4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертацияда келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қoлдaнылды:
Оқулық – оқу бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту
мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап.
Оқу құралдары – белгілі авторлық ұстаныммен бір оқу пәні бойынша
ғылыми білімнің негізін баяндайтын кітап.
Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік,
дағдылар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен көлемін, сондай-ақ бөлімдер
мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бөлінген мазмұнын анықтайтын құжат.
Оқырман – суреткердің сезімі мен ойын, идеяларын қабылдар түсінетін,
өзінің жеке елесі мен эстетикалық, рухани–адамгершілік тұрғыдан туындыны
толықтыратын тұлға.
Оқырмандық қабілет – оқушылардың көркем әдебиетті оқуға
қызығушылығының негізінде қалыптасатын аса маңызды педагогикалық-
психологиялық үдерістердің бірі.
Антиципация – оқырманның болашаққа деген болжамдық бағдарының
психологиялық үдерісі.
Білім беру бағдарламасы – білім мазмұнының өзгешелігін және білім
беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшелігін сипаттайтын білім беретін
мекеменің нормативтік-басқарушылық құжаты.
Білім беру мазмұны – оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты
дамуы үшін негіз қамтамассыз ететін, олардың ойлауын, танымдық
қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамассыз ететін білім,
іс-әрекет тәсілдері.
Әдістеме – оқу үдерісінде пайдаланатын әдістер жиынтығы және білім
беру ұстанымдарын зерттеу саласы.
Оқыту әдістері – білім берудің мақсатына жетуге бағытталған оқытушы
мен оқушының белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылатын іс-әрекет қарым-
қатынастарының бірлігі мен үйлесімділік тәсілдері.
Әдістемелік инновациялар – оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен
оқу, оқу-тәрбиелік үдерісті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация.
Әдебиет – өнер түрінің бірі. Қазақ тіліндегі әдебиет (лат.
Literatura -
жазылған) терминінің баламасы. Сөз өнері.
Әдебиет теориясы – әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық
қызметін зертейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын
(әдістемесін) айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылым.
Әдебиеттің пәні – адамның өмірі, қоғамдық қарым-қатынастар мен алуан
түрлі қоғам өміріндегі құбылыстар өз мінез-бітімімен дараланып көрінетін жеке
адамдардың тағдыры.
Инновациялық технология – алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие үдерісін
жүйелі және ретімен тәжірибеге ендіру.
Классикалық әдебиет
– жоғары сапалы, қай заманда да идеялық,
көркемдік
мәнін жоғалтпайтын, аса бағалы да үлгілі әдебиет.
Құзіреттіліктер – оқу мен өздiгiнен бiлiм алудың нәтижесiнде
5
қалыптасатын және адамның әлеуметтiк-мәдени мобильдiгiн анықтайтын, бiлiм
мен тәжiрибеге, құндылықтар мен бейiмдiлiктерге негiзделген жалпы
қабiлеттiлiктер.
Модульдік оқу – білім мазмұнын әр қырынан жетілдірудің,
ұйымдастырудың құралы мен әдісі.
Оқу пәні – оқу үдерісінде оқып білу үшін белгілі бір ғылымдар,
техникалар, өнерлер, өндірістік қызметтер саласынан іріктеп алынған білімдер,
іскерліктер мен машықтар жүйесі.
Оқытудың интерактивтілігі – білім алушының танымдық іс-әрекетін
белсенді етудің және, демек, интерактивтік өзара әрекет
негізінде дайындықтың
тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі.
Оқытудың әдісі – бағыттардың біріне негізделген және нақты бір тәсілге
сүйенуші, осы бағытқа типті оқудың қорытынды үлгісі.
Повесть – эпикалық проза жанрының бір түрі.
Поэзия – өлең үлгісіндегі әдеби туындылар.
Поэма – белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық
не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.
Проза – қара сөзбен жазылған көркем шығарма.
Педагогикалық инновация – педагогика ғылымында теориялық
тұрғыда дәлелденген, эксперименттен өтіп, тәжірибеге енгізілген және оқу-
тәрбие үдерісін жетілдіруге елеулі үлес қосатын жаңалық.
Педагогикалық технология – қоғамның қазiргi таңдағы бiлiм беру
саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталған бiлiм мазмұнын
жүзеге асыру үшiн оқыту мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас
дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен iс-әрекеттер тiзбегi.
Роман – күрделі және дамыған сюжетті, көбінесе қара сөзбен, кейде
өлеңмен жазылған көлемді эпикалық әдеби шығарма.
Тәсіл, әдіс – әдістеменің базистік категориясы, нақты іс-әрекеттермен ара
қатынасты, соның жиынтығы қалыптастырылатын іс-әрекеттің негізін құрайды.
Нәтиже – бiлiм беру мақсатына сәйкесоқыту барысында оқыту ненi
бiледi және ненi iстей алады деген мәселенiң тұжырымдалған түйiнi.
Электрондық оқу материалдары – электрондық тасуышта файл түрінде
ұсынылған оқу материалдары. Белгілі бір оқу курсын немесе оның үзінділерін
оқып білуге тағанындалған жеке мәтіндік файл, безендірулер, аудио және бейне
үзінделер ретінде де және олардың реттелген жиынтығы ретінде де енгізе
алады.
6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР
– Қазақстан Республикасы
БҰҰ
– Біріккен Ұлттар Ұйымы
МЖМБС
– Мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты
ҚР БжҒМ
БҒСБК
– Қазақстан
Республикасы
Білім
және
ғылым
министрлігінің білім мен ғылым саласындағы бақылау
комитеті
ЖОО
– жоғары оқу орны
ҚазҰПУ
– Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
ИД
– интеллектуалды даму
БТ
– бақылау тобы
ЭТ
– эксперимент тобы
PhD
– философия
докторы
т.б.
– тағы басқа