13
қабілетті дамытудың әдіс-тәсілдері жасалды. Оқытудың әдістемелік жүйесінің
нәтижелері жинақталып, қорытындыланды.
3. Үшінші кезеңде (2016-2017 жж.) зерттеу нәтижелері жинақталып,
қорытындыланды. Тапсырмалар мен әдіс-тәсілдері жүйеленді, бақылау және
қалыптастырушы эксперименттерінің қорытындыларына сандық және сапалық
талдау жасалды. Зерттеудің тұжырымдары диссертациялық жұмыс болып
дайындалды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеу нәтижелерін жалпы білім
беретін қазақ орта мектептерінде әдеби білім беруді жетілдіруге, жоғары оқу
орындарында болашақ педагог мамандарды дайындауда қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесі бойынша оқу курстарының мазмұнын толықтыруға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, зерттеу бойынша алынған нәтижелерді қазақ әдебиетін
оқыту әдістемесінің арнайы курс, семинар, дәрістерінде, оқыту әдістемесін
жетілдіру бағытындағы ғылыми-әдістемелік еңбектерді жазуда пайдалануға
болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар.
1. Жоғары сынып (10-11) оқушыларының оқырмандық қабілетін дамыту
қазіргі жаһандану жағдайында өз ұлтының құндылықтарын, соның ішінде
әдеби көркем туындыларды бағалай алуға, олардың зияткерлік шығармашылық
әлеуеттерін артыруға, және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға негіз
болады;
2. Эпикалық шығармаларды оқытудың практикалық бағытта жүйеленген
оңтайлы әдіс-тәсілдері, оқыту формалары, технологиялары жоғарғы сынып
мәдениетке, әдебиетке қызығушылықтарын туғыза отырып, олардың
оқырмандық қабілетін дамытуға септігін тигізеді;
3. Жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілетін дамыту білім
берудің қазіргі парадигмаларына, оқыту стратегияларына сәйкес оқушылардың
танымдық белсенділіктерін дамытуға, олардың креативті, мобильді ойлауына
жол ашады;
4. Қазақ әдебиеті сабақтарында эпикалық шығармаларды оқытуда жоғары
сынып (10-11) оқушыларының оқырмандық қабілетін дамыту бойынша
жасалған модель оқушының әдеби білім негіздерін меңгере алғандығының
нәтижесі және бүгінгі қоғамға қажетті өзіндік ой-пікірі бар, шығармашылыққа
қабілетті тұлғаның бейнесін көрсетеді.
Зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар.
Диссертациялық жұмыстың негізгі теориялық қaғидaлapы мен
тәжipибeлiк нәтижeлepi бойынша ғылыми басылымдарда жарияланған
мақалалар саны - 14, оның ішінде: 1 мақала Scopus мәліметтер базасына енген
ғылыми басылымда (Journal of language and literature, Baku, IF = 0,195).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитетінде тіркелген басылымдарда – 5 мақала.
Халықаралық ғылыми конференцияларда – 8 (оның ішінде шетелдік
конференцияларда - 5) мақала жарық көрді.
Диccepтaция құpылымы ғылыми зерттеу логикасына сәйкес келеді.
14
Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, зерттеудің негізгі тұжырымдары келтірілген
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны мен пәні,
зерттеу әдістері және күтілетін нәтижелер берілген.
Кіріспеде диссертацияның жалпы сипаттамасы беріле отырып, оның
тақырыбының өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны
мен пәні, болжамы, зерттеу әдістері, жетекші идеясы, теориялық-әдіснамалық
негізі, ғылыми жаңалығы, тәжірибелік маңызы, қорғауға ұсынылған қағидалар,
зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар қарастырылған.
Диссертациялық жұмыстың бірінші тарауы «Эпикалық шығармаларды
оқытуда оқушылардың оқырмандық қабілетін дамытудың ғылыми - теориялық
негіздері» деп аталып, онда оқушылардың оқырмандық қабілеттерін дамыту
мәселесінің педагогика мен психология және оқыту әдістемесі ғылымдары
бойынша зерттелу жайы, эпикалық шығармаларды оқыту арқылы
оқушылардың оқырмандық қабілетін дамытудың педагогикалық және
пихологиялық арналары, аталған тақырыптың әдеби білім берудегі ең өзекті
мәселелердің бірі екендігі, сол сияқты әдебиет сабақтарында жүргізілетін
тәлім-тәрбиелік, оқу-әдістемелік жұмыстар сөз етіліп, ғылыми тұжырымдар
жасалады.
«Оқырмандық қабілет» ұғымына психологиялық, педагогикалық,
әдебиеттану ғылымдары тұрғысынан талдау жасалады, бұл ұғымның тұлға
қалыптастырушылық мәні зерделенеді. Кез келген мәліметті, айтылған
ойдышығармашылықпен қабылдау – күрделі психологиялық үдеріс
болғандықтан зерттеудің бұл бөлімінде қабылдау, ес, зейін және т.б.
психологиялық категорияларға педагогикалық тұрғыда талдау жасалады.
Зерттеу тақырыбының нақты жағдайларына, қалыптасу, даму сипатына баға
беріледі.
Екінші тарау «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың
оқырмандық қабілетін дамытудың әдістемелік жүйесі» деген тақырыппен
беріліп, онда көркем шығарманы жанрлық ерекшелігіне қарай оқытудың
шәкірттер оқырмандық қабілетін дамыту үрдісіне әсер-ықпалы, эпикалық
шығармаларды оқыту арқылы оқырмандық қабілетті дамытудың (сыныптар
жүйесіндегі) амал-тәсілдері, оқушылардың оқырмандық қабілетін дамытудағы
пән бойынша жүргізілетін сыныптық және сыныптан тыс жұмыстардың орны
сөз болады. Жоғарғы сынып оқушыларының эпикалық шығармалар арқылы
оқырмандық қабілетін дамытуға арналған эксперименттік зерттеудің
әдістемелері жасалып, анықтаушы эксперимент пен қалыптастырушы
эксперименттің нәтижелеріне талдау беріледі. Әр тараудың соңында
тұжырымдар келтіріледі.
Қорытынды диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша қысқа
қорытындыдан, қойылған міндеттердің шешімін табу тұжырымдарынан және
алынған нәтижелерді пайдалану бойынша ұсыныстардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |