31
Профессор Н.Д.Молдавская оқушының көркем шығарманы қабылдау
үдерісін бастапқы қабылдау (көркем шығарманы талдауға дейінгі) және негізгі
қабылдау екі кезеңге бөліп атайды. Әдістемелік тұрғыдағы бұл еңбекте көркем
туындыны бастапқы қабылдау үдерісінің өзінде-ақ, шығарманы талдаудың
негізгі тетіктері мен ол туралы түсініктің шәкірттердің жас ерекшеліктеріне сай
көп сатылы қабылдаудың психологиялық, жекелік белгілерін айқындай
бастайтынынкөрсете отырып, автор оқушы-оқырманның негізгі қабылдауына
тән қасиеттерді сөз етеді. Оқушының негізгі қабылдауын қарастыру, аталған
жағдайларда басшылыққа алатын әдістемелік ұстанымдарды байқағаннан кейін
жүзеге асырылады. Бұдан ғалым алынған нәтижелер қабылданатын оқу
материалының (шығарманың) өзіндік ерекшеліктеріне сай болған жағдайда
ғана қабылдау өз мақсатына жете алады деген шешімге келеді [71,235б].
Орта мектеп оқушыларына әдеби білім беру арқылы оқырмандақ
қабілетті қалыптастыру мәселесінің әдебиеттің әдістемесінде жеткілікті
дәрежеде терең зерттелмеуі мектепте білім берудің барлық сатыларында әр
жастағы оқушылардың әдеби дамуына тән жалпы белгілерді сұрыптап алуға
мүмкіндік бермейтінін атап, зерттеуші ғалым осы бағыттағы әдеби дамудың
сипатына сай әр буындағы оқушылардың неғұрлым көбірек бөлігін
қамтитындай сол әдеби дамудың ауқымды сипаттағы белгілерін (өлшемдерін)
жан-жақты тәжірибелік жұмыстар арқылы анықтап жетілдіруге әрекет етеді.
Профессор Н.Д.Молдавская ұсынған белгілердің (өлшемдерінің)негізгісі
– шығарманы әдеби-көркем образ арқылы қабылдауы болып есептеледі.
Оқушының әдеби-көркем образ арқылы қабылдауын біріншіден, нақты
әсерлену деңгейі; екіншіден, көркемдік жинақтауға дайындық деңгейі
құрайтындықтан, осы екі деңгейді рет-ретімен сатылап дамыту арқылы
оқырмандық қабылдау қабілетін тереңдету мүмкін екенін жеткізеді.
Бұл жылдары С.А.Гуревичтің «Жоғарғы сынып оқушыларының әдеби
оқуын ұйымдастыру», В.Г.Маранцманның «Оқырман еңбегі», В.Р.Щербинаның
«Орта мектепте әдеби білім берудің проблемалары», С.В.Михалков пен
Т.Д.Полозованың
басқаруымен
«Шығармашыл
оқырман
тәрбиелеу»,
Т.Т.Браженің «Кешкі мектептің 5-8 сыныптарында оқырман тәрбиелеу»,
авторлар ұжымының «Педагогикалық ізденіс», «Көркемдік қабылдау: теориясы
мен тарихының проблемалары» секілді тағы басқа да еңбектер оқушының
оқырмандық қабілетін қалыптастыру мәселесін әр қырынан саралауымен көзге
түседі [72]. (4-8 сынып) оқушылардың оқырмандық қызығушылығын
қалыптастыру, мұның оқыту мазмұнына қатысы жайлы мәселелер
К.Ғ.Нұрахметованың/1986/,
Т.А.Наумованың/1988/,
жоғарғы
сынып
оқушыларының
оқырмандық
қызығушылығын
тәрбиелеу
туралы
А.Тамаевтың/1994/ диссертациялық еңбектеріне арқау болды. К.Ғ.Нұрахметова
«4-8 сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын тәрбиелеу және
қалыптастыру» еңбегінде орта буын сыныптарындағы оқушылардың
оқырмандық қабілетін қалыптастыру мен кітап оқуға қызығушылығын дамыту
ісіне ауыл мектебі кітапханасын тиімді пайдалану арқылы қол жеткізудің
мүмкіндіктерін қарастырады. Автор шәкірттің оқырмандық қызығушылығын
32
тәрбиелеу кешенді жүмыстардың жүйесінен тұратындығын бақылау-байқау
жұмыстары арқылы негіздей отырып, бұл жұмыстардың тиімділігі әлеуметтік-
педагогикалық,
педагогикалық
ұйымдастыру
және
психологиялық-
педагогикалық жағдайларға тәуелді екенін атайды.
Зерттеуші
Т.А.Наумованың
«Оқыту
мазмұнының
оқырмандық
қызығушылыққа тәуелділігі» еңбегінде оқушылардың әдебиетке оқу пәні
ретіндегі қарым-қатынасының негізгі сипаттары, әдебиетті оқыту мазмұнын
жетілдіру оқу материалдарының шәкірттердің жас ерекшелігіне сай болуы, бұл
мәселелерді шешуде ең алдымен оқушының оқырмандық қызығушылығы
ескерілуі керектігін алға тартады [73].
Ғалым педагогтер мен психологтардың, әдіскер-ғалымдардың пікірлеріне
талдау жасау және өзі жүргізген бақылау-байқау жұмыстарының нәтижелеріне
сүйене отырып, оқушылардың әдебиетке оқу пәні ретіндегі қарым-қатынасын
жақсарту, қызығушылығын, оқырмандық қабілетін қалыптастыру ісінде
мынадай үш түрлі жағдайдың елеулі рөл атқаратындығын көрсетеді:
– әдеби мәтін – оқу материалының мазмұны;
– сабақта танымдық үрдістерді ұйымдастыра білу;
– пән мұғалімінің әдеби-шығармашылық қабілеттілігі.
Біздің пікірімізше, бұл үш жағдайдың сабақ үдерісінде өзара үйлесім
табуы оқушының әдеби білімін тереңдетуге, оқырмандық қабілетін
қалыптастыруға мо–л мүмкіндіктер ашады.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарындағы орын алған қоғамдық күрделі
өзгерістер ғылым дамуына да ықпалын тигізді. Социалистік жүйенің өзін-өзі
ақтамауы, сөйтіп, коммунистік құрылыстың тарих сахнасынан кетуі, дүниені
диалектикалық-материалистік тұрғыда ғана тануды ұсынды. Бұл ретте, басқа да
ғылым салалары сияқты педагогика, психология, оқыту әдістемесі ғылымдары
да ұзақ уақыт бойы маркстік-лениндік қасаң әдіснама аясында қызмет еткен
болатын. Сондықтан заман талабына сай жаңаша ойлау арқылы
жалпыадамзаттық мәдени-рухани бағдарға бүтіндей қоғам болып бағыт
алуымыз жаңа ғылыми-әдіснамалық тың арнада дамуымызға, орнықты
қалыптасуымызға берік негіз болып қаланды. Еліміздің Тәуелсіздік алған
жылдары Қазақстан Республикасының өз алдына дербес ел болуы,
демократиялық негіздегі жаңаша ойлау саясатының орныға түсуі нәтижесінде
«Қазақстан
Республикасының
Білім
туралы
Заңы»,
«Қазақстан
Республикасының Білім беру тұжырымдамасы», «Жалпы білім беретін қазақ
орта мектебінің тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы»,
«Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты», (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім. –
(ҚРМЖБС – 2010) іргелі мемлекеттік құжаттар жасалды. Аталған нормативтік
құжаттарға негізделген жекелеген пәндік тұжырымдамалармен қатар, «Қазақ
әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» авторлары (С.Қирабаев, Ә.Дайырова,
Т.Ақшолақов, С.Мақпыров, Г.Құрманбаева, Б.Әрінова, Н.Әбдіғаппарова,
С.Дүйсебаев) нормативтік құжаттар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |