83
2
«ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІ»
ПӘНІН
ОҚЫТУ
ҮДЕРІСІНДЕ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ОҚЫРМАНДЫҚ
ҚАБІЛЕТІН
ДАМЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ
2.1 Жоғары сыныптарда эпикалық шығармаларды оқытудың
нормативтік құжаттар мен оқулықтарда әдістемелік негізделуі
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасындағы бағдарламалық мақсатта: «Жалпы
білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі
және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның
табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды
дамыту» - деп, еліміздің ертеңгі рухани тірегі болатын азаматтарды тәрбиелеу
ісінің мемлекетіміздің іргетасын нығайту мақсатындағы стратегиялық маңызы
зор екендігі айқын атап көрсетілген. Жалпы алғанда жеке адамды мемлекет
мүддесіне сай тұлға ретінде қалыптастыру ісі олардың отаншылдық сезімін
тәрбиелеу, әлемдік деңгейдегі сапалы біліммен қаруландыру арқылы ғана
жүзеге асады [110].
Қазіргі таңда білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты қалыптасқан
рухани жетілген, заманауи білімді толық меңгерген тұлға қалыптастырудағы
алдымен қолға алынатын мәселе мектеп жасындағы өскелең ұрпақтың адами
болмысын ішкі рухани әлемін қалыптастыру болып табылады. Аталған мәселе
мектепте әдебиет пәнін сапалы оқыту ісімен сабақтасып, пәндi оқытуға көп
мiндеттер жүктеледi. Себебi, ғылым мен технологияның iлгерлеуi, ақпарат
көздерiнiң молаюы, бiлiм беру жүйесiнiң жаңартылуы, мультимедиялық оқыту
түрлерінің көбеюі мектеп, ұстаз алдына көптеген жауапкершiлiк жүктейдi.
Әдебиет пәнiн оқыту мұғалiмнен жан-жақты жауапкершiлiктi, дайындықты
қажет етедi. Сабақты түрлендiрiп, әдiс-тәсiлдi үнемi жетiлдiрiп отыру-
оқушының үлгерiмiн, танымын жақсартып, қызығушылығын арттырады.
Оқушыға білім бере отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз
бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру қазiргi оқытудың басты талабы
болып табылады. Оқушының сыни тұрғыда ойлауын дамыту оның танымдық
белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға ықпал етеді.
Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса
ауқымды. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей,
сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру
оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек.
Мұғалім оқушының ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді
таңдап алуы қажет. Жүйелі жүргізілген сапалы оқыту барысында оқушылар
шығармашылық бағытта ізденіске түсіп, берілген тақырыптарға ойтолғау,
пікірнама, сыни мақала т.б. жаза білуге үйренеді. Ғалым К.С.Құрманбаева:
«Оқыту әдісін таңдау оқушының білім алу үрдісінің субъектісі мәртебесіне
негізделген құзыреттер қалыптастыру мақсатынан туындайды. Оқушының
оқудағы қызметі оған дербес шешім қабылдауға, таңдаулар жасауға мүмкіндік