Шарбаев Ермухан Ермекбайұлы Салауатты өмір салты - Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады.
Организмді шынықтыру - Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Дұрыс толыққанды тамақтану - Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс
Зиянды әдеттерден алшақ болу. Санитарлық – гигиеналық тәрбие – медициналық санитарлық – гигиеналық білім, салауатты өмір салтын ұйымдастырудың басты бағыттары болып келесілер саналады: - Санитарлық – гигиеналық тәрбие – медициналық санитарлық – гигиеналық білім, салауатты өмір салтын ұйымдастырудың басты бағыттары болып келесілер саналады:
- 1.Денсаулықты сақтауға бағытталған факторлар: еңбек гигиенасы, рациональдық тамақтану, демалу гигиенасы, белсенді қимылдар режимі, дене шынықтыру және спорт, жеке бас гигиенасы, медико – әлеуметтік активтілік, психогигиена, қоршаған орта гигиенасы.
- 2.Денсаулыққа кері әсер етуші факторлар: спирттік ішімдікпен әуестену, норкотик қолдану, темекі шегу.
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. - Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Мектепте салауатты өмір салтын қалай ұстануға болады?
Қолды үнемі жуып журу
Зиянды тағамдардан аулақ болу
Дене шынықтыру сабағына белсене қатысу
Сынып бөлмесіндегі өсімдіктерді күту, баптау
Академик Н.М.Амосов айтқандай: - Академик Н.М.Амосов айтқандай:
- “Денсаулығың мықты болуы үшін өзінің күшін болуы қажет,оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды”
Достарыңызбен бөлісу: |