Сн рк 02-13-2019 Қазақстан Республикасы


-параграф. Өндірістік аумақтар мен кәсіпорындарды орналастыру



жүктеу 1,14 Mb.
бет9/13
Дата21.12.2019
өлшемі1,14 Mb.
#24753
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1-параграф. Өндірістік аумақтар мен кәсіпорындарды орналастыру

6. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын тұрғын пункттерін салу мен жоспарлау жобалары анықталған тәртібінде бекітілгендей өндірістік аймақтарда орналастыру қажет.

7. Ауыл қоныстарының өндірістік аймағында мал шаруашылығы, құс және аң өсіретін кәсіпорындарды, қатты минералды тыңайтқыштар мен мелиоранттар қоймаларын, химиялау мен пестицидтердің сұйық заттарының қоймаларын, тұт ағашының жібек құртын өсіру және өңдеу, егін жинаудан кейінгі астық пен түрлі мәдениеттер мен шөптердің дәндерін өңдеу кәсіпордарын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау, автомобильдер мен ауыл шаруашылығы машиналарын сақтау, техникалық қызметі және сақтау, жергілікті материал бөлшектері мен бұйымдар, құрылыс конструкцияларын жасау кәсіпорындарын, машинасынау станцияларын, машинатехнологиялық станцияларын, инновациялық орталықтар, ветеринарлық мекемелер, жылыжайлар, көкөністер мен көшеттерді өсіруге арналған жылыжай комбинаттарын, көшетханалар, кәсіптік цехтар, материалдық қоймалар, көліктік, энергетикалық және басқа кәсіпорындармен байланысты, сондай-ақ ішкі және сыртқы байланыстарды қамтамасыз ететін байланыс нысандарын орналастыру қажет.

Ескертпе* - Мал шаруашылығы және құс өсіретін кәсіпорындардың қуаттылығын анықтау және орналастыру аталмыш кәсіпорындар шығаратын қалдықтарда бар органикалық тыңайтқыштар пайдаланылатын жерлердің болуына қарай жасалады.

8. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын орналастыру үшін ауыл шаруашылығына пайдаланылатын сапасы төмен жерлердегі алаңдар мен жол арналарын таңдау керек.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын су объектілері маңында орналастыру кезінде Су кодексінің талаптарын басшылыққа алған жөн.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мемлекеттік орман қорының жерлерінде мемлекеттік басқару мекемелерінің келісімі бойынша аз құнды зауықтану және бұталар салынған немесе орманмен жабылмаған телімдерде орналастыруға рұқсат етіледі.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын егістік жерлерде, кептірілген жерлер мен көп жылдық жеміс көшеттері отырғызылатын, су сақталатын, қорғалатын жерлер мен тағы басқа бірінші топтағы ормандар салынатын жерлерде орналастыру мемлекеттік басқару органдарының рұқсатымен ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

9. Аауыл шаруашылығы кәсіпорындарын апаттық су басатын, бөгеттер мен тоғандардың қирауы мүмкін аймақтарда орналастыруға рұқсат етілмейді.

10. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын орналастыру кезінде өзара арақашықтығын «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бойынша анықталған санитарлық-қорғау аймақтарына сай, сонымен қатар «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР өрттен қорғау талаптарын ескерумен орнату керек.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңдарын салудың ұсынылатын минималдық тығыздық көрсеткіштері ереже жиынтығы түрінде берілген.

11. Электр қуатын беру, байланыс жоларналары мен жергілікті мазмұндағы басқа желілік құрылғыларды ҚР ҚБҚ 4.04-191 «Қалалық және ауылдық электр желілерін жобалау бойынша әдстемелік нұсқау» есебімен ауыл шаруашылығына пайдаланылатын бос жер аумақтары байланыстарға еркін жетуін қамтамасыз ету үшін жоларналар, орман алқаптары, жол бойларындағы егіс айналымдарының шекарасында орналастыру қажет.

12. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттары мен құрылыстарын:

1) тұрмыстық қалдықтар, тазартқыш құрылыстар, мал қорымы, тері шикізаттарына арналған полигондардың бұрынғы орындарында;

2) кен пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдардың келісімінсіз пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда;

3) тақта тастық шахталар мен көмір түрлері үйінділерінің қауіпті аймақтары және байыту фабрикаларында;

4) кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы мен пайдаланылуына қауіп төндіретін жылжымалар, сел ағындары, қар көшкіндерінің аймақтарында;

5) емдеу-сауықтыру орындары мен шипажайлардың тау-санитарлық қорғау, санитарлық аймақтардың барлық аймақтарындағы минералды көздер және сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтарында;

6) қалалардың жасыл аймақ жерлерінде;

7) қадағалау мекемелерімен бекітілген мерзімінің аяқталуына дейін органикалық және радиоактивті қалдықтармен ластанған жер телімдерінде;

8) қорық жерлерінде;

9) қала құрылысы, сәулет, мәдениет, тарих нысандары жататын мәдени мұра нысандарын қорғау аймақтарымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ҚР ҚБҚ 1.02-01 «Қазақстан Республикасының сәулет өнері ескерткіштерін және қала құрылысын қайта құру және қайта жаңарту құжаттамаларын дайындау реті, келісуі, сараптамалануы, бекітілуі және құрамы жайлы нұсқау» негізінде салуға жол берілмейді.
Ескертпе 1* - Мал шаруашылығы, құс және аң өсіретін кәсіпорындарды өзендер мен көлдер аймақтарында орналастыруға рұқсат етілмейді.

Ескертпе 2* - Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттары мен құрылыстарын қоныс бекеттерін сумен қамту көздерін санитарлық қорғау аймақтарының екінші белдігінде орналастыру «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес рұқсат етіледі.

Ескертпе 3* - Құс фабрикалары мен өндірістік типтегі шошқа өсіретін кешендерді қоныс бекеттерін сумен қамту көздерін санитарлық қорғау аймақтарының екінші белдеуінде орналастыруға рұқсат етілмейді.

Ескертпе 4* - Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттар мен құрылыстарын қоныс бекеттерін сумен қамту көздерін санитарлық қорғау аймақтарының үшінші белдеуінде орналастыру бақылау және қадағалау мекемелерімен белгіленген нысандарды орналастыру жөнінде келісілген шартпен, шипажайдың емдеу құралдарына кері әсер етпейтін болса, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамаға сәйкес рұқсат етіледі.

Ескертпе 5* - Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттары мен құрылыстарын мемлекет қорықтарының қорғалатын аймақтарында, ұлттық парктерінде орналастыру жобаланған нысандардың құрылысы немесе олардың пайдаланылуы мемлекеттік қорықтар мен ұлттық саябақ жерлерінің пайдалану тәртібі бұзылмаса және оның сақталуына қауіп төндірмейтін болса рұқсат етіледі.

13. Мал шаруашылығы, құс және аң өсіретін кәсіпорындар, ветеринарлық мекемелерді қоныс аймақтары мен басқа ауыл шаруашылығы объектілерінің ық жағына қарай орналастырған жөн.

Минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдар қоймасын тұрғын, қоғамдық және өндіріс аймақтарының жағына қарай орналастырған жөн.

14. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының құрылысына арналған алаңдарды таңдаудың жүргізілуі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді алумен байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығындары және жер телімдерін алу себебінен болған шығындарды өтеу мен жердің ең үнемді пайдаланылуы ескеріліп орналастырылуы мүмкін нұсқаларын қарастыру қорытындылары негізінде техника-экономикалық есептеулері жағынан нақтыланған болуы тиіс.

15. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын кеңейту үшін жер телімдерін сақтық қорда сақтау, тәртіп бойынша, аталған кәсіпорын алаңдарының шекарасынан тыс орналасқан жерлер есебінен рұқсат етіледі. Алаңдарды таңдау кезінде берілген тәртіп бойынша, шекаралас жер телімдерін қосымша кесіп беру мүмкіндігі осы мақсатпен қарастырылуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңдарындағы жер телімдерін сақтық қорда сақтау техника-экономикалық негіздеулерге сәйкес жобалау талабы бойынша ғана қарастырылуына рұқсат етіледі.

16. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын Су кодексінің ережелеріне сәйкес және кәсіпорынның су нысандарымен тікелей байланысы болмаған жағдайда су нысандарының маңы мен су қоймалық аймақтар шекарасында орналастыру кезінде жағалаудағы қорғау белдеуін ескеру қажет. Жағалаудағы қорғау белдеуінің ені Су кодексінің талаптарымен анықталады.

17. Қатты минералды тыңайтқыштар, мелиоранттар қоймаларын, химиялау мен пестицидтердің сұйық заттарының қоймаларын, мал шаруашылығы, құс өсіретін кәсіпорындар мен аң өсіретін фермаларды орналастыру кезінде зиянды заттар, қи, тезек пен калдың су қоймаларына түсуін болдырмау жөніндегі шаралар сақталу қажет.

18. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын радиостанциялар, кәсіпорындар мен қатты әсер ететін зиянды заттар қоймасы, сондай-ақ басқа да арнайы қолданылатын нысандар мен кәсіпорындар аймағында орналастырған кезде жобаланған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан белгілі нысандарға дейінгі арақашық қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес қабылдануы тиіс.

19. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жарылғыш заттар, олардың негізіндегі материалдар мен бұйымдарды жасау мен сақтау нысандарының маңында орналастыру тыйым салынған (қауіпті) аймақтардың шекаралары мен анықталған тәртіппен бекітілген арнайы нормативтік құжаттар бойынша белгіленетін аймақтарды ескерумен жүзеге асырылуы тиіс.

20. Қазақстан Республикасының авиация жөніндегі мемлекеттік комитетімен жаңа құрылысты орналастыру немесе қолданыстағы:

1) байланыс, электр қуатын беру (сонымен бірге жоғарғы вольтты) линиялары және басқа да радиотехникалық құралдардың қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін радио- мен электр магнитті сәулелену нысандары, орналасқан орнына тәуелсіз;

2) жарылу қаупі бар объектілер, орналасқан орнына тәуелсіз;

3) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңына сәйкес қабылданатын аэродром аймақтарындағы жұмысты көруді нашарлататын өзге кәсіпорындар мен құрылыс объектілерін өзгертуді келісу қажет.



Аэродромдарға жататын жерлерде аң өсіретін, мал шаруашылығы фермаларын, мал соятын және құстардың массалық көбеюіне ықпал ететін басқа нысандардың қалдықтарын көму және/немесе сақтау нысандарын орналастыруға рұқсат етілмейді.

21. Әуе кемелерінің ұшуына қауіп төндіретін немесе аэродромдардың радиотехникалық құралдарының қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы бойынша қабылдау қажет.

22. Қоршаған ортаға өндірістік ластайтын заттарды шығаратын көздер болып табылатын технологиялық үдерістері бар ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тұрғын және қоғамдық ғимараттардан санитарлық-қорғау аймақтарымен бөлектенуі тиіс.

Санитарлық-қорғау аймақтарының көлемін «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бойынша қабылдау қажет.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын басқа кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарында орналастыру және санитарлық-қорғау аймақтарын ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін пайдалану «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бойынша анықталады.

23. Санитарлық-қорғау аймағының шамасын тек есептік жолмен алынған деректердің негізінде қысқартуға жол берілмейді.

24. Санитарлық-қорғау аймағында ұжымдық немесе жеке саябақ және бау-бақша телімдерін орналастыруға тыйым салынады.

25. Санитарлық-қорғау аймағының шекараларында және өнеркәсіптік алаңдардың аумағында азық өнеркәсібінің кәсіпорындарын, сонымен қатар азық өнеркәсібі үшін ыдыс, жабдықтар және сондай сипаттағы өнім шығаратын өндіріс кәсіпорындарын, дайын тамақ қоймаларын, су және ауыз су мақсатындағы сусындарды өндіретін кәсіпорындарды, ауыз суын дайындайтын және сақтайтын су жіберу ғимараттарының кешендерін орналастыруға тыйым салынады.

26. Спорт ғимараттарын, бақтарды, білім беру мекемелерін, көпшілікке ортақ емдеу-сауықтыру және сауықтыру мекемелерін санитарлық-қорғау аймақтарының аумағында орналастыруға жол берілмейді.

27. Санитарлық-қорғау аумақтарының шекарасында:

1) азық-түліктің өндірісі үшін қолданылмайтын техникалық дақылдарды өсіруге арналған ауыл шаруашылығы жерлерін;

2) кәсіпорындарды, олардың зияндылықтың төмен класты өндірістері бар жеке ғимараттар мен құрылыстарын (орналастыратын СҚА негізгі өндірістің құрамына аналогтық қалдық объектілері бар болған кезде, СҚА шекарасында және оның шегінде суммарлық есептеген кезде гигиеналық нормативтердің міндетті талаптарының бар болуы керек);

3) өрт бөлімшелерін, бидай, жемістер, көкөністер мен картоп қоймаларын (қамбаларын), өсімдік тәлімбақтарын, моншаларды, кір жуатын үй-жайларды, гараждарды, автомобиль мен мотоциклдердің жеке тұрақтарының алаңдарын, авто жанармай станцияларын, басқару ғимараттарын, кәсіпорын жұмысшыларына арналған спорт-сауықтыру ғимараттарын;

4) кезекші апаттық қызметкерге арналған тұрғын емес үй-жайларды және кәсіпорындарды, қоғамдық және жеке көлікті сақтауға арналған ғимараттарды, жергілікті және транзиттік коммуникацияларды, ЛЭП, электр станцияларын, мұнай және газ құбыр жолдарын, техникалық сумен жабдықтаудың артезиандық ұңғымалары, техникалық суды дайындауға арналған су суытатын ғимараттар, кәріздік сорғыш станциялары, айналмалы сумен жабдықтау ғимараттары, өнеркәсіптік алаңдарды, кәсіпорындар мен санитарлық-қоршау аймақтарды көгалдандыруға арналған өсімдік тәлімбақтарын орналастыруға жол беріледі.

28. Мал шаруашылығы, құс және аң өсіретін кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарының шекарасында селитебтік аймақ жағынан бұталы-ағашты алқап қарастырылуы тиіс.

Қалған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін елді зиянды заттардың қалдықтарын атмосфералық ауаға әсер етуінен сақтайтын, күрделі құрылыстың әрбір жобаланатын объектісі үшін қажетті іс-шаралар қарастырылуы тиіс.


2-параграф. Ауылдық елді мекендердің өндірістік аумақтарының бас жоспарларының схемалары және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бас жоспарлары
29. Ластайтын заттарды шығаратын қайта құрылымдағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін ең жетілген өндіріс технологияларын енгізуді, ластайтын заттарды ұстау және пайдаға асыру бойынша ең тиімді құралдар мен қондырғылардың қолданылуын Экологиялық кодекс талаптарын ескере отырып қарастырған жөн.

30. Өндірістік аймақтың аумақтары, өзендер, сондай-ақ жалпы желідегі темір және автомобиль жолдарымен оқшауланған телімдерге бөлінуі қажет емес.

31. Белгілі нысандар үшін ұқсас технологиялық үдерістердің ерекшеліктеріне, санитарлық, зооветеринарлық және өртке қарсы талаптар, жүк айналысы, қызмет көрсететін көліктер түрі, су, бу, электр қуатын тұтынуға сәйкес ауыл қоныстарының бекеттеріндегі өндірістік аймақтарда орналасатын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құрылыс кезегін ескерумен телімдерді ұйымдастыра отырып:

1) кәсіпорын алаңдарын;

2) қосымша өндірістердің жалпы нысандарын;

3) қоймалық аймақтарын біріктіру қажет.

32. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының алаңдарын:

1) зауыт алдындағы (кәсіпорын шекараларынан тыс өтетін аудандарда) аймаққа;

2) негізгі өндіріс аймағына;

3) қосымша өндіріс аймағына;

4) өндіріс қалдықтарын сақтау және қайта өңдеу аймағына бөлу қажет.

Аймақтандыру құрылыстың нақты шарттарын ескеруі тиіс.

33. Ауыл шаруашылығы кәсіпорны алаңдарының бас өту бекетін жұмыс істейтіндердің негізгі келетін немесе кіреберіс жағынан қарастыру керек.

34. Жоспарлық шешімдер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының құрылыстар мен ғимараттар болжамы технологиялық жобалау нормаларына сәйкес қабылдануы тиіс.

35. Қыс бойына қар жамылғысы 50 сантиметрден (бұдан әрі – см) артық солтүстік аудандарда кәсіпорын алаңдарының тура желдетілетінін ескерген жөн.

36. Ветеринарлық мекемелер (ветеринарлық және санитарлық өткізгіштерінен басқа), қазандар, ашық типті тезек сақтағыштарын мал шаруашылығы, құс және аң өсіретін ғимараттардан ық жағына қарай орналастыру қажет.

37. Жылыжайлар, көшетханалар мен күн астындағы темекі кептіретін орындарды, топырақ суларының ең жоғарғы деңгейімен оңтүстік немесе оңтүстік шығыс баурайларында орналастыру керек. Жылыжайлар мен көшетханалардың жер телімдерін жоспарлау кезінде келесі талаптарды сақтау қажет:

1) негізгі құрылыстар жүйелік мақсаты бойынша (жылыжайлар, көшетханалар жылытатын жерлері бар алаңдар) топталу қажет, сонымен қатар, қиындық туғызатын үдерістерді механизациялау бойынша қажетті шараларды қамтамасыз ететін кіріс және шығыс жүйелері қарастырылуы тиіс;

2) жылыжайлар мен көшетханалардың қысқы желдерден табиғи қорғалуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, қар мен желден қорғайтын белдеулер құрылғысын қарастыру керек.

38. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің камбалары мен қоймаларын топырақ суларының ең жоғарғы деңгейімен жақсы желдетілетін жер телімдерінде орналастыру қажет.

39. Мал шаруашылығы, құс және аң өсіретін кәсіпорындарды жоспарлау кезінде қатқыл азықтардың қоймалары мен азық цехтарын технологиялық жобалаудың сәйкес нормалары бойынша орналастыру керек.

40. Жартылай бекітілген аулаларды құрайтын ғимараттарды қайта құрылым шарттары немесе технология шарттары бойынша өзге жоспарлық шешімдер қабылдана алмайтын жағдайында пайдалануға рұқсат етіледі.

Ескертпе 1* - Бір-біріне үш ғимаратпен тұйықталған және еніне тереңдігінің қатынасы бірден артық шамасын құрайтын аула жартылай бекітілген болып есептеледі.

Ескертпе 2* - Солтүстік аудандардағы жартылай бекітілген ауланың ашық жағы желдердің басыңқы бағытынан ық жағына қарай қаралуы тиіс, ауланың басқа бағытында оның ашық бөлігі алдында ғимараттары немесе қоршаулары болуы қажет.

41. Тұйықталған және жартылай тұйықталған аулаларда ғимараттарға жалғай салуларды қарастыру, сонымен қатар бөлек ғимараттар мен құрылыстар салу рұқсат етілмейді.

42. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы алшақтықтар, жер үстіндегі ашық қоймалардан ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі алшақтықтар, сондай-ақ аталған қоймалар арасындағы, жағу газдары үшін газгольдерден ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі алшақтықтарды технологиялық жобалау нормалары бойынша қабылдау керек.

43. Жақын орналасқан ғимараттар маңындағы шеткі анық өзектер сәйкес келулері тиіс.

44. Әйнек ойықтары арқылы жарықтанатын ғимараттар мен құрылыстар арасындағы арақашықтық қарсы тұрған ғимараттар мен құрылыстардың жоғарғы ернеуіне дейінгі ең үлкен биіктігінен кем болмауы тиіс.

45. Ашық ауадағы жұмыс орындары немесе жылытылмайтын мекемелерден санитарлы-тұрмыстық мекемелерге дейінгі (дәретханалардан басқа) арақашықтықтар ережелер жиынтығымен мөлшерленеді.

Жұмысшыларды санитарлы-тұрмыстық мекемелерден көлікпен жұмыс орны мен қайта жеткізу кезінде жұмыс орындарынан аталған мекемелерге дейінгі арақашықтықтар мөлшерленбейді.

46. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік және қосымша ғимараттарын технологиялық, құрылыс, санитарлы-гигиеналық, өртке қарсы және басқа нормалар, сондай-ақ қауіпсіздік шарттары бойынша рұқсатты және экономикалық негізделген біріктіру болған барлық жағдайда ірі ғимараттарға біріктіру қажет.

Жеңіл өртенетін және газдар мен жанатын сұйықтық қоймалары, сондай-ақ осыған ұқсас жобалардан басқа, трансформаторлық қосалқы станциялар, 20 киловатқа (бұдан әрі – кВ) дейінгі кернеулі сұрыптау орындары, қандықтар, ауа компрессорлықтары, техникалық қызмет көрсету орындары, желдеткіш камералары мен қондырғылар, газдер мен жанбайтын сұйықтарды ауыстырып құятын сорабтар, аралық шығын қоймалары талап бойынша, өндіріс ғимараттарына кіріктіру немесе оларға жалғай салумен жобаланады.




жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау