19
Сонымен, жеке тұлғаға бағдарланған кітап оқу туралы тек білім алу іс-
әрекетін қалыптастыру, жүзеге асыру және диагностикалау кезінде адамның
табиғи, жеке тұлғалық, өзіне ғана тән ерекшеліктері ескерілгенде ғана айтуға
болады. Осы принциптерге негізделген педогог пен білім алушылардың
бірлескен іс-әрекеті ғана оқу үдерісінің мүшелеріне гуманистік бағыт
шеңберінде жан-жақты дамуға мүмкіндік береді. Оқырманның жеке тұлғасы
қоғамда белгілі бір мәртебеге ие, ол оқырмандық даму кезеңдеріне сәйкес
әлеуметтік-психологиялық рөл атқара отырып, әр түрлі әдебиетті оқу арқылы
өзінің түрлі өмірлік қажеттіліктерін саналы түрде қанағаттандырады.
Балалардың оқырмандық дамуына келсек, әрбір баланың оқу іс-әрекетінің
қалыптасуы мен оқырмандық дағдыларының деңгейлері арасындағы
байланысты түсіну және ескеру өте маңызды. Оқу іс-әрекетіндегі дағдылардың
(атап айтқанда жылдамдық пен саналылыққа) қалыптасу деңгейіне әрі қарай
оқырмандық іс-әрекеттегі мотивацияның қалыптасуы тәуелді. Егер бала
жеткілікті оқу жылдамдығын игере алмаса, егер оқылған мәтіннің мазмұнын
түсіну қиынға соқса, бұл міндетті түрде келешектегі мотивацияға кері әсер
етеді, өйткені ақпарат көлемі ұлғая түседі. Екінші жағынан, балада мұндай
дағдылар пайда болуы үшін, бастапқы қызығушылықты арттыру қажет, сондай-
ақ оқу үдерісінің өзіне оңды мотивацияны күшейткен абзал.
Оқуға деген мотивацияның жоғары деңгейінің негізгі көрсеткіші деп –
оқырмандардың авторлық бағалауды түсінуіне және мәтінге тұрақты, оң
көзқарасын санауға болады.
Кітап оқуға деген мотивация – ол оқушының оқырмандық іс-әрекетке
белсенді бағытталуы. Мысалы, егер оқушының белсенділігі зерделенетін
нысанның (лингвистикалық, математикалық, биологиялық және т.т.) өзімен
жұмыс істеуге бағытталатын болса, онда танымдық мотивтер туралы айтуға
болады (оқу үдерісі барысында өзінің дамуы, басқалармен бірге және басқалар
үшін жасалған іс-әрекет, жаңа, бұрын белгісіз болып келген нәрселерді тануы).
Егер оқушы белсенділігі оқу барысында басқа адамдармен қарым-қатынас
жасауға бағытталса, онда әңгіме, әдетте, әр түрлі әлеуметтік мотивтер туралы
болмақ. Басқа сөзбен айтқанда, бір оқушыны танымдық үдерістің өзі
ынталандырса, енді бір оқушыны басқа адамдармен қарым-қатынас
ынталандырады [50].
Оқырман мотивациясының тұрақтылығы – ол ұзақ уақыт бойы белсенді
оқырмандық қызметті қамтамасыз ететін динамикалық сипаттама. Тұрақтылық
туралы жүйелі ұғымды негізге ала отырып, зерттеушілер оны төмендегі
сипаттамалармен кешенді түрде бірге қарастырады: күш, меңгерушілік, іс-
әрекеттілік, үдеріске бағыттанушылық және т.б.
Оқуға деген тұрақсыз мотивация деп үнемі сыртқы факторлардың
ықпалын қажет ететін мотивацияны айтады (мәжбүрлеу, қорқыту, марапаттау
және т.б.).
Сонымен оқуға деген мотивация:
- оңды және теріс,
- сыртқы және ішкі,
20
- тұрақты және тұрақсыз болады.
Бұдан шығатын қорытынды – бастауыш сынып оқушыларының кітап
оқуға деген мотивациясының жоғарғы деңгейінің көрсеткіштері болып:
- оқырмандық іс-әрекетке деген оңды көзқарас («оқығанды жақсы
көремін»);
- белгілі бір кітаптарға қызығу («осы кітаптарды оқығым келеді»);
- оқу үдерісінің өзіне қызығу («кітаптан бас көтере алмаймын»);
- кітаптан алған қуанышын басқалармен бөлісуге ұмтылу («бұл кітап
туралы басқалардың білгенін қалаймын») сияқты оқырмандық іс-әрекеттер
жатады.
Негізгі орта мектепте әдебиеттен берілетін білім көлемі оқушылардың
жас ерекшелігіне қарай күрделене түседі. Бұл буында көркем туындыдағы
кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен сюжеттік оқиғалардың ара қатынасын айқын
ажырата
білу,
әдеби
бейненің
мақсат-мұраты,
күйініш-сүйініштері,
адамгершілік әлемінің ерекшеліктеріне мән беру, шығарманың композициялық
құрылымы мен ондағы көркемдегіш құралдарға, әдеби-теориялық ұғымдарға
зер салып, олардың атқаратын қызметін байқауға үйренеді. Ал, жоғарғы буын
берілетін әдеби білім беру жинақтаушы, қорытындылаушы саты, мұнда
оқушылардың психологиялық дамуының жекелік сипаттары қалыптасады,
сондай-ақ олардың шығармашылық ойлау дағдылары жүйеленеді. Сондықтан
олардың көркем шығарманы қабылдауында да жас ерекшелігіне қарай
танымдық-тәрбиелік, дамытушылық білік-дағдылар орын алады. Жоғарғы
сынып оқушылары әдеби шығарманың болмыс-бітімінен, ондағы суреттелген
құбылыстардың түпкі себептері мен нәтижелерін, тарихилық сипатын танып,
қоғамдық-әлеуметтік астарларын қарастырады. Жазушының стилін байқауға,
оның адамтанушылық бағытын аңғаруға, шығармашылық көзқарастар
жүйесінің әдеби туындыда қаншалықты және қалайша көрініс тапқандығына
назар аударады
[51]
. Сондықтан оларда шығармаға толық ену, кейіпкермен
етене жақындасу, өзің сол кейіпкер келбетінде қабылдау іс-әрекеттері орын
алады, сөйтіп оқушыда ынталылық қызығушылық, көркем шығармаға деген
қызығушылық туындайды. Қызығудың оқушылардың оқығанын ұғып алуына
ықпалы зор. Егер қызығу болмаса, онда жалпы танымдық қабілеттері де
дамымайды. Шетелдік ғалымдар мұны дәйектеген И.О.Гербарт, К.Д.Ушинский,
У.Мак Дугал, Э.Трондайк т.б. болды. Әр жастағы оқушылардың танымдық
қызығушылығының өзіндік мазмұнын, ерекшеліктерін зерттеу Н.Рыбникова,
Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Маневцова, Н.Постникова, К.Романова,
Р.Римбург,
П.Сирбиладзе
сияқты
бірқатар
кеңестік
ғалымдардың
жұмыстарында қарастырылған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың басында қызығушылық теориясын дамытуға А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсыновтың ағартушық педагогикалық мұралары негіз
болды. Қызығу теориясын Қ.Б.Жарықбаев, Р.М.Қоянбаев, О.Байқуатова
сияқты ғалымдар жалғастырған. Мектеп оқушыларының оқу пәндеріне деген
қызғушылығын дамыту мәселесі бойынша Р.Жолдашқызы, Т.Жұрынова т.б.
ғалымдардың зерттеу еңбектері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |