мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты
жүзеге асыру бойынша
әдістемелік нұсқаулар
«Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам істері жөніндегі министрлігі Азаматтық қоғам істері бойынша комитеті» РММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қолдау көрсету» жобасының аясында.
Астана қ., 2017 жыл
Таралымы: 300 дана
мазмұны
1
|
КІРІСПЕ
|
3-б.
|
2
|
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
|
4-б.
|
3
|
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
|
10-б.
|
4
|
Бағалау критерийлері бойынша АЙРЫҚША ЕСКЕРТПЕЛЕР
|
19-б.
|
5
|
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін бір қаржылық жылдан астам уақытқа мемлекеттік сатып алулар
|
22-б.
|
6
|
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру бойынша қадамдарды жетілдіруге арналған үкіметтік емес ұйымдар ұсынған нұсқаулар
|
25-б.
|
7
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
27-б.
|
КІРІСПЕ
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың маңызды сатысы саналады. Сол себепті қолданыстағы заңнамалық негіз мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынасының құқықтық, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелерін анықтайды.
Бүгінгі таңда заңнамалық деңгейде басымдылықтар, қағидаттар, механизмдер, тараптардың міндеттемелері, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру деңгейлері сипатталған
Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы зор мәселелерді шешуге қатысуына арналған құқықтық негіз заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың мейлінше тиімді түрі саналады.
Баршамызға мәлім, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 cәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйақылар туралы» Заңы «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс» терминін анықтайды және оның жай-жапсарын суреттейді.
Ал мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау процедуралары ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен және сәйкес нормативтік-құқықтық актілермен, көп ретте Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі.
Дегенмен бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларда ішкі процедураларды сан түрлі түрлендіру, соның ішінде заңнамада қарастырылмаған критерийлерді бағалау, талаптар орнату, алдын ала төлемдердің болмауы және үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурстарына қатысу жағдайын қиындата түсетін басқа да аспектілер бөліміндегі тәжірибесі бар.
Сол себепті тренингтердің мазмұнына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруға қадамды оңтайландыруға арналған әдістемелік нұсқаулар кіреді.
Оқу құралының мазмұны талаптар, процедуралар мен мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру кезінде жіберілетін қателіктерді сипаттайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы үкіметтік емес секторының ескертпелері мен ұсыныстарына негізделген.
Қандай да болмасын сұрақты түсіндіру көп уақыт алатын жағдайларда мәтін ішінде бастапқы құжатқа сілтеме беріледі, ал құжаттардың өздері қосымшаға енгізілді.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – бюджеттік қаражат есебінен үкіметтік емес ұйымдар орындайтын, әлеуметтік саладағы мәселелерді шешуге арналған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру түрі.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңға сәйкестік;
2) ҚР-дағы әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тиімділігін арттыру;
3) ҚР азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;
4) үкіметтік емес ұйымдардың конкурсқа қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесінің жариялылығы мен ашықтығы.
Әлеуметтік жоба – бір жыл бойына және үш жылға дейін жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызды салалардағы мақсаттарға жетуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерінің тапсырушылары республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері, яғни жедел басқару құқығындағы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар саналады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жеткізуші (әрі қарай – жеткізуші) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға шарт бойынша мемлекеттік бағдарламаларды, әлеуметтік жбаларды жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйым.
Үкіметтік емес ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар ерікті түрде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіподақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруды мониторингілеу – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу және талдау;
Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасы – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамды олар туралы ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру, гранттар ұсыну және сыйақы тағайындау шеңберінде қолдану үшін құрылатын ақпараттық мәліметтер базасы.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларында анықталған ерекшеліктерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Әлеуметтік тапсырысты жүргізу процедуралары аясындағы өкілетті орган ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі саналады, ол:
1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
2-1) үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар ұсыну және олардың жүзеге асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
2-2) үкіметтік емес ұйымдар үшін сыйақылар беруді жүзеге асырады және оларды тағайындау қағидаларын бекітеді;
2-3) Үйлестіру кеңесін құрады, оның ережесі мен құрамын бекітеді;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мониторингілеуді жүзеге асырады және оны өткізу қағидаларын бекітеді;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ұсынады;
4-1) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР заңының 41-б. 5-т. сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасына енгізу үшін ұсынылатын мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады;
5) өз құзыреттілігі шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жасақтайды және (немесе) бекітеді;
6) үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасын жүргізуді жүзеге асырады;
6-1) үкіметтік емес ұйымдар мәліметтер базасын қалыптастыру тәртібін анықтайды;
7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электронды ақпараттық ресурстардың қызметін құрады және қамтамасыз етеді, оған жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігін ұйымдастырады;
7-1) оның қызметінің нәтижелері туралы оператордың есебін қарастырады және оның формасын бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде қарастырылған басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Егер басқасы қағидаларда қарастырылмаған болса, мемлекеттік сатып алуларды өткізу бойынша конкурсты жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуларды конкурс тәсілімен жүзеге асыру тәсілі қолданылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алуға конкурс (әрі қарай – конкурс) – тапсырыс берушінің үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын, қызметтерін алуына бағытталған және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуетті жеткізушілері арасындағы ашық және адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін әлеуетті жеткізушіні анықтау тәсілі;
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста қарастырылған қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсында мынадай бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатысады:
1) білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясатын және балалар бастамасын қолдау;
5) демография мәселелерін шешу;
6) гендерлік мәселелерді шешу;
7) халықтың әлеуметтік әлсіз тобына қолдау көрсету;
8) жетім балаларға, толық емес отбасы немесе көп балалы отбасы балаларына көмектесу;
9) азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету;
10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
11) мәдениет пен өнерді дамыту;
12) тарихи-мәдени мұраны сақтау;
13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;
14) есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;
15) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
16) қиын өмірлік жағдайға қалған тұлғаларға (отбасыға) көмек көрсету;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша.
Әлеуметтік тапсырыста қарастырылған қызметтерді мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алулардың республикалық веб-порталы арқылы тек қана электронды әдіспен жүзеге асырылады.
Әлеуетті жеткізушілерге қойылатын біліктілік талартары және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы қызметтерді мемлекеттік сатып алу процедраларының өткізілу мерзімі «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР заңымен реттелмейді.
Бұл ретте Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларында ұйымдастырушы конкурстық құжаттамалар бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысу үшін өтінімдерін ұсынудың соңғы күніне дейінгі жиырма күнтізбелік күннен кем емес уақыт ішінде веб-порталға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін орналастыратындығы анықталған.
Әлеуетті жеткізушілер өздерінің төлем қабілеттіліктерін, сондай-ақ материалдық қорларының бар екендіктерін растамайды.
Егер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алулар бір қаржылық жылдан астам уақытқа өткізіліп жатқан болса, онда әлеуметтік жеткізуші өзінде бекітілген конкурстық құжаттамада қарастырылған материалдық қорлардың бар екендігін растауға міндетті. Бұл ретте конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушілердің материалдық-техникалық базасын сипаттау және оларға қойылатын талаптар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін міндетті шарт саналады.
Әлеуетті жеткізушінің материалдық-техникалық базасы конкурстық құжаттамада бекітілген талаптарға сай келмеген жағдайда оның өтінімі сатып алуларға қатысудан қайтарып тастауға жатады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алулар кезінде ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілер ұсынған техникалық сипаттамаларды бағалау үшін конкурстық құжаттамада келесідей критерийлерді қарастырады:
1) әлеуетті жеткізушы ұсынып отырған жобаның тапсырыс берушінің техникалық сипаттама талаптарына сай келуі;
2) ұйымдастыру миссиясының сатып алынатын қызметтерге және тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкес келуі (құрылтайшылық құжаттарға сәйкес ұйымдастыру мақсатары);
3) әлеуетті жеткізшінің «Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасында» болуы туралы мәліметтер;
4) еңбек өтілінің болуы;
5) жобаны жүзеге асыру аясында қызметті әлеуетті алушылардың саны мен сапалық құрамы (барлық іс-шаралардың тікеелей қатысушылары);
6) жобаны жүзеге асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша индикаторлардың болуы;
7) бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндіктері туралы мәліметтер (пайыздық және сандық өрнекте);
8) тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспардың болуы (іс-шаралардың атауы мен іс-шара түрі, мақсатты топтар, өткізу орны мен мерзімдері, халықты қамтуы).
Әлеуетті жеткізуші аталған критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбау жағдайында конкурстық комиссия осындай әлеуетті жеткізушіге сәйкес шартты жеңілдіктерді қолданбайды.
Әлеуетті жеткізушінің шартты жеңілдіктерді қолдану үшін ұсыныстары шартқа енгізіледі.
Техникалық сипаттамасы 11 балдан төмен қорытынды бағалауы бар әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурстық құжаттама 12-қосымшасының 1) «Әлеуетті жеткізуші ұсынған жобаның Тапсырыс берушінің техникалық сипаттамаларына сай келуі» және 2) «Сатып алынатын қызметтердің Тапсырыс беруші ұйымының миссиясына және салалық мамандануына сай келуі» тармақшаларында көрсетілген критерийлер бойынша конкурстық өтінімдері бір балдан төмен жинаған әлеуетті жеткізушілер жиналған балдың жалпы санына қарамастан, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурстық комиссия өтінімдерді ашқаннан күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу өтінімдерін олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі бойынша қарастырады.
Конкурстық комиссияның барлық критерийлер бойынша қойған балдарын портал жүйесі автоматты түрде есептеп шығарады, соның нәтижелері бойынша әлеуетті жеткізушіің техникалық сипаттамаларына балмен көрсетілген қорытынды баға қойылады.
Жиналған балл санына қарай қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің конкурстық ұсыныстарын келесідей шартты азайтулар қолданылады:
1) 15-тен 20 балға дейін қоса алғанда – әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 10%-ға азайтылады;
2) 21-ден 27 балға дейін қоса алғанда – әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 20%-ға азайтылады;
3) 27 балдан жоғары – әлеуетті жеткізушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 30%-ға азайтылады.
|
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарына бағаны шартты азайтуды қолданады.
Мемлекеттік сатып алу порталы конкурс қатысушыларының шартты бағаларын автоматты түрде салыстырып қарайды және ең төменгі шартты баға негізінде конкурс жеңімпазын анықтайды.
Конкурстық баға ұсыныстары тең болған жағдайда жеңімпаз ретінде сатып алынатын қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі көп конкурс қатысушы танылады.
|
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы қызметтер конкурсына қатысуға әлеуетті жеткізушінің өтінім бағасы конкурсқа бөлінген бағадан 50 пайызға төмен болатын болса, демпингтік деп танылады.
Әлеуетті жеткізушінің өз техникалық сипаттамаларын бағалау үшін ұсынған ережелері шартқа енгізіледі.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтердің мемлекеттік сатып алулардың айрықша ерекшеліктері мыналар:
1) әлеуетті жеткізуші өтінімнің конкурсқа қатысуына, шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қатыспайды;
2) конкурстық комиссия «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР заңының (Заң) 21-бабы 4-тармағында қарастырылған конкурс қатысушыларының конкурстық баға ұсынысына ықпал ететін критерийлерді қолданбайды;
3) конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау процедуралары жүзеге асырылмайды;
4) конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу процедурасы жүзеге асырылмайды
5) Заңның 26-бабы талаптары қолданылмайды.
Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларының 17-тармағына сәйкес, ұсынылған конкурстық баға ұсынысы демпингтік деп танылса, әлеуетті жеткізушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған қызметтерді мемлекеттік сатып алулар конкурсына қатысуға берілген өтінімі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
|
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылауды тапсырыс беруші, сондай-ақ бас қа өкілетті мемлекеттік органдар ҚР заңдарында белгіленген құзыреттілік шегінде жүзеге асырады.
|
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және орындау туралы заңнаманы бұзғаны үшін тапсырыс берушілердің жауапкершілігі «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінде, ҚР Қылмыстық кодексінде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында қарастырылған.
Әлеуметтік тапсырысты орындау және орналастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы шарттарды орындау бөлігінде тапсырыс берушілер секілді әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын жеткізушілердің де жауапкершілігі маңызды саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |