Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет44/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77

92 
 
толғау,  пiкiрнама,  реферат,  сын  жаза  бiлуде  ана  тiлiндегi  көркем  бейнелi 
сөздердi дұрыс пайдалана алуға мүдделi бола бiлу; 
–  көркем  шығарма  мәтiнiне  әр  түрдегi  (жай,  күрделi,  сюжеттiк-
композициялық, мiнездемелiк-салыстырмалық) жоспарлар құра алу; 
–  салауатты  өмiр  салты  және  әлеуметтiк  қызметке  қатысты  дағдыларды 
меңгеру үшiн ұтқыр да шешен, әдеби көркем  сөйлей алу құзыреттiлiгi.  
Ал  бұл  нәтижелер  тiзбегi  әр  сыныпта  берiлетiн  бiлiмнiң  ауқымы  мен 
оқушы  дайындығына  қойылатын  талаптарға  сай  сыныптар  бойынша 
айқындалған.  Әдебиеттен  меңгерілетін  білім  мен  біліктер  арқылы  оқушының 
дүниетанымы қалыптасады, әлеуметтік   дағдылары жетіледі, ой-өрісі дамиды. 
Адамның саналы ғұмырында ой  мен сөздің, тіл мен мәдениеттің өзара бірлікте 
ұштастырылуы  әдебиеттің  пәндік    пәрменділігін    арттырып,  жеке  тұлғалық 
мақсаттардың  мемлекеттік  мүдделермен  сабақтастырылуына  мүмкіндік 
тудырадды, сол себепті де   әдебиет білім беру  жүйесінен жетекші пән ретінде 
орын  алады.  Ал  бұл  пәнде  әлемдiк  бiлiм  кеңiстiгiндегi  жаңа  бағыттарға  сай 
оқыту  пәннiң    мазмұндық  –  құрылымдық  жүйесiне,  оқытуда  қолданылатын 
озық технологиялардың ұтымды қолданылуына және сабақ  беретiн мұғалiмнiң 
шеберлiгiне де байланысты болады [117]. 
Ұлттық  мектептiң  жаңа  талаптарының  өзегiне  құзыреттiлiк,  бiлiктiлiк 
түрiндегi  оқушы  жетiстiгiнiң  салынуы  да  қазіргі    оқыту  үрдiсiнiң    еншісіне 
тиедi. Білім негіздерін меңгертуде «қабілеттілік» терминiнiң қолданылуы бiлiм 
мазмұнына,  оқыту  түрлерi  мен  әдiс-тәсiлдерiне    қызмет  ете  отырып,  бiлiм 
сапасының нәтижеге бағдарлануына ұласады. Жаңа білім жүйесінде білім беру 
нәтижелері ретіндегі құзыреттіліктерді ғалымдар жан-жақты талқылып,  алуан  
түрлі нәтижелік сипатына қарай функционалды сауаттылық, пәндік ,оқушының 
мәселені  шешу  және  өзіндік  менеджмент,  ақпараттық,  қарым-қатынас, 
оқырмандық,  аналитикалық,  мәдениеттанушылық,  құндылық-бағдарлық 
құзыреттіліктер сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Нәтижеге  бағытталған білім 
жүйесіндегі қабілеттілік – оқушының алған бiлiмi мен дағдыларын тәжiрибеде, 
күнделiктi  өмiрде  қандай  да  бiр  теориялық  әрi  практикалық  жаңалықтарды 
шешуде  қолдана  алу  қабiлеттiлiгi  болып  табылады.  Олай  болса,  әдебиеттi 
оқытуда оқушының алған бiлiм негiздерiн өзiнiң қажетiне жарата алуы пәннiң  
нәтижесiн  көрсетедi.  Әдеби  білім  мазмұны  әрбір  білім  алушының  пән 
стандартында  айқындалған  мынадай  түйінді  құзыреттіліктер  түріндегі  білім 
беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған: 
- проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі; 
- ақпараттық құзыреттілік; 
- коммуникативтік құзыреттілік. 
Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі: 
-  түрлі  жағдайларда  проблемаларды  анықтауға,  жауапты  шешім 
қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға; 
- өз
 
іс-әрекетіне мақсат қоя алуға, оны іске асыруға қажетті жағдайларды 
анықтауға,  оған  жету  үдерістерін  жоспарлы  түрде  ұйымдастыруға  (яғни, 
атқарылатын міндетке байланысты технологияларды әзірлеуге); 


93 
 
-  өзін-өзі  бағалауға  және  өзінің  іс-әрекеті  мен  оның  нәтижелеріне  баға 
беруге; 
-  түрлі  жағдайларда
 
өзі  үшін  қызмет  және  мінез-құлық  нормаларын 
таңдауына; 
- қойылған міндетке
 
сәйкес технологияларды таңдауына
 
мүмкіндік береді
Ақпараттық құзыреттілік: 
-  сыни  тұрғыдан  ұғынылған  ақпараттар  негізінде  саналы  шешім 
қабылдауға; 
-  өз  бетінше  мақсат  қоюға  және  оны  негіздеуге,  мақсатқа  жету  үшін 
танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға; 
- ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, 
сақтауға,  түрлендіруге  және  тасымалдауға,  оның  ішінде  қазіргі  заманғы 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; 
-  логикалық  операцияларды  (талдау,  жинақтау,  жалпылау,  құрылымдау, 
тікелей  және  жанама  дәлелдеу,  аналогия  бойынша  дәлелдеу,  моделдеу,  ойша 
эксперименттеу,  материалдарды  жүйелеу)  қолдана  отырып,  ақпараттарды 
өңдеуге; 
-  өзінің  оқу  қызметін  жоспарлау  және  жүзеге  асыру  үшін  ақпараттарды 
қолдануға мүмкіндік береді
Коммуникативтік құзыреттілік: 
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа 
тілдерде  ауызша  және  жазбаша  коммуникациялардың  түрлі  құралдарын 
қолдануға; 
-
 
коммуникативтік  міндеттерді  шешуге  сәйкес  келетін  стильдер  мен 
жанрларды таңдауға және қолдануға; 
- әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; 
-
 
нәтижелі  өзара  іс-әрекетті,  оның  ішінде  басқа  мәдениет  өкілдерімен, 
түрлі  көзқарас  және  әртүрлі  бағыттағы  адамдармен  сұхбат  жүргізе  отырып, 
шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға; 
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында 
қатынас (коммуникация) құруға
 
мүмкіндік береді. 
Білім  беру  деңгейінің  регламенттелген  осы  МЖБС-на  сәйкес  келетін 
түйінді  құзыреттіліктерді  меңгерудің  үш  деңгейі  көрсетіледі.  Оқушы  білім 
берудің  әр  деңгейін  аяқтау  кезеңінде  негізгі  құзыреттіліктерді  құрайтын 
берілген қызмет түрлерінің көрсетілген ең аз көлемін игеруі тиіс [118]. 
Қазақ  әдебиетін  жаңаша  оқыту  –  шынайы  ұлттық  патриотизмді 
қалыптастырып,  рухани  болмысымыз  бен  идеялық  мұратты  орнықтырудың 
бірден-бір  тұжырымы.  Пәнді  оқыту  барысында  шәкірттерге  білім  мазмұнын 
игертумен  қатар,  оларға  ұлттық  тәлім-тәрбиеге  негізделген  мәдени 
құндылықтарды, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік 
қорын  байыту,  әдеби  білімнің  жүйелілігі,  үздіксіздігі,  сабақтастығы,  білім 
мазмұнының  тарихилық  сипаты  мен  пәнаралық  байланыс
 
ұстанымдары 
басшылыққа алынуы тиіс [119]. 
Көркем  туындыны  шығармашылықпен  қабылдау  үшін  мектеп  оқушысы 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау