Сн рк 02-13-2019 Қазақстан Республикасы



жүктеу 1,14 Mb.
бет1/13
Дата21.12.2019
өлшемі1,14 Mb.
#24753
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

4

СН РК 3.02-13-2019

ҚПрямая со стрелкой 8азақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының

2019 жылғы __________

№ ______-нқ бұйрығына

1-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекетті
к нормативтер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ




Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ


ОХРАНА ТРУДА И ТЕХНИКА БЕЗОПАСНОСТИ

В СТРОИТЕЛЬСТВЕ


ҚР ҚН 1.03-05-2019
СН РК 1.03-05-2019






Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

АЛҒЫ СӨЗ


1. ӘЗІРЛЕГЕН:

«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ


2. ҰСЫНҒАН:

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті


3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН:

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағанын 2019 жылғы « » бұйрығымен №

2019 жылғы « » бастап




ПРЕДИСЛОВИЕ


1. РАЗРАБОТАН:

АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры»


2. ПРЕДСТАВЛЕН:

Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

3. УТВЕРЖДЕН

И ВВЕДЕН

В ДЕЙСТВИЕ:

Приказом председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от « » 2019 года №

с « » 2019 года




Осы мемлекеттік нормативті сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкiлеттi органы ведомствосының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения ведомства уполномоченного органа в области архитектуры, градостроительства и строительства.

Мазмұны


1-тарау.

Қолданылу саласы




2-тарау.

Нормативтік сілтемелер




3-тарау.

Терминдер мен анықтамалар




4-тарау.

Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары




1-параграф.

Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты




2-параграф.

Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары




5-тарау .

Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының талаптары




1-параграф.

Жалпы талаптар




2-параграф.

Өндірістік аумақтарды, жұмыс телімдері мен жұмыс орындарын ұйымдастыру




3-параграф.

Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын оқыту жүйесі




4-параграф.

Құрылыстағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының талаптарын орындауды бақылау жүйесі




6-тарау.

Өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
ОХРАНА ТРУДА И ТЕХНИКА БЕЗОПАСНОСТИ

В СТРОИТЕЛЬСТВЕ




Қолданысқа

енгізілген күні


2019-ХХ-ХХ



1-тарау. Қолданылу саласы
1. Осы құрылыс нормалары құрылыс объектілерін (тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар, өндірістік ғимараттар және құрылымдар, олардың барлық саладағы кешендері) салу кезінде еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауға қойылатын нормативтік талаптардың мақсатын бекітеді, құрылыс объектілерін салу кезінде еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауға қойылатын функционалдық талаптарды құрайды.

2. Осы нормативтік құжатта еңбек қауіпсіздігі шарттарын жақсарту, қауіпсіз технологиялар мен техникаларды енгізу, жұмысшылардың еңбегін қорғау құралдарын, жеке және ұжымдық қорғанысын пайдалану бойынша өндірістік қызмет жүйесін жасау және жүзеге асыру ережелері келтірілген.



2-тарау. Нормативтік сілтемелер
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне келесі сілтемелер қажет:

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі);

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң);

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы (бұдан әрі – Техникалық реттеу туралы Заң);

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Заңы (бұдан әрі – Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Заң);

«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №15501) (бұдан әрі – «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ТР);

«Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1020 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №12747) (бұдан әрі – Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ереже);

«Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген №11259) (бұдан әрі – «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары).

Ескертпе* - Пайдаланған кезде ағымдағы жағдай бойынша жыл сайын жасалатын және ай сайын шығарылатын, ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетеньдерге – журналдар мен стандарттардың ақпараттық көрсеткіштеріне сәйкес келетін «Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында нормативтік-құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі» деген ақпараттық каталогтар бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексерген орынды.

3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:

1) арнайы киiм – қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғап, өзге де нәрселер;

2) ауыр жұмыстар – қызметкердiң ауыр заттарды қолмен көтеруiне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлерiне сағатына 250 килокалорийден (бұдан әрі – ккал/сағат) астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;

3) еңбек – адам мен қоғамның өмiрiне және қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметi;

4) еңбек гигиенасы – қызметкерлердiң денсаулығын сақтау, өндiрiстiк орта мен еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнiң алдын алу жөнiндегi санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешенi;

5) еңбек жағдайлары – еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi жағдайлары, кәсiптердi (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердiң мiндеттерiн атқару, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау тәртiбi, техникалық, өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келiсуi бойынша өзге де еңбек жағдайлары;

6) еңбек қауіпсіздігінің стандарттары – еңбекті қорғау саласындағы әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, реабилитациялау шараларын жүзеге асыруды реттейтін еңбек қызметінің процесінде жұмысшылардың өмірі мен денсаулықтарын сақтауға бағыталған талаптар, процедуралар, критерийлер мен нормативтер;

7) еңбекті қорғау талаптары – еңбекті қорғаудың мемлекеттік нормативтік талаптары, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі стандарттары, сонымен қатар еңбекті қорғау бойынша нормалар мен нұсқаулықтармен белгіленген еңбекті қорғау талаптары;

8) еңбек қауіпсіздігінің талаптары (қауіпсіздік талаптары) – орындалуы еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін және жұмысшылардың тәртіптерін реттейтін заңнамалық актілермен, нормативтік және жобалық құжаттармен, нормалар мен нұсқаулықтармен белгіленген талаптар;

9) еңбек қауiпсiздiгi – еңбек қызметі процесінде жұмысшыларға зиян және «немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмайтын іс-шаралардың кешенін қамтамасыз ететін жұмысшылардың қорғалу жағдайы;

10) еңбек қауiпсiздiгi жағдайлары – қызметкер еңбек мiндеттерiн орындаған кезде еңбек процесi мен өндiрiстiк ортаның еңбек қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi;

11) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау мониторингi – өндiрiстегi еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн қадағалау жүйесi, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн бағалау мен болжау;

12) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектiң қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететiн өзге де талаптар;

13) еңбектi қорғау – құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi;

14) еңбектің қауiпсiз жағдайлары – еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiн болғызбайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қызметкерлердiң қорғалу жай-күйi;

15) жеке қорғану заттары – қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар, соның iшiнде арнайы киiм;

16) жұмыстарды өндіру жобасы (ЖӨЖ) – құрылыстық-монтаждық жұмыстардың қорларымен қамтамасыз етудің технологияларын, орындау уақыты мен тәртібін анықтайтын жоба;

17) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары – белгiлi бiр өндiрiстiк факторлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

18) зиянды өндiрiстiк фактор – әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;

19) қауiптi еңбек жағдайлары – еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдайда белгiлi бiр өндiрiстiк немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсерi қызметкердiң жарақаттануына, кәсiптiк ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсiптiк ауруға шалдығуы не өлiмi туындайтын еңбек жағдайлары;

20) қауiптi өндiрiстiк фактор – қызметкерге әсер етуi еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндiрiстiк жарақатқа немесе кәсiптiк ауруға) немесе өлiмге әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;

21) құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) – құрылыстың жалпы ұзақтығы мен аралық мерзімдерін, қаражаттар мен құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін бөлуді, материалдық-техникалық, еңбек қорлары мен оларды жабу көздерін, құрылыстық-монтаждық жұмыстарды орындаудың негізгі әдістерін анықтайтын жобалық құжаттаманың құрамды бөлігі;

22) нормативтік талаптардың мақсаты – нормативтік талапты орындаумен неге қол жеткізу керектігінің тұжырымдамасы;

23) өндiрiстiк жабдық – машиналар, тетiктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндiрiске қажеттi өзге де техникалық құралдар;

24) өндiрiстiк жарақат – қызметкер еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде алған, оның еңбекке қабiлеттiлiгiн жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;

25) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндiрiстiк объектiлердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында бағалау жөнiндегi қызмет;

26) өндiрiстiк санитария – зиянды өндiрiстiк факторлардың қызметкерлерге әсерiн болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру iс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесi;

27) тас төсеу құралдары – құрылыс-монтаж жұмыстарын жер деңгейінен немесе жабыннан 1,3 метрден (бұдан әрі – м) астық биіктікте немесе тереңдікте жүргізу кезінде жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған қондырғылар;

28) ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс iстейтiн екi немесе одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бiр мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар;

29) функционалды талап – нормативтік талаппен белгіленген мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін объектінің функционерленуін сапалы дәрежеде сипаттау.



4-тарау. Құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты және функционалдық талаптары

1-параграф. Құрылыс нормалары нормативтік талаптарының мақсаты

4. Осы құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаттарына еңбек қауіпсіздігінің жағдайын жақсартуға, қауіпсіз технология мен техниканы ендіруге, еңбекті қорғауда жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғауды қолдануға қатысты өндірістік қызмет жүйелерін құру мен жүзеге асыру жатады.



2-параграф. Құрылыс нормаларының функционалдық талаптары
5. Құрылыстағы еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі техникасы жұмысшылардың денсаулығын өндірістік зияндар мен жазатайым жағдайлардан қорғау және еңбек пен жұмыс сапасының өндірістілігін көтеруге әсер етуші айтарлықтай жағымды жағдайларды қамтамасыз ету мақсатындағы өзара байланысқан заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық, гигиеналық және ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі болып табылады.

6. Еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасының еңбек заңнамасының, санитарлық-гигиеналық шаралардың, өртке қауіпсізіктің, сондай-ақ еңбекті қорғау бойынша нормалар мен ережелердің талаптарын орындауды қадағалау мен бақылау сұрақтарынан тұрады.

7. Жұмысшылардың еңбек жағдайы мен ахуалы жиі өзгеретін және жұмыс өндірісін бірнеше ұйым жүргізетін құрылыс-монтаж жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау үшін жобалық шешімдердің жоғарғы сапасы, ЖӨЖ бөлшектік өңдемесі, сонымен қатар технологиялық карталардың егжей-тегжейлі өңделгені талап етіледі.

8. Қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялар мен құрылыс машиналары мен механизмдерінің жоғары сапасын, тиімді дыбыстық немесе жарықтық сигнализацияны қамтамасыз ету қажет. Құрылыста пайдаланылатын инвентарлық құрылғылар мен монтаждық жабдықтар қауіпсіздік техникасының барлық талаптарына жауап берулері тиіс.

9. Қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес құрылыс әкімшілігі бекітілген мерзімде жұмысшылар мен қауіпсіздік техникасы саласындағы техникалық қызметкерлерге нұсқаулық жүргізуді, білімдерін зерттеу мен тексеруді ұйымдастыруы қажет, ол міндетті түрдегі құжаттық ресімдеу арқылы жүзеге асырылады.

10. Еңбек қауіпсіздігі бойынша қосымша талаптар қойылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға 18-ден жас емес, кәсіби дағдылар иеленген, медициналық тексеруден, сондай-ақ осы жұмыстардың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытудан өткен, тиісті куәлік алған тұлғалар жіберіледі. Оқытудан өтпегенше осындай тұлғалар өз бетімен жұмыс істеуге жіберілмейді.

11. Құрылысқа қайта жіберілген жұмысшылар қауіпсіздік техникасы бойынша кіріс (жалпы) нұсқаулығын және тікелей жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты өткеннен кейін ғана жұмыс орындарына жіберіледі.

12. Аса қауіпті және зиян өндірістердегі, соның ішінде конструкцияларды биіктікке монтаждау, отқа төзімді, қышқылға төзімді және оқшаулағыш жұмыстарға, радиобелсенді заттар қолданылатын процестерге және сондай сипаттағы жұмысшылар тиісті оқудан және сол бойынша емтихан тапсырғаннан кейін ғана жіберіледі.

13. Қауіпті және зиянды жағдайда жұмыс істеушілерге жазатайым жағдайлардың мүмкіндігін ескеретін жеке қорғау құралдарын, сонымен қатар өндірістік спецификасын ескерумен қоршаған ортаның зиянды әсер етуінен ағзаны қорғайтын арнайы киім берілуі қажет. Жұмысшылар өздеріне берілген қорғау құралдарын пайдалану ережелері туралы нұсқаулықтан өтулері тиіс.

14. Санитарлық-гигиеналық шаралар (жұмыс орнында жақсы ауалық ортаны, жарықтандыруды жасау, діріл мен шудың зиян әсерлерін жою, қажетті тұрмыстық және санитарлық үй-жайларды жабдықтау және тағы басқа) жұмысшыларға жұмыс орындары мен тұрмыстық үй-жайларда санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетілуді жүзеге асыруды қарастыруы қажет.

15. Өртке қарсы қауіпсіздік үшін өртті ескеру, ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы жағдайларын жақсарту, өндірістік процестерде өрт қауіпсіздігін төмендету бойынша іс-шаралардың кешені өңделуі тиіс.

16. Әкімшіліктің жұмыс уақыты, арнайы киімнің, сүттің, сабынның, сапалы ауыз судың, жеке қорғау жабдықтарының уақытылы берілуі туралы еңбек заңнамасын орындауына бақылау жүргізуді жүзеге асыру үшін еңбекті қорғау бойынша қызмет құрылуы қажет.

17. Қауіпсіздік техникасын жетілдіру үшін өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды барынша жоққа шығаратын қорғау құралдары, машиналар, жұмысты басқару және ұйымдастыру әдістері сияқты еңбек жағдайлары жасалады.

Глава 5. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының талаптары

Параграф 1. Жалпы талаптар

18. Құрылыс өндірісіндегі, құрылыс материалдарының өнеркәсібі мен құрылыстық индустриядағы жұмыстарды ұйымдастыру және орындау Еңбек кодексінің, сондай-ақ, өзге нормативтік құқықтық актілердің, сонымен қатар:

1) құрылыстық нормалар мен ережелер, жобалау мен құрылыс салу бойынша ережелердің жинағы;

2) белгіленген тәртіпте бекітілген еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша салааралық және салалық ережелер мен типтік нұсқаулықтар;

3) Қазақстан Республикасында әрекет ететін еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің мемлекеттік стандарттары;

4) еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің талаптары мен ережелері, қауіпсіз орнату және эксплауатация ережелері, қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар;

5) Қазақстан Республикасында әрекеттегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтер, гигиеналық нормативтер, санитарлық ережелер мен нормалар.

19. Объектінің құрылысын салуға қатысушылар (тапсырысшылар, жобалаушылар, мердігерлер, жеткізушілер, сонымен қатар құрылыс материалдарын және конструкцияларын өндірушілер, құрылыс техникалары мен өндірістік жабдықтарды даярлаушылар) 18 тармақта көрсетілген нормативтік құжаттардың талаптарын бұзғаны үшін заңнамалық жауапкершілікте болады.

20. Машиналарды, қол электрлік және пневматикалық машиналарын, технологиялық құралдарды эксплуатациялау кезінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарын сақтау үшін:

1) құрылыс машиналарының, механизмдерінің, өндірістік жабдықтардың, аспаптың, технологиялық құралдардың, қорғаныс құралдарын қоса, техникалық жағдайлары үшін – олар соның балансында отырған ұйымдарға, ал оларды уақытша қолдануға беру (жалға) кезінде – келісіммен анықталған ұйымға (тұлғаға);

2) жұмыстың қауіпсіз өндірістігінің талаптарын қамтамасыз ету үшін – жұмыстарды орындаушы ұйымдарға жауапкершіліктер артылады.

21. Құрылыс алаңдарындағы жұмыстарды орындау кезінде қосалқы мердігерлерді немесе жалдаушыларды қатыстырған бас мердігер немесе жалдаушы міндетті:

1) олармен бірлесе отырып, жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін, құрылысқа қатысатын барлық ұйымдар мен тұлғалар үшін міндетті, іс-шараларды әзірлеуге;

2) оларға бекітілген жұмыс учаскелерінде еңбек қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды орындау бөлігінде жоспарланған іс-шараларды орындауды және қосалқы мердігерлер мен жалға алушылардың әрекетін үйлестіруді орындауға.

22. Мердігерлерді (жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтарды қоса алғанда) қатыстырумен құрылыс алаңының және жұмыс учаскелері аумағында жұмыс жүргізген кезде құрылысты жүргізуші тұлға міндетті:



1) қатыстырылатын қосалқы мердігерлермен бірлесе отырып, жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін, құрылысқа қатысатын барлық ұйымдар мен тұлғалар үшін міндетті, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге;

2) оларға жоспарланған іс-шараларды және оларға бекітілген жұмыс учаскелерінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау бөлігінде қосалқы мердігерлер әрекетін үйлестіруді орындауға;

3) мердігерлік шарттарды жасасқан кезде құрылыс алаңының және жұмыс учаскелерінің аумағында еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың орындалуына тараптардың өзара жауапкершілігін көздеуге.

23. Ұйым аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауды бастамас бұрын тапсырысшы мен бас мердігер қосалқы мердігерлердің және жұмыс істейтін ұйымның әкімшілігімен бірлесе отырып, белгіленген нысан бойынша жіберу актін ресімдеуге міндетті. Жіберу актімен қарастырылған іс-шараларды орындауға жауапкершілікті құрылыс ұйымдарының және жұмыс істейтін ұйымның басшылары артады.

24. Өндірістік тәуекел жағдайында жұмысты бастар алдында орындалатын жұмыстардың сипаттарына байланысты немесе байланысты емес қауіпті өндірістік факторлар үнемі әрекетте болатын немесе болуы мүмкін шекте адамдарға қауіпті аумақтарды белгілеу қажет.

25. Үнемі әрекет ететін қауіпті өндірістік факторлар аймағына келесі аймақтар жатқызылады:

1) электр қондырғыларының оқшауланбаған ток жүретін бөліктеріне жақын орналасқан жерлерге;

2) биіктік бойынша қоршалмаған құламаның маңына;

3) зиянды өндірістік факторлардың (шу, діріл, электр магниттік, ультрафиолеттік, лазерлік, радиоактивтік сәулелер) рұқсат етілген деңгейінен асып кетуі ықтимал жерлерге.

26. Әлеуетті әрекет ететін қауіпті өндірістік факторлар аймағына келесі аймақтар жатқызылады:

1) салынып жатқан ғимараттың (құрылыстың) жанындағы аумақтың телімдері;

2) үстінде құралымдарды немесе жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу) жүргізілетін бір тартып алудағы ғимараттар мен құрылыстар қабаттары (ярустары);

3) машиналардың, жабдықтардың немесе олардың бөліктерінің, жұмыс органдарының жылжу аймақтары;

4) үстінде жүккөтергіш крандармен жүктің орнын ауыстыру жүргізілетін жерлер.

27. Құрылыс ұйымдарының жұмысшылары, басшылары, мамандары мен қызметшілері (осы ұйымдардың меншік нысанына қарамастан) заңнамамен немесе әрекеттегі нормалармен белгіленген нормалардан төмен емес немесе әрекеттегі нормалар мен нұсқаулықтарға сәйкес осы нормалардан жоғары емес көлемде жұмыс түрін және тәуекел деңгейін ескере отырып, арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

28. Үнемі әрекетте болатын қауіпті өндірістік әсерлері бар аумақтардағы құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмысшыларды қорғау бойынша нақты шешімдері бар жұмыс өндірісінің жобасына сәйкес жол беріледі.

29. Пайда болуы орындалатын жұмыстардың сипатымен байланысты емес қауіпті өндірістік әсерлердің әрекеті аумағындағы жұмыстарды бастамас бұрын жұмыстың жауапты орындаушысына жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізуге жүктелім-рұқсат берілуі тиіс.

Ескертпе* – Потенционалды қауіпті әрекеттегі объектілердің (электр жіберу жолдары, жарылыс қауіпті объектілер және басқалар) аумағында құрылыстық өндіріс жүзеге асырылған жағдайда, салалық және салааралық нормативтік құқықтық актілермен қарастырылған жүктелім-рұқсаттардың басқа нысандары қолданылады.

30. Жұмыстардың орындалуына тек жүктелім-рұқсат бойынша іске асатын өндіріс орындары мен жұмыстар түрлерінің тізбегі ұйымда оның пішінінің есебімен жасалуы және ұйым жетекшісімен бекітілуі қажет.

31. Жүктелім-рұқсат жұмыстың жауапты орындаушысына (прорабқа, шеберге, бригадирге) ұйым жетекшісінің бұйрығымен уәкілетті тұлғамен беріледі. Жұмысқа кірісер алдында жұмысқа жауапты тұлға жұмысшыларды жұмыстарды қауіпсіз өндірісі бойынша іс-шаралармен таныстырып, жүктелім-рұқсатқа жазу арқылы мақсатты нұсқаулық жүргізуге міндетті. Әрекеттегі ұйымның аумағында жұмыстарды жүргізу кезінде жүктелім-рұқсатқа осы ұйымның тиісті лауазымдық тұлғасы қол қояды.

32. Құрылыстың немесе коммуникацияның қорғаулы аумақтарында жұмыс жүргізу кезінде жүктелім-рұқсат ұйымның – осы құрылыстың немесе коммуникацияның иесінің жазбаша рұқсаты бар болғанда ғана беріледі.

33. Жүктелім-рұқсат, егер басқасы әрекеттегі нормативтік құқықтық актілермен қарастырылмаса, берілген жұмыс көлемін орындауға қажетті мерзімге беріледі. Жұмыс өндірісі кезінде жүктелім-рұқсатпен қарастырылмаған қауіпті немесе зиянды өндірістік әсерлер туған, сонымен қатар жұмыс өндірісінің жағдайлары өзгерген кезде жұмыстарды тоқтатып, жүктелім-рұқсатты жабу қажет, және тек жаңа жүктелім-рұқсат берілгеннен кейін жұмыстарды қайта бастау керек.

Жүктеме-рұқсатты берген тұлға онда жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қарастырылған іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізуге міндетті.

34. Жұмыс сипатымен байланысты қауіпті өндірістік әсерлердің әрекеті жағдайында жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қауіпсіздіктің қосымша талаптары қойылады. Қауіпсіздіктің қосымша талаптары қойылатын қызметтер (лауазымдар) мен жұмыс түрлерінің тізбесі құрылыс ұйымында Алдын-ала және кезеңдік медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесінің есебімен бекітіледі.

35. Еңбек қауіпсіздігі бойынша қосымша талаптар қойылатын жұмыстарды орындауға, заңнамаға сәйкес жасы мен жынысы бойынша теріс көрсеткіштері жоқ, медициналық тексерістерден өткен және осы жұмыстарды орындауға жарамды деп табылған, жұмыстың қауіпсіз әдістері мен амалдары бойынша оқу оқыған, еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты игерген, жұмыс орнында тәжірибе алып, еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі бойынша білімдері тексерілген тұлғалар жіберіледі.

36. Жасы кәмелетке толған, медициналық тексеруден өткен, жарамды деп танылған, кемінде бір жыл жоғары өрмелегіш жұмыстар өтіліне және 3-ден төмен тарифтік разрядқа ие болатын тұлғалар (жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер) өз бетімен жоғары өрмелегіш жұмыстарға жіберіледі.

Жоғары өрмелегіш жұмыстарды орындауға бірінші рет жіберілген жұмысшылар бір жыл ішінде ұйымның басшысының бұйрығымен тағайындалған тәжірибелі жұмысшылардың тікелей қадағалауымен жұмыс істеуі тиіс.

37. Ашық ауада жұмыстарды және жылытылмайтын көлік құралдарындағы адамдарды тасымалдауды тоқтату қажет болатын сыртқы ауа температурасы мен желдің күшінің шекті мағыналары бекітілген тәртіпте анықталады.

38. Әйелдер мен жасөспірімдердің еңбегін ұйымдастыруда Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне, әйелдердің тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шекті нормаларының және Әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімінің талаптарына сәйкес олар үшін бекітілген тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шекті нормаларының талаптарын сақтау қажет.

39. Жасөспірімдердің еңбегін ұйымдастыруда Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізіміне сәйкес тасымалдайтын және қозғайтын жүктің шекті нормаларының талаптарын сақтау қажет.

Негізгі жалпы білім беретін орта, бастапқы кәсіби білім беретін және білім беру мекемелерінде оқитын жоғарыда көрсетілген Тізіммен көзделген өндірістік, профессиялық және жұмыстардағы өндірістік практикадан (өндірістік оқудан) өту кезінде тиісті санитарлық ережелер мен нормаларды ескере отырып, күніне 4 сағаттан (бұдан әрі – с) көп емес жұмыс орындарында бола алады.

40. Зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыс атқарушы жұмысшылар міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесіне, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларына, және Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұрынатын жұмысшылардың міндетті және кезеңді медициналық тексерістері бойынша нұсқаулықтың талаптарына сәйкес міндетті алдын-ала медициналық тексерістен (жұмысқа кірісер алдында) және кезеңді медициналық тексерістерден өтулері қажет.

41. ҚҰЖ және ЖӨЖ өңдейтін және бекітетін ұйымдар оларда еңбек қауіпсіздігі бойынша шешімдерді қарастырулары тиіс.

ҚҰЖ және ЖӨЖ жоқ жұмыс өндірістеріне жол берілмейді. Оларды өңдеген және бекіткен ұйымдардың келісімінсіз ҚҰЖ және ЖӨЖ шешімдерінен шегінуге тыйым салынады.

Жұмысшылар ЖӨЖ жұмыс өндірісіне дейін (қол қою арқылы) танысулары тиіс.

42. Электр техникалық және электр технологиялық қызметкердің жұмыстарын ұйымдастыру кезінде Электр станцияларын және желілерін техникалық пайдалану ережелерінің талаптары орындалуы тиіс.

43. Асбестпен және құрамында асбест бар материалдармен жұмыс Асбесті пайдаланудағы еңбекті қорғау туралы конвенция және «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары есебімен орындалады.

44. Химиялық заттарды пайдаланатын жұмыстардың өндірісі кезінде тиісті еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі бойынша ережелердің және химиялық заттарды дайындаушы зауыттардың кепілдемелерінің талаптарын орындау қажет.

45. Құрылыс алаңында бірнеше мердігерлік ұйымдардың, жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтарды қоса, бірлесе отырып жұмыс істеу кезінде бас мердігер белгіленген талаптарға сәйкес құрылыс объектісінде еңбектің жағдайына бақылау жүргізуді жүзеге асырады.

Объектіде жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп тудыратын қауіпті жағдайлар туған кезде бас мердігерлік ұйым бұл туралы құрылыстың барлық қатысушыларын құлақдар етіп, адамдарды қауіпті аумақтан шығару үшін қажетті шаралар қабылдауы қажет. Жұмысты қайта жалғастыру үшін қауіптің туу себептерін жойғаннан кейін бас мердігерлік ұйымның рұқсаты болу тиіс.

46. Құрылыс өндірісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін есепке ала отырып, осы нормативке қайшы келмейтін еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша қосымша шаралар қарастыруға болады. Осы шаралар тиісті еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша нұсқауларға ендіріліп, жұмыс істеушілердің назарына жеткізілуі қажет.

47. Өндірістік және қосалқы үй-жайларда қажетті дәрілері мен құралдары, сонымен қатар оларды қолдану бойынша нұсқаулары бар жиынтықты дәрігерге дейінгі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етілген санитарлық орындар жабдықталады.

Дәрігерге дейінгі алғашқы көмектің дәрі қобдишаларындағы дәрі құралдарының тізімі мен қажетті көлемі құрылыс өндірісінің сипаты мен жұмысшылардың санына сәйкес жергілікті денсаулық сақтау органдарымен келісіледі.

48. Дәрілер мен құралдардың қоры оларды пайдалану және (немесе) жарамдылық мерзімі аяқталуға байланысты жүйелі түрде орны толтырылып отыру тиіс.

49. Арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа жеке қорғаныс құралдарын беру, сақтау және пайдалану қолданыстағы нормалар мен нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

50. Ұйым басшылары құрылыс алаңы мен жұмыс орындарында оларға бағынышты жұмысшылар мен қызметшілердің еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын орындауы үшін қажетті шарттарды қамтамасыз ету тиіс. Қауіпсіздікке қатер туған кезде, басшының бұйрығымен жұмысты ұйымдастыруға тағайындалған тұлға жұмысты тоқтатып, қауіпті жою бойынша шаралар қолданып, қажет болған кезде адамдардың қауіпсіз орынға эвакуациялануын қамтамасыз ету қажет.

51. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қадағалау органдарының бақылауындағы машиналарға, жабдықтарға, қондырғы мен жұмыстарға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымның қызметкері (тұлғалары) осы органдардың талаптарына сәйкес жұмысты орындауға жіберіледі.

52. Осы нормативке сәйкес еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша әзірленіп отырған нұсқаулықтар Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесiнің талаптарына сай болуы және:

1) еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбекті қорғау жалпы талаптарын;

2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын;

3) жұмыс уақытындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын;

4) апаттық жағдайлардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын;

5) жұмыс аяғындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбекті қорғау талаптарын;

6) өндiрiстiк (технологиялық) үдерiстерге қойылатын талаптар;

7) өндiрiстiк үй-жайларға қойылатын талаптарды;

8) өндiрiстiк алаңдарға қойылатын талаптарды;

9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнiмдерге қойылатын талаптарды;

10) өндiрiстiк жабдықтарға қойылатын талаптарды;

11) өндiрiстiк жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;

12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнiмдердi, дайын өнiмдер мен өндiрiс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсiлдерiне қойылатын талаптарды;

13) өндiрiсте жұмыс iстейтiндердiң еңбек ету және демалу режимiн;

14) қызметкерлердi кәсiптiк iрiктеуге және олардың еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмiн тексеруге қойылатын талаптарды;

15) жеке және ұжымдық қорғау құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды қамтуы тиiс.

Параграф 2. Өндірістік аумақтарды, жұмыс телімдері мен жұмыс орындарын ұйымдастыру


53. Өндірістік аумақтар (оларда орналасқан құрылыс объектілерімен, өндірістік және санитарлық-тұрмыстық ғимараттары мен құрылыстарымен бірге құрылыстық алаңдары мен өнеркәсіптік кәсіпорындар), жұмыс телімдері мен жұмыс орындары жұмыстың қауіпсіз өндірісін қамтамасыз ету үшін дайындалуы тиіс.

Дайындық іс-шаралары жұмыс өндірісін бастаған уақытқа дейін аяқталуы қажет. Қайта соғылған немесе реконструкцияланған өнеркәсіптік объектілердің өндірістік аумақтарының, ғимараттар мен құрылыстарының, жұмыс телімдері мен жұмыс орындарының еңбекті қорғау мен қауіпсіздігі талаптарына сәйкестілігі оларды эксплуатациялауға қабылдау кезінде анықталады.

Құрылыс алаңында дайындық жұмыстарының аяқталуы ресімделген еңбек қауіпсіздігі бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы акті бойынша қабылданады.

54. Жұмыс орнын ұйымдастыруға қолданатын өндірістік жабдық, құралдар мен аспаптар еңбек қауіпсіздігінің талаптарына жауап беруі тиіс.

55. Өндірістік аумақтар, жұмыс телімдері мен жұмыс орындары еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы тиісті нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес жұмысшылардың ұжымдық немесе жеке қорғанысының қажетті құралдарымен, өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен, сонымен қатар байланыс, сигнализация құралдарымен, және басқа да еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс.

56. Жұмысшылардың уақытша немесе тұрақты болатын орындары (санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, демалыс орындары мен адамдар үшін өту жолдары) өндірістік аумақтарды, жұмыс телімдерін құру мен мазмұндауда қауіпті аумақтардың шегінен тыс орналасуы қажет.

57. Қауіпті аумақтар қауіпсіздік белгілерімен және бекітілген нысандағы жазулармен белгіленеді.

58. Қауіпті аумақтарға адамдар болуы мүмкін өндірістік, тұрғын немесе қызметтік үй-жайлар енгенде, жабын үстімен жүктердің орнын ауыстыруға жол берілмейді.

59. Бөгде тұлғаларды, сондай-ақ мас күйіндегі немесе сол аумақта жұмыс істемейтін жұмысшыларды өндірістік аумаққа кіргізуге рұқсат етілмейді.

60. Құрылыс немесе өндірістік алаңдардағы, өндірістік және тұрмыстық үй-жайлардағы, жұмыс телімдері мен жұмыс орындарындағы жұмысшылар, сондай-ақ басқа ұйымдардың өкілдері сол ұйымда қабылданған еңбекті қорғауға жататын ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауға тиіс.

61. Аумақтық жекешеленген үй-жайлар, алаңдар, жұмыс орындары мен телімдері телефон байланысымен немесе радио байланыспен қамтамасыз етілуі қажет.

62. Жұмысшылар, жетекшілер, мамандар мен қызметкерлер Жұмысшыларды арнайы киімдермен, арнайы аяқ-киімдермен және басқа жеке, ұжымдық қорғау құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар және құрылғылармен жұмыс берушінің есебімен қамтамасыз ету ережесіне сай келетін арнайы киіммен, арнайы аяқ-киіммен және жеке қорғаныстың басқа да құралдарымен қамтамасыз етілулері тиіс.

63. Арнайы киімді, арнайы аяқ-киімді, жуылатын және залалсыздандыратын құралдар мен жеке қорғаныстың басқа да құралдарын беру, сақтау және оларды пайдалану Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету ережелеріне және Жұмысшыларды жуылатын және залалсыздандыратын құралдармен қамтамасыз ету ережелеріне сәйкес реттеледі.

64. Құрылыс алаңында жүрген барлық тұлғалар иек асты белдіктермен бекітілген қорғаныс каскаларын киюі тиіс. Қорғаныс каскасы және басқа да қажетті жеке қорғаныс құралдары жоқ жұмысшылар жұмыс жасауға жіберілмейді.

Құрылыс индустриясының кәсіпорындары мен құрылыс материалдарының кәсіпорындарында қорғаныс каскасын қолдану жұмысқа жалдаушының бұйрығымен реттеледі.

65. Жұмысқа жалдаушы жұмысшыларды санитарлық-тұрмыстық үй-жайларымен (гардероб, киім мен аяқ-қиім кептіретін үй-жай, душ, тамақтану, дем алу, жылыну үй-жайлары, денсаулық пункты) қамтамасыз етуі керек.

Құрылыс алаңында жұмысшылар үшін санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғыларды пайдалануға дайындық негізгі санитарлық-монтаждау жұмыстарын бастағанға дейін аяқталуы тиіс.

Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамында дәрі қобдишаларына, тасығыштарға, нықтайтын шиналар мен басқа да бастапқы көмек көрсетуге арналған құралдар үшін орын қарастырылуы қажет.

66. Жұмысқа жалдаушы Еңбек кодексінің 20-тарауына сәйкес әрбір жазатайым жағдай немесе кәсіптік аурудың тергеуін ұйымдастыруы қажет.

67. Еңбектің жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды өңдеу мақсатында, еңбектің ерекше жағдайын растауды, еңбектің зиян және ауыр жағдайындағы жұмыс үшін қосымша ақының өлшемін белгілеуді жұмысқа жалдаушы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу ережелеріне, басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын аттестациялауды ұйымдастыруы тиіс.



Параграф 3. Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын оқыту жүйесі

68. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдағы еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша міндеттер жұмысқа жалдаушыға жүктеледі.

69. Еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жалпы жетекшілік ұйымның басшысына немесе ол уәкілдеген тұлғаға жүктеледі.

70. Жұмысшылар еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді жұмысқа жалдаушы бекіткен олардың лауазымдық нұсқаулығының немесе еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық талаптарының көлемінде орындайды.

Лауазымдық нұсқаулық немесе еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар жұмысшыға қол қою арқылы жұмысқа қабылдану немесе лауазымға тағайындалу, басқа жұмысқа ауысу кезінде жеткізіледі.

71. Ұйымдастыру бойынша бұйрықтармен өздеріне берілген жұмыс телімінің шегінде еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар тағайындалады.

72. Ұйымдағы еңбекті қорғау бойынша бөлімдер мен лауазымдық тұлғалардың қызметтерін әдістемелік басқару мен үйлестіруді жүзеге асыру үшін ұйым штатына кіретін немесе келісім негізінде тартылған еңбекті қорғау қызметін құру қажет. Еңбекті қорғау қызметінің құрылымы, оның функциялары мен тапсырмалары әрекеттегі заңнамаға және Ұйымдағы еңбекті қорғау және қауіпсіздігі қызметі туралы типтік ережеге сәйкес анықталады.

73. Ұйымда Еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу ережелеріне сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғаудың жағдайына кезеңдік тексерістер жүргізіліп, бақылау мен бағалау жүзеге асырылады.

Жұмысшылар еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелерінің бұзылғанын байқаған кезде оларды өз күштерінің арқасында жоюға тырысады, ал ол мүмкін емес болғанда – жұмысты тоқтатып, лауазымдық тұлғаға хабар береді.

Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жағдайда жауапты тұлғалар жұмысты тоқтатып, қауіпті жою бойынша іс-шараларды жүзеге асыруы, ал қажет болған жағдайда – адамдарды қауіпсіз орынға эвакуациялауды қамтамасыз етуі тиіс.

74. Ұйым жетекшілері жұмыстың қауіпсіз әдістері мен амалдарын дер кезінде оқытуға, келесі талаптарға сәйкес еңбекті қорғау сұрақтары бойынша нұсқау жүргізіп, білімдерін тексеруге міндетті:

1) ұйымның жетекшілері мен мамандары ұйым жетекшісі бекіткен жетекшілер мен мамандардың лауазымдық тізбегіне сәйкес, жұмысқа кіресер алдында, лауазымға тағайындалған уақыттан 1 айдан кеш емес мерзімде, ары қарай – кезең сайын, бекітілген уақытта, өздерінің лауазымдық міндеттері мен орындайтын жұмыстарының сипатының есебімен еңбекті қорғау сұрақтары бойынша білімдерін тексеруден өтуге міндетті. Еңбекті қорғау сұрақтары бойынша оқу жүргізу мен білімді тексеру тәртібі Жұмысшыларды еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі сұрақтары бойынша оқыту, нұсқаулық және тексеріс жүргізудің ережелеріне сәйкес анықталады;

2) жұмысшыларды еңбекті қорғау сұрақтары бойынша оқыту және білімін тексеру Жұмысшыларды еңбекті қорғау және қауіпсіздігі сұрақтары бойынша оқыту, нұсқаулық және тексеріс жүргізудің ережелеріне сәйкес дайындауда, қайта дайындауда, екінші мамандық алуда, біліктілікті көтеруде жүргізіледі.

3) жұмысшыларды және іссапарға жіберілген жұмысшыларды уақытша жұмысқа жіберудің алдында кіріс нұсқау мен жұмыс орнындағы алғашқы нұсқау жүргізілуі қажет.

Еңбекті қорғау бойынша қайталама нұсқауды барлық жұмысшыларға үш айда 1 реттен кем емес жүргізу керек. Басқа ұйымның аумағында жұмыс істеу кезінде алғашқы нұсқауды осы ұйымның еңбекті қорғау бойынша жауапты тұлғаның қатысуымен жетекші жүргізеді.

75. Жұмысқа жалдаушының бекіткен лауазымдық тізімі бойынша цехтердің, ауысымның басшылары, шеберлер, прорабтар, аға прорабтар, механиктер мен басқа мамандар жылына 1 реттен кем емес, кезең сайын, талаптарын сақтау жұмысшылардың біліктілік (лауазымдық) міндеттеріне жататын нормативтік құқықтық актілердің қауіпсіздік талаптарын білудің тексерісінен өтуге міндетті.

Еңбекті қорғау сұрақтары бойынша кезектен тыс білімді тексеру:

1) еңбекті қорғау жөніндегі қосымша білімді қажет ететін, қызметкерді басқа жұмыс орнына ауыстырған кезде немесе оны басқа лауазымға тағайындаған кезде;

2) еңбекті қорғау жөніндегі жаңа және қайта өңделген нормативтік құжаттарды қолданысқа енгізген кезде. Бұл жерде заңнаманың сол актілері бойынша ғана білім тексеру жүзеге асырылады;

3) мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының талап етуімен;

4) соның салдарынан өндірісте апат, жазатайым оқиға және басқа ауыр жағдайлар болған немесе болуы мүмкін еңбекті қорғау талаптарын бұзу немесе нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді жеткіліксіз білу айқындалғанда, жұмысқа жалдаушының немесе еңбекті қорғауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның шешімдері бойынша;

5) сол лауазым бойынша жұмыста жылдан артық үзіліс болған кезде жүргізіледі.

Еңбекті қорғаудың ережелерін және нормаларын білуді қанағатсыздандырған басшы немесе бөлім маманы жұмыстарға жетекшілік етуден босатылады.

76. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қадағалау органдарының бақылауындағы машиналарға, жабдықтарға, қондырғы мен жұмыстарға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымның қызметкері (тұлғалары) осы органдардың талаптарына сәйкес жұмысты орындауға жіберіледі.

77. Білім мекемелерінің оқушылары мен тәрбиеленушілерін ұйымдардағы жұмыстарға тарту кезінде, соның ішінде өндірістік тәжірибе өту мерзімінде, ұйымның жетекшісі:

1) оқудың қауіпсіз әдістері мен жұмыс қабылдауларын, нұсқаулық жүргізу мен еңбекті қорғау сұрақтары бойынша білімдерін тексеруді қамтамасыз етуге;

2) бекітілген нормалалар бойынша көрсетілген тұлғаларға санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсету мен оларға арнайы киім, арнайы аяқ-киім және жеке қорғаныс бойынша басқа да құралдардың берілуін қамтамасыз етуге;

3) көрсетілген тұлғаларға келісімнің шарттарымен қарастырылмаған жұмысты істетпеуге міндетті.


Параграф 4. Құрылыстағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының талаптарын орындауды бақылау жүйесі


78. Еңбекті қорғау жағдайы мен кәсіпорынның функциясына бақылауды мемлекеттік қадағалау органдарының нормалары мен ережелерінің талаптарынан ауытқуды анықтау, қызметтер мен бөлімдердің еңбекті қорғау сұрақтары бойынша өз міндеттерін орындаулары мен жетіспеушіліктерді жою бойынша тиімді шаралар қолдануды тексеру мақсатында жүзеге асырады.

79. Кәсіпорында жүргізілетін бақылаудың бірнеше түрлері болу тиіс:

1) кәсіпорын жетекшілері мен лауазымдық тұлғалар жүзеге асыратын оперативтік;

2) еңбекті қорғау жағдайына үш сатылық бақылауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік кепілдемелерге сәйкес жүзеге асатын әкімшілік-қоғамдық (үш сатылық);

3) үнемі еңбекті қорғау қызметімен жүргізілетін;

4) жоғары тұрған органдар орындайтын ведомстволық;

5) мемлекеттік қадағалау, кәсіподақ кеңесінің техникалық инспекциясымен жүзеге асатын ведомстводан тыс.

80. Өндіріс спецификасына, кәсіпорын құрылымы мен оның бөлімшелерінің масштабына байланысты еңбекті қорғаудың жағдайына үш сатылық бақылау:

1) бірінші сатыда – цехтің (өндірістің) телімінде, ауысымда немесе бригадада;

2) екінші сатыда – цехте, өндірісте немесе кәсіпорын телімінде;

3) үшінші сатыда – жалпы кәсіпорында жүргізілуі қажет.

81. Үш сатылық бақылауды ұйымдастыруға жетекшілікті жұмыс беруші және кәсіподақ немесе жұмысшылардың уәкілдік органының жетекшісі жүзеге асырады.



жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау