Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет4/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77


 
еңбектер  бар.  Көркем  әдебиетті  оқу  мәселесіне
  арналған  зерттеулерде  
оқырмандық  қабілетті  қалыптастыруға  ықпал  ететін  оқу  әрекеттері  ТМД  
ғалымдарының  еңбектерінде    әр  қырынан  қарастырылып  келген.  Мәселен,  кітап 
оқу үдеріс ретінде (В.Ф.Асмус [7]., Г.Г.Граник [8]., 
Г.И.Щукина 
[9]
., 
И.В.Мовнар 
[10].,  О.В.Соболева  [11]  және  т.б.);  кітап  оқу  үдерісінің  құрылымы,  қажетті 
қабілеттіліктер, дамыту және қалыптастыру әдістері мен деңгейлері (Арнаудов М 
[12]., 
Т.П.Гаврилова  [13].,  Л.Г.Жабицкая  [14].,  Л.И.Коновалова  [15]., 
Н.Н.Светловская  [16]  және  т.б.);    көркем  шығарма  оқу  қабілеттіліктерін 
дамытудағы  пәнаралық  байланыс  (В.А.Ачкасов  [17].,  Н.И.Кудряшев  [18].,  және 
т.б.);  оқырман  тұлғасын  тәрбиелеудегі    кітап  оқудың  рөлі  (
Балталон  Ц.П 
[19]., 
Т.П.Гаврилова  [20].  және  т.б.);  оқырмандардың  жеке  типтері  (
Б.А.Ланин  
[21]
.,
 
О.И.Никифорова [22]., Л.Н.Рожина [23]  және т.б.); оқырмандардың жанрлық және 
тақырыптық үлгідегі қалаулары (Н.В.Беляева [24]., Н.А.Сметанникова [25]., және 
т.б.);  көркем  әдебиетті  қабылдауды  дамыту 
мәселелері  (Л.Г.Жабицкая 
[26]
., 
Г.Н.Кудина 
[27]
., А.М.Левидов 
[28]
., В.А.Левин 
[29]
., А.А.Мелик-Пашаев 
[30]
.) 
еңбектерінде қарастырылса, оқырман құзіреттілігін қалыптастыру мәселесімен 
(Е.Л.Гончарова 
[31]
), 
Н.Н.
.
Сметанникова 
[32]

В.Г.Маранцман 
[33]

Л.А.Шейман 
[34]
, М.Х.Манликова 
[35] 
  және  Т.Қ.Жұмажанова 
[36] 
  сыныптан 
тыс  оқу  арқылы  кітап  оқуға  дағдыландыру,  оқырманның  қазақ  әдебиеті 
туындыларына 
қызығушылығын 
қалыптастыруды 
А.Тамаев 
[37]

К.Г.Нұрахметова 
[38] 
 
4-8 
сынып 
оқушыларының 
оқырмандық 
қызығушылығын қалыптастыру және тәрбиелеуді зерттеді. 
Әдістемелік  әдебиетте  оқырман  мәдениеті, оқырман біліктілігі,  оқырман 
қызығушылығы  сияқты  мәселелерді  шешуге  арналған  ұсыныстар  бар 
болғанымен  бүгінгі  күнде оқушылар арасында көркем әдебиетті, соның ішінде 
эпикалық  шығармаларды  оқу  арқылы  оқырмандық  қабілетті  дамыту  әлі  де 
зерттеле  қойған  жоқ.  Бұл  құбылыс,  біріншіден,  мектеп  бағдарламасында 
әдебиет  курсын  оқытуға  сағат  саны  аз  бөлінуіне  (аптасына  2-3сағат),  ал 
оқытылатын материалдың  көлемінің  өте үлкен болуына байланысты. Көптеген 
оқу  тақырыптарына  тек  шолу  жасалады,  сабақ  барысында  тереңдетіп  оқу  мен 
көркем  әдебиет  туындысын  талдауға  іс  жүзінде  уақыт  жетпейді.  Екіншіден,  
соңғы кездерде қоғамда  ақпараттық желілердің қарышты дамуы, компьютерлік 
ойындардың  пайда  болуы,  электронды  сайттардың  көптігі  кітап  оқуға  деген 
қызығушылықтың  төмендеуіне  әкеліп  отыр.  Оқушылардың  көркем  әдебиет 
туындыларын  оқуға  қызығушылығы  жоқ  болуының  басқа  себептерінің 
арасында  мұғалімдердің  оқушылардың  көркемдік  талғамына  бей-жай  қарауы, 
сондай-ақ,  оқыту  үрдісі  бағыты  мен  сабақ  барысында  және  сабақтан  тыс 
уақытта  көркем  туындының  мәнін  ұғынуға  мән  бермеуді  атауға  болады. 
Оқырман  қызығушылығының  белгілі  бір  деңгейде  төмендеуі  бұл  –  бүгінгі 
күнде  жалпы  әлемдік  беталыс  және  оқырман  мәдениетінің  дағдарысымен 
байланысты. 
Қазақ  мектептерінде  қазақ  әдебиеті  курстарын  оқыту  тәжірибесі, 
біріншіден, егер түсінікті, қолжетімді, қызық болса оқушылар көркем әдебиетті 
оқитынын,  оны  тануға  талпынатынын;  екіншіден,  тұлғаның  толыққанды 
адамгершілік-әдеби дамуы үшін және оқырман мәдениетін қалыптастыру үшін 


10 
 
әдебиеттің  педагогикалық  әлеуетін  пайдалану  аз  екендігін,  оны  сабақтан  тыс 
жұмыстарда, кітапхана жағдайындағы сыныптан тыс дәрістерде, қосымша білім 
беру  мекемелерінде,  оқушылар  жанұясымен  жұмыс  кезінде  қолдануды  қажет 
ететіндігін  көрсетті.  Ендеше,  оқырман  қабілетін  дамыту  мынадай  үш 
фактормен анықталады:  
– оқытудың теориялық-практикалық мәнділігі;  
– әдеби білім беру мазмұнының  жетілдірілуі;   
– оқырмандық  қабілеттің  даму деңгейін анықтау қажеттілігі.  
 
Сөйтіп,  мектептік  жүйеде  жоғары  сынып  оқушыларының  оқырмандық 
қызығушылығын  тәрбиелеу,  оқырмандық  қабілетін    дамыту,  көркем  әдебиет 
жөніндегі  таным-түсінігін,  эстетикалық  талғамын  жетілдіру  жайы  жалпы 
педагогика  және  психология  ғылымында,  оқыту  әдістемесінде  әр  тарапты  сөз 
болып  келгенімен  әдебиет  сабақтарында  оқушылардың  оқырмандық  қабілетін  
дамыту  арнайы  тақырыппен  аталмаса  да  кейбір  ғалымдардың  еңбектерінде 
жанама  түрде  ғана  айтылады.  Эпикалық  шығармаларды  оқытуда  жоғарғы 
сынып  оқушыларының  әдеби  дамуын  жетілдіру,  оқырмандық  қабілеттерін 
дамыту мәселесі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымында арнайы зерттеуді 
қажет ететінін көрсетеді. 
Бүгінгі  таңда  жоғары  сынып  оқушыларының  эпикалық  шығармаларды 
оқу  белсенділігі,  оқырмандық  қызығушылықтары  мен  мәдениетінің  төмендеп 
кетуі  жеке  адамның  ғана  мәселесі  емес,  бұл  −  қоғамдық-әлеуметтік  құбылыс. 
Бұған  мына  себептерді  жатқызуға  болады:  қоғамдық-әлеуметтік  саладағы 
өзгерістердің  қарқындылығы;  жаһандану  жағдайындағы  мәдениетаралық 
байланыстардың  ықпалы;  интернеттің  пайда  болуы,  дамуы;  электронды 
ақпараттық  құралдар  әсерінің  күшеюі;  кітап  оқуға  деген  көзқарастың  өзгеруі; 
отбасылық  құндылықтардың  субмәдениетке  бейімделуі;  мектептегі    әдебиетті 
оқытуда    көркем  шығарманы  оқуға  қызықтыратын  әдіс-тәсілдердің  дұрыс 
қолданылмауы; оқырмандық қабілетті   дамытатын мақсатты жүйенің болмауы 
және т.б. әдебиет сабақтарында эпикалық шығармалар мысалында оқырмандық 
қабілетті  дамыту  бойынша  әлі  де  арнайы  зерттеулердің  жоқтығы  
диссертациялық  жұмыстың  тақырыбын  «Эпикалық  шығармаларды  оқытуда 
оқушылардың  оқырмандық қабілетін  дамыту  әдістемесі  (10-11сыныптар)»  деп 
таңдауымызға  негіз  болды.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  оқырмандық  қабілетті 
дамыту мәселесін зерттеу өзінің өзектілігін, мектептегі әдеби білім беруде  аса 
қажеттілігін, тақырыптың өзектілігін айқындауға негіз болды. 
Қазақ  әдебиеті  сабақтарында  эпикалық  шығармаларды  оқыту  үдерісінде 
оқушылардың оқырмандық қабілетін дамыту мәселесін арнайы  зерттеу нысаны 
етіп алынған диссертациялық жұмыс жоқ десек те болады. Дей тұрғанмен, бұл 
мәселе  көркем  әдебиетті  оқытуға  байланысты  әр  түрлі  әдістемелік  еңбектерде 
әр  қырынан    тарапты  сөз  етілген.  Осы  орайда,  әрине,  оқырмандық  қабілетті 
қалыптастыруға  байланысты  орыстың  педагогика,  психология  және  әдебиетті 
оқыту  әдістемесі  зерттеушілерінің  еңбектері  мол  екенін  айтқан  жөн.  Қазақ 
әдебиетін  оқыту  әдістемесі  тарихында  бұл  тақырып  арнайы  зерттелмегенімен 
А.Байтұрсынов  [3,322б],  М.Жұмабаев  [4,112б],    Ж.Аймауытов  [39] 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау