Смс(ҚХҚ)-хабарламаларындағы ықшамдалу



жүктеу 4,86 Mb.
бет7/23
Дата13.05.2018
өлшемі4,86 Mb.
#12193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Г.Смағұлова. Фразеологизмдердің варианттылығы. – Алматы: Санат, 1996. – 8-10б.

  2. Кунин А.В. Английская фразеология. М., 1970. – 13б.Маслова В.А. Лингвокультурология. Москва, 2001. 36-б.

  3. Маслова В.А. Лингвокультурология. Москва, 2001. 82-б.

  4. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым,1977. 20-б.

  5. Ағылшынша-қазақша сөздік. Алматы: Мектеп,2006. 57-б.



ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАР
А.Жиреншеева, ҚазМемҚызПУ 4-курс студенті,

Ғылыми жетекші: филол.ғ.к., доцент С.Құлманов


ХIX ғасырдың екінші жартысында қазақ әдеби тілі жаңа даму белесіне көтерілді. Атап айтатын болсақ, сол кезде баспа шығармашылығы дамып, Омбыда, Оралда, Орынборда т.б қалаларда оқу орындары ашыла бастады. Азаматтық оқумен қатар діни сарында оқыту қарқынды дами түсті. Ауыл молдасынан түрікше, арабша сауат ашу, хат тану халықты сауаттылыққа жетеледі. Осындай өзгерістер қазақ халқының мәдени мұрасын жандандыра түсті. Ең көзге түсетін оқиға – қазақ көркем әдебиетінің жаңа кезеңдері басталады. Төл жазба әдебиеті туды.

Қазақ әдеби тілінің пайда болу дәуірі туралы ғалымдар пікірлері түрліше. Мысалы, бірқатар зерттеушілер қазақтың әдеби тілін ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ғана басталды деп, мұны ұлы ағартушы-демократтар Абай мен Ыбырайдың есімдерімен байланыстырады. Сонымен қатар қазақ әдеби тілі Октябрь революциясынан кейін ғана пайда болып, дамып отыр деген пікірлер де баршылық. Кейбір ғалымдардың ойынша, «қазақтың әдеби тілі революциядан бұрынғы дәуірлерде жасалып, белгілі бір жағдайда өмір сүрген, бұл дәуір қазақ әдеби тілінің алғашқы адымы, нәрестелік дәуірі» (Н.Т.Сауранбаев).

М.Томанов, С.Исаев, Ә.Ибатов «Түркі әдеби тілі мен қазақтың жазба әдеби тілінің сабақтастығы» атты баяндамаларында әдеби тілге: «Әдеби тіл – көп функционалды, яғни көп салалы тіл. Әдетте цивилизация тарихын бастаудың бір шарты – әдеби тіл болып табылады. Әдеби тілдің болуы – қоғамдық өмірдің көп тірлігін, сол сияқты қоғамдық дамудың жоғары сатыға көтерілуін де көрсететін фактор. Әдеби тіл болудың үлкен белгісі – оның құрылымы мен қағидалары сол тілде сөйлеушілерге түгел түсінікті ортақ болып келуі», – [1, 15] деген анықтама береді.

«Әдеби тіл» деген ұғымға ғылыми техникалық көркем әдебиет нұсқаларының тілі, мектеп, театр, радио, баспасөз жеке мемлекет мекемелерінде қолданылатын тіл енетінін және әдеби тілдің нормаланған, жалпыға бірдей түсінікті болуы шарт екенін айта келіп, Ғ.Мұсабаев қазақ әдеби тілін тарихи тұрғыдан мынадай үш кезеңге бөледі:

1. Абайға дейінгі, яғни ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан Октябрь ревлюциясының алғашқы жылдарына дейінгі кезеңдегі жазу тілі – жаңа әдеби тіл.

2. Қазіргі әдеби тіл.

«Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл дәрежесіне байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, ерекшеленеді. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды», – дей келе, М.Балақаев әдеби тілдің даму кезеңдерін төрт дәуірге бөледі:

1. ХІІІ ғасырдың орта тұсы мен ХІХ ғасырдың І жартысы.

2. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы.

3. ХІХ ғасырдың басы.

4. Совет дәуірі.

М.Балақаев, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов авторлығымен жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» деген кітапта авторлар әдеби тілдің екі түрі (бірі – 1920-1930 жылдар арасындағы әдеби тіл, екіншісі – 1940-1960 жылдар арасындағы әдеби тіл) болатынын айта келіп, жалпы әдеби тілдің пайда болу мерзімі туралы былай дейді: «Қазақтың әдеби тілінің тарихын біз ХІХ ғасырдың екінші жартысынан емес, ХІІІ ғасырдан бастаймыз. Өйткені, халық тілінің жазба әдебиет ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы және бірді-екілі стильдік құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл белгілерінің айқындала бастаған  мезгілі – осы ХІІІ ғасырдан басталады» [2, 42].

Кейбір ғалымдардың пікірінше, төл әдеби тілдің революцияға дейінгі кезеңінде қазақ даласына екі түрлі әдеби тіл «жарыса» өмір сүредi, оның бірі – жалпыхалықтық әдеби тіл де, екіншісі – сол кездегі үстем таптың өкілдері ғана, сауатты байлар мен қожа-молдалар ғана пайдаланған «түркі тілі», яғни «кітаби тіл» (А.Ысқақов).

Р.Сыздықова өзінің «ХІІІ-ХІХ ғасыр қазақ әдеби тілінің тарихы» деп аталатын құнды еңбегінде әдеби тілдің барлық дәуірлерін сөз етпей, тек екі ғасырға, әдеби тіл тарихы үшін мәні де, маңызы да зор ХІІІ-ХІХ ғасырлардағы шығармаларға арнайы тоқталып, нақтылы материалдар негізінде әр дәуірдің әдеби тіліне тән сипатын, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктерін анықтауға көңіл бөледі. Автор ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталатын қазақтың төл жазба әдеби тіліне дейін оның ауызша тараған әдеби тіл болды деген пікірді ортаға салып, мынадай қортындыға келеді: «Сөйтіп, қазақтың тілі: ауыз әдеби тілі, жазба алдындағы әдеби тілі, жазба әдеби тілі деген түрлерге бөлінеді». Ғалым ХІХ ғасырдың екінші жартысын жалпы қазақ әдеби тілінің емес, қазіргі әдеби тілдің басы деп есептеп, әдеби тілді үш топқа  бөліп қарайды: 1) ауыз әдеби тілі; 2) жазба алдындағы әдеби тіл; 3) жазба әдеби тілі. Соңғысын ішінара тағы екіге бөліп қарастырады: а) Ортаазиялық түркі әдеби тіліне сүйенген «кітаби тіл», ә) қазақтың қолтума   әдеби тілі, яғни қазіргі жазба әдеби тіл [3, 7-12].

С.Исаев «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері» деген еңбегінде әдеби тілдің сипаты, қызметі, қалыптасу жолдары т.б. проблемаларды қамтыған. Автор қазақ әдеби тілінің қалыптасуын шартты түрде үш дәуірге бөледі:

1. Қазақ халқының жеке халық болып қалыптасқанына дейіңгі көне дәуір, яғни жалпы түрі әдеби тілі дәуірі.

2. Қазақ халқының халық болып қалыптасқанынан кейінгі кездегі қазақ әдеби тілінің туып, даму дәуірі.

3. Қазақ әдеби тіл дамуының советтік дәуірі [4].

Б.Әбілқасымов «шамамен Х-ХІ ғасырдан бастап қазақ авторлары бір жағынан «шағатай» немесе «түркі» деп атанған тілді пайдалана жүріп, екінші жағынан, өз шығармаларына қазақтың ауызша әдеби тілін арқау ету арқасында сол «түркі» әдеби тілінің тағы бір жергілікті түрін қалыптастырады», – деген пікір айтады. Ғалым Абай, Ыбырайға дейінгі жазба әдеби тілді «қазақтың көне әдеби тілі» деп атайды. Яғни, біздің біраз зерттеушілеріміздің «кітаби тіл» деп жүргенін Б.Әбілқасымов «көне қазақ жазба әдеби тілі» деп атайық дейді. Оның пікірінше, бұрын қазақтың ауызша әдеби тілі болды, ол тілдің үлгісі алуан түрлі ауыз әдебиеті жанрларында шешендік толғауларда сақталды. Сөйтіп, Б.Әбілқасымов «қазақтың ауызша әдеби тілі өз алдына, жазба әдеби тілі өз алдына дамып отырды» деп, оларды даралап қарауды ұсынады. Ол, қорыта келгенде,  қазақтың жазба әдеби тілін үш кезеңге бөледі:

1. Қазақтың көне жазба әдеби тілі;

2. Қазақтың жаңа жазба әдеби тілі;

3. Қазақтың қазіргі әдеби тілі [5].

Әдеби тіл мәселелерімен көбірек айналысқан ғалымдардың бірі – Қ.Өміралиев. Ол әдеби тіл жайындағы өз ойын: «Қазақ әдеби тілі тарихы, қазақ әдебиеті тарихын сөз ету арқылы ғана сөз етілмек. Яғни қазақ әдеби тілі тарихы қазақ әдебиеті тарихының өзгеше үлгіде баяндалуы ғана. Әдеби тіл дегеніміз әдебиеттің өзі», [6, 36] – деп тұжырымдайды.



Көп жылдар фольклор тілімен шұғылданған Е.Жұбанов халық ауыз әдебиеті шығармаларының тілін ауызекі әдеби тілге жатқызды. Ол өзінің «Эпос тілінің өрнектері» атты монографиясында: «Эпостық жасампаз  дәстүрі арқасында замана әуеніне талмай үн қосып отырған мұндай шығарма қазақ халқының ауызекі әдеби тілінің тамаша үлгісі ғана емес, сонымен бірге ол біздің кейінгі жазба әдебиет тілімізге де нәр берген арна» [7, 8] дейді. Ал «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымен даму жолдары» деген жинақтағы редакция  алқасының атынан жазылған кіріспеде былай делінген: «Қазақтың ұлт болып қалыптасуына дейінгі жазба әдеби тілін «ескі әдеби тіл, одан соңғы әдеби тілді «жаңа әдеби тіл» деп қарағанымыз жөн бе дейміз. Сонда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы ұлттық жазба әдеби тіліміздің қалыптасу дәуірі болады. Совет дәуірі сол әдеби тіліміздің мейлінше өсіп, өркендеген, жетіліп кемелденген кезеңі болып есептеледі» [8, 25].

Ж.М.Әбділдин: «Мен өзім қазақ әдеби тілін қазақ жазба әдебиетімен тікелей байланыстыратын пікірге қосылмаймын. Әрине, бұл пікірді жақтайтын адамдар тек атүсті айта салып жүрген жоқ. Олардың дәлелдері, табан тірейтін ой -топшылаулары  бар. Мысалы, жазба әдебиеттері ерте кемелденген елдер әдеби тілдің дүниеге келуін жазба әдебиеттің қалыптасуымен тікелей байланыстырады. Мен өзім қазақ әдеби тілінің тарихын ХІІ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар әдебиетінен бастау керек деген пікірге толық қосыламын. Әдеби тіл дегеніміз тек күнбе-күнгі қарым-қатынастың тілі ғана емес, ол сондай-ақ сөйлеу тілінің даму барысындағы биік деңгей де болып табылады. Басқаша айтқанда, тіл бұл кезде тек күнделікті жанды қарым-қатынастың құралы болып қана қалмайды, сонымен бірге ол мәдениет жасайтын және сол мәдениетті тарататын нақты творчестволық құрал болып та қызмет атқарады. Қазақтың қазіргі көркем әдебиетінің тілі – дамудың жоғары сатысындағы биік өрелі тіл нағыз өнердің өзі. Өйткені көріктеу құралдарының жүйесінің тарихи өзгерісі, дамып жетілуі ол жүйенің әр жанрдағы ерекшеліктеріне негізінде жасалады. Көркем әдебиет тілі мен көркем проза жақсы дами бастады. Қазіргі қазақ прозасы мен фольклор арасындағы байланыс қазақ филологиясында түйінді зерттеулердің өзегі болып келді» [8, 15].

Жоғарыда келтірілген пікірлерден көріп отырғанымыздай, «әдеби тіл» ұғымын бір топ зерттеушілер кең мағынада түсіндірсе, енді бір топ зерттеушілер, әсіресе, жазу, сызумен байланыстырушылар бұл атауды тар мағынада қолданып келеді. Мұның басты себебі – кейбір мамандар әдеби тіл тарихын, оның белгілі бір дәуірін жазу сызумен байланыстырып, жазу мәдениетімен бірлікте қараса, енді біреулер әдеби тілді жазу сызумен байланыстырмай, бұл ұғымға ауыз әдебиеті, халық творчествосының туындыларын да қатыстырады. Жалпы, қазақ әдеби тілінің басталуын ХХІ ғасырдың екінші жартысы деп жүрген, оны Абай мен Ыбырай шығармаларынан, алғашқы қазақ газеттерінің шығуымен байланыстыратын пікір басымдау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Томанов М., Исаев С., Ибатов Ә. Түркі әдеби тілі мен қазақтың жазба әдеби тілінің сабақтастығы // ҚР ҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. –Алматы, 1968. –№2. 11-17-беттер.

2. Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –Алматы, 1969.

3. Сыздықова Р. ХІІІ-ХІХ ғасыр қазақ әдеби тілінің тарихы. –Алматы, 1987.

4. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері. –Алматы, 1988.

5. Әбілқасымов Б. Қазақ тілі тарихының зерттелуі жайында // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. 1967. -71-78-беттер.

6. Өміралиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі. –Алматы, 1976.

7. Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. –Алматы, 1982.

8. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымен даму жолдары. –Алматы, 1981.

9. Әбділдин Ж.М. Қазақ әдебиетінің қалыптасуы жайлы // Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымен даму жолдары. –Алматы, 1981.




Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың жасалым белгілері

Ә.Жұмақадыр, ҚазМемҚызПУ.1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф. ғ.к доцент Г.Қ Қайдарова

Дауысты-дауыссыз дыбыстардың басты айырым белгілерін сөз ете отырып, дауыстылардың анықтамасын проф. Ә.Жүнісбек былай көрсетеді: "а) дауыстыларды айтқанда дауыс желбезегі толық тербеледі; ә) дауысты дыбыстар буын құрайды; б) дауысты дыбыстар жасалғанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай шығады" [1, 14 б.]. Әрине аталған белгілер лингвистика мен оқулықтарда кездеседі, тек олар шашыраңқы беріледі, бірі аталса, екіншісі аталмай қалып отырады. Тіптен дауыс желбезегінің (шымылдығының, жарғағының) қатысы көбінесе ескерілмейді. Аталған үш белгінің кешенді түрде басы біріктіріліп "Қазақ грамматикасында" алғаш берілгенін көреміз. Шындығында осы аталған белгілердің бірі болмаса онда дауысты дыбыстардың белгілері толық болмай шығады.

Аталған белгілердің біз үшін бәрі маңызды: біріншісі мен үшіншісі фонетикалық тұрыдан маңызды, өйткені дауыстының жасалу жолын көрсетеді, ал екінші белгісі фонологиялық тұрғыдан маңызды, өйткені дауыстының тілдегі қызметін көрсетеді. Дегенмен дауыстылардың буын құрай алатын қызметі басымырақ.

Қазақ тіл біліміндегі дауысты дыбыстардың жасалым сипаттамасы жайлы пікірлер жайлы жоғарыда толық айтылды. Ондағы келген қорытындымыз дауысты дыбыстардың артикуляциясы зерттеушілердің алдына қойған мақсатына байланысты әртүрлі деңгейде және әртүрлі көлемде берілгенін байқадық.

Енді болса дауысты дыбыстардың толық сипаттамасын беруге тырыстық. Басқаша айтқанда олардың негізгі және үстеме артикуляциясын жан-жақты сипаттап шығамыз. Себебі буын құрамындағы дауысты дыбыстарды сөз еткенде олардың барлық белгілерін жан-жақты және тұрақты қамтып отыру керек болады. Мысалы, дауыстылардың негізгі белгісі ретінде езулік-еріндік үлгісі ғана қамтылатын болса, олардың үстеме белгісі ретінде езуліктің ашық, қысаң және емеурін түрленімі, ал еріндіктің доғал және сүйір еріндік түрленімі қамтылады.

Дауысты дыбыстарды жүйесіне байланысты жеке-жеке сипаттаған кезде олардың арасындағы ортақ белгілер сол күйінде қайталанып отырады.



Жалаң дауыстылар

-Тіл ауыз қуысында кейін шегініп, көмейге жақын жатады, тілдің ұшы астыңғы күрек тістен алшақ жатады (тимейді), сөйтіп тілдің ауыз қуысындағы кейін шегініп жатуынан;

-Тіл ауыз қуысында төмен жатып, жақ кең ашылады, сөйтіп тілдің ауыз қуысында төмен жатуынан;

-Ерін кең ашылып, бейтарап қалады, сөйтіп еріннің бейтарап қалуынан;

-Дауыс шымылдығы барынша тербеледі, түгелдей қатысады, дауыс шымылдығының толық тербелуінен [а] дауысты дыбысы жасалады.

Ендеше, [а] дауысты дыбысы тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл арты болып, тілдің ауыз қуысындағы тік қалпына қарай ашық болып, ерін қатысына қарай езулік, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты болып жасалады.



[а] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің жүйесі: тілдің көлденең қалпына қарай – тіл арты, тілдің тік қалпына қарай ашық, ерін қатысына қарай – езулік, дауыс шымылдығының қатысына қарай - дауысты.

[а] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің құрамы: тіл арты, ашық, езулік, дауысты.

Артикуляциялық анықтамасы (проф. Ә.Жүнісбек үлгісі (моделі) бойынша): [а] дауысты дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысында кейін шегініп жатады, тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл арты, тіл ауыз қуысында төмен жатады, тілдің тік қалпына қарай ашық, ерін бейтарап қалады, ерін қатысына қарай езулік, дауыс шымылдығы толық тербеледі, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты.

-Тіл ауыз қуысында ілгері жылжып, қызыл иекке жақын жатады, тілдің ұшы астыңғы күрек тіске тіреліп жатады (тиеді), сөйтіп тілдің ауыз қуысындағы ілгері жылжып жатуынан;

-Тіл ауыз қуысында төмен жатып, жақ кең ашылады, сөйтіп тілдің ауыз қуысында төмен жатуынан;

-Ерін кең ашылып, бейтарап қалады, сөйтіп еріннің бейтарап қалуынан;

-Дауыс шымылдығы барынша тербеледі, түгелдей қатысады, дауыс шымылдығының толық тербелуінен [ә] дауысты дыбысы жасалады.



[ә] дауысты дыбысы жасалады.

Ендеше, [ә] дауысты дыбысы тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл алды болып, тілдің ауыз қуысындағы тік қалпына қарай ашық болып, ерін қатысына қарай езулік, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты болып жасалады.



[ә] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің жүйесі: тілдің көлденең қалпына қарай – тіл алды, тілдің тік қалпына қарай ашық, ерін қатысына қарай – езулік, дауыс шымылдығының қатысына қарай - дауысты.

[ә] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің құрамы: тіл алды, ашық, езулік, дауысты.

Артикуляциялық анықтамасы: [ә] дауысты дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысында ілгері жылжып жатады, тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл алды , тіл ауыз қуысында төмен жатады, тілдің тік қалпына қарай ашық, ерін бейтарап қалады, ерін қатысына қарай езулік , дауыс шымылдығы толық тербеледі, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты .

-Тіл ауыз қуысында кейін шегініп, көмейге жақын жатады, тілдің ұшы астыңғы күрек тістен алшақ жатады (тимейді), сөйтіп тілдің ауыз қуысындағы кейін шегініп жатуынан;

-Тіл ауыз қуысында жоғары жатып, жақ қысаң ашылады, сөйтіп тілдің ауыз қуысында жоғары жатуынан;

-Ерін қысаң ашылып, бейтарап қалады, сөйтіп еріннің бейтарап қалуынан;

-Дауыс шымылдығы барынша тербеледі, түгелдей қатысады, дауыс шымылдығының толық тербелуінен [ы] дауысты дыбысы жасалады.

Ендеше, [ы] дауысты дыбысы тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл арты болып, тілдің ауыз қуысындағы тік қалпына қарай қысаң болып, ерін қатысына қарай езулік, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты болып жасалады.

[ы] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің жүйесі: тілдің көлденең қалпына қарай – тіл арты, тілдің тік қалпына қарай қысаң, ерін қатысына қарай – езулік, дауыс шымылдығының қатысына қарай - дауысты.

[ы] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің құрамы: тіл арты, қысаң, езулік, дауысты.

Артикуляциялық анықтамасы: [ы] дауысты дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысында кейін шегініп жатады, тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл арты, тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тілдің тік қалпына қарай қысаң, ерін бейтарап қалады, ерін қатысына қарай езулік, дауыс шымылдығы толық тербеледі, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты .

Тіл ауыз қуысында ілгері жылжып, қызыл иекке жақын жатады, тілдің ұшы астыңғы күрек тіске тіреліп жатады (тиеді), сөйтіп тілдің ауыз қуысындағы ілгері жылжып жатуынан;

-Тіл ауыз қуысында жоғары жатып, жақ қысаң ашылады, сөйтіп тілдің ауыз қуысында жоғары жатуынан;

-Ерін қысаң ашылып, бейтарап қалады, сөйтіп еріннің бейтарап қалуынан;

-Дауыс шымылдығы барынша тербеледі, түгелдей қатысады, дауыс шымылдығының толық тербелуінен [і] дауысты дыбысы жасалады.

Ендеше, [і] дауысты дыбысы тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл алды болып, тілдің ауыз қуысындағы тік қалпына қарай қысаң болып, ерін қатысына қарай езулік, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты болып жасалады.

[і] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің жүйесі: тілдің көлденең қалпына қарай – тіл алды, тілдің тік қалпына қарай қысаң, ерін қатысына қарай – езулік, дауыс шымылдығының қатысына қарай - дауысты.

[і] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің құрамы: тіл алды, қысаң, езулік, дауысты.

Артикуляциялық анықтамасы: [і] дауысты дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысында ілгері жылжып жатады, тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл алды , тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тілдің тік қалпына қарай қысаң , ерін бейтарап қалады, ерін қатысына қарай езулік, дауыс шымылдығы толық тербеледі, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты.

-Тіл ауыз қуысында кейін шегініп, көмейге жақын жатады, тілдің ұшы астыңғы күрек тістен алшақ жатады (тимейді), сөйтіп тілдің ауыз қуысындағы кейін шегініп жатуынан;

-Тіл ауыз қуысында жоғары жатып, жақ қысаң ашылады, сөйтіп тілдің ауыз қуысында жоғары жатуынан;

-Ерін дөңгеленіп ашылып, дөңгеленіп тұрады, сөйтіп еріннің дөңгеленіп тұруынан;

-Дауыс шымылдығы барынша тербеледі, түгелдей қатысады, дауыс шымылдығының толық тербелуінен [ұ] дауысты дыбысы жасалады.

Ендеше, [ұ] дауысты дыбысы тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл арты болып, тілдің ауыз қуысындағы тік қалпына қарай қысаң болып, ерін қатысына қарай еріндік, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты болып жасалады.

[ұ] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің жүйесі: тілдің көлденең қалпына қарай – тіл арты, тілдің тік қалпына қарай қысаң, ерін қатысына қарай – еріндік, дауыс шымылдығының қатысына қарай - дауысты.

[ұ] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің құрамы: тіл арты, қысаң, еріндік, дауысты.

Артикуляциялық анықтамасы: [ұ] дауысты дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысында кейін шегініп жатады, тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл арты ,тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тілдің тік қалпына қарай қысаң ,ерін дөңгеленіп тұрады, ерін қатысына қарай еріндік, дауыс шымылдығы толық тербеледі, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты .

-Тіл ауыз қуысында ілгері жылжып, қызыл иекке жақын жатады, тілдің ұшы астыңғы күрек тіске тіреліп жатады (тиеді), сөйтіп тілдің ауыз қуысындағы ілгері жылжып жатуынан;

-Тіл ауыз қуысында жоғары жатып, жақ қысаң ашылады, сөйтіп тілдің ауыз қуысында жоғары жатуынан;

-Ерін дөңгелене ашылып, дөңгеленіп тұрады, сөйтіп еріннің дөңгеленіп тұруынан;

-Дауыс шымылдығы барынша тербеледі, түгелдей қатысады, дауыс шымылдығының толық тербелуінен [ү] дауысты дыбысы жасалады.

Ендеше, [ү] дауысты дыбысы тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл алды болып, тілдің ауыз қуысындағы тік қалпына қарай қысаң болып, ерін қатысына қарай еріндік, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты болып жасалады.

[ү] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің жүйесі: тілдің көлденең қалпына қарай – тіл алды, тілдің тік қалпына қарай қысаң, ерін қатысына қарай – еріндік, дауыс шымылдығының қатысына қарай - дауысты.

[ү] дауысты дыбысының артикуляциялық белгілерінің құрамы: тіл алды, қысаң, еріндік, дауысты.

Артикуляциялық анықтамасы: [ү] дауысты дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысында ілгері жылжып жатады, тілдің ауыз қуысындағы көлденең қалпына қарай тіл алды тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тілдің тік қалпына қарай қысаң ерін дөңгеленіп тұрады, ерін қатысына қарай еріндік, дауыс шымылдығы толық тербеледі, дауыс шымылдығының қатысына қарай дауысты.



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақ грамматикасы. Астана 2002,

2.Г.Қ.Қайдарова Қазақ тіліндегі буын артикуляциясы. Филол.ғылым.канд…дисс.авто рефераты-Алматы, 2006. 10-11 б .

3. Ә.Жүнісбек Қазақ фонетикасы. Алматы 2009 ж.


Үндестік заңы

Ғ.Камалова, ҚазМемҚызПУ 2-курс студенті


Ғылыми жетекшісі – Қ.Ш. Балабекова

Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және harmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.


ҮНДЕСІМ (ҮНДЕСТІК) ЗАҢЫ — буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді. Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандықтан, оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылымы мен естілімінде басым болады Дәстүрлі қазақ тілтанымындағы (түркологияда) фонетикалық ережеде Үндестік заңын дауыстылардың үндесуі деп түсіндіріп келсе, қазақ тілінде тек дауыстылар ғана үндеседі, ал дауыссыздар көрші дауыстының ықпалында болады делінген. Сонымен қатар дыбыстардың бір-біріне ықпалын да сингармонизм заңдылығына жатқызып келді. Дауыссыз дыбыстардың арасындағы ілгерінді ықпал бойынша (мысалы, әліпби-әліппи, құр қалу-құрғалу, көкбет-көкпет, т.б.) алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссыздың айтылымына (артикуляциясына) әсерін дауыссыздардың сингармонизмі деп атайды. Зерттеу нәтижесінде сөз құрамындағы дыбыстардың жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып айтылуы сөз просодикасына байланыстылығын көрсетеді. Қазақ тілінің сөз просодикасы үндесім болғандықтан, ол сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарға бірдей тең ықпал етеді.

1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе

соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: ба-ла-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ы-мыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-і-міз. Бұл құбылыс Буын үндестігі (сингармонизм) деп аталады.
Ерін үндестігі – ерін дауыстыларының бастапқы буындағы ыңғайына қарай, соңғы буындардың үйлесіп келуі болып табылады. Ол еріндік о, ө, ұ, ү дыбыстарынан кейін келетін езулік ы, е, і дыбыстарын айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.

Ерін үндестігі заңдылықтары:

1. Алғашқы буындағы о немесе ұ дыбыстары екінші буындағы ы дыбысын ұ-ға айналдырады. Мысалы: орын-орұн, құлын-құлұн.
Ал, ашық дауысты а дыбысына о-ның да, ұ-ның да әсері байқалмайды. Мысалы: орақ, құлан.

2. Алғашқы буындағы о немесе ұ дыбыстары екінші буындағы і дыбысын ү-ге айналдырады. Мысалы: көрік-көрүк, күдік-күдүк.


3. Алғашқы буындағы ө немесе ү дыбысы е дыбысын ө-ге айналдырады. Мысалы: өлең-өлөң, күрек-күрөк.

А. Байтұрсынов және Х. Досмұхамедов қазақ тіліндегі сингармониялық заңдылығын ашқан алғаш зерттеушілер.


Қазақ тілінің дыбыс жүйесін сингармониялық ғылыми бағытта бірінші болып зерттеген – А. Байтұрсынов және Х.Досмұхамедов. А. Байтұрсынов «сингармонизм» терминін қолданбаған, бірақ сингармонизм ұғымын еңбектерінде толық қамтыған, себебі қазақ тілінің дыбыс қорын, сөйлесім процесін езулік жуан, езулік жіңішке категорияларында ұғып, ғылыми ізденістер жүргізіп, классификация жасаған. Яғни, А. Байтұрсыновтың фонетикаға, графикаға, фонограмиялық, орфоэпияға арналған еңбектері езу сингармонизмінің негізінде жасалған. А. Байтұрсынов ерін сингармонизмің негізіне ғылыми ізденістер жүргізбеген, оның себебі, біздің ойымызша, ерін сингармонизмінің қазақша сөйлесім процесінің мәні мен қызметінің әлсіздігінде, сондықтан қазақ индивидінің есту қабілетінің (фонологиялық елегінің) айқын қабылдамауында.

«Сингармонизм» терминін тіл білімінде бірінші болып қолданған Х. Досмұхамедұлы. Сингармонизмді (әлем тіл білімінде) тұңғыш болып «дауыстылар гармониясы» ұғымында емес, жалпы «дыбыстар гармониясы» ұғымында түсініліп зерттеулер жүргізілген. А.Байтұрсынов «сингармонизм» термиін қолданбаған, бірақ қазақ тілінің әліпбиін жасағанда дыбыс жүйесін зерттегенде «сингармонизм – сөз құрамындағы барлық дыбыстардың үндестігі» ұғымында нық тұрған. Яғни, А. Байтұрсынов пен Х. Досмұхамедұлының сингармонизмді түсінулері, қазақ дыбыс жүйесін зерттеулері бір ғылыми теорияға негізделген. Қазіргі қазақ тілі фонологиясы


А. Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедұлының сингармониялық концепцияларынан мынадай ғылыми ұғымдарды қабылдап, дамытты.
1. Сингармонизм – қазақша тілдесінің негізгі қасиеті.
2. Сингармонизм тек дауыстылар гармониясы емес, сөздің құрамындағы барлық дыбыстардың гармониясы (дауыстылардың, дауыссыздардың).
3. Жуандық – жіңішкелік корреляция (қарама - қарсы).
4. Сингармониялық дыбыс – сөз мағынасын өзгертетін тіл құралы.
5. Поэзия түсінігі (дыбыстың сөз құрамындағы орны, өзінен ілгері және кейін тұрған дыбыстармен қарым - қатынасы). Осы фонологиялық ұғымдар қазақ тіл білімінде күрделі ғылыми интерпретацияға ие болып, т.б. сингармониялық ұғымдармен, категориялармен, принциптермен қоса зерттеліп, сингармониялық және акцентті – фонемалық теориялардың пайда болып, қалыптасуына ғылыми негіз болды.
Символдық таңбалардың этномәдени ерекшеліктері
Г.Керуенбаева, ҚазМемҚызПУ 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент - А.Ғ.Сембаева
Символ мәселесі ғылым нысанасына ежелден-ақ енген. Әр кезең зерттеушілері «символ» табиғатын өзінше зерделеп, оның сипатын айқындауда жітілік танытқан. Мұның өзі «символ» ұғымының күрделілігімен, ерекшелігімен де байланысты. Символды тану 19 ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келген «символизм» ағымынан әлдеқайда ерте туған. Символ мәселесін анықтауға ерекше көңіл бөлген зерттеуші В.В.Мантатовтың сөзіне жүгінсек: «Символ ұғымы ғылым тарихы мен мәдениет тарихы көрсеткендей, әлдеқайда терең және жан-жақты ұғым, оны Гельмгольцтей таза интуитивті үстіртін таныммен де, орыс символистеріндей мистикалық сипатпен де айқындауға болмайды» [1,131].

Канттың түсіндіруінде символ – эстетикалық идея, бейнелеудің арнайы түрі. «Көрінбейтінді, мүмкін еместі жеткізуге тырысатын бейнелеудің арнайы түрі, анығында ақылдың идеяларына сәйкес келетін пайымдау» [2, 273].

Әрине, символ табиғатын талдап түсіндіргенде көне ғылыми таныммен, пікір-тұжырымдармен шектелмеуге тиіспіз. Бүгінде символдың теориялық мәселелері А.Ф.Лосев, Л.В.Уваров, В.В.Мантатов, Н.Н. Рубцов, А.А. Потебня, Ю.М. Лотман, А. Белый, В. Тэрнер т.б. еңбектерінде сөз етіледі.

Ал қазақ ғылымында символды біздің мақсатымызбен байланысты зерттеулер өз бастауын Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов еңбектерінен басталады.

Ал символдың когнитивтік сипаты Қ.Ә.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясында айқындалып, теориялық тұрғыдан анықтама беріледі. Ғалымның көрсетуінше, «ішкі терең қажеттіліктер символдар арқылы оянады. Бұл процесс санаға эмоция арқылы белгілі болады. Енді өз кезегінде сана ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін қайтадан символдар дүниесіне жүгінеді. Сөйтіп, терең негізі бар қажеттіліктердің сипаты символдар арқылы анықталады. Яғни сана сыртқы факторларға таңдаулы түрдегі тәуелділігін немесе ішкі өсу, жетілу қажеттілігін белгілі бір модельдің, форманың бойына жинақтау арқылы шешеді» [3,8].

Заттар мен құбылыстардың семиотикалық мәні, ұлттық символдар сипаты, мәдениеттің этнотаңбалық мәні туралы барынша тұжырымды көзқарастарды этнограф-ғалым М.С.Мұқанов еңбектерінен көруге болады. Бұл бағыттағы зерттеулер өз жалғасын К.Ш.Нұрланованың «Человек и мир-казахская национальная идея» монографиясынан, Ж.К.Каракузова, М.Ш.Хасановтың «Космос казахской культуры» еңбектерінен табады. Символдың көркем әдебиетте қолданылуы, оның орыс тіліне аударылу мәселесіне Б.А.Жетпісбаеваның, А.Т.Бақытбаевтың, А.С.Айкулованың т.б. кандидаттық диссертациялары арналады.

Психосоциологтар символдық тұлғаларға адамның өзін-өзі және барлық қоғамдық құбылыстарды тану кілті ретінде баға береді. Мәселен, философ әрі психолог А.Г.Спиркин: «Символ дегеніміз не? Ол өзінің артында өзге бір затты не өзге құбылысты жасыратын, мағынасы белгілі бір нәрсені символдаумен байланысты болатын белгілі бір нысан, сөз, әрекет. Символ өзінен өзге бір нәрсеге нұсқайды. Символ – сананың түсіндіру (талдау беру) әрекеті. Символға символданған құбылыстың мазмұнынан тысқары шығатын идеялық мазмұн тән», -деп тұжырым жасайды [4, 231;232].

Символдық ұғым кең мағынасында белгілі бір мазмұнды басқаша (таңбалық) формада бейнелеу деп түсініледі. Бұл орайда ол кодирование процесімен сәйкес келеді. Ал, тар мағынасындағы символды мән дегеніміз жалпыланған мәнді, дерексіз мазмұнды көрнекті модель, сезімдік бейне арқылы беру. Сөйтіп, ол негізінен, танымның «ішкі тектерін», яғни, эвристикалық қырларын (қиял, интуиция) сипаттайды.

Символ – поэтикалық образ жасаудағы ақындар пайдаланған тәжірибеден өткен өнімді тәсілдердің бірі. Символ – поэтикалық суреттеу құралы. Қазақ әдебиетінде С. Дөнентаев, Б. Күлеев, М. Жұмабаев т.б. ақындар символды көркемдеу амалы ретінде қолданды. Әдебиет тарихынан символды әдіс – тәсіл шеңберінен шығарып, оны тұтас бір дүниетанымға айналдырып, әдебиет пен өнерде, философияда белгілі бір ағым, мектеп жасаған әдебиет, өнер, философия өкілдері белгілі. Ол – 19 ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген символизм ағымы. Символистер үшін символ тек қана жай бір қабылданған белгі емес, ол олардың өмірге деген дүниетанымдық көзқарастарын белгіледі. Мәселен, символизм ағымының көрнекті өкілі А.Белый символды ойлаудың, өмірдің бейнесі ретінде таниды: «Символ – көрінбейтін, танымнан, сезімнен тыс, сөзге тән емес нәрсені нұсқау. Ол – көркем образ, бейне, құпия, сырлы әлемге апарар жол, ақиқат дүние категориясы» [5, 5].

Бұл зерттеушілер символды әр ғылым саласына байланысты мақсатпен қарастырғанмен, барлығы дерлік символды адам танымынан тыс дүниені бейнелеу, идеяны көрнекті модель арқылы көрсету деп біледі. Демек, символ – адам танымы дамуының жемісі, соның көрінісі.

Қазақ ғылымында тілші – ғалым Р. Сыздықова «Абайдың сөз өрнегі» монографиясында: «Қазақ поэзиясының тілін зерттеушілер символ дегенді кеңінен арнайы сөз еткен емес», -дей келе, - символ – идеяның заттық нышаны, астарлы образы», - деген тұжырым жасайды [6,89].

Бұл орайда қай ұлттың болмасын өзінің ұзақ даму тарихында эстетикалық ұғым-түсініктеріне, шаруашылық кәсібіне, мінез-құлық, ырым-наным, салт-дәстүр ерекшеліктеріне байланысты сүйкімді образдары, сөз-символдары болады.

Символдың зерттелу жайына шолу жасай келе, символды әр ұлт мәдениетіне тән ерекше құбылыс ретінде қарастыру әлі де толыққанды сипатта емес деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының болашағы зор. Мұның өзі символдың күрделі табиғатын жан-жақты және терең зерттеуге мүмкіндік жасайды.

Тілші – ғалым Ф.Соссюр тілдік таңбаға тән төмендегідей белгілерді көрсетеді: 1) таңбаның екіжақтылығы; 2) таңбаның шарттылығы; 3) еріктілігі. «Тілдік таңба, - дейді Ф. Соссюр, - зат пен оның атын емес, ұғым мен акустикалық тұлғаны байланыстырады. Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы екендігін түсіндіре келе, ғалым тілдік таңба дегеннің орнына символ сөзін қолдануға болатындығын көрсетеді. Бірақ символ сөзін қолдану еріктілік сипатына қатысты лайық емес: «Символ толығымен ерікті емес, ол бос емес, онда таңбалаушы мен таңбаланушы арасындағы табиғи байланыстың жұрнағы бар», - деп түйіндей келе, символ мен таңбаның бір еместігін аңғартады. [6,101]. Алайда бұл пікірден басқа тұжырым келтірмейді.

А.Ф.Лосев тілде таңба шексіз көп контексте қолданылатынын, оның әрқайсысында белгілі бір мағынаға ие болатынын, сонымен қатар таңбаның динамикалық түрде символға өтуін атап көрсетеді. Таңба шексіз көп мағынаға ие болып символға айналады. Сөз символ болу үшін ол белгілі бір мәтінде – мәдени мәтінде орын алу керек.

Символ – бұл сезім арқылы танылатын бір нәрсе. Ол интуивті түрде ғана танылатын белгілі бір идеяны арқалайды. Символ өз мағынасын ұзақ уақыт мөлшерінде сақтай алады және көптеген адамдар үшін тұрақты сипатқа ие болды. Символ интуитивтілігінің негізінде белгілі бір рационалды бастама бар, бұл символда жалпы және тұрақты сипатқа ие және оны түсінікті етеді. Рационалды дискурсивті ойлаумен белгілі болғандықтан, символды да дискурс немесе мәтін ретінде тани аламыз. Ал символды белгілі бір мәтіннен интуитивті түрде алынған контекст ретінде қарастырамыз. Ал контекстің әр түрлілігі символға көпмағыналылық сипатын береді.

Символдың рациональды сипатын қарастыру оны ең алдымен «лингвистикалық символ», яғни тіл, сөйлеу негізінде қарастырудан басталады. Бұл жағдайда ол тілдік нысана ретінде қаралады. Ал символды таңбалық жүйеде қарастырумен семиотика ғылымы айналысады. «Символ» ұғымы бұл ғылымның нысанына айналғанда, ол «таңба-символ» ретінде болады.


жүктеу 4,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау