11
еңбектерінде оқырмандық қызығушылықтың шәкірттердің әдеби біліммен
сусындауында әрқашан жетекші мәнге ие екендігін айтылады. Қазақ әдебиетін
оқыту
әдістемесі
ғылымының
өкілдері
Ә.Қоңыратбаевтың
[40],
А.Көшімбаевтың
[41],
Т.Ақшолақовтың
[42],
С.Қирабаевтың
[43],
Ә.Дайырованың [44], С.Тілешованың [44], Т.Жұмажанованың [36,32б],
Б.Смановтың [45], А.Тамаевтың [37,170б], К.Нұрахметованың [38,49б] және
т.б. әдіскер зерттеушілердің, мектеп мұғалімдерінің еңбектерінде оқушылардың
оқырмандық қабілеттерін дамытуға байланысты ой-тұжырымдары ғылыми
тұрғыда сарапталған. Аталған әдіскер ғалымдардың, пән мұғалімдерінің
зерттеу еңбектері мен мақалалары диссертациялық жұмыста назарға алынды.
Зерттеудің мақсаты. Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінің
жоғарғы сыныптарында қазақ әдебиеті сабағындағы эпикалық шығармаларды
оқытуда оқушылардың оқырмандық қабілетін дамыту тақырыбын ғылыми-
теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемелік жүйесін ұсыну.
Зерттеу нысаны. Эпикалық шығармаларды оқытуда оқушылардың
оқырмандық қабілетін дамыту үдерісі.
Зерттеу пәні. Жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінің жоғарғы
сыныптарындағы әдебиет сабақтарында бағдарламалық шығармалар арқылы
оқушылардың оқырмандық қабілетін дамыту әдістемесі.
Зерттеу
болжамы:
егер,
эпикалық
шығармаларды
оқытуда
оқушылардың көркем әдебиетті меңгертудегі оқырмандық қабылдауы
бірізділікпен логикалық түрде дамытылып отырса; қазақ әдебиеті сабақтарында
эпикалық шығармаларды оқытудың оңтайлы әдіс-тәсілдері, оқыту формалары
арқылы оқушының өзіндік іс-әрекетіне, көркем туындыны шығармашылықпен
қабылдауына жағдайлар жасалса; эпикалық шығармаларды оқытуда жоғары
сынып (10-11) оқушыларына оқырмандық қабілеті дамыған тұлға моделі
ұсынылса,
онда жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілеттерін
дамытудың мүмкіндіктері кеңейе түседі,
өйткені, оқырмандық қабілет жоғары
сынып оқушыларының интеллектуалдық дамуына, бәсекеге қабілеттілігіне,
әдеби білім негіздерін меңгеруіне жол ашады.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты, пәні және болжамы
зерттеудің
төмендегідей міндеттерін шешуге мүмкіндік берді:
- Эпикалық шығармаларды оқытуда жоғары сынып (10-11) оқушылардың
оқырмандық
қабілетін
дамытудың
философиялық,
педагогикалық,
психологиялық негіздерін ғылыми
тұрғыдан айқындау;
- Оқушыларының оқырмандық қабілетін дамыту негізінде қазақ әдебиеті
сабақтарында эпикалық шығармаларды оқытудың оңтайлы әдіс-тәсілдерін,
оқыту формаларын, технологияларын жүйелеу, сауалнама, сұрақ-тапсырмалар,
тренингтер және «Қабілетті оқырман» факультативтік курсының оқу
бағдарламасын дайындау;
- Жоғарғы сынып оқушыларының оқырмандық қабілеттерін дамытудың
әдістемесін жасау және
оның моделін ұсыну;
- Қазақ әдебиеті сабақтарында эпикалық шығармаларды оқытуда жоғары
сынып (10-11) оқушыларының оқырмандық қабілетін дамытудың тиімділігін