қабаттарына қысым беретін терең тіректерді орналастыру, топыраққа тереңдетілген үй-жайлардың құрылысын салу үшін қолданылады. Тәсіру құдықтарына материалдары ретінде көп жағдайда темірбетон (жиналмалы немесе монолиттік) қабылданады. Түсіру құдықтарының қабырғалары вертикаль тегіс немесе оны топыраққа батыруды жеңілдететіндей іш жағынан төмен қарай еңісі бар текшелі болады.

25) этажерка – технологиялық және басқа жабдықтарды орналастыруға арналған және ғимараттың ішінде немесе сыртында еркін тұратын көп ярусты (қабырғасыз) қаңқалы ғимарат.

4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары

1-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
5. Нормативтік талаптардың мақсатына беріктілік, пайдалануға беру сенімділігі мен жарамдылыққа, үнемділік пен ғұмырлыққа қойылатын механикалық қауіпсіздіктің есебімен, өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық талаптарды, шудан қорғауға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірудің қолайсыз қауіптерінің тууына жол бермеуге қойылатын талаптарды сақтау арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жатады.

2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
6. Ғимараттардың құрылыс конструкциялары ықтимал қауіпті әсер етудің есебімен ғұмырлыққа және сенімділікке, сонымен қатар тиісті есептермен расталған басқыншылықты қирауға қарсы төзімділікке ие болуы тиіс.

7. Конструкциялар өзіндік салмақтан және оларға тірелген конструкциядардан болатын жүктемелердің, қар және жел жүктемелердің, технологиялық жабдықтан түсетін жүктемелердің, қауіпті геологиялық процестерден, құрылыс салу ауданындағы сейсмикалық факторлардан болатын әсерді қабылдаудың есебімен көліктік және инженерлік жабдықтан болатын жүктемелердің әрекеттеріне есептелінген болуы қажет.

8. Жобалау кезінде құрылыс конструкцияларының есебі үйлестірілген нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес орындалуы және қауіпсіздік, сенімділік пен ғұмырлықтың талаптарына жауап беретін материалдар мен технологияларды қолдануға шектеу қоймауы тиіс.

9. Ғимарат іргелерінің және күш түсетін конструкциясының құрылыс салу және пайдалануға беру кезінде сызаттары мен бұзылыстары және ғимаратты пайдалануға беру қасиеттерінің төмендеуіне әкелетін деформациясы болмауы қажет.

10. Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерді технологиялық жобалау нормаларына сай өңделген жобаның технологиялық бөліміне сәйкес қабылдау қажет.

11. Шудан қорғау мен адамдардың, жануарлардың денсаулығы мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауіпті санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайларды жоққа шығаруы керек, оның ішінде: жұмыс аймағының ауасында шекті рұқсатты концентрациядан жоғары зиянды заттардың болмауын; үй-жайда жылу мен ылғалдың минималды бөлінуін; шудың, дірілдің, ультрадыбыстың, электрмагниттік толқындардың, радио жиіліктердің, статикалық электрдің және иондайтын сәулелердің деңгейінің рұқсатты мәндерден жоғары болмауын; сонымен қатар жұмысшылардың физикалық жүктемесін және жадысының шектен тыс қуаттануын шектеуді, шаршап қалуларының алдын-алуды қамтатасыз етуі қажет.

12. Технологиялық процесті жүзеге асыру мен үй-жайдың микроклиматына қойылатын талаптарды орындау энергия ресурстарын үнемді шығындауды қамтамасыз етудің есебімен жүзеге асырылуы тиіс.

13. Ғимаратты пайдалануға беру ( пайдалану) процесінде құлау, қақтығысу, күю, электр тогы соғу, жарылыс нәтижесінде жарақат алуды қоса, жазатайым оқиғалардың қаупін болдырмау арқылы, сонымен қатар халықтың қимылы шектеулі тобына қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.

5-тарау. Өндірістік ғимараттарды жобалауға қойылатын талаптар
14. Ғимараттар функционалдық талаптардың орындалуын қамтамасыз етудің, оның ішінде механикалық беріктілік пен төзімділікті қамтамасыз ету, өрт пен төтенше жағдайлардың пайда болу қаупін жоққа шығару бойынша, сонымен қатар жұмысшылар мен қызмет көрсететін қызметкерлердің денсаулығын қорғауды қамтатасыз етудің есебімен жобалануы және құрылысы салынуы тиіс.

15. Жаяу жүргіншілерге арналған туннельдердің, галереялардың және эстакадалардың өлшемдері:

1) туннельдер мен галереялардың биіктігі еденнің деңгейінен арақабырғаның немесе жабынның шығып тұрған конструкциясының табанына дейін өлшенеді (еңісті туннельдер мен галереяларда биіктікті дұрыстан еденге қарай өлшеу керек);

2) туннельдердің, галереялардың және эстакалардың ендері – еннің бір метріне бір бағытта шығару қабілетінің шартынан есептеледі.

16. Конвейерлік туннельдердің, галериялар мен эстакадалардың ішкі өлшемдері Заңның 20 бабы 23-16) тармағына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) сәйкес қабылданады.

17. Ішінде шоғырсымдар орналасуы керек жертөлелер, арналар, туннельдер мен эстакадаларды қолданыстағы өртке қарсы нормалардың және ЭҚҚ талаптарына сәйкес жобаланады.

18. Ашық крандық және жүк тиейтін темір жол эстакадаларын жобалаған кезде жұмысшыларды жағымсыз метеорологиялық әсер етуден қорғауға арналған үй-жайлар қарастырылуы керек. Бұл мақсат үшін, егер ең қатты алыстатылған жұмыс орындарынан осы үй-жайларға дейінгі қашықтық нормативтік қашықтықтан аспайтын болса, көрші ғимараттардың немесе эстакадалар жанасатын ғимараттардың үй-жайларын пайдалануға жол беріледі. Үй-жайлар қолданыстағы өртке қарсы нормалардың талаптарына жауап беруі тиіс.

19. Атмосфералық шөгінділермен жүйелі ылғалдандыруға ұшырайтын ғимараттардың бетон және темірбетон конструкцияларының горизонталь элементтерде (карниздерде, сөрелерде және тағы басқа) судың еркін ағуын қамтамасыз ететін гидрооқшаулау мен төкпесі болуы қажет.

20. Жүк түсіретін темір жол эстакадаларының, ашық крандық эстакадалардың, сормалы мұнаралардың және басқа ғимараттардың қызмет көрсететін алаңының төсемесін жүрген кезде тайғанап кетуге жол берілмейтіндей (болат төсемелерде торды қарастыру керек) және жаңбыр мен еріген судың ағуы қамтамасыз етілетіндей жобаланады; ағаш төсем кезінде тақтайлар арасында тесіктер қарастырылуы тиіс.

21. Ауыспалы түрде қататын және еритін конструкция үшін жобада аязға төзімділік пен су енудің бетон маркасы көрсетілуі қажет. Бетонның жобалық маркасы ғимаратты пайдалануға беру кезінде пайда болатын температуралық әндерге және құрылыс ауданындағы сыртқы ауаның есептік қыстық температурасының мәндеріне байланысты белгіленеді.

22. Жертөленің, туннельдердің, арналардың, тіреуіш қабырғалардың және басқа да жерастылық ғимараттардың жобаларында қолданыстағы өртке қарсы нормалардың талаптарына сәйкес тығыздау арқылы топырақ төсеу қажеттілігі туралы нұсқау жүргізілуі керек.

23. Ашық ғимараттардың болат тіректерінің тірейтін тақтайшасының табаны жердің жоспарлық белгісінен жоғары орналасуы тиіс.

24. Құрылыс конструкциялары мен технологиялық жабдықты бетон және темірбетон конструкуцияларға (іргетастарға, күш түсетін едендерге, қабырғаларға және сондай сипаттағы) анкерлік бұрындалармен бекіту керек. Тиісті негіздеме болған кезде жабдықты іргетасқа бекітудің басқа да жолдарын (діріл сөндіргіштермен, желіммен ж.б.) қолдануға жол беріледі.

25. Биік ғимараттардың (сүрлемдердің, су айдайтын мұнаралардың, градирнялардың, түтін мұржаларының, соратын мұнаралардың, көмір және руда шахталарының мұнаралық копраларының) жобаларында әуе көлігін пайдалануға беруге қатысты нормативтерге сәйкес әуелік кемелердің ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралар (жарықпен қоршау, маркалап бояу) қарастырылады.

26. Түтін мұржаларын, соратын мұнараларды, градирнялар мен басқа да биік ғимараттарды ғимараттың ең созылмалы тұйық қабырғалары жағынан орналастыру керек. Бұл ғимараттарды жарық ойықтары бар ғимарат қабырғаларынан өртке қарсы және снитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау арқылы олардың жоспардағы диаметрінен немесе ғимаратқа қараған жақтың ұзындығынан кем емес қашықтықта орналастыру қажет.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау