84
береді», - деп шығармашылыққа мән береді [111].
Жоғарғы сынып оқушыларының эпикалық шығарманы оқырмандық
қабылдау қабілеттерін дамытудың негізгі құралы - сыныптағы әдебиет
сабақтары болып табылады. Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы 10-11сыныптары үшін жасалған «Қазақ әдебиеті»
пәнінің типтік оқу бағдарламасының түсінік хатында пәнді оқытудың
міндеттері ретінде: «әдебиеттің ұлттық ерекшелігін, көркем шығармалардағы
әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің бейнеленуін, көркем туындының идеялық мазмұнын
ұғындыру, көркем шығарма арқылы оқушылардың санасына көркем сөз
құдіретін, эстетикалық, танымдық тәрбиені сіңіру, оқушылардың көркем
шығарма оқу әрекеттерін, образбен ойлау қабілеттерін өзіндік ізденіс
шығармаларымен жетілдіріп, олардың сөз өнерін рухани құндылық ретінде
қабылдауына мүмкіндік туғызу», - деп оқушыға әдеби шығарманы меңгертуде
ең алдымен оқушы бойындағы оқырмандық қабілетті дамыту негізгі
міндеттердің бірі екендігі айқын атап көрсетілген [112].
Мектеп оқушысының көркем шығарманы меңгеруі бағытындағы алғашқы
әрекеті оның жанрлық ерекшеліктерін танудан бастау алады. Бағдарлама
бойынша 10сыныпта оқытуға ұсынылған шығармалардың басым бөлігі
поэзиялық шығармалар болғандықтан, оныншы сынып оқушыларының
оқырмандық қабілеттерін дамытуда поэзиялық туындылар жетекші сипат алады
деген сөз. Осы сыныпта Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,
«Қалың елім қазағым қайран жұртым», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»,
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»,
«Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» өлеңдері және «Масғұт» дастаны және
бірінші, алтыншы, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырма бесінші, жиырма
тоғызыншы, отыз үшінші, отыз жетінші қара сөздері оқытуға ұсынылған.
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-
сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығында ҚР Білім және ғылым
министрлігі бекіткен /C. Қирабаев [және т.б.]. - өңд., толық. 3-бас. – Алматы:
Мектеп, 2014. – 296 бет. Абай шығармашылығын оқыту бойынша деңгейлік
тапсырмалар ұсынылған. Мысалы, міндетті деңгейде 8 сұрақ берілсе, мүмкіндік
деңгейде 10 сұрақ пен тапсырма беріледі. Абай шығармашылығын оқыту
бойынша зерттеу жұмысымызда осы сыныптың «Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесі» (авторлар Ұ.Асыл, Г.Құрманбай, С.Дүйсебаев, Б.Әрінова) және
мектепте әдебиетті оқытудың әдістемелік тәжірибесін, оқытудың жаңашыл
инновациялық технологияларын басшылыққа алуға тура келеді. Әдіскер
Қ.Бітібаева «Мектепте Абайды танытудың жаңашыл технологиясы» еңбегінде:
«Ақын лирикасы – оның найзағайдай жарқылдаған, кейде жібектей есілген
сезімінің көрінісі. Соны оқушы да, ұстаз да қабылдай білгенде, түйсіне білгенде
ғана берілетін білім нәтижелі болмақ. Бұдан шығатын қорытынды: поэзияны
оқытқанда оқушы эмоциясына, рефлексиясына, сезіміне әсер ету – еңбасты
мәселе болып табылады. Әдебиет сабағы – ой сабағы, ойлау сабағы, ойланту
сабағы. Ойлау– шәкірт тарапынан болатын әрекет, яғни олардың қабылдау,
түйсіну, көркем туындымен қауышуы, ал ойланту-ұстаз тарапынан болатын іс-
85
әрекет. Лирикалық шығармаларды оқытуда осы мәселелер алдыңғы кезекке
шығады» деп, оқушының лирикалық шығармаларды қабылдауына әсер ету
үшін олардың әдеби қабылдау қабілеттерін ояту, оны ұштау, тәрбиелеу
қажеттігін алға тартады. Әдіскер оқытушы мектепте лириканы оқытуда ең
алдымен оқушы сезіміне әсер ету керек деген пайымына қосыла отырып,
оқушы сезіміне қозғау салатын нақты лирикалық өлеңнің қай тұстары, қай
көркемдік бөлшегі екендігін анықтап алу қажеттілігі алдан шығады [113].
Қандай жанрдағы шығарманы болмасын алғаш рет оқыған кезде оқушы
ең алдымен ондағы бейнелі сөздерге яғни шығарма тіліндегі образдылыққа
назар аударады. Себебі, сөзбен салынған сурет оқушы көз алдына жанды бейне
суретшінің картинасы сияқты елестеп өтеді. З.Қабдолов бұл жөнінде: «... түп
төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр сөз өзара қатар түзеп, тіркес құрағанда,
бір түрлі бір қиял жетпес қызық айнаға айналып, оның бетіне ақиқат
шындықтың өзгеше айшық-өрнегі, сурет-сәулесі түсетін тәрізді. Образдылық
осылай пайда болады», - дейді [114]. Айталық, Абайдың «Жұрт көзінше
қарғаша шоқыма боқ, Білдірмей еппен жесең залалы жоқ» деген парақорлықты
шенеген, ащы иронияға құрылған өлең жолдарын оқып отырған оқушының көз
алдынан боқ шоқып отырған қарға елестеп, оқушының бойындағы адалдық,
адамгершілік, тазалық сияқты бұған дейін қалыптасқан ұғым-түсінігін
тереңдетіп, жамандық туралы түсінігімен тайталасқа түседі, жиіркеніш сезімін
оятады. Лирикадағы бейнелі сөздер оқушының оқшау тұрған сезімін «таныс та
бейтаныс» екінші бір сезім арнасына салады. Жалпы қай жастағы оқырманның
болмасын көпшілік жағдайларда лирикалық шығарманың ішіне кіретін «есігі»
өлең сөздің бойындағы бейнелі сөздер арқылы жүзеге асатынын педагогикалық
психология, оқыту әдістемесі саласын зерттеушілердің көпшілігі атап
көрсеткен. Лирикадағы бейнелі сөздер лириканың жан-жүрегі, лүпілдеп соққан
қан тамыры. Т.Айбергеновтің лирикалық геройы қызға деген сағынышын
жеткізерде «ұйықтай алмай жүрмін», «жиі дөңбекшимін», «көзімнен жас
құрғамады» деген қарабайыр сөздермен емес «Сағынған көздің моншағы,
Шашылып жатыр төсекте» деген бейнелі сөздермен білдіреді. Лирикадағы
мұндай бейнелі сөздер оқушы сезіміне тікелей әсер етіп, оның көз алдына сурет
әкеледі сол арқылы қиялына қанат бітіреді, ойына қозғау салады.
Біріншіден, оқырмандық қабілетті дамытуда лириканың бойындағы
бейнелі сөздерді (образдылық) өзге сөздерден ажырата білуді меңгеру
оқушының бойындағы сөзбен салынған суретті тани білу қабілетін дамыта
түседі. Прозалық шығармалардан 11 сыныпта Ж.Аймауытовтың «Ақбілек»
романы оқытуға ұсынылған. Пән бағдарламасында романды оқытуда
оқушыларға романның тақырыбы мен идеясын, қазақ жеріндегі ХХ ғасырдың
бас кезіндегі саяси-әлеуметтік жағдайды, Ақбілек бейнесінің ұлттық сипаты
және психологиялық күйзелісінің көркем жинақталу сипаттарын, жазушының
пейзаж бен портрет жасаудағы шеберлігін, тіл көркемдігі сияқты мәселелерді
меңгерту көзделген. Поэзиялық шығармалар мен прозалық шығармалардың
жанрлық ерекшеліктері оқушының оқырмандық қабілетін дамытуда елеулі
айырмашылықтарға ие. «Ақбілек» романын оқыту арқылы 11 сынып
Достарыңызбен бөлісу: |