7
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім
беретін мектеп оқушыларының ой-өрісін, зияткерлік қабілеттіліктерін,
шығармашылық мүмкіндіктерін, тұлғалық әлеуетін дамытуда қазақ халқының
ұлттық коды болып табылатын көркем әдебиеттің орны ерекше. Әдебиет – адам
баласының сан ғасырлық тарихының куәсі, ата-баба аманаты, ұлттық көркем
шежіресі. Әдебиет – уақытпен бірге жасарып, жаңарып, жаңғырып, ұрпақтан-
ұрпаққа жетіп отыратын рухани мәдениеттің бір саласы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы
«Төртінші
өнеркәсіптік
революция
жағдайындағы
дамудың
жаңа
мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында адам капиталына баса
көңіл бөлді. Сондықтан, онда: Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім
беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру
бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және
жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту тиіс – деп көрсетті [1]. Сондай-ақ,
Елбасының 2012 жылғы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050 стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және
кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта
даярлаудың негізгі бағдарын айта отырып, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет
болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек
ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп
жолдап отыр [2]. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласында «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық
сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық
рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің
ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар
қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір
парасы ғана» деп түйіндеуі мектеп оқушыларының әдебиетті саналы түрде
оқып зерделеуін міндеттейді [3]. Сол себепті оқушылардың рухани мәдениеттің
жаңғыруын ұлттық әдеби мұраларға деген қызығушылық пен құрмет
тұрғысында түсінуі көркем әдебиетті, эпикалық шығармаларды оқуға деген
оқырмандық қабілеттіліктерімен сабақтасып жатуы тиіс.
Көркемдік әлеміндегі ұлттық әдеби мұраларды құрметтеу көркем
әдебиетті түсініп, кітап оқу арқылы қалыптасады. Сөз зергері, қазақ халқының
көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Ғ.Мүсіреповтің «Кітап дегеніміз –
алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан
тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», – деген ойы бұған дәлел бола алады [4].
Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өзіңнің
өмірлік қажетіңе жарата білу – әркімнің білігі мен біліміне байланысты.
Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәндерінің жетекші критерийлерінің
бірі – оның білім мазмұнының тәрбиелік, өнегелік мәні болса, қазақ әдебиетінің
білім мазмұнының негізгі құрамдас бөлігі болып саналатын эпикалық
8
шығармалар оқушылардың дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын
қалыптастырудың, өзін-өзі жүзеге асыруының құралы ретінде көрініс табады.
Оқушының әдеби білім негіздерін меңгеруі оның оқу әрекетіндегі субъектілік
қызметімен байланысты екендігі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің
көшбасшысы болған А.Байтұрсынұлының «оқудың негізі – баланың өзбетінше
білім алуы» деген пікірімен сабақтастасып жатса [5]. М.Жұмабаев «баланы
сұлу әдебиетпен етене жақын таныстыруға» ерекше мән берген. Бұл айтылған
пікірлерді қазақ әдебиетін оқытуда оқырмандық қабілеттерді дамытудың негізі
бастамасы деп түйіндеуге болады. Өйткені, өзбетінше білім алу, әдебиетпен
жақын танысу оқушының бойындағы барлық қабілеттіліктердің дамуына
ықпал етеді [6].
Қазіргі жаһандану жағдайындағы мәдениетаралық байланыстар, оқыту
үдерісіндегі инновациялық әдістер және білім мазмұнының интеграциялануы
мектептегі оқу пәндерінің тұлға дамытушылық әлеуетін айқындай отырып,
пәндерді оқытудың әдістемесіне үлкен жүк артады. Біздің зерттеу
жұмысымызда
эпикалық
шығармаларды
оқытуда
жоғары
сынып
оқушыларының
оқырмандық
қабілетін
дамытудың
әдістемесі
қарастырылатындықтан мұғалім мен оқушының өзара субъектілік іс-әрекеттері
басшылыққа алынады. Оқырмандық қабілетті шыңдай түсу және шәкірттердің
кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қазақ әдебиеті
бағдарламасында туған әдебиетіміздің дәуір тынысын бейнелеген ең таңдаулы
шығармалары сұрыпталып енгізілген. Мұнда оқып-үйренуге қажетті
шығармалардың екі түрі ұсынылады. Біріншісі – хрестоматиялық мәнге ие
болған шығармалар. Екінші түрі – сыныптан тыс оқу тізімі ретінде берілетін
шығармалар. Бірақ, оқушыларды онымен ғана шектеп қоймай, тәрбиелік,
білімдік мәні зор жаңа туындыларды сұрыптап ұсынуына оқытушының еркі
бар. Демек, пән мұғалімі – мектеп оқушыларының көркемдік талғамы мен
оқырмандық қабілетін дамыту үшін күнделікті сабақ барысында да сыныптан
тыс оқуға бағыт беруі, үздіксіз басшылық жасауы, оны жүзеге асырудың әдіс-
тәсілдерін қарастыруы, оған кең өрісті жоспар жасауы тиіс. Мұнда
оқушылардың кітап оқуын бірте-бірте ұлғайта беру, жүйелі дамыта оқу,
қарапайымнан күрделіге қарай сатылап көшу ұстанымдарын басшылыққа ала
отырып, оқушылардың бағдарлама бойынша алатын әдеби-мәдени білімдерін
бір жүйеге түсіріп, әрі қарай тереңдетуді, оқырмандық қабілетті дамыту
көзделеді. Сондықтан зерттеу жұмысында әдебиет сабақтарында эпикалық
шығармаларды оқытудың әдістемелік деңгейіне назар аударылады және оқыту
барысында шәкірттердің оқырмандық қабілетін дамыту мәселесі жан-жақты
қарастырылады.
Қазақ әдебиеті сабақтарында эпикалық шығармаларды оқыту арқылы
оқушылардың оқырмандық қабілеттерін дамыту әр жылдардағы оқыту
әдістемесінде айтылып жүрсе де, бұл мәселе арнайы зерттеу нысаны ретінде
қарастырылмаған. Оқырмандық қабілет – философиялық, психологиялық,
педагогикалық және әлеуметтік ұғым дейтін болсақ, онда бұл ұғымды
біліктілік, құзыреттілік, сауаттылық, қызығушылық тұрғысында қарастырған
Достарыңызбен бөлісу: |