Смс(ҚХҚ)-хабарламаларындағы ықшамдалу


Жүрегің шоқ басқандай дір етеді



жүктеу 4,86 Mb.
бет3/23
Дата13.05.2018
өлшемі4,86 Mb.
#12193
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Жүрегің шоқ басқандай дір етеді, деген өлең жолдарындағы «ақ көңілін кір етеді» деген тіркес, мейірімді, адал, таза жанды ренжіту деген болса, « тілі удай » деген тіркес үрысқақ, жаман сөздер айтатын, «жүрегі шоқ басқандай дір етеді» - деген тұрақты тіркес шошып кету, ренжіту деген мағынада қолданылған.

...Жібектей мінез ғана жанға жағад

- деген жолдағы «жібектей мінез» - инабатты, биязы деген мағына береді. Сол сияқты:

Дос түтпа көзі күлген жағымпазды.

деген жолдағы «көзі күлген» деген тіркес жылмандақ, жылмақай деген ұғым берсе,

«Наданның нан піседі қарқынына»

- деген тіркес ойсыз, мақтаншақ деген мағына береді.

...Дер күнде шалықтайтын санды соғып, Отырмын тісті қайрап, шайнап бармақ - деген жолдардағы «тісті қайрап, шайнап бармақ» тіркестері «өкіну» деген мағынаны береді.

«Жұқ болмас жүмырына қомағайдың,

Нар жүгін тастасаң да алқымына,

деген жолдағы «жұмырына жұқ болмады» тіркесі, тойымсыз, жемқор» деген үғым береді.

Сендей-сендей алдауыш

Соқтырып кетті санымды,

- деген жолдардағы «соқтырып кетті санымды»тіркесі «алдады» деген мағына береді.

Міне осындай т.б.көптеген түрақты тіркестерді пайдаланып, ақын өзінің семсер сөзін, тілінің қуатын аянып қалмаған. Нұртуған өлеңдерін таза қазақ тілінде жазып, өлеңге керекті бар бейнелі сөздерді, нәрді, кестені түгелдей халық тілінен тапты. Оның өлеңдері көркем мағыналы, көпке түсінікті, бас- аяғы жинақы келеді.

Нұртуған - қазақтың үлттық тілін еркін меңгерген, тілдік қоры бай ақын. Ол халықтың ғасырлар бойы жасаған сөз өнерінің бар асылын, ең шы-райлысын таңдап ала білген. Оның өлеңдерінде теңеу мен эпитеттің неше түрлі бай үлгісі бар. Олар өлеңдерінің бейнелілігін арттырып, оқырманын өзіне баулиды. Сейіс, әрі атқұмар Суханбердінің жетелеп бара жатқан атына берген «Атқа сын» өлеңінде теңеудің, эпитеттің неше түрлі үлгісін қолданған. Мысалы:

Нағыз тәуір ат екен ер мінетін,

Жігітке қолайлы екен көп жүретін.

Сіңірі, жуан бақай, қалың түлқ,

Еш пенде кемітпейді ат білетін.

Қоян жон, бөрі қабақ, кері түсті,

¥рыншақ әдеті жоқ, жеңіл үсті

Күлте жол, ойық шеке, көзе мойын

Шабысқа мойымайтын нағыз бесті.

...Ерінді, тісі жуан, жазық бауыр,

Жылқыға сирек бітер мүндай сауыр

Жүрістен жорға болып кетер еді

Мықымсыз, арты жеңіл, кеудесі ауыр.

Шідерлігі биіктеу, сирағы тік,

¥замас онша алысқа, қойсаң тұсап.

Қу кекіл, қүлан шеке, жайнаған көз.

Кетпейді, төстен тартсаң ері босап.

Кеңсірігі қолбырап тұр, алма сағақ,

Қабырға қайыспайтын қайың талдай,

Кең танау, тұхарлығы жүнді балақ.

...Етті саны қазандай төңкерілген,

Шыңға қонған бүркіттей шөңкерілген...

...Дөңгелек көтендігі, сырты қысқа,

Беден - сұлу, қүйғандай шебер ноқта.

Төбелі маңдайына жарасып тұр,

Жүлдыздай жымыңдаған айсыз тұста

Мұндағы теңеулер мен эпитеттер арқылы ақынның көркем сөзді қанша түрлендіргенін, бейнелілікті арттырғанын көруге болады.

Нұртуғанның ақындық тілінде ауыстырудың түрлері де мол. Бір нэрсені екінші нәрсеге балау арқылы метафораны қолданған. Мысалы:

....Үмітім, дәметерім - ұрпақтарым,

Сөзді біл, тыңдап үйрен, жинап бойға!

....Бағыма Абай туды - сөз зергері

Өлеңім ілігерсің енді санға!

Абайдан қазақ жұртта адам өтпес,

Ол - дана жалғыз туған, естен кетпес...

....Қазақта сөз асылын арқалаған

¥лы Абай - бір ғасырдың биік шыңы....

...Түседі Абай еске - дауылпазым!...

....Өйткені, сөз қоры-кең қүдіреттей,.... деп Абайдың ақындық күшін, тілге шеберлігін, тіл бейнелілігін жақсы пайдалана білгенін көрсете отырып, оны «сөз зергері, жалғыз туған дана, бір ғасырдың биік шыңы, дауылпаз, сөз қоры-кең құдіреттей» - деп шебер

бағалаған

.....Мен де бір шайыры едім Сыр-өңірдің....

.....Сайраған қалың нудың сандуғаш ем, - деп өзін « Сыр өңірінің шайырына, сайраған қалың нудың сандуғашына» балайды.

Нұртуған жырауда кейіптеу де кездеседі. Табиғаттағы қүбылыстарды қимылға келтіріп, жанды бейнеге түсіру үшін ол кейіптеуді қолданады.

Тіршілік біткен еркелеп,

Ілгері көзін тігеді

...Оянып қайың, қарағай,

Өзен, көл тасып шіреді.

Тұмса бүлақ қаршадай

Сылдырап қана күледі...

....Қыс көрпесін сыпырып,

Қраниек таң атты.

Оянып бүкіл тіршілік

Аймалап жатыр шуақты....

Мүлда көктем келісімен тіршілік біткен еркелеп, көздерін ашып, қайың мен қарағай ұйқысынан оянған адамдардай, өзен, көл керіліп, кеудесін керіп шіренген, сылдырап аққан бұлақ күліп ойнаған, көрпесін сыпырып тастап, оянып келіп анасын аймалаған жас баладай суреттелген.

Нұртуғанның ақындық тілі өзінің байлығымен, алуан түрлі үлгілердің молдығымен қазақгың жазба әдебиет тіліне негіз болады. Нұртуған жырау халықтың тілдік қорын мол пайдаланып, оны өзіндік көркемдік тәсілдерімен оқырманына жеткізе білген.

Осындай дарын иесін есте сақтау мақсатында төмендегідей ұсыныс айтқымыз келеді:

1. Жыл сайын облыс көлемінде Нұртуған Кенжеғұлұлы құрметіне жырау -термешілердің облыстық сайысы өткізілсе.

2. Ақынның шығармашылығы әдебиет оқулықтарына енгізілсе.
Күлтегін ескерткішіндегі сөз тіркестерінің синтаксистік сипаты

С. Әлбілекова, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының студенті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Ж.Тектіғұл
Түбі бір түркі халқының ортақ мұрасына айналған VII-VIII ғасырдағы Орхон жазба ескерткіштерінің ішіндегі көрнектілерінің бірі - Күлтегін жазуы. Үлкен және кіші жазу деп бөлінетін ескерткіш өзінің мазмұны жағынан да, жазба тілі жағынан да сол кездегі көне түркі жазба мәдениетінің біршама сараланған деңгейін көрсетеді.

Көне түркі жазба ескерткіштерін,оның ішінде Күлтегін ескерткішін зерттеу XVII ғасырлардың II жартысынан басталып, күні бүгінгі дейін өз жалғасын тауып келеді. Аталған Күлтегін тас жазуына қатысты әр кезеңде түрлі зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Ғ.Айдаров, А.Есенғұлов сынды белгілі ғалымдар лингвистикалық тұрғыдан талдаулар жасады. Біз бұл мақаламызда Күлтегін көне түркі жазуының синтаксистік сипатын қазіргі қазақ тілінің синтаксистік құрылысымен тарихи-салыстырмалы тұрғыдан талдау жасауға тырыстық.Оның ішінде жалаң және күрделі құрамды сөз тіркестерінің жасалу ерекшеліктеріне тоқталдық.

Ғалым Т.Қордабаев: «Тілдің синтаксистік құрылысы өте күрделі категория.Ол белгілі бір дәуірдің ішінде ғана бірден қалыптаса, жасала қалмайды. Оның қалыптасуы ұзақ заманды керек етеді және тілдің бүкіл өмір бойына бірте-бірте жетіліп, негізінен алғанда, синтаксистік құрылыстың тұрақтылығын, онша өзгерімпаз емес екендігін байқатады» деген [1.12].Соған орай, біз Күлтегін ескерткішінің синтаксистік құрылымына зерттеу жүргізу барысында сөз тіркестерінің өзара тіркесу қабілеттілігін, тіркесу тәсілдері мен формаларына, құрамына назар аудардық.

Ескерткіштегі Күлтегін жырын өз тілімізге аударған Қ.Өмірәлиев, М.Жолдасбеков, Ғ.Айдаров сынды бірнеше ғалымдарымыз бар. Қазақ тіл білімінде сөз тіркестері құрамы мен жасалу жолына қарай жай сөз тіркесі және күрделі сөз тіркесі болып бөлінеді.Ескерткіштегі сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі қазіргі қазақ тіліндегідей құрылымда келеді.Олардың бағыныңқы, басыңқы сыңарлары өзара грамматикалық әрі мағыналық байланыстар негізінде жасалған.

Жазба ескерткіштер тілінде күрделі сөз тіркестеріне қарағанда жай сөз тіркестері жиі қолданылады.Мысалы,Турк будун (Кү)– Түркі халқы[2.7],], Алтун йыс- Алтай қойнауы[2.19], Темір қапығ – темір қақпа [2.14], Оқуын ұрты – оққа ұщырды[2.21].Соның ішінде сын есім арқылы жасалған сөз тіркестері: Алп ер- алып кісілер[2.18],Сүчіг сабы - Тәтті сөз[2.7], Әдгү біліг кісіг - Ақылды кісілер[2.7], Йымшақ ағыс - Асыл дүние[2.7], Аңығ кісі - Өш адамдар[2.7], Йаблақ ағы- Жаман сыйлық[2.7], Чыған будун- Кедей халық[2.8], Бенгү таш- Мәңгі тас[2.12].

Сан есім арқылы жасалған сөз тіркестері: Еліг йыл - Елу жыл[2.12], Йетміс ер- жетпіс ер[2.13], Отуз йашайур - Отыз жаста[2.22], Біш йолы- Бес жолы[2.23],Үч йегірмі сүңүшдіміз- Жиырма үш рет соғыстық[2.15], Йіті йегірмеке учды. Он жетінші күні өлді[2.25]. Сондай-ақ әр түрлі сөз таптарынан жасалған күрделі құрамды сөз тіркестері де жиі қолданылған.Мысалы,солардың жасалу, қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасайтын болсақ, ол төмендегідей:



  1. Сөз таптарының күрделеніп келуі: Йоғынта еліріп өлүртіміз – Қуып жетіп өлтірдік[2.22], Будун көп ічікді – Халқының бәрі бағынды.[2.21], Ақ тун бініп –Ақ атқа мініп [2.21], Қара көлте сунущдіміз – Қара көлде соғыстық[2.22], Боз атығ бініп тегді – Боз атын мініп шапты[2.24]

  2. Негізгі сөз бен шылаудың тіркесі: Қапығқа тегі сүледіміз - Қақпаға дейін аттандық[2.14]. Антағыңның үчүн ігідміш(Кү)-Соның үшін алдандың[2.8],Түрк будун үчүн – Түркі халқы үшін(1.), Йазыққа тегі сүледім – Жазыққа дейін жауладым[1.6], Арық оқ сен – Ашсың ғой сен [2.8], Қадырқан йықша тегі – Қадырқан қойнауына дейін[2.10], Қапығқа тегі сүлейү бірміс – Қақпаға дейін шапқындады[2.14], Кеңерес тапа барду – Кеңерестерге қарай барды

  3. Негізгі сөз бен көмекші есімдердің тіркесі: Ічін ташын адынчығ бедіз уртуртым- Іш тысына жазу жазғыздым.[2 9],Ол төрүде үзе - Оның елінің үстіне[ 2.14]Будун ічре ашсыз, ташра тонсыз - Халық іші ассыз, сырты тонсыз[ 2.17], Сүңіг батымы- Найза бойы [2.20]

4) Тіл -тілде өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін сөз тіркестері болады. Осындай түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобының құрылысына күрделі етістіктер тобы жатады. Қазақ тілінде басқа түркі тілдеріндегідей етістіктердің бірнешеуі топтанып, бір күрделі мүше болады. Жырда мұндай күрделі етістіктер мына жолдарда кездеседі:Әдгү білге кісіг,едгү алып кісіг йорытмаз ерміс[2.17]. Игі білгіш кісілерді қозғалта алмады[3.169]. Түрк будунуг йічі ітді(Түркі халқын көркейте түсті).

Ескерткіште баяндауыштар көбіне ерінч/ерміс (екен,еді) көмекші етістіктерімен кездеседі. Негізгі сөз бен көмекші етістіктердің тіркесі: Анча бошғұрур ерміс(Кү) - Осылай иландырып еді[2.7] ,Білге ерміс ерінч(Кү) - Бірге болған екен[2.11]). Будун ітейін тійін - Халық етпек боп[2.21]. Алп ерміс ерінч – Алып болған екен[2.10], Йаблақ ерміс ерінч – Жалтақ болған екен[2.11]. Будун қыдмаз ерміш – Халқы қалмас еді[2.11]. Түн йазы қонайын тісер – Түн жазығын қоныстансақ деуші ең [2.7]

Сөйлемде бұлардың атқаратын қызметі қазіргі қазақ тіліндегідей баяндауыштарға өткен шақтық мән беріп, олардың баяндауыштық қызметін айқындай түседі. Жырдағы Анча бошғұрур ерміс(Кү) (Осылай иландырып еді[2.7]) Білге ерміс ерінч(Кү) Бірге болған екен[2.11] секілді бірнеше жолдар қайталанып келетін көмекші етістіктер өткен шақтық мағынада беріледі. Ғалым Т.Қордабаев «Неғұрлым арғы заманға кеткен сайын баяндауыштың күрделі түрінің мол кездесетін себебі – олардағы сөйлемдердің барлығының дерлік көмекші етістіктердің біріне аяқталып отыратындығынан, яғни бұл көмекшілердің тым актив рөл атқаратындығынан»- деп түсіндіреді. Бертін келе ерді, еді етістіктерінің сөйлем сайын қайталанып айтыла беруі бірте-бірте азайып, сөйлем баяндауышының бір сөзбен берілуі молая бастаған.[1.127] Қазіргі тіліміздің қолданысында жырдағыдай көмекші етістіктер бірыңғай қайталанып келмейді.

Жырда бағыныңқы, не басыңқы сыңарларының бір варианты қосарлы есімдер болып келетін сөйлемдер тізбегі де кездеседі. Мысалы, йер-сайу бардығ( жер-жерге бардық), інілі- ечілі кіншүртікін үчүн (інілі- ағалы),от-суб қылмадым (от-су қылмадым), ісіг-күчіг бірүр (ісін-күшін беріп), йуғчы-сығытчы (жылаушы- сықтаушы),ічін-ташын (іш-тысына) , ечум – апам төрсінче (ата- баба мекеніне ), көзі – қашы йаблақ болтачы тіп сақынтым ( көзі- қасы әз болар деп қайғырдым), өлү – йітү қазғантым (өліп- тіріліп ұлғайттым), ілгерү-қурығару сүлеп (ілгері-кейін аттанып), аты-күчі йоқ болмадун тійін (атақ-даңқы өшпесін деп) т .б.

Сондай-ақ түйдекті тіркес тудыратын бірқатар күрделі есімдер тобын кездестірдік. Мысалы, Токуз оғуз беклері (Тоғыз оғыз бектері), Ілгеру-Шантүң йазықа тегі сүледім (Ілгері-Шаңтүң жазыққа дейін жауладым).Табғач будун бірле түзелтім (Табғаш халқымен табыстым).Анта кісре йер Байырку улуғ (Осыдан кейін Байырқылық ұлық жау болды). Антағыңның үчүн ігідміш (Соның үшін алдандың).

Назар аударатын жайт: жырда қазіргі қазақ тіліндегі үчін (үшін) септеулік шылауы көп кездеседі де (білмедүкін үчін, йанлуқын үчін, ану үчін т.б.), ал сайын,арқылы, жөнінде, туралы, бойынша,сияқты, тәрізді шылаулары мүлдем кездеспейді. Бұл жөнінде профессор Т.Р.Қордабаев үчін демеуін : «Бұл - ертедегі жазу нұсқаларының барлығында да жиі кездесіп отыратын, солардың бәрінде де мағынасы мен синтаксистік функциясы жағынан қазіргі әдеби тілімізбен бірдей»деген. [2.92] Осыдан біз үшін/үчін демеуін тілдегі ең көне шылау екендігін танимыз. Бірақ жырдағы аталған шылаудың қазіргі тілдермен салыстырғанда қолданылу сипаты өзгеше екендігіне көз жеткіземіз. Үшін септеулік шылауы атау септігіндегі сөздермен тіркесіп келетін көмекші сөз ретінде танылса, көне түркі ескерткіштерінде ілік септіктегі сөздермен тіркесте қолданылғанын анықтаймыз. Жырдағы Антағыңның үчүн ігідміш(Кү) (Соның үшін алдандың [2.8]) тіркесі қазіргі тілімізде қолданыста жоқ. Тілдегі мұндай құбылысты Т.Қордабаев былайша түсіндіреді: «Ертеректегі жазу нұқаларында үшін шылауының есімдікпен бірігіп, жалғаулық қызметінде жиі қолданылуының себебі ол кездерде себептестік мағынаны білдіретін және қазір де жиі қолданылатын сондықтан, өйткені деген жалғаулықтар болмады да, қазіргі тілімізде осы жалғаулықтар атқаратын қызметті себеп сөзімен қоса , аталған үшін шылауы есімдік тіркес атқарады. Кейінде қазір қолданылып жүрген себеп мәнді жалғаулықтардың синтаксистік функциясының қалыптасуына байланысты аның үшін, шоның үшін деген тіркестер ығыстырылып, қолданудан шығып қалды»-деп көрсетеді.Жырдағы Антағыңның үчүн ігідміш(Кү)-Соның үшін алдандың[2.8], Сондайлығың үшін алдандың[3.82], Соның үшін көтерілдің[4.170].

Білмедүкін үчүн(Кү)- Білмегенің үшін(2.16)

Йаблақының үчүн(Кү)- Нашарлығың үшін(2.17)

Беглері будуны түзсіз үчүн

Табғач будун теблігін күрліг үчүн (2.18) жолдары соған мысал бола алады. Тіл -тілде белгілі бір сөздер тобы уақыт өте келе тұрақталған тіркес қалпында жұмсалады.Олар тілдік қолданыста бірден пайда болмайды, ұзақ уақыт бойы қалыптаса келе,тұрақты тіркеске айналады. Ескерткіште кездесетін мына бір жолдар: Өлү-йітү қазғантым (Өліп-тіріліп ұлғайттым), Бірікі будунуғ от-суб қылмадым (2.18) (Біріккен халықты от-су қылмадым).

Қаңлым қаған інче елігтерүг қазғанып ұча бармыс ( Әкем қаған сөйтіп ел- жұрт құрап ұша барды) деген сөйлемдердегі өліп-тірілу, от-су қылмау, сөзін бұзбау, ұша бару деген тіркестердің кейбірі қазіргі кезде тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылып келеді.

Қорыта келе анықтағанымыз, Күлтегін ескерткіштеріндегі сөз тіркестері құрамының қазіргі түркі тілдерінің құрылымдық сипатынан айтарлықтай өзгешеліктері болмағанымен, кейбір сөздердің тіркесімділік қабілетінде өзгерістер болғандығын анықтаймыз.Мысалы, кей сөздер мен көмекші сөздердің (үшін шылауы, от-суб, ұша бару күрделі тіркестері) тіркесімділік аясының тарылғандығына көз жеткіздік. Тілдегі мұндай мысалдар тілдің үнемі дамып,өзгеріп отыратын күрделі қоғамдық құбылыстардың бірі екендігін тағы бір қырынан дәлелдей түседі.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Т.Қордабаев. Тарихи синтаксис мәселесі, Алматы: Ғылым,1964

2.А.Қыраубаева. Ежелгі дәуір әдебиеті, Алматы: Ана тілі,1991.

3.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. Зерттеунама , Алматы: Ана тілі, 1995.

4. Қ.Өмірәлиев. 8-12 ғасыр көне түркі әдеби ескерткіштері. Алматы: Мектеп,1985.

5.Орхон жазбалары.Күлтегін.Тоныкөк, Алматы:Атлас, 2001.


Қазақ тілінде салалық терминологияның қалыптасуы

А.Байман, ҚазМемҚызПУ, 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы А.Н.Юсуп
Ғылыми тілдің даму тарихы халық өмірінде болған өзгерістермен және жалпы тіл білімінің дамуымен тығыз байланысты. Ғылымның әр саласы жақсы дамыған кезде толып жатқан ұғымдар да пайда болады, олар әрбір халықтың тілінде де көрініс табады. Сол себепті кез келген ғылым саласындағы жаңалықтар, жаңа тұжырымдар тіл білімінің терминология саласында өз орнын алады, яғни ғылым деңгейінің тілдегі көрінісі терминология арқылы беріледі.

Жалпы тіл білімінде терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мән-маңызын анықтауда А.А.Реформатский, В.В.Виноградов, А.Н.Баскаков, Г.В.Степанов, О.С.Ахманова, К.М.Мусаев, Р.А.Будагов, Б.О.Орузбаева, т.б. сынды ғалымдардың рөлі ерекше болды. Терминология саласының мәні туралы түркологияда да біраз пікірталастар өрбіді. Оның ішінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов секілді Алаш зиялылары мен Н.Т.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, Ш.Ш.Сарыбаев, Ә.Қайдар, С.Исаев сынды зерттеуші ғалымдардың еңбегі өте зор.

Негізінен әлемнің бірқатар елдерінде терминтанудың пән ретінде дамуының өзіндік тарихы бар. Мысалы, тіл білімінде шетелдегі терминтанудың даму және қалыптасу тарихы сөз болғанда алдымен австриялық ғалым О.Вюстердің есімі аталады. Оның 1931 жылы жазылған «техника, оның ішінде, электроника тілін халықаралық нормалау» атты жұмысы шетел терминологиясына қосқан зор үлес болды. Ресей ғылымындағы терминологияны зерттеудегі арнайы бетбұрыс Д.С.Лотте, С.А.Чпалыгин, С.И.Коршунов есімдерімен тығыз байланысты. Өткен ғасырдың 30-жылдары құрылған терминкомдар бұл күндері ғылымның дербес бір саласын құрап отыр және әлі де өз маңыздылығын жойған жоқ. Орыс терминологиясының дамуына А.А.Реформатский, Н.А.Баскаков, Т.Л.Канделаки, Б.Н.Головин, Г.В.Степанов, В.П.Даниленко және т.б. ғалымдар, сонымен бірге бүгінгі таңда осы істің ізбасарлары, жалғастырушылары А.В.Суперанская, Н.В.Подольская, Н.В.Васильев, К.М.Мусаев және т.б. өз үлестерін қосып отыр. Бұл тілші – ғалымдардың қарастыратын мәселелері де жан – жақты, атап айтқанда, терминологиялық жүйенің құрылуы, терминнің мағыналық ерекшелігін зерттеу, оның басқа тілдермен байланысы, сол тілдердің лексикалық қорына еніп, терминология жүйесінен орын алуы т.б.

Қазақ тіл білімінде терминология саласының ғылыми жүйе ретінде қалыптасуы, термин мағынасы, өзге тілден қабылданған сөздердің қабылдаушы тілдің лексикалық қорына еніп, нормаланып, терминжүйеден орын алуы секілді мәселелер терминолог-ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Соған сәйкес бүгінгі күні термин мәселесі, пән сөздерін қалыптастыру туралы тың көзқарастарды академик Ә.Қайдар, Ө.Айтбаев, Ш.Құрманбайұлы, Қ.Айтқазин, С.Әлісжанов, Е.Шаймерденұлы еңбектерінен көруге болады.

Қазіргі кезде терминологияда терминдерді ұлт тілінің өз лексикалық қорынан алып, тілдің сөз жасау тәсілдері арқылы термин қалыптастыру үрдіс алды. Мұндай көзқарастар сонау ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында да айтылған болатын. А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Асфандияров, Н.Төреқұлов сынды ұлт зиялылары әр салаға қатысты қазақ тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, салалық терминдерді жасауға және кейбір терминдерді қазақ тіліне аударуға жол ашты. Олардың мазмұнды да бай мұрасын зерттеп-зерделеу – бүгінгі ұрпақтың міндеті. Алаш зиялыларының терминология саласына қосқан сүбелі еңбектері бүгінгі үздіксіз дамып, қалыптасып отырған терминологиялық үрдісте әлі күнге дейін теңдесі жоқ мол мұра болып есептеледі. Олар жасаған тіл білімі терминологиялық лексикасы мен салалық терминдері күні бүгінге дейін рухани мұқтаждығымызды өтеп отыр.

Тіл білімі ғылымында терминологиялық жүйенің психология, социология, семасиология, ономасиология т.б. экстралингвистикалық факторлармен байланыстырыла қаралуы – осы саладағы жаңа бағыттардың бастауларының бірі. Терминдік ұғым, терминологиялық жүйе, терминологиялық өріс, жоғарыда айтқандай, көптеген басқа ұғымдармен, тәсілдермен бірге зерттеліп жүр. Жалпы тіл білімінде терминология мәселесі мен айналысқан ғалымдардың қай-қайсысы да, ең алдымен, оның мазмұны мен мәнін ашып, анықтамасын айқындап беруге ұмтылған. Мысалы, термин мәселесімен тікелей айналысқан қазақ ғалымы, белгілі лингвист Қ.Жұбанов мемтерминком бюллетенінің екінші санында бұған былай анықтама береді: «Термином называется специфический определенных словесных обозначений, передающих определенные понятия, установленные на данном этапе развития науки и революционной практики, причем передаваемое термином терминологическое понятие может не совпадать со словарным значением, которое присуще данной словесной величине в обыденной жизни» [1,273б]. Ал «Лингвистикалық түсіндірме сөздікте» терминдерге мынадай анықтама беріледі: «Термин дегеніміз – ғылымның арнайы саласындағы ұғымды білдіретін сөз не сөз тіркесі» [2, 222б]. Академик І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақов та термин сөздердің осы қасиеттерін сипаттай келе, аталған ұғымның латын тілінің «шек», «шекара» деген сөздерінен пайда болғанын көрсете келе, мынадай түсінік береді: «термин, атау – ғылым, техника, сол сияқты тұрмыстың белгілі саласындағы ұғымдарды дәл атау үшін жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестері» [3,114б]. Сонымен, терминдер дегеніміз – өзіндік құрылымдық, семантикалық, деривациялық, функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. Аталған ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу, калькалау, терминдерді ұтымды қолдану мүмкін емес. Терминдер адам қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, біріншіден, ғылыми, кәсіби деңгейлерін анықтайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп, әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі, терминсіз, терминологиялық жүйесіз бірде –бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түснігі жайлы арнайы білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше бір түрдегі негізін сипаттайды.

Ұлттық салалық терминологияның қалыптасу тарихы ұлттық әдеби тілдің дамуымен тығыз байланысты. Ол терминологиялық лексиканы құрайтын атауларды шығу тегіне, жасалу жолы мен кезеңіне қарай бірнеше дәуірге бөле отырып, бірнеше кезеңге бөліп қарастырады. Көптеген қазақ ғалымдары (Ә.Қайдар, Ө.Айтпайұлы, Ш.Құрманбайұлы) салалық терминологияның дамуы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының еншісіне тиесілі деп көрсетеді. Мысалы, А.Әбдірахманов қазақ тіл білімінде салалық терминологияның қалыптасуы туралы өзінің пікірін былай білдіреді: «Қазақ терминологиясының жасалуын, дамуын және қалыптасуын зерттеуді, біздіңше, Октябрь революциясынан бастау керек. Бұл кезеңде мал шаруашылығы, халық медицинасы, жер бедері, өсімдіктер дүниесі, т.б. салалардан жасалған халықтық кәсіби сөздер, атаулар болды, бұлар революциядан кейінгі дәуірде ғылыми терминологияға үлкен бір сала болып енгенін айқындау қажет» [4,65б]. Ғалым А.Әбдірахмановтың бұл пікірі жеке салалардың терминологиясына қатысты айтылған.

ХХ ғасырдың 30-90 жылдары Қазақстанда терминтану пән ретінде қарқынды дамыды және терминтанудың әдіснамалық, әдістемелік негізі жасалды, отандық терминологияның ғылыми мектептері қалыптасты, ұлт тіліндегі термин шығармашылығы дамытылды деп айтуға болады. Сонымен қатар терминология саласына қатысты бірқатар ғылыми мақалалар мен зерттеулер жазылып, терминологиялық сөздіктер жарық көрді, сол секілді терминдерді қолдану мен біріздендіруге қатысты практикалық бағытта көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілді. Сөз болып отырған кезеңде Ә.Қайдар, Ө.Айтбаұлы, Т.Жанұзақов, А.Әбдірахманов, Ж.Молдажаров, сынды тілші-ғалымдар мен Ә.Сатыбалдиев, Е.Аққошқаров секілді сала мамандарының термин мәселелеріне арнап қалам тартқан өзге де жекелеген зерттеушілердің ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары жарық көрді. Осы жылдар жарық көрген еңбктерге Ш.Құрманбайұлы мынадай сипаттама беріп, атап көрсетеді: «Бұл жылдары арнайы зерттеулерге келер болсақ, Т.Мұсақұлов (Биологические термины, принципы их принятия и применения естествознания в кахаской школе. Авт.дис. к.п.н. Алматы, 1958) пен Ж.Молдажаров (Қазақ лингвистикалық терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. Алматы, 1972) секілді санаулы мамандар ғана терминология мәселелері бойынша ғылыми жұмыстар қорғады. 1986 жылы «Қазақ терминологиясының мәселелері» атты мақалалар жинағы, Ө.Айтбаевтың «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы» деп аталатын үлкен зерттеу еңбегі басылып шықты » [5,19б]. Аталған зерттеулер мен еңбектер салалық терминологияға, жалпы қазақ терминологиясына қосқан сүбелі үлес болды.

Кеңестік жүйе 90-жылдарға дейін негізінен терминология саласында ортақ терминқорды қалыптастыруды көздеді. Соған сәйкес терминдердің көпшілігі орыс тілінде беріліп келді. Терминологиядағы аталған көрініс туралы Б.Хасанұлы былай дейді: «Терминология саласында да 30-жылдардан бастап орыстандыру саясаты байқала бастады. 50-жылдардың екінші жартысында терминология жұмысы орыстануға белшесінен батты» [6, 107б].

ХХ ғ.90-жылдарының аяғынан бастап қазақ тіл білімінде салалық терминологияның қалыптасуының жаңа кезеңі басталды. КСРО-ның іргесінің сөгіле басталуы терминология саласына да дүмпу әкелді. Аталған кезеңдегі зерттеулерді бағалап, бағамдауға қатысты жаңаша көзқарас пайда болды. Бұл жылдары әлеуметтік қоғамда болған өзгерістер тіл білімін де шарпыды. Соған сәйкес әр ұлт өзінің ғылымын да жаңаша сипатта құра бастады. Жаңаша сипаттағы зерттеу жұмыстары жазылып, ғылыми еңбектер қорғала бастады. Бұл жылдары жоғарыда аты аталған ғалымдармен қатар Б.Қалиұлы, Е.Әбдірәсілов, Ш.Біләл, С.Исақова, С.Ақаев, т.б. ғалымдар өздерінің еңбектерін жазып, ғылыми дәрежелерін алды. Қорыта келгенде, қазіргі кезде қазақ тіл білімінде салалық терминологияның өзіндік бағыт-бағдары, ғылыми ұстанымы мен әдіс-тәсілдері бар. Себебі біз еліміз егемендік алғаннан кейін ғана қазақ салалық терминологиясының даму тарихында тағы бір кезең бой алды деп ашық айта аламыз. Сол себепті салалық терминологиямыз жанданып, өзінің терминологиялық қорын қалыптастыруда өзіндік бағыт-бағдарын белгілеп, мақсатты жүргізілген тіл саясатының әсерінен дербес даму жолына түседі. Оған куә – әр салаға қатысты жарық көрген сүбелі еңбектер мен зерттеулер.



жүктеу 4,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау