Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет10/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77

21 
 
Оқырмандық  қызығушылық  мәселесі  ғылыми  негізделген  оқу  іс-
әрекетінің  бір  түрі.  Бұл  мәселеге  педагогикалық,  психологиялық  еңбектерде 
ғылыми  талдаулар  жасалып,  оқырмандық  қызығушылықтың  теориялық  және 
әдістемелік  тұрғылары  үнемі  қарастырылып  отырған.  Зерттеушілер 
Б.Г.Ананьев,  А.Я.Дудецкий,  В.Н.Мясищев  т.б.  оқырмандық  қызығушылық 
жеке тұлғаның талғамдық бағыттылығын көрсетеді деп түсіндіре отырып, оқуға 
деген  бағыттылықты  адамның  өзіндік  ерекшелігі,  яғни  оның  іс-әрекеті, 
қажеттілігінің  сұранысы  мен  қызығушылығының,  талпынысы  мен  сенімінің 
жиынтығы  ретінде  көрсетеді.  Қызығушылық  мәселесі  отандық  ғалымдар 
Н.Д.Хмель,  Г.К.Байделдинова,  М.А.Оразалиева,  С.А.Жолдасбекова секілді  т.б. 
зерттеушілердің  еңбектерінде  де  белгілі  дәрежеде  қарастырылған.  Әдіскер 
ғалым  Т.Қ.Жұмажанова  оқырмандық  қызығушылықты  қалыптастырудың 
әдістемелік  жолдарын  көрсете  отырып  пән  мұғалімі,  сынып  жетекшісі, 
кітапханашы  мен  ата-ананың  рөлін    саралап  көрсетеді  [52].  Кітаппен  жұмыс 
істеу,  оқу  әрекеттерін  психологиялық  тұрғыда  қарастырған  Ж.Аймауытов: 
«Оқытуда  қызығусыз  үлкен  нәтижеге  жетпейміз»,  –  деп  бойдағы  ынта-
қызығуды    туғызып,  бала  санасын  оятуға  баса  назар  аударады  [53]. 
Оқырмандық  қабілеттің  психологиялық  негіздерін  анықтауда  белгілі  ғалым-
педагог  Т.Тәжібаев  қызығушылықты  «мақсатты,  әрекеттік,  нәтижелі 
қызығушылық»  [54],  −  деп  үш  топқа  бөліп  қарастырады.  Ал  Қ.Жарықбаев: 
«Қызығу  көбінесе  баланың  бір  нәрсеге  бейімділігіне  қарай  көрінеді,  ол 
пәрменді,  белсенді  болу  үшін  тікелей  әрекетпен  айналысуы  қажет»,  −  дейді 
[55]. Мұндай  ғылыми-теориялық  тұжырымдар  оқырмандық  қызығушылық  пен 
оқырмандық қабілеттіліктің өзара байланысын дәйектейді. Көркем шығарманы 
оқу  дегеніміз  -  кітаптың  мазмұнымен  танысу,  автордың  ойын  ұғыну, 
кейіпкерлермен  етене  жақындасу  және  өздігіңнен  ойлану,  жинақталған  ой-
пікірді өзіңнің қажетіңе жарату, әдебиеттік оқу арқылы сабақ алу. Мұны ежелгі 
грек  ойшылы  Конфуций  ойланбай  оқуды–  бекер  еңбек;  оқымай  ойлаудың– 
қауіптілігімен түсіндірген. Қазіргі оқушылар көркем шығармаларды оқуға онша 
ықыласты  емес,  олардың  ойынша  барлық  оқу  материалдарын  интернеттік 
желілерден  табу  оңайырақ  және  тиімді.  ХХІ  ғасырдың  технология  ғасыры 
екендігі дау тудырмады, бүгінгі қоғамда технологияларсыз өмір сүру де мүмкін 
емес, дегенмен, рухани құндылықтарды технологияның алмастыра алмайтыны 
да  ақиқат.  Қазіргі  инновациялық  қоғамдаоқушылардыңинтеллектуалдық 
әлеуетін, 
коммуникативтiк 
құзіреттіліктерін 
дамыту, 
функционалдық 
сауаттылығы мен прагматикалық қабiлеттерiн жетiлдiру бағытында жасалатын 
әдістемелік  жұмыстар  мектептегі  оқу  пәндерінің  аясында  жүзеге  асады.  Осы 
ретте адамның ішкі сезіміне әсер етіп, өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі бағалауына 
мүмкіндік беретін әдебиет сабақтарының  рөлі зор.  
Қазақ әдебиетін оқып үйренуде оқушылар көркем шығармаларды сауатты 
оқу  және  талдауды  және  өз  шығармашылығында  әдеби  тілді  сауатты  қолдана 
білуді  меңгереді.  Аталған  пәнді  оқытуда  мемлекеттiк  бiлiм  стандартында 
белгiленген  бiлiм  мазмұны    және  оқушылардың  бiлiм,  бiлiк,  дағдылары  мен 
құзыреттілік  түріндегі  күтілетін  нәтижелерге  жету  талаптары  басшылыққа 


22 
 
алынады.  «Қазақ әдебиеті» пәнін  оқытудың  мақсаты  –  қазіргі өзгермелі  қоғам 
жағдайында  өзіндік  белсенділік  көрсете  алатын,  халқымыздың  тарихын, 
дәстүрін,  өнерін,  әдебиеті  мен  мәдениетін    ұлттық  құндылық  ретінде  бағалап, 
құрметтей білетін, әдеби туындыда бейнеленген құбылысты көркем қабылдауға 
қажетті білім, білік, дағдылармен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-
жақты дамыған, білімді, құзіретті  дара тұлға қалыптастыру. «Қазақ әдебиеті» 
пәнiн  оқуда  оқушылар  көркем  шығармалардың  табиғатын  таныту,  оның 
мазмұндық-құрылымдық  сипаттарын  ажырата  бiлу  және  әдебиеттiң  сөз  өнерi 
ретiндегi құдiретiн дәйектей алу дағдыларын игереді, сөйтіп мектепте әдебиеттi 
оқыту  қазақ  әдебиетi  бойынша  бiртұтас  жүйелi  білім  негіздерін  меңгеруге 
құрылады.  
Ал бүгінгі қоғамда болып жатқан өзгерістерді талдап-тану, оның мәдени-
рухани,  технократиялық  дамуының  дәрежесін  айқындау,  болашақ  көкжиегін 
белгілеу өткеннің тәжірибесін зерттеп-білу арқылы жүзеге асатыны белгілі. Бұл 
біз  өмір  сүріп  отырған  қоғамның  жасампаз  азаматтарын  жалпы  адамзаттық 
игіліктер  рухында  тәрбиелеуге  арналған  педагогика  ғылымы  мен  жекелеген 
салаларының 
тарихи-әлеуметтік, 
педагогикалық-психологиялық 
ерекшеліктеріне, оның дамуына  да тікелей байланысты. Әрбір адамзат баласы 
халықтың  дәстүрлі  мәдени  мұраларынан  нәр  алып,  оның  озық  та  өміршең 
қағидаларынан  үйренеді.  Соның  нәтижесінде  ол  өзі  өмір  сүріп  отырған 
қоғамның  даму  үдерісінееркін  араласады.  Олай  болса,  әдеби  мұраларға  деген 
рухани  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  үшін  әрбір  жеке  адамның  оған 
қызығушылығын  туғызу  керек,  оның  көркемдік  қабылдау  қабілетін  тәрбиелеу 
қажет.  Басқа  да  педагогикалық-психологиялық  құбылыстар  сияқты  әдеби 
шығарманы, ондағы авторлық идеяны көркемдік қабылдау қабілеті мәселесінің 
де ондаған жылдар бойғы қалыптасыпдаму, өзіндік өркендеу тарихы бар [56]. 
Жоғары  сынып оқушыларының  көркемдік  қабылдау  қабілетінің ішіндегі 
ең күрделілерінің бірі – оқырмандық қабілеттің дамуы. Қазақ руханиятында да 
бұл мәселеге ежелден назар аударылған. Айталық, қазақ халқының ұлы ойшыл-
ақыны Абай «Он бесінші қара сөзінде»: «Әуелі – пенде адам болып жаратылған 
соң,  дүниеде  ешбір  нәрсені  қызық  көрмей  жүре  алмайды.  Сол  қызықты 
нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойыңда қалады. Сонда 
есті  адаморынды  іске  қызығып,  құмарланып  іздейді  екен-дағы,  күнінде  айтса 
құлақ, ойласа көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өмірдің өкініші де жоқ 
болады  екен...»  –  деп,  «орынды  іске  қызығу»,  «құмарланып  іздеу»  адамның 
өмірдегі  өзінің  мақсатына  жетуіне  себепші  болатындығына  ерекше  назар 
аударады [57]. 
Ал  халқымыздың  тұңғыш  ағартушы  педагог-ғалымы  Ы.Алтынсарин 
Н.И.Ильминскийге  жазған  хатында  өзі  құрастырған  оқулықтарының  ең 
алдымен 
жас 
шәкірттердің 
оқырмандық 
қабілетін 
дамытатындай, 
қызығушылығына  жауап  бере  алатындай,  кітапқа,  көркем  туындыға 
құмартатындай  деңгейде  болуынаайрықша  мән  беретіндігін  атайды:  «Қазақ 
балаларына  менің  де  мағыналы  анекдоттар,  жұмбақтар,  ойына  ой  қосатын 
әңгімелер,  немесе  оларды  қызықтыратын  мысалы,  жібек  құртының 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау