Әож 57. Аудиторлық Ұйымдар қызметініңҚазақстандағы орны



жүктеу 112,5 Kb.
Дата28.12.2019
өлшемі112,5 Kb.
#25299

ӘОЖ 657.6
АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІНІҢҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРНЫ
Сманова А.Қ., Тлеубаева С.А.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Аудит Қазақстанда 80-жылдардың соңында пайда болды, дәл сол уақытта аудиторлық ұйымдар өздерінің алғашқы қадамдарын жасады. 1993 жылы аудиторлық қызмет Қазақстанда «Аудиторлық қызмет туралы» Заңның қабылдануы мен өзінің дүниеге келуін ресми түрде бекітті. Осы уақыт ішінде аудит қаржы нарығы саласында өзінің лайықты орнын тапты, аудит институты ретінде өзінің өмір сүру құқығын дәлелдеді.

Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады[1]. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу, қаржылықесеп беру мен аудит жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдалану шыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін жеделдету мақсатында аудит жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын, оларды іске асыру жөніндегі нақты тетіктерді жасау, шетелдік инвестициялардың ағынын молайту, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қор нарығын жандандыру керек.

Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындады:



  • осы ақпаратты пайдаланушылар мен (меншікиелерімен, инвесторлармен, кредит берушілер мен) жанжал болған жағдайда әкімшілік тарапынан дәйексіз ақпарат беру мүмкіндігі мен;

  • қабылданған шешімдер салдарларының ақпарат сапасына байланыстылығы мен;

  • ақпаратты тексеру үшін арнайы білімнің болуы қажеттілігі мен;

  • ақпаратты пайдаланушылардың ақпарат сапасын бағалау үшін оның көздеріне қолжетімділігінің ішінара болмауы мен.

Барлық осы алғышарттар тиісті дайындығы, біліктілігі, тәжірибесі және осындай қызмет түрлерін көрсетуге рұқсаты бар тәуелсіз сарапшылар қызметтеріне қоғам мұқтажының пайда болуына алып келді. Бұл, расталған ақпараттың болуы барлық мүдделін арыққақатысушылардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және түрлі экономикалық шешімдер салдарларын бағалауға және болжамдауға мүмкіндік беретіні мен байланысты.

Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

Аудиторлық қызметке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан  ол аудиторға басшылыққа арналған  және оның қызметінің тиімділігін жоғарлату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсету нарығышартты түрде екі бөлікке бөлінген: өзінің кәсіби қызметін «Үлкен төрттік» деп аталатын халықаралық аса ірі аудиторлық компаниялар Deloitte&Touche, KPMG, Ernest&Young, PricewaterhouseCoopers және жергілікті аудиторлық компаниялар ұсынып отыр.



Мысалы, қазіргі кезде Алматы мен Астанада PricewaterhouseCoopers (PwC) Қазақстан қызметкерлері 350 адамнан асады, ұлттық және халықаралық клиенттердің үлкен шоғырына қызмет көрсетеді. Бұдан басқа компания Орталық Азия аймағында: Бакуде (Әзірбайжан), Ереванда (Армения), Тбилисиде (Грузия), Бішкекте (Қырғызстан), Ташкентте (Өзбекстан), Ашхабадта (Түркіменстан) және Ұлан-Батырда (Моңғолия) белсенді жұмыс жасауда. Компаниямен бірге отын-энергетика, қаржы қызметі, тұтыну және өнеркәсіп мұқтаждықтары, телекоммуникация және қызмет секторларын қоса алғанда, экономиканың барлық секторында оның клиенттерінің саны да өсе түсті.

Құрамында 300 әріптес пен энергетика саласындағы 3000 мамандар бар PwC Бүкіләлемдік энергетикалық топ әлемдік желі арқылы энергетика нарығының әрбір секторында қызмет атқаратын клиенттерге консультациялық қызметтер көрсетуге мамандануда. Олар трансұлттық мұнайгаз және электр энергетикасы компанияларына қызмет ұсынатын жетекші фирма болып табылады. Өнімдер мен ресурстарды біртұтас осы саладағы тәжірибеге шоғырландырған ықпалдастық ең жоғары сапалы қызмет көрсетуге және клиенттер қызметтеріне қосымша бағалы үлес қосуға мүмкіндік береді. PwC әлемдік ресурстарды жергілікті жерлердегі жұмысқа тарта отырып, клиенттердің олардың білімдері мен тәжірибелерінің артықшылықтарын пайдалануларына және мұның бәрін күн сайынғы қызметтеріне енгізуге мүмкіндік жасайды.

PwC-тың клиенттер алдындағы міндеті –жұмыс жасайтын саланың проблемаларын және олардың қандай қиындықтарға кезігетінін түсіне білу.

Соңғы 15 жылдың ішінде PwC қазақстандық энергетикалық сектордағы аудиторлық және консультациялық қызметтердің жетекші өнім берушісі болып келеді. PwC ірі қазақстандық кен өндіретін және электр энергетикасы компанияларымен жұмыс жасауда. PwC кәсіби білімді, саланың ерекшеліктерін, халықаралық озық тәжірибе мен мәдени айырмашылықтарды түсінді ұштастыра отырып, қызмет түрлерін ұсынады.



Қазақстандағы PwC қызметкерлерінің анағұрлым күрделі және техникалық жағынан қиын жобалармен жұмыс жасау тәжірибесі мол. Бұл жобалар табысты жұмыс істеп жатыр – алынған білім энергетика саласындағы және басқа да клиенттермен жұмыс жасау кезінде пайдаланылуда. PwC мамандарының кәсіби қызметтерді ұсынуға салалық мамандануы клиенттердің – энергетика секторы кәсіпорындарының бизнес жүргізу ерекшеліктерін, сондай-ақ осы компаниялар кездесетін проблемаларды егжей-тегжейлі зерделеуге және оларды неғұрлым жедел әрі тиімді шешулеріне мүмкіндік береді.

Бүкіл әлемде PwC-тың аудит бойынша клиенттері 2500-ден астам жылу және электр энергетикасы компаниясы болып табылады. Ірі, жаһандық корпорациялар нарығындағы көшбасшылық орында келе жатқан фирма ретінде PwC жаһандық шоттарды, ресурстарды басқару саласындағы неғұрлым кешенді және талапшыл клиенттердің басымдықтарын жақсы түсінеді және дәйекті өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. PwC көшбасшылығын нарықтағы үлесі қуаттайды: PwC Fortune Global 500 компанияларының көпшілігінің аудитін жүргізеді. PwC бүкіл әлемдегі ірі энергетикалық компаниялардың аудиторлық қызметтерінің жетекші өнім берушісі болып табылады.


Fortune 500 рейтингінекірген

энергетикалықкомпаниялар





Forbes 2000 рейтингіне

кіргенкомпаниялар





Дереккөз: Fortune Magazine, 2009

Дереккөз: Forbes, 2010 жылғы шілде







Халықаралық фирмалардың әрқайсысы өздерінің мүшелерінің ұзақ жылдар бойы аудиттің халықаралық стандарттары бойынша әлемнің көптеген мемлекеттерінде жұмыс істейтін ірі халықаралық топ болып табылады. Үлкен төртікке кіретін топтардың әрқайсысы жалпы алғанда аудиторлық кеңес беру қызметінің барлық шеңберін қамтиды. Ал жергілікті аудиторлық компаниялар бүгінгі таңда халықаралық аудит стандарттарын қолдану және оларды пайдалану тәжірибесін қабылдауды енді ғана бастап отыр. Қазіргі кезде әр түрлі халық ұйымдар тарапынан Қазақстанда қызмет көрсетудің осы нарықтағы өкілдері сапалық жағынан аттестациядан өткізуді жүзеге асыруда. Атап айтсақ, 2000 жылы 27қарашадан 1желтоқсанға дейін бүкіл әлемдік банктің Мәскеудегі бір топ сарапшылары Орталық Азия аумағында бүкіл әлемдік банктің жобаларын аудиттеу құқығын алғысы келетін Қазақстандық аудиторлық компанияларлардың қызметіне олардың жұмыстарының халықаралық аудит стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау жүргізді. Бағалау нәтижесінде мынадай тәуелсіз аудиторлық компаниялар «ЦентрАудитҚазақстан» және «Ержанова и К» өтті. Аудит осы мемлекетте қабылданған стандарттар мен принциптерге сәйкес болса ғана сапалы аудит ретінде танылады. Аудитор кәсібінің ерекшелігі олардың маңызды қоғамдық міндетті қызметті орындайтындығында. Сондықтан аудитор клиенттің кез келген тілектерін орындауға ғана емес, белгілі бір ережелер мен кәсіби этикалық кодекстің шеңберінде әрекет етуге міндетті.

Клиентке сапалы қызмет көрсету үшін аудиторлық фирмалар өздерінің ұйымдық құрылымдарын басқарудың теориясы мен практикасын, сонымен бірге, клиенттерге көрсетілген қызмет түрлеріне қарай құруға тиіс. Әрбір аудиторлық фирма өзінің ұйымдық құрылымын өз бетінше анықтайтын болғандықтан олардың тәжірибесін көрсету күрделі. Бірақ негізгі бөлімшелер басқару органдарын анықтауға төмендегілерден тұруы мүмкін:



  • директорлар кеңесі;

  • директор;

  • аудит объектілерібойыншадепартаменттер (жалпы аудит, банктік, сақтандыру, зейнетақы қорларын және басқа да қаржылық институттар);

  • кеңес беру департаменті (салық салу, бухгалтерлікесепмәселелерібойынша);

  • маркетингтібөлім, бухгалтерия, ақпараттықзаңгерлікбөлімдерт.б

Орташааудиторлықфирмалардыңқұрылымы:

  • фирманың директоры;

  • фирманың аудит жөніндегі директоры (аудит бөлімі);

  • кеңес беру (консультациябөлімі):

  • мүліктердібағалау, заңгерлік, ақпараттық, шаруашылықжәнет.б

Іріаудиторлықкомпаниялар,сондай-ақхалықаралықфирмалараудиттімынадайқұрамдажүзегеасырады: аудитордыңкөмекшісі, аға аудитор, супервайзер, менеджер және партнер.

Аудитордың көмекшісі ретінде аға аудитордың тарапына тұрақты бақылаусыз өз бетінше жұмыс жасай алмайтын, азғантайғана жұмыс тәжірибесі бар тұлғалартанылады. Аудитордың көмекшілері тікелей орындаушы персонал мен және клиенттің бастапқы құжаттары мен жұмыс жасайды, тестілеу нәтижелерін аудиторлық жұмыс парақтарында көрсетеді және оларды талдау жасау үшін аға аудиторға береді.

Аға аудитор аудиттіңжекебірсубъектісіндетоптың (команданың) жұмысынбақылайды, қызметтің күнсайынғы мониторингін жүзегеасырады, аудиторлыққорытындыесептіңалдыңғынұсқасындайындайды. Яғни, аға аудитор қандай да бірсубъектідегіаудиткетолығыменбақылаужасайдыжәне де менеджер немесе супервайзердің шолу жасауы үшін «материалдардайындайды».

Менеджер немесе супервайзер (соңғысынкейдекіші менеджер депатайды) қағидабойынша, біруақыттабірнеше субъекттегіаудиткебасшылықетеді. Жалпыменеджерлер (супервайзерлер) аудиторлыққорытындыесептіңалдыңғы (алғашқы) нұсқасынқарауғажәне оны бекітугежауапты.

Халықаралық тәжірибеде аудиторлық фирмалар партнерлықтың заңдыны саны, бизнес иесі болып табылады және оларға толық материалдық жауапкершілік жүктеледі. Халықаралық компанияларда аудиторлық қорытынды есепке қол қоюға тек партнер ғана құқылы.

Аудиторлық қызметтің сапасына бақылау жасау бірнеше аспектілермен жүзеге асырылады:

1. Негізгі аудитордың өз ассистенттерінің жұмысына бақылау жасауы- аудиторлардың орындауына толық жауап береді, тексеру кезінде ассистенттердің жұмысына бақылау жасауға, кәсіпорын қызметінің мәселелері, есепті және соған сәйкес аудитті ұйымдастырудың болуы мүмкін мәселелері бойынша нұсқау беруге тиісті.

2. Аудиторлық фирманың аудиторлардың жұмысына бақылау жасауы. Сапаны қамтамасыз ету процедуралары аудиторлық фирманың ішкі құжаттарында және ішкі стандарттарында жазылуға тиісті. Бірақ халықаралық стандарттарға сәйкес сапаға тексеру, жүргізу барысында тексеруге тек сол ішкіреттеуші құжаттар алынады.

3. Сыртқы бақылау. Аудиторлар жұмысының сапасын асыртқы бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Бірақ бұл бақылау жанама болып табылады.Себебі, оның мақсаты аудиторлардың жұмысын тексеру емес, салық төлеудің дұрыстығы, кәсіпорында заңға қайшы іс-әрекеттердің орыналуын және т.б тексеру

Аудит жұмысы, нарықты қатынас жүйесінде дамыған елдерде жедел дамыды. Мысалы, Ұлыбритания, Франция елдерінде аудит міндетті түрде жүргізілетін болды. Оның құқылығын қамтамасыз ету үшін ол елдерде бірінші болып аудит заңы қабылданды.

Шет елдердегі аудит жұмысының мазмұн-мағынасын, ұйымдастыру принциптерін, бақылау-тексерудегі қойылатын талаптарын аудиторларды бекіту, тағы басқа да ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, негізінде олардың арасында берілетін бірдей талап қоюшылық бар болады.

Сыртқы аудитор қызметтерінің сапасын келесі факторлар анықтайды:

- сыртқы аудитор мамандарының біліктілік деңгейімен;

- қазақстандық, әрі халықаралық нарықтағы жұмыс тәжірибесімен;

- қызмет көрсетудің жеделдігімен;

- сала бизнесіндегі білімімен (сыртқы аудитордың белгілі салада клиенттері неғұрлым көп болса, ол бұл саладағы мәселелермен соғұрлым артық таныс әрі мәселелердің шешілу нұсқаларын тез анықтай алады).

Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.

Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:



1. Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері.

2. Өзін – өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі.

3. Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушіліктерге және кредиторға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі.

4. Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін. пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж.

5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді.

6. Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.

Аудит осы мемлекетке қабылданған стандарттар мен принциптерге сәйкес болса ғана сапалы аудит ретінде танылады.

Аудитор жұмысының сапасына сыртқы бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Бірақ бұл бақылау жанама болып табылады, себебі оның мақсаты – аудитордың жұмысын тексеру емес, салық төлеудің дұрыстығын, кәсіпорында заңға қайшы іс-әрекеттердің орын алуын және т.б. тексеру.Аудиторлық ұйымдар мен жеке аудиторлар аудиторлық пікірді растайтын дәлелдемелерді ұсынуда маңызды орын алатын мәліметтерді жазбаша түрде рәсімдеуі қажет[2].

230 «Құжаттау» деп аталатын Халықаралық аудит стандартында «аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге тиісті екендігі көрсетілген.

Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты – аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.

Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:



  • олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде көмектеседі;

  • олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;

  • оларда аудиторлыққорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.

Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңыздымәселерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Жұмыс құжаттарына келесілер жатады:



  1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;

  2. Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;

  3. Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;

  4. Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;

  5. Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;

  6. Ассистенттер орындағын жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;

  7. Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағаны туралы көрсетулер;

  8. Аудиторлардың сарапшылармен, кеңесшілермен және үшінші жақтың басқа да өкілдерімен өткізген әңгімелерінің көшірмелері;

  9. Аудитордың өз клиеніне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;

  10. Клиенттен немесе оның өкілдерінен алынған хаттар;

  11. Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;

  12. Шоттардың, экономикалық субъект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының талдауы, тексеруші баланстар;

  13. Өткен есепті кезеңдердің қаржылыққорытынды есебінің, сонымен бірге қорытынды есеп бойынша жасалған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б. көшірмелері;

  14. Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер.

Аудиторлармен жұмыс алдында дайындалған барлық құжаттар оның жұмыс қағаздарын ажыратады және аудитті жоспарлауға көмектеседі. Сонымен қатар аудиторлық жұмыстың дәлелі болып табылады.

Аудитті тексеру барысында аудитор әртүрлі мәліметтерді пайдаланады. Оларды өз кезегінде тікелей және қосалқы мәліметтер көзі деп бөледі.

Тікелей мәлімет көзі фактілерді тікелей кепілдік анықтама беретін құжаттар- бухгалтерлік есеп кестелері, түгендеу құжаттары және түгендеу қорытындысы, акті.

Қосалқы мәліметтер көзі олар материалдық емес, бірақ сол кәсіпорынның шаруашылық жұмысына қатысты мәлімет.

Бухгалтерлік есеп құжаттарын дәлел көзі мағынасы ретінде 4 топқа бөледі: алғашқы, топтаушы, ерікті, қосымша.

Алғашқы есеп құжаттары- бұл шаруашылық операциялардың нақты орындалғанын немесе оның орындалуына негіз болатын жазбаша анықтама. Топтаушы құжаттар-олар шаруашылық арасындағы өзара ішкі мағынасы бірдей өлшемдермен топтастырылғандарын жинақтап, бір жүйеге кетірілген құжаттар. Ерікті құжаттар- ол құжаттарға материалды-жауапты жұмысшының немесе басқадай қызметкерлердің өз еркімен жасайтын құжаттары. Қосымша құжаттар- кәсіпорын шаруашылығына бақылау жасаушы жеке қызметкерлердің пікір-ойын көрсететін негізде экономикалық фактілерді, құбылыстарды анықтайтын аудиторлық тексеруде көптеген мәліметтер көзі болатын құжаттар.

Аудитор өзінің жұмысында осы құжаттар арқылы фактілерді орындау мақсатымен жұмыс қозғауын жүргізіледі. Себебі, тексеру процесіндегі тфактілер тек құжаттар арқылы анықталады. Аудит барысындағы жиналған құжаттарда жүйелеу, мазмұн-мағынасына сәйкес топтау, ол аудитор мамандығының деңгейігне байланысты. Аудитордың жұмыс қағазында тіркеледі.

Құжаттама – аудитормен дайындалатын немесе аудитті өткізуге байланысты аудитормен алынып сақталатын жұмыс құжаттары мен материалдары. Жұмыс құжаттары қағазда, фотопленкада тіркелген мәліметтер түрінде, электронды түрде немесе басқадай түрлерде ұсынылуы мүмкін.

Жұмыс құжаттары мыналар үшін қолданылады:


  • аудитті жоспарлау мен жүргізу үшін;

  • ағымдағы тексеруді жүзеге асыру және аудитормен орындалған жұмысты тексеру үшін;

  • аудиторлық дәлелдемелердің негізінде жасалған нәтижелер мен қорытындыларды тіркеу үшін.

Аудитор жұмыс құжаттарын аудиттің жалпы түсініктілігін қамтамасыз ету үшін қажетті толық түрде қарастыруы тиіс. Ол жұмыс құжаттарында аудиторлық жұмыстың жоспары, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі мен уақыт шегі, олардың нәтижелері, сонымен бірге аудиторлық дәлелдемелердің негізінде жасалған қорытындылар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Жұмыс құжаттарында кәсіби пікірді қажет ететін барлық маңызды мәселелер бойынша аудитордың негіздемелері болуы тиіс. Аудитор күрделі сұрақтарды қарастырғанда немесе аудит үшін маңызды сұрақтар бойынша кәсіби пікірді білдірген жағдайда қорытындыларды жасаған уақытта аудиторға белгілі болған фактілер мен қажетті дәлелдемелерді жұмыс құжаттарына қосуы тиіс.

Аудитор өзінің кәсіби біліктілігін негізге ала отырып әрбір нақты аудиторлық тексеру бойынша құжаттардың көлемін өзі анықтауға құқылы.

Аудиторлық тексерудегі құжаттар егер жұмысты басқа аудиторға беру қажеттілігі туындаса және оның осы тапсырыс бойынша тәжірибесі жоқ болатын болса, ол тек осы құжаттаманың негізінде жүргізілген жұмысты және шешімдер мен қорытындыларды түсінетіндей көлемде болуы тиіс.

Жұмыс құжаттарының формасы мен мазмұны келесідей факторлармен анықталады:



  • аудиттелетін тұлға қызметінің сипаты мен күрделілігі;

  • аудиторлық тапсырыстың сипаты;

  • аудитор қызметкерлеріне нұсқаулар беру қажеттілігі, оларға ағымдағы тексеру жүргізу мен олармен орындалған жұмысты тексеру;

  • аудиттелетін тұлғаның ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйелерінің жағдайы мен сипаты;

  • аудитті жүргізу процесінде қолданылатын нақты әдістері мен шаралары.

Жұмыс құжаттары әрбір нақты аудиторлық тексерудің жағдайларына және оны жүргізу кезінде аудитордың қажеттілігіне жауап беретіндей түрде жүйеленуі және құрастырылуы қажет. Жұмыс құжаттарын дайындау мен тексеру нәтижелерін көтеру мақсатында аудиторлық ұйымда құжаттаманың жалпы формаларын құрастыру туралы нұсқаулар беріледі. Құжаттауды осылайша стандартизациялау бағыныштыларға жұмысты тапсыруды оңайлатады, сонымен қатар олардың орындаған жұмыс нәтижелерін сенімді басқаруға мүмкіндік береді.

Әдетте, жұмыс құжаттары мыналардан тұрады:



  • аудиттелетін тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық формалармен және ұйымдастырушылық құрылыммен байланысты ақпараттардан;

  • қажетті құжаттардың, келісімдердің, мәжіліс хаттардың көшірмелерінен;

  • аудиттелетін тұлға өз қыызметін жүзеге асыратын сала туралы ақпараттан;

  • жоспарлау процесі туралы ақпараттан, аудит бағдарламалары мен олардың кез келген өзгерістерімен қоса;

  • ішкі бақылау мен бухгалтерлік есеп жүйелері туралы аудитор түсінігінің дәлелдемелерінен;

  • тәуекелділіктің бағалануын, бақылау құралдарын қолдану тәуекелділігінің деңгейін және бұл бағалаулардың кез келген түзетулерін растайтын дәлелдемелерінен;

  • бухгалтерлік есеп шоттары бойынша қалдықтардың және қаржылық операциялардың талдауы;

  • ең маңызды экономикалық көрсеткіштер және олардың тенденциялары мен өзгерістерін талдау;

  • аудиторлық процедуралардың көлемі, уақыты, сипаты мен оларды орындау нәтижелері туралы мәліметтерден;

  • аудитор қызметкерлерімен орындалған жұмыс кәсіби мамандардың бақылауымен жүзеге асырылғандығы мен тексерілгендігі туралы дәлелдемелерден;

  • аудиторлық процедуралардың орындау уақыты және оларды кім орындағаны туралы мәліметтерден;

  • басқа аудитормен тексерілген бөлімшелер мен еншілес ұйымдардың қаржылық (бухгалтерлік) есептілікке қолданылған процедуралар туралы толық мәліметтерден;

  • аудиттің ең маңызды деген сұрақтары бойынша, аудит процедуралары кезінде аудитормен анықталған қателіктерімен қоса, аудитормен жасалған қорытындыларынан;

  • қаржылық (бухгалтерлік) есептіліктің және аудиторлық қорытындының көшірмелерінен және т.б.

Жұмыс құжаттарына кіретін құжаттар мынадай мәліметтермен рәсімделуі қажет:

  • тексерілетін ұйымның аты;

  • жұмыс құжатының мақсаты,

  • аудиторлық тексерудің орыналу мерзімі;

  • мәліметтің көзі;

  • рет саны;

  • аудитордың қолы, күні.

Жұмыс құжаттарындағы мәліметтер жабық және оларды жариялауға болмайды. Жұмыс құжаттары – аудитордың (аудиторлық ұйымның) меншігі. Бірақ, құжаттардың белгілі бір бөлігі аудитордың еркімен аудиттелетін тұлғаға ұсынылуы мүмкін. Олар бухгалтерлік жазбаларды алмастыра алмайды.

Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты- аудитордың аудитті нормативтік- құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.

Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процессін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау жеңілірек болады. Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық стандарттарда, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі. Жұмыс құжаттарының көлемі фирма ішілік стандарттардың негізінде және аудитордың кәсіби пайымымен анықталады. Мұндай кезде аудитор өзі дайындаған жұмыс құжаты бұрын аудит өткізбеген басқа аудиторға немесе орындалған жұмыстар жөнінде және аудиттің барлық детальдарын егжей-тегжейлі көрсетпей-ақ, маңызды шешімдер қабылдаудың себептері жөнінде мағлұмат беру үшін аудиторлық фирманың жетекшісіне қажет болып қалуы мүмкін екендігін назардан тыс қалдырмауға тиісті. Жұмыс құжаттарының көпшілігінде сандық ақпараттар болады. Бірақ ол құжаттардың кейбіреулері сұрақ беру, бақылау процедураларын пайдалану арқылы жасалынады, сондықтан оларда сандық ақпараттар болмайды. Мысалы, аудитор басқару звеносының қызметкерлеріне мүдделі жақтармен іскерлік операциялардың нақты бары туралы сұрау жүргізуі немесе жылдың аяғында клиент түгелдеу жүргізген кезде материалдық құндылықтардың нақты барына бақылау жасауы мүмкін. Мұндай жағдайда аудиторға сұрақ беру нәтижесі мұқият құжатталған, сұрақ берілген жұмыскерлердің тізімі келтірілген, сұрақ беру өткізілгеннен кейін жүргізілген тексерулердің түрлері көрсетілген және тиісті қорытынды келтірілген жұмыс құжаттарын жасау керек.

Сонымен, қорытындылай келе, аудит жұмысы - ол бір жүйеге келтірілген белгілі құжаттар арқылы сатылап жүргізілетін тиянақты жұмыс. Аудит жұмысының сәтті жүргізілуі аудитор алдымен субьектілердің құқылық құжаттарын толық танысып және зерттеу жұмысын өте тианақты, жан-жақты жүргізгенде жүзеге асырылады. Сондықтан да аудитор әртүрлі құжаттар арқылы жан-жақты материалдар дайындап шаруашылық субьектісінің табыстылық, қаржылық есептерін тексеріп, таза пайда сомасының дұрыс анықталғандығынын дәлелдеп аудиторлық иқорытынды дайындайды. Онымен қоса жұмыс қағазындағы жиналған мәліметтерге сүйене отырып, яғни белгілі бір дәлелдер сүйене отырып кәсіпорын шаруашылығының тиімді даму жолына байланысты өзінің пікірін айтады.



Әдебиеттер


  1. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2006 жылғы 1 наурыз.

  2. Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-I Заңы(2012.10.07. 10 N 36-Vберілген өзгерістер мен толықтырулармен).

жүктеу 112,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау