Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет43/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77

90 
 
Бұл  сыныптарда  оқулықпен  бірге    пәнді  оқыту  әдістемесі,  хрестоматия 
және  дидактикалық  материалдар  қолданылады.  «Қазақ  әдебиеті»  пәнінің 
ЖМББС,  оқу  бағдарламалары,  оқулықтары  және  оқу-әдістемелік  кешендері 
пәнді  оқытудың  нормативтік  базасы  ретінде  оқытудың  барлық  талаптарын 
орындауға мүдделі болады [115]. 
Қазiргi  инновациялық  ақпараттандыру  ғасырындағы  бiлiм  беру  мен 
оқытудың  басты  мақсаты  оқушылардың  бiлiктiлiгi  мен  iскерлiгiн 
құзыреттіліктер  тұрғысынан    жетілдіруге  бағытталады.  Бұл  мақсаттың  жүзеге 
асуында    жалпы  білім  беретін  орта  мектептердегі  гуманитарлық  пәндердің, 
соның  ішінде  қазақ  әдебиетінің  пәндік  қызметінің  рөлі  зор.  Білім  беру 
жүйесінде  болып  жатқан  түбегейлі  өзгерістер  мен  түбірлі  жаңартулар  қазіргі 
уақытта  «Қазақ  әдебиеті»  пәнін  оқытуды  нәтижеге  бағдарлай  отырып  жаңа 
педагогикалық парадигмаға сәйкес ұйымдастыруды қажет етеді.  
Қай  пәннің  болмасын  білім  беру  жүйесіндегі  орны  мен  маңызын 
танытатын  сипат  –  сол  пән  мазмұны  мен  қоғамдық-әлеуметтік  сұраныс  
арасындағы  сәйкестік  және  пәнді  оқытудың  ресми-нормативтік    жабдықталуы   
болып  табылады.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
орта білім беру стандартындағы негізгі ережелерге сәйкес  «Тіл және әдебиет» 
білім беру саласы бойынша «оқытудың жалпы мақсаттары ұлттық және әлемдік 
әдебиеттердің  базалық  құндылықтарын  игерген,  әлеуметтік  мәдени  өзара 
қарым-қатынасқа  және  өзінің  мүмкіндіктерін  іске  асыруға  дайын,  көптілді 
меңгерген тұлғаны қалыптастыру; мемлекеттік және басқа да тілдерді  меңгеру 
негізінде  қоғамда  талап  етілетін  коммуникативтік  құзыреттіліктерді 
қалыптастыру; тіл мен әдебиет арқылы Қазақстан Республикасы халықтарының 
және  әлемдік  қоғамдастық  мәдениетіне  баулу,  гуманистік  көзқарасты 
тәрбиелеу», - деп көрстетілген 

116

.  
 Бұл    айтылғандар  қазақ  әдебиетін  нәтижеге  бағдарлай  оқытуда      пәннің 
білім  сапасын  арттыруға,  оқушылардың  ойлау  дағдыларын  қалыптастыруға, 
өзіндік ой-тұжырым жасай алу құзыреттілігін  артыруға мүмкіндік туғызады.    
         Нәтижеге  бағдарланған  білім моделінде оқыту сапасын өлшеудің негізгі 
критерийі құзыреттіліктердіңқалыптасуы болғандықтан алдымен оның құрамы 
мен  құрылымын   айқындап  алу  маңызды болып  табылады.    Бұл  білім    моделi 
бойынша    мектептiң    әр  сатысында      ғана      емес,  әр  кезеңінде  анық  та  айқын 
көрсетiлуi  тиiс  оқыту  нәтижелерi  сатылай  дамып  құзыреттіліктерді  
қалыптастыруы  тиiс,  яғни  оқушылардың  алған  бiлiмi  мен  бiлiктiлiктерiнiң 
жиынтығы  олардың  өмiрлiк  қажеттiлiктерiн    өтеуге  қызмет  ететiндей  болуы 
керек.  Құзыреттіліктердің  ең  iрi  бөлiгi  базалық,  яғни  бiлiм  мазмұнының 
тұтастығы  болса,  екiншi  саты  -  түйiндi  (ключевые)    құзыреттіліктерде    бiлiм 
аясы негiзге алынады, ал   пәндiк  құзыреттіліктер  осы нақты тұжырымдалған 
бiлiктiлiктер  бойынша  оқушы  бiлiмiн  бағалаудың  әр  пән  бойынша  жiктелуi 
болып  табылады.  Базалық    құзыретттілік    тұлға  дамуының  жалпы  көрсеткiшi 
болғандықтан 
ол 
бағаланбайды, 
ал 
түйiндi 
құзыреттіліктербiлiм 
стандарттарының жалпы пәндiк мазмұнының жоғарғы деңгейiн құрай отырып, 
оқу пәндерi аясында екшеленедi. Оларды iрiктеу мен нақтылау түйiндi бiлiмдiк  


91 
 
нәтижені  құрайтын  құндылықты  мәндi,  жалпы  мәдени,  оқу-танымдық, 
мағлұматтық,  коммуникативтiк,  әлеуметтiк-кәсiптiк  және  дара  тұлғаның 
өзiн-өзi жетiлдiруге бағытталуы сияқты  
Нәтижеге  бағдарланған  бiлiмдi  пәндiк  құзыреттіліктер  тұрғысынан 
зерделей  келе,  бiз  адамға  тән  тыңдау,  түсiну,  ойлау,  пайымдау,  тұжырымдау, 
пiкiрлесу  сияқты  тiлдік  коммуникативтiк  бiлiктiлiктердi  өмiрлiк  қажеттiлiкке 
айналдыруда әдебиеттiң маңызы зор екендiгiне көз жеткiздiк. Әдеби бiлiм алу 
арқылы оқушы әдебиеттi пән ретiнде ғана игерiп қоймайды, ол сол пәндiк бiлiм 
негiзiнде  болмысты  танып  бiледi,  одан  ақпараттық  мағлұматтар  алады  және 
эмоционалды  құндылықтар  болып  табылатын  iзгiлiктi  қасиеттердi  бойына 
сiңiре  отырып,  мәдениеттi,  салауатты  қарым-қатынасқа  түседi,  ал  бұл,  түптеп 
келгенде,  әдебиеттiң  жетекшi  қызметiнiң  жүзеге  асырылуына  жол  ашады.  Бұл 
ретте,  көркем  шығарманы  дүниетанымдық,  әлеуметтiк,  тәрбиелiк  бiрлiкте 
қарастыра отырып, әдебиеттi ұлттық құндылық ретiнде меңгертудiң қажеттiлiгi 
арта түседi. Сөз өнерiнiң негiзiнде оқушының дербес шығармашылық қабiлетiн, 
ұтқыр  да  шешен  сөйлеу  шеберлiгiн  дамыту  үшiн  әдеби  бiлiм  мазмұны 
көркемдiк  сипатқа  құрылып,  оқушы  бiлiктiлiгiн  арттыруға  негiз  болуы  керек. 
Сол себептi нәтижеге бағдарланған бiлiм моделi бойынша әр пәннен берiлетiн 
бiлiм  мазмұны  мектептiң  барлық  сатыларында  нақты  көрiнiс  тауып, 
оқушылардың бiлiмдiк компетенттiлiктi меңгеруiн қадағалайды.  
Жоғарыда көрсетiлген түйiндi құзыреттіліктер  тiл мен әдебиет пәндерiнiң  
екеуiне де қажет болғанымен пәндiк  құзыреттіліктерді жiктеу әр пәннiң өзiндiк  
жетекшi  қызметi  мен  әлеуетiне  қарай  дараланады.  Орта  бiлiм  жүйесiндегi 
«Қазақ  әдебиетi»  пәнi  сөз  өнерiн  таныту  құралы  ретiнде  мынадай  
құзыреттіліктерді  дамытуды көздейдi: 
–  Қазақ  әдебиетiнiң  классикалық  көркем  туындыларын  өз  халқының  төл 
мәдениетi ретiнде елжандылықпен меңгере алу
– алған бiлiмдерiн әлемнiң ғылыми бейнесiн түсiне бiлуде, әлеуметтiк мәнi 
бар мәселелер мен әр түрлi жағдаяттарда пайдалана алу
– көркем әдебиеттi оқудың негiзгi тiрек түрлерiн ажырата алу; 
–  көркем  шығарманың  негiзгi  мазмұнын,  идеялық-тақырыптық  мәнiн 
рухани  қажеттiлiк  пен  төзiмдiлiк  (толерантность)  сияқты  нысандарды  ұстана 
отырып, көркем мәдени құндылықтар жөнiнде пiкiр алмаса алу; 
–  көркем  туындының  кейiпкерi  жайлы  бiр  мақсатты  көздей  отырып 
қойылған жағдаяттық (проблемалық) сұраққа жауап беруде өзiндiк көзқарасын 
азаматтық белсендiлiк тұрғысынан бiлдiре алу
– көркем шығарма кейiпкерлерiнiң әрқайсысының жекелiк және жалпылық 
сипаттарын  анықтай  отырып,  бас  кейiпкер  бейнесiн  аша  бiлу  және  оқиға  мен 
кейiпкерлер  арасындағы  байланысты  қоршаған  орта,  әлеуметтiк  жағдаяттарда 
тани бiлу;  
– көркем шығарманың құрастырушы негiздерi ретiнде сюжет, композиция, 
тақырып, идея, көркем бейне, әдеби тип, әдеби мiнез ұғымдарының сол сияқты 
тiлдiң бейнелеу белгiлерiн түсiне бiлу; 
–  зерделенген  шығарма  немесе  соның  iшiндегi  кейiпкерлерi  бойынша  ой 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау