Смс(ҚХҚ)-хабарламаларындағы ықшамдалу



жүктеу 4,86 Mb.
бет8/23
Дата13.05.2018
өлшемі4,86 Mb.
#12193
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Пайдаланған әдеибеттер:

1. Мантатов В.В. Образ, знак, условнасть. М., 1980, 160 с.

2.Кант И. Сочинения в 6-ти томах. Т-5, М., 1966, 564 с.

3.Жаманбаева Қ.Ә. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. Алматы, 1998, 140 б.

4.Спиркин А.Г. Сознание и самосознание. М., 1972, 333 с.

5.Белый А. Символизм как миропонимание. М., 1994, 528 с.

6. Ф. де Соссюр. Труды по языкознанию. М., 1977, 695 с.

Резюме

В статье рассматривается этнокультурные особенности символов-знаков.



АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТТЕРДІҢ СТИЛИСТИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ
М. Қазбекова, ҚазМемҚызПУ 1-курс студенті.

Ғылыми жетекшісі: Б. Матай


Эпитеттің стилистикада алатын орнына тоқталмас бұрын, ең алдымен жалпы стилистика ғылымына, стиль сөзіне тоқтауды жөн деп ойлаймыз.

«Стилистика» деп, ой мен эмоцияны әртүрлі қарым-қатынас жағдайында жеткізу үшін жалпы тілдік құралдың лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тұрғыдан қолданылу принциптерін зерттейтін лингвистикалық саланы атаймыз.

Тіл стилистикасы, бір жағынан, сөздіктердің, фразиология мен синтаксистің өзіне тән белгілерін сипаттайтын, тілдік топтардың ерекшеліктерін, екінші жағынан, әр түрлі тілдік құралдардың экспрессивті, эмоцианальды және бағалау қасиеттерін қарастырады.

Стилистика пәнін көз алдымызға дәл, анық елестету үшін тілдің қарым – қатынас құралы ретінде әр түрлі жағдайда әр алуан жолмен қолданылатынын атап өту қажет. Ұқсас мәселені баяндау, жеткізу шын мәнінде әр түрлі жолмен, мысалы, қарым – қатынас шартты жағдайда, іскерлік немесе күнделікті тұрмыста болып отыр ма, әңгімелеушілердің қай әлуметтік ортаға жататындығы немесе олардың арасындағы қарым – қатынас қандай, әңгімелеушілердің тілге тиек етіп отырған мәселеге эмоционалды қатынасы қандай, сондай-ақ әңгімелеушілердің бул жағдайды қалай бағалайтындығы тұрғысынан бағалауы мүмкін. Әрине бұл мәселелерді оқырманға тікелей жеткізу мүмкін емес, олар мәтінде әр түрлі жанама жолдармен жеткізіледі, сол жанама жолдарды ашу, зерттеу стилистиканың міндеттерін құрайды.

Жалпы, тілдегі мәлімет екі жолмен жасалу мүмкін алғашқысы: қарым – қатынас болған оқиғамен байланысты емес, яғни жеткізу тақырыбын құратын мәлімет, екіншісі: қарым – қатынасқа қатысушы адамдар мен оқиға болған жағдаймен байланысты мәлімет. Мұны түсінікті болу үшін, басқа жолмен жеткізуге болады, атап айтқанда, мәліметтің алғашқы түрі тілдің ойлау, қарым – қатынас қызметіне байланысты да, екінші түрі тілдің басқа қызметтері, яғни эмотивті қызметіне әңгімелеушінің көңіл-күйін, сезімін білдіру мен жеткізу (волюнтативті қызметімен), оқиғаға әңгімелеушінің қызығушылығын, еркін жеткізумен (аппелятивті қызметімен), мағұлмат алу үшін тыңдаушының қызығушылығының артуымен (байланыс тудырушы қызметімен) және соңғысы (эстетикалық қызметімен) байланысты қосымша мағұлмат.

Осы жерде айта кететін жайт, біздің зерттегелі отырған нысанымызға қажеттісі осы мағұлматтың екінші түрі.

Стилистиканы лингвостилистикалық және әдибеттану стилистикасы деп екіге бөлеміз, бірақ олар бір-бірінен бөлек қарастырылмайды.

Лингвостилистика негізін салған швед лингвисті Щарль Балли тілдің әртүрлі қарым-қатынас ортасына қатысты, соған тән жалпы ұлттық нормалары мен жүйесін зерттейтін, сондай-ақ тілдің элеметтерінің эмоция туғызу, оны жеткізу және оны бағалау қабілеттері тұрғысынан қарастыратын сала. Лингвистикалық стилистиканың маңызды бөлімі болып салғастырмалы стилистика саналады, яғни ол бір немесе бірнеше тілдердің стилистикалық мүмкіндіктерін қарастырады.

Ағылшын тіліндегі эпитетті қарастырғанда, біз образ терминімен бетпе-бет келеміз, өйткені образ дегеніміздің өзі кең мағынада алғанда сыртқы дүниенің адам санасына әсер етуін сипаттайды. Әдеби образ сол бейнелеудің бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқарады, адамға әлемдегі тануға жаңа бағыт бергенмен, адам бейнелеуге бір мезетте белгілі қарым – қатынасын айқындайды, көрсетеді.

Образдық бейнелеу және дүниені қайта жасау процесінде қалыптасу оның негізгі қасиеті болып табылады. Бұл маңызды қасиетінен, басқа оның басқа да құнды қасиеттері, атап айтқанда, нақтылық және эмоционалды қасиеттері бар.

Образ, мәтінде қамтылатын авторға немесе оның кейіпкерлеріне тән дүниені тану, көру маңыздылығын оқырманға жеткізуге мүмкіндік береді.

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТТІҢ ТІЛ ТАБИҒАТЫ, ОНЫҢ МЕТАФОРАДАН ЕРЕКШЕЛІГІ. Тіл білімінде, соның ішінде стилистикада эпитетке анықтама ретінде М.М. Иванованың анвқтамасы бойынша «эпитеттің іріктелуі мен қолданылуы жазушының ойлау қабілетінің маңыздылығын, оның идеялы-эстетикалық көзқарастарының даралығын бейнелеп, қоршаған ортаны, әлемді түсінуін сипаттайды ». Ал Л.А Тұрсынованың анықтамасы бойынша « эпитет дегеніміз белгілі бір заттың немесе құбылыстың белгілі бір сипаттамасын, оның зат немесе құбылыс екендігіне қосымша, яғни стилистикалық мағлұмат беретін тәсіл ». Әрине Л.А. Тұрсынова бұл жерде эпитеттің эмоционалды-образды, сондай-ақ логикалық-заттық белгілерін ескереді. Эпитеттер, суреттеліп отырған заттың немесе құбылыстың эмоционалды- образды сипаттамасы бола отырып, сондай-ақ автордың стилінің, сол кезеңдегі әдеби дәстүрдің, сол шығарма қай кезде, қандай жағдайда пайда болғанын, оның маңыздылығын суреттейді. Эпитеттің экспресивті болатыны сонша бағалау сипатына ие болып, ақынның, жазушының жүрек жағдайын түсінуге көмектеседі. Мұнымен қоса эпитеттер автордың тілінің соншалықты бай, сөз шебері екенін айқындап береді.

Осының бір мысалы ретінде ағылшынның ұлы драматургі У.Шекспирдің сонеттеріне көз жүгіртсек, олар оқырманды өзінің образға бай, сезімінің терең , сонда қолданылған тіркестердің қысқа әрі нұсқа, ритмикалық суреттердің әдемілігімен өзіне тартады. Бол суреттерді оқу,олардың стилі тұрғысынан өте қызықты,қажет нәрсе, өйткені ол бізге сонеттердің идеясы, тақырыбы мен обыразының тереңділігімен, толыққандылығымен қабылдауға көмектеседі. Мысалы мындай эпитеттер: fragrant rose-қош иісті раушан гүлі, yellow autumn-алтын күз, lasting memory – көпке созылған атақ, сияқты эпитеттерді айтуға, оқуға жеңіл, олар суреттеліп отырған затты немесе құбылысты жаңа,күтпеген тұстан сыйпаттайды,бірақ автор оларды өте маңызды, елеулі нышан деп есептейді.

Ағылшын тіліндегі эпитеттің маңызды сипаттамалары төмендегідей:


  1. семантикалық ;

  2. синтаксистік ;

  3. морфологиялық-синтаксистік

Олардың ішіндегі ең бастысы, оның семантикалық сипаттамасы болып табылады, эпитеттің семантикалық сипаттамасы эпитетті оның логикалық анықтамасынан ерекшелендіреді.Семантикалық сипаттама эпитеттен берілген сөзде,оның заттық логикалық мәліметіне қоса оның басқа сипатын беруге арналған. Бұл қосымша мәліметті біз стилистикалық мәлімет деп атаймыз.Оның үш түрлі жолын атап көрсетеміз. Олар: 1) экспресивті; 2) образды; 3) модустік бағалау қасиеттері.

Метафора, метонимия және синедоха таза лексикалық мәнерлі тәсілдер болып табылады, ал эпитет лексика-синтаксистік троп болып есептеледі, дегенмен ол автордың затқа немесе құбылысқа қарым-қатынасын білдіретін эмотивті,экспресивті және басқа коннотативті мағыналарын бар болуын жеткізгісі келіп отырған сөздің жалпы мағынасынан ауыспалы мағынасын айқындайтын анықтауыш немесе пысықтауыш түрлерімен байқалады. Эпитеттің басқа стилистикалық тәсілдерін, әсіресе метафорадан айырмашылығын ашып көрсетейік.



1) Метафора – екі зат немесе құбылысты салыстырудың негізінде сөздің ауыс мағынада қолданылуын қамтамасыз ететін таза лексикалық мәнерлі тәсіл брлып табылады, ал эпитет белгілі бір заттың, құбылыстың, оның зат немесе құбылыс екендігіне қосымша, яғни стилистикалық мағлұмат беретін лексико-синтаксистік троп болып есептеледі.

2) Метафораға бейнелеу, мәнерлеу, кесіп айту қасиеті тән. Метафора тілді байытып, оған бұрын соңды болмаған жаңалықтар енгізеді, бірде-бір нәрсенің атаусыз қалмауына көмектеседі. Ал эпитеттің заттың,не құбылыстың бұрыннан белгілі белгісіне,анықтамасына қосымша мәліметтер енгізеді.Эпитеттің ассоциалық деп аталатын түрі заттың немесе құбылыстың табиғатынан, жаратылысынан берілген қасиетінен еш бөлінбейтін нышанын көрсетеді.

3) Метафораның ауысқан мағынасы оны басқа лексикалық бірлікке, омонимге айналуына әкеліп соқтырады, ал эпитет қайталанбас, біртұтас лексикалық бірлік, ол затқа бағалаушы, экспресивті, эмотивті нышан береді. Мысалы: мойын (адамның мойны, шамның мойны). Ал ағылшын тілінде the leg of the table- үстелдің аяғы, the foot of the mountains- таудың етегі, the eye of the needle- иненің көзі.

4) Метафора арқылы терминдер жасалады, ал эпитетке мұндай қасйет тән емес. Мысалы: шөптің түбірі – матиматикадағы түбір. Кейбір жасалу жолдарында да өзгешеліктер бар. Ал ағылшын тілінде the root of the word – сөздің түбірі, a green man – жұмысқа жаңа кіріскен жаңа маман, a branch of linguistic – лингвистика саласы.

5) Метафораның бір түрі ұлғайған метафора сөйлем ретінде келеді, метафора үстеумен, еліктеуіш сөздермен жасалына алады, кейде сан есімдер метафоралы қолданады, ал эпитетте мұндай тәсілдер мүлдем кездеспейді,негізінен зат есімнен, сын есіммен, етістікпен жасалынады.

6) Тағы бір метафораның ерекше қасиеті аз созбен көп мағына білдіру тәсілі және халықтың тұрмысының, кәсібінің, ой өрісінің тарихи көрсеткіші, яғни метафораның жасалуы тарихи көрсеткіштерге жақын, ал эпитеттің қолданылуы, оның тууы автордың ой өрісіне, қиялына, дүниетанымына байланысты болып келеді.

АҒЫЛШЫН ЭПИТЕТТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН ТАҚЫРЫПТЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ. Төменде беріліп отырған Л.А. Тұрсынованың классификациясы эпитеттің маңызды белгілерімен сәикес келетін, анықтама мен анықталуышы заттың немесе құбылыстың арасындағы байланыстың тұрақтылық дәрежесіне қарай, құрылымдық синтаксистік негіздеріне қарай немесе эпитеттер тобындағы анықтама мен анықталушы заттың немесе құбылыстың семантикалық қатынасының түрлеріне қарай үш түрлі үлкен негізге сүйеніп ұсынылады.

І. Анықтама немесе анықталушы арасындағы байланыстың тұрақтылық дәрежесіне байланысты классификация эпитеттің негізгі үш түрін айқындайды. Олар:

1)оригиналды немесе дара (тұрақтылығының ең аз мөлшнріне байланысты);

2) дәстүрлі (үйреншікті дәстүріне байланысты);

3)тұрақты (тұрақтылық дәрежесінің көп мөлшерде келуіне байланысты);



ІІ. Құрылымдық – синтаксистік принциптеріне байланысты классификация эпитетті екі түрлі көзқараспен суреттеуге байланысты келеді.

1) эпитеттердің морфологиялық – синтаксистік кескіні мен композициялық құрылысына байланысты көзқарас;

2) эпитеттердің сөйлемдерде таралуына байланысты көзқарас;

Ағылшын тіліндегі эпитеттер төмендегідей сөз таптарымен беріледі:

1) сын есіммен (жай, күрделі), мысалы: (dramatic face – драмалы (ойлы) жүз (бет), pearly beauty – мөлдір (таза) әдемілік, honey-gold hair – алтын шаш).

2) сондай-ақ сын есімнің салыстырмалы шырайларында сирек кездеседі.(the most hideous and ferocious bestiality - өте жексұрын (оңбаған) тұрпайы, fiercer sky – қаһарлы аспан).

3)есімшемен (осы және өткен шақта); (sleeping, yawning world – маужыраған, көмескі өмір, horrified sympathy – зәресі ұшқан, жаны ашу).

4)белгілі демеуліктермен (предлогтармен) жасалынған есімшелермен, (a screwed –up smile – шимай – шатпақ күлкі, jollying –on mood – жақсы, көңілді көңіл күй).
Сәбит Дөнентаев пен Асқар Тоқмағанбетовтың сатиралық шығармаларының тілдік ерекшеліктері
Ж. Қалиева, Алматы облысы Қарасай ауданы

Әл-Фараби атындағы арнаулы

гимназияның 9-сынып оқушысы

Ғылыми жетекшілері: Ж.Н.Сүлейменова, Ә.Қ. Сманова


С. Дөнентаев пен А. Тоқмағанбетов – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті мен Абай дәстүрін меңгеріп, шығыстың классикалық үлгілері мен реалистік әдебиеттің нәрін бойына сіңіре отырып, қазақтың әдеби тілін байытуда да елеулі үлес қосқан оның тазалығы үшін күрескен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері.

Қазақ әдебиеті тарихында бұл екі ақынның тағы бір ерекше құндылығы ол Абай, Алтынсарин арқылы келген мысал мен сатираны өз өлеңдерінде кең пайдаланып, қалыптастыра білуі, әдеби шығармаларын шағын сюжетті сатирамен, қазақ өмірінен алынған мысал үлгілерімен толықтырды және дамытты. Прозалық жанрдың өткір де шағын түрі фельетонды да жетілдіре түсті. Бұл екі ақын бірі оңтүстікте, бірі солтүстікте туып өссе де сатиралық шығармалары қай жағынан да үндес, тақырыптас болды.

Ғ.Мүсірепов: «А. Тоқмағамбетов – үгіттің ақыны. Ол күнделікті науқанның қайсысын болса да үлкен пафосты лирикаға айналдыра алады» деп жоғары баға берді [1].

Поэзия халыққа қызмет етеді. Отанның адал ұлы, азаматы болу міндетін жүктейді. Осындай ауыр міндетті адал атқарып нардай көтере білген С.Дөнентаев өзінің ақындық жолын ғалым Б.Кенжебаевтың зерттеуі бойынша 1913 жылдан бастаған. Ақын қоғамда болып жатқан жаңалыққа үн қосады.

Поэзия жанрында С.Дөнентаевтың да, А.Тоқмағанбетовтың да молырақ қамтыған жанры сатира мен мысал өлеңдер болды.

С. Дөнентаев өзінің алғашқы мысал өлеңдерін аудармадан бастайды. Шығыс үлгілерінен мінез-құлықты түзеу, адамгершілік мәселелерінен алып, тоғыз мысал аударды. Ол қай мысалдарында болсын қоғам өміріндегі адамның қарым-қатынасын, іс-әрекетімен адамның мінез-құлқын, қоғам өмірін сынайтын, аз сөзбен көп мағына беретін диалогтердің тамаша үлгілерін жасайды.

Мысалы:

«Сұңқар мен қарғалар» өлеңінде:

Ойланып, сұңқар айтты: «Елші қарға!

Жақындап бермен таман келші қарға,

Басшы боп, сұңқар тойың үйретер ем,

Бөлініп сеніменен ел шығар ма?

Жалп етіп, қарқ етті де деді қарға:

«Дегенді сұңқар тойын аузыңа алма!

Келмейді біздің тойдың ширегіне,

Дүниеде мен көрмеген қызық бар ма?»

Қырғи сол торғай сөзі бітер-бітпес,

-«Сабыр қыл,-тоқта, еш нәрсе етпес!

Қазірде қол бос емес, жұмыс қатты,

Аз күтсең, жаның шықпас, күнің өтпес!..»

-Жаным-ау, мынау біздің төреміз бе?

Шынымен ақтық көрмей өлеміз бе?

Кем-тарға бұлар қайтіп, кек әпермек,

Құдірет «көн» деген сон, көнеміз де!

«Бозторғай» өлеңі

Мұндай диалог түрлері ақынның «Шошқа мен саудагер», «Мұқаш пен Серік», «Бөжейдің даярлығы» т.б. өлеңдерінде кездеседі.

Ұлы Абайдың аудармаларындағы диалог түрі С. Дөнентаевта жалғасын тауып, Асқар ақында кеңінен өрістеді. Асқар ақын бұны өзінінің төл тума өлеңдерімен жетілдіріп толықтырды. Сөйтіп, Асқар ақын мысал өлеңдерінде әрбір жануарлардың өзіне тән іс әрекетімен адамның мінез-құлқын қоғам өмірін сынайтын, аз сөзбен көп мағына беретін диалогтардың тамаша үлгілерін жасайды.

Мысал үшін Асқар ақынның өлеңінен үзінді келтірейік:

- Тиін,-деді Тоқылдақ

(Ол ондайда ақылды-ақ)

- Сен ылғи жортасың да жүресің

Сонша неден қорқасың да жүресің

- Қорқудан емес жортуым,

Орман, тоғай, жер-суым...

Жан-жағымда жау жоқ па деп,

Өрт қатері аулақ па деп,

Ылғи соны шоламын.

«Тоқылдақ пен Тиін»

- Сен әлгі шіркеймісің?

- Я, шіркеймін

- Қалай үлкейгенсің?

- Қалай үлкейдің деймісің?

Былай үлкейдім,

Жалайтын жұғын көп,

Жұтқаннан басқа шығын жоқ

«Мысық пен Шыбын»

Міне, бұл үзінділер қоғамдағы келеңсіздіктерді сынауда мәні зор екенін көрсетеді.

Мысалы өлеңдердің элементі қазақтың көне әдебиетінде қара сөзге құрылған қысқа ертегі, әңгіме («Арыстан, қасқыр және түлкі», «Түлкі мен бөдене», «Аю мен түлкі») түрінде де немесе өтірік өлеңдер («Қырық өтірік») тағы да басқа өлеңдер түрінде де кездеседі.

Бұл бір жағынан, қазақ әдебиетінде мысал өлеңдердің барлығын дәлелдесе, екінші жағынан, әлі өсіп жетілмеген шағын түрі, бастамасы ғана екенін көрсетеді.

Беріпті бақа қызын көбелекке,

Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.

Бір туын құмырсқаның ұстап сойып,

Той қылып, ат шаптырды төңірекке

(«Қырық өтірік»)

деген тәрізді.

Мысал жазудың үлглілерін жазба әдебиеттің негізін қалаушылар Ы. Алтынсарин мен Абай бастады. Қазақ әдебиетін олар өлеңнін жаңа түрімен-мысал өлеңдермен байытты. Аллегориялық әдісті мысал өлеңдерінің құралы еткен Ыбырай мен Абай орыс ақыны Крыловтың мысалдарын аударып, қазақ арасына таратып таныстырды.

Сөйтіп , Ы. Алтынсариннің де, Абайдың да аударма өлеңдерінен аллегориялық образдар үлкен орын алды.

Мысалы; Ы. Алтынсарин:

Ашығып түлкі жүрді жапандарда,

Тамақ іздеп жол шекті сапарларға

Еш нәрсені көре алмай келе жатса,

Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.

(«Қарға мен түлкі»)

Абай:


Бұлбұл болды, тосып тұр екен сөзін,

Есек жерге қаратып екі көзін,

«Іш пыспай-ақ тыңдарлық бар екенсің,

Әттеген-ай, білмепсің әтешті өзің!

Екенсің ән салуға сен-дағы епті,

Сен біраз әтеш әнін үйрен», -депті.

Бұл сықылды сыншының сөзін естіп,

Көз көрмеске бұлбұл да ұшып кетті.

(«Есек пен бұлбұл»)

Ыбырай мен Абай өздерінің аударма мысалдарында адамның мінез-құлқын түзеп, еңбекке үндеуде және аз сөзбен көп мағына беріп, өткір, шебер сүреттеуде үлкен еңбек сіңірсе, С. Дөнентаев пен А. Тоқмағанбембетовтың өз өлеңдерінде аллегория үлкен орын алады.

Мысалы, С. Дөнентаев:

Кей тырналар көкте жүр,

Қиқу салып текке жүр.

Қара қарғалар қарқылдап,

Өлексені жеп те жүр.

Құйрық сорып борсық жүр,

Түлкі мырза жортып жүр.

Құдай аман сақта деп,

Қой мен тауық қорқып жүр.

Тышқан аңдып мысық жүр,

Алдап көзінм қысып жүр.

Ін таба алмай саршұнақ,

Сорлы сасып, пысып жүр.

А. Тоқмағамбетов:

-Абырой да, бақ та,

- Ерлік те, жеңіс те-

- Барлығы осы егісте...

Бидайдың сөзі осымен бітті,

Қаңбақ жөніне зытты.

(«Бидай мен қаңбақ»)

Аллегория С. Дөнентаевтың «Сұңқар мен қарғалар», «Түстегі қарлығаш», «Боз торғай» т.б., ал А. Тоқмағамбетовтың «Оқпен ойнаған мысық», «Ақпарға семірген атжалмандар», «Ешкі мен бастық» т.б. мысал өлеңдерінде көркем тілмен шебер беріледі.

Бұл екі ақынның да поэзиясында кең орын алған жанрдың бірі -сатира. Абайдан кейін сатираны дамытқан қазақтың көрнекті ақындарының бірі - Сәбит болса, оны кең көлемде әрі қарай алып кеткен сатирик Асқар ақын болды.

С. Дөнентаев 50-60 шамалы сатиралық өлең жазса, Асқар ақын 200-ге тарта сатиралық өлеңдерін халқына тарту етті. Мұнша сатира жазу-өткір тілді, ұшқыр ойды қажет ететін үлкен еңбек.

Бұл ақындардың сатиралық жанрға көшуінің басты себебі: қоғам өміріндегі кемшіліктерді мінеу, адам мінезінің жексұрын, сорақы, жаман жақтарын мысқылдау, масқаралау керек болды. Сондықтан ақынның жауларына қарсы жұмсаған алмастай өткір құралының бірі сатира болды да, сол сатира арқылы өмір шындығын айнаға түсірді.

Ғалым, зерттеуші Балжан Ысқақов «Сәбиттің сатиралық өлең үлгілерінен үйренер өрнегі көп» [2] деп бағалайды. Әдебиетіміздің поэзия, проза, сатира жанрының қай – қайсысына болса да қалам тартып, қомақты үлес қосқан екі ақынның да шығармаларының тәрбиелік мәні зор. Олар Поэзияны қастерлеп сүйе білуге, ақындық жауапкершілікті сезінуге, оған шығармашылық көзбен қарауды үндеді.

Оған дәлел, Сәбит ақын:

Еңбек жанар,

Бал боп тамар,

Берсе көктеп егісі.

Сөйтсе тумақ,

Жаңа шумақ,

Өлең - еңбек жемісі, - десе,


Ақын ба, әділдікпен қыл жармаса,

Қаңтарда көктем болып гүл жармаса,

Ақын ба әр адамның жүрегінен,

Жылы жыр, әсем ән боп тыңдалмаса,

деп Асқар ақын өзін танытады.

Ендеше, сатираның қос шынары С.Дөнентаев пен А.Тоқмағамбетовтың ақындығын дәріптеу – поэзиясының соны бір бөлігін дәріптеу. Сәбит ақын мен Асқар ақынды халық ақыны ретінде поэзиясындағы ерекшеліктермен таныстыру – біздің парызымыз.



Пайданылған әдебиеттер:

1. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет.

2. Ысқақов Б.Сәбит Дөнентаевтың ақындық жолы.

3. Тоқмағамбетов А. Шығармалар жинағыА., 1988. І,ІІ том.

4. Бес ғасыр жырлайды.А., 1999.
Қазақ тіліндегі киім-кешек атауларының этномәдени мәні
Э.Қартбаева, ҚазМемҚызПУ 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.Н.Юсуп.


Қазақ тіліндегі ұлттық мәдениеттің ерекше бір көрініс беретін мәдени лексиканың саласы – киім-кешекке байланысты тілімізде қалыптасқан этнографизмдер, мәдени атаулар. Киім – адамзат өміріндегі ең қажетті дүниелердің бірі. Негізінен киім-кешек атаулары мәдени лексикамызда ұлттық, танымдық, мәдени, тілдік құрылымдар туралы ғана ақпарат беріп қоймай, сонымен бірге «тірі қазына» ретінде мәңгілік мұра болып қала бермек.

Алғашында мәдени лексикамызда ұлтымыздың тілдік, мәдени, тарихи және рухаани дамуы негізінде қалыптасқан киім-кешек атаулары одан әрі даму барысында тілдік өзгерістер мен процестер барысында, әр замандағы әдет-ғұрып, салт-санаға, қоғамдағы әлеуметтік өзгеріс пен құбылыстарға қатысты әртүрлі семантикалық өзгерістерге ұшырап отырған. Соның дәлелі – мәдени лексикадағы қазақ киім атауларының алуан түрлілігі. Мәдени лексидағы киім атауларының пайда болу, қалыптасуына да басқа да түркі халықтарының, көршілес халықтарының әсері болды. Оның барлығы тілімізде өз көріністерін тауып отырды. Сондықтан тіліміздегі киім-кешекке қатысты әр түрлі атаулар, этнографизмдер мен тұрақты сөз тіркестері, тілдік қолданыстар мәдени лексикамыздың бай бір саласы ретінде көрінеді.

Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне , қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына байланысты. Белгілі ақын Қ.Бегманов қазақ халқының тарихындағы киім-кешек үлгілерінің тарихи қалыптасуы туралы былай деп ой қозғайды: «Қазақ халқы «адам – көркі шүберек деген. Қазақ халқының киім кию дәстүрі ертеден басталады. Ұлттардың тілі мен ділі, киім-кешегі мен ырым-жырымы ғасырлар тоғысында өзгеріске ұшырап отырады [1, 391б]». Ақынның сөзін ары қарай тарқатар болсақ, жалпы қазақ халқының ұлттық киімінде халықтың ұлттық эстетикалық талғамдары, өмір сүру салты, әлеуметтік, яғни қоғамдық қатынастары өзіндік ерекшеліктерімен айқын көрініс табады. Бұл туралы этнограф Жағда Бабалықұлы былай дейді: «Киім-кешектің тарихы тым тереңде жатыр. Тарихи дамуға байланысты тері-жүн киімдер дәуірі, жібек пен мата дәуірі, өркениеттің даму кезеңдеріне байланысты өзгеріп, түрленіп, дамып, жаңарып, өткен тарихтан тағы қайталап отыратыны анық. Сән-салтанат, сән қуалау, сал-сері, хан, сұлтан киімдері, ханша, ханым, ақсүйек киімдері даралана түсті. Қарапайым жұртқа ортақ киімдер, бай мен кедей, малшы мен құсшы, ер мен әйел, қыз-келіншек, бала-шаға киімдері өз ерекшеліктерімен жіктеліп шықты» [2, 77б] . Міне, сондықтан киім арқылы, сол киімді киген иесі арқылы оның қандай ұлтқа, қандай әлеуметтік топқа, гендерлік жіктеліске жататынын білуге болады. Мысалы, қамқа тонды тек ауқаттылар ғана киген. Ол туралы «Қазақ тілінің сөздігінде» былай делінген: «Қамқа – зер талшықтары қосылып тоқылған матадан жасалған шапан» [3, 369б]. Бұдан біз оны ауқаттылар ғана киетін сырт киім деп есептеуімізге әбден болады. Яғни, бір ғана киімнің атауы оның иесінің әлеуметтік ортасы туралы хабар беріп, коммуникативтік қызметін аңғартса, сонымен бірге адамзат баласының көркемдік, сұлулық мұраттарын жүзеге асыратын эстетикалық қызметін де білдіреді. Бұдан біз тамыры тереңге тартқан мәдени атаулардың ұлттық нақышымызды толық сақтағанын аңғарамыз. Оған дәлел ретінде ақын-жыраулар поэзиясынан көптеп мысалдар келтіруге болады. Мысалы, Мұрат Мөңкеұлы өзінің сұлу қызды суреттеген мына өлең жолдарында киім атауларын былай өрбітеді:

Қамқа бөрік, кәмзол, бешпент, алтын ілгек,

Ақ көйлек, зер шашақтан киінген қыз.

Қызығың дүниенің сізде көріп,

Ата-анаң үйде отырып сүйінген қыз.

Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз,

Оздырдың салтанатты еліңнен қыз,

Қосшы ертіп, үкі қадап, етік киіп,

Көшкенде салтанатың көрінген қыз... [4, 131б].

Осы өлең жолдарынан-ақ біз қазақ қызының киім киісінің өзінен бүкіл сән-салтанатын көре аламыз.

Киім атауларының қалыптасуының үлкен тарихи кезеңі бар. Олардың даму кезеңдері әр дәуірдегі эстетикалық талап-тілекке қарай ауысып отырған. Бертін келе түрлі ұлттар мен ұлыстардың пайда болуына орай әр этностың мәдени ерекшеліктері мен талғамына, айналысатын кәсібі мен әлеуметтік ортасына қарай ұлттық киім үлгілері шығып, соған орай мәдени атаулар қалыптаса бастаған. Ол туралы этнограф Ж.Бабалықұлы былай деп сөз қозғайды: «Киімдердің «сұлуынан жылуы», «тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық», «әрі майлық, әрі сулық» дейтін тұрмыс талабына сай жіктеле түсуінің өзі адамға ой салады. Қолдағы бар мен жоққа, ортаға, қоғамдық өреге байланысты киім түрлерінің қымбаты, асылы, сәндісі, салтанаттысы дами түскен. Ертедегі грек, парсы тарихшыларының жазып қалдыруы мен археологиялық қазбаларды терең зерттей келе сақтардың еркектері теріден немесе дөрекі шекпеннен тігілген кең шалбар, жағасыз ұзын шапан киген. Белдеріне зермен әшекейленген белбеу таққан.Осылайша ұзақ дәуірлер бойы сауда айырбасының дамуы, қолөнер кәсібінің кмелденуі, мал шаруашылығының кемелденуі ұлтымыздың ұлттық киім-кешектерінің әуелгі үлгісін сақтай отырып дамыды...» [2, 393б].

Қазақ халқының ұлттық киімдері атауларының қалыптасуы негізінен басты кәсібі мал шаруашылығына байланысты. Оларға ыңғайлы, әрі қыста қақаған аяз бен боранға, ал жазда аптап ыстыққа төтеп бере алатын киім қажет болған. Сол себепті ғасырлар бойы маусымдық жыл ерекшеліктеріне қарай, жыныстық, яғни гендерлік жіктеліске орай, әлеуметтік қызметке байланысты киім үлгілері дайындалған. Мысалы, Абай «Ескілік киімі» атты өлеңінде қазақы киім-кешек атауларын былай деп жырға қосады:

Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен,

Тон қабаттап кигенім – шидем шекпен.

Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,

Жырым балақ матамен әдіптеткен.

Мықшима аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.

Үлкен кісе белімде жез салдырған,

Шақпағым, дәндекуім жарқ-жұрқ етіп.

Күләпәра бастырған пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.

Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,

Артын белге қыстырған бар құрысқақ... [5, 142б]

Осы өлең жолдарынан-ақ қазақ халқының ұлттық киімінің сән-салтанаты, маңыздылығы мен пайдалылығы айқын көрінеді. Аталған өлең жолдарындағы «дәндеку» деген атау кісеннің оқшантаймен қатар тұратын былғары қалтасы деген мағынаны білдіреді.

Кез келген тілдің мәдени лексикасын белгілі бір қарым-қатынастар мен қоғамдық байланыстарға орай бірнеше семантикалық-тақырыптық топтарға жіктеуге болады. Жалпы сөздерді тақырыптық жағынан талдау әдісін орыс тіл білімінде Ф.П.Филин, Д.Н.Шмелев, А.А.Уфимцева, ал қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, Ж.Манкеева, Р.Шойбеков, Т.Қоңыров, Г.Смағұлова сынды ғалымдардың еңбектерінде негізделген. Аталған ғалымдардың ой-тұжырымдарына сүйене отырып, тақырыптық топтаудың үлгісін біз өз жұмысымызда төмендегідей топтастыруды көздедік. Негізінен бұл топтастыру осы кезге дейінгі этнограф ғалымдар еңбектерінде қалыптасқан жүйе бойынша жасалды. Нақты тілдік деректердің негізінде киім-кешекке қатысты мәдени атауларды төмендегіше лексика-семантикалық топтарға жіктеуге болады:

І. Сырт киім атаулары: ішік, шидем, шекпен, шапан, тон, күпі, қаптама, тайжақы, жарғақ, т.б.

ІІ. Бас киім атаулары: шәлі, бөрік, жаулық, желек, орамал, қарқара, кимешек, күләпара, айыр қалпақ, тымақ, тақия, сәукеле, сәлде, күндік,т.б.

ІІІ. Аяқ киім атаулары : етік, кебіс, шәркей, мәсі, шарық, байпақ,т.б.

Мұнымен бірге киімге қатысты мәдени атауларды жіктеуде киімнің құрамдас бөліктеріне (белбеу, белдік, жүзік, кісе, түйме, жиек, тана,т.б.), адамның жас ерекшелігіне, жынысына қатысты атаулар, сол секілді маусымдық түрлеріне қатысты атаулар да негізге алынады. Сондықтан киімге қатысты мәдени атаулардың тілде көрініс табуы әрі қарай гендерлік, жастық, мезгілдік, әлеуметтік, жергілікті-аймақтық, ру-тайпалық ерекшеліктеріне қарай жіктеле түсті. Әсіресе, арнайы мейрамдар мен той-томалақтарға, әртүрлі сән-салтанатқа арналып тігілген киім үлгілерінің мәдени атаулары тілімізде ойып тұрып өз орнын алды.

Жалпы киімге қатысты мәдени атауларды, этнографизмдерді көркем шығармалардан, әсіресе халық ауыз әдебиеті жанрларынан, ақын-жыраулар поэзиясынан көп кездестіруге болады. Мысал ретінде белгілі ақын М.Мақатаевтың «Қара өлеңінен» мынадай жолдарды алайық.

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...[6, 145б]. Осы өлең жолдарындағы күпі, шекпен секілді мәдени атаулар қазақтың ұлттық сырт киімдерінің атын білдіреді. Күпі деп қазақтар матамен тысталған тері тон не жабағы киімді атаған. «Қазақ тілінің сөздігінде» оған мынадай анықтама береді: «Күпі – ішіне жабағы салып, сыртын матамен тыстап тіккен қыстық жылы сырт киім» [3, 341б]. Ғалым Ә.Нұрмағамбетовтың еңбегінде аталған атау туралы былай деп түсінік беріледі: «Іздене қалғанда «күпі» сөзінің алғашқы мағынасы басқаша болғандығын анықтайтын тіл деректеріне кез боламыз. Хакас тілінде «күп», якут тілінде «көп», тұлғалас сөздер «жұмсақ», «үлпілдеген» немесе «түктес», «жүндес» деген мағыналарда қолданылады» [7,143б]. Аталған ойларды қорытар болсақ, «күпі» мәдени атауының бастапқы мағынасы жүндес, түкті деген ұғымдарды білдірсе, кейінірек түркі халықтарында сырт киімнің бір атауы ретінде тілдік қолданысқа ене бастаған. Шекпен де – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық сырт киімі. Қойдың немесе түйенің жүнінен тоқылады. Шекпеннің астарлап тігілгені сулық орнына, ал арасына жүн, не болмаса мақта салып тігілген түрі жеңіл қаптал шапан орнына киілген. Сол секілді шекпеннің қызғылт сары түйе жүнінен, шымқай ақ қой жүнінен оңқай-солақай жіптерді қаз таңдайлап тоқыған түрі бар. Оны мәдени лексикамызда «шидем шекпен» деп атайды. Мұндай шекпенге масатыдан үлкен етіп қайырма жаға салынады.

Абайдың «Қыс» өлеңінде шидем шекпенді былай деп жыр жолдарына қосады:

... Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.



Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.... [5,169б].

Осындай әртүрлі этнографизмдерді, мәдени атауларды біз тек сан түрлі ақпарат беретін ұлттық рухани көздерден, түрлі сөздіктерден, этнографиялық жұмыстардан, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, ақын-жыраулар поэзиясынан ғана кездестіре аламыз. Өйткені киім атаулары қазақ халқының сән-салтанаты мен рухани өмірінен, мәдениетінен сыр шертеді. Бұл атаулар сонымен бірге әр тап өкілдерінің әлеуметтік орны, қызмет-кәсібіне қарай қалай киінгенінен ақпарат береді. Сондықтан тіліміздегі киімге қатысты қалыптасқан мәдени атаулар көркемдік мұра ғана емес, сонымен бірге олар – халықтың тарихи, қоғамдық, әлеуметтік болмысынан да бағалы деректер беретін мол қазына.


жүктеу 4,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау