Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы


  ЭПИКАЛЫҚ  ШЫҒАРМАЛАРДЫ  ОҚЫТУДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет7/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77

15 
 
1  ЭПИКАЛЫҚ  ШЫҒАРМАЛАРДЫ  ОҚЫТУДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ОҚЫРМАНДЫҚ  ҚАБІЛЕТІН  ДАМЫТУДЫҢ  ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ  
НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1  Әдебиет  сабақтарында  эпикалық  шығармаларды    оқытуда  
жоғары  сынып  оқушыларының  оқырмандық  қабілетін  дамыту 
мәселесінің ғылыми-теориялық әдебиеттерде зерттелу деңгейі                                                               
Қазақстан  Республикасыныңқазіргі  уақыттағыбілім  беру  саласында 
жүргізіп  жатқан  реформалары  мен  оны  жаңарту  бағытындағы  түбегейлі 
өзгерістер жалпы орта білім беру жүйесін дамытуды әлемдік білім кеңістігімен 
сабақтастықта  қарастырады.  Бүгінгі  қоғамның  шығармашылықпен  әрекет  ете 
алатын  құзіретті  тұлғаға  мұқтаж  екенін  күнделікті  өмірдің  өзі  дәлелдеп  отыр, 
сол себепті  жалпы орта  білім берудің басым бағыттардың бірі  - жеке тұлғаға 
бағытталған  білім  және  тәрбие  берумен  ерекшеленеді.  Жеке  тұлғаға 
бағытталған  білім  мен  тәрбие  беру  педагогикалық  іс  әрекеттің  әдіснамалық 
жаңа  бағыты,  яғни  баланың  қайталанбас  дара  тұлға  ретінде  өзін-өзі  тануын, 
өзін-өзі  жетілдіре  отырып  дамытуын  қамтамасыз  ететін  өзара  тығыз 
байланысты идеялар, түсініктер және іс-әрекеттер жиынтығының үйлесіміндегі 
оқыту үдерісінде жүзеге асады.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа 
онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 
халыққа  жолдауында  «Елді  жаңғырту  стратегиясын  іске  асырудың 
табыстылығы,  ең  алдымен,  Қазақстандықтардың  біліміне,  байланысты»  деп 
атап  көрсетуі  бүкіл  адамзаттың  білімге  деген  көзқарасының  ерекшелігін 
білдіреді [46]. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық тарихында мектеп қабырғасындағы 
жас  ұрпақтың  білімі  мен  тәрбиесі  ұрпақтар  бірлігі  мен  сабақтастығы  жылы 
болып  жарияланған  1999  жылдан  бастап,  Елбасының  Қазақстан  Халықтарына 
әр  жылғы  Жолдауларында,  «Мәңгілік  Ел»  және  «Ұлт  жоспары  100  нақты 
қадам», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласысияқтықұжаттарда 
орын  алып,оқыту  мен  тәрбиелеу  ісінің  өзегіне  айналуда.  Мектептегі  оқу 
пәндерінің 
білім 
мазмұнының 
жаңартылып, 
оқыту 
әдістемесінің 
инновациялануында бұл құжаттардың маңызы зор екендігін қазіргі қолданысқа 
еніп отырған жаңартылған білім бағдарламаларынан  да көреміз.  
Бүгінгі  таңда    білім  берудің  жеке  тұлғаға  бағытталған  гуманитарлық 
парадигмасының  өрістеуі оқушының шығармашылық креативтілігін дамытуға, 
өзіндік  шешім    қабылдай  алу  қабілетін  жетілдіруге  бағытталып,  адамгершілік 
сапалары, кісілік келбеті ұлттық құндылықтармен өрімделген, еңбек нарығында 
бәсекеге  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыруды  нысана  тұтады.  Сондықтан 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  (БҰҰ)  тарапынан  ЮНЕСКО  анықтап  отырғандай, 
қазіргі  білім  беру  саласында  жаңа  парадигмаға  ауысудың  қажеттілігі  «білімді 
адам»-ның  орнына  «мәдениет  адамын»,  «тәрбиелі  адам»  тұлғасын 
қалыптастыру маңыздылығымен ерекшеленеді. Ал мәдениетті, тәрбиелі  тұлға 
қалыптастыруда  мектептегі  оқу  пәндерінің,  соның  ішінде  қазақ  әдебиетінің 
орны айрықша екендігі сөзсіз. Мұны ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2013 


16 
 
жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген  қазақ  әдебиетінің  типтік  оқу 
бағдарламасында  әдебиет  пәнін  оқытудағы  мақсат:  «Қазақ  халқының  сан 
ғасырлық тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық 
ретінде бағалап, құрметтей білетін, көркем шығармада бейнеленетін қоғамдық-
әлеуметтік  құбылысты  көркемдік  тұрғыда  қабылдауға  қажетті  білім,  білік, 
дағдыларын  меңгерген,  әдебиетті  өмірмен  байланыстыра  қабылдай  алатын, 
қазіргі білім жүйесіндегі талаптарға сәйкес өзіндік белсенділік көрсете алатын, 
азаматтық  көзқарасы  айқын,  адамгершілік,  елжандылық  қасиеттерді  бойына 
жинақтаған  интеллектуалдық  әлеуеті  жоғары  дара  тұлға  тәрбиелеу»  деп 
көрсетілуінен байқауға болады.  
Қазақ  халқының  тарихы  мен  мәдениеті,  өнері,  жалпы  руханиятында  
әдебиет  пәнінің  алатын  орны  білім  беру  жүйесінде  айқын  белгілеген.  ХХІ 
ғасырдың  мектеп  оқушыларының  әдеби  туындыларды,  әсіресе  эпикалық 
шығармаларды оқуға қызығушылығы әдебиет сабақтарында ғана емес, сонымен 
қатар  өзбетінше  оқуға  дағдылану  іс-әрекеттерінде  де  көрініс  табуы  тиіс, 
өйтккені  қызығушылық  адам  бойындағы  қабілеттерді  дамытуға  түрткі 
болады.Қазақ  әдебиеті  сөз  өнерінің  пәні  болғандықтан  оны  оқыту  әдістемесін 
жан-жақты дамыту, оқушы білімін жоғары деңгейге көтеру, пәннің мазмұндық 
сапасын жақсарту мәселесіне қазіргі уақытта үлкен мән беріледі. Жалпы білім 
беретін  мектептердегі  «Қазақ  әдебиетi»  оқушыларға  сөз  өнерінің  құдіретін 
ұғындырып,  көркемдiк әлемiндегi тұтастықты, қоршаған ортадағы үйлесiм мен 
жарастықты және адамзат баласына тән барлық iзгi қасиеттердi оқушы бойына 
ұялатуда ерекше орын алатын оқу пәні болып табылады.   
Мектептік  жүйедегі  оқу  пәндерін  меңгертудің  бүгінгі  талаптарына  орай    
әдебиетті  оқытуда:  оқушыларға  әдебиетті  сөз  өнері  ретінде  қабылдауға 
мүмкіндік  туғызып,  әдеби  білім  мазмұнын    жүйелі  меңгертуді  ұйымдастыру, 
төл әдебиеттің ұлттық сипатын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің халықтық көрінісін, 
көркем туындының идеялық мағынасы мен тақырыптық ерекшелігін түсіндіру, 
дара  тұлғаның  көркемдік  мәдениетін  дамыту,  кейіпкерлер  қарым-
қатынасындағы,  табиғаттағы  жарасымдық  пен  сұлулықты,  имандылық  пен  
ізгілікті  терең  пайымдап,  тебірене  қабылдай  алуға    үйрету,  оқушылардың  оқу 
әрекеттерін, образды ойлау қабілеттерін арттыру, ойын сауатты жеткізе білуге, 
шешен  де    ұтқыр  сөйлей  алуға  баулу,  оқырмандық  қызығушылықтары  мен 
қабілеттерін дамытуға ерекше назар аударылады.  
Әдебиеттi оқып үйрену арқылы оқушылар әлеуметтiк өмiрге бейiмделiп, 
қоршаған  орта,  замана  келбетiн  түсiнуге  қажеттi  бiлiм-бiлiк  дағдыларымен 
қаруланады. Әдебиеттiң теориялық негiздерiнің тiлдiк дүниетаныммен арналас 
құбылыс екендiгi де оқытуда өзiндiк үлесiн алуы тиiс, өйткені тiл де, әдебиет те 
қоғаммен  бiрге  дамып,  жетiлiп  отыратын  табиғи  құбылыс  болып  саналады. 
Сонымен  қатар  әдебиеттiң  өскелең  ұрпақ  өресiн  кеңейтуде,  олардың  бойында 
ұлттық  құндылықтарды  сiңiруде  ұйтқы  болатын  дiл  қалыптастырушылық 
мiндетiн де тағылымдық тәрбие деп қарастырған жөн. Әр адамның алдындағы 
парасатты парыз – өз ұлтының мәдениетiн құрметтеу, ана тiлiн ардақ тұту, төл 
әдебиетiн  терең  сезіммен  сүйе  бiлудi  үйрету  де  әдебиеттiң  үлесіне  тиеді. 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау