Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет46/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77

96 
 
М.Булгаков, 
М.Цветаева 
шығармаларын, 
детектив, 
фантастикалық 
шығармалардысүйіп оқитындарын алға тартты.  Сол сияқты  әлем әдебиетінен 
Юкио  Мисима,  Ф.Саган,  Харуки  Мураками,  Андре  Моруа,  Пауло  Коэльо, 
Роберт Джордан  т.б сүйіп оқитындарын көрсетті. 
Әдебиетті  оқу  дегеніміз  –  бұл  кітап  мазмұнымен  танысу,  автордың 
кітаптағы  ойын  ұғыну.  Оқу  –  бұл  графикалық  белгілермен  берілген  басқа 
біреудің  ойын  меңгеру.  Оқушының  кітап  оқуға  деген  ынтасы  оның 
шығармашылық  қабілеттіліктеріне  де  байланысты  болады.  Кейбір  балада  
кітапқа  қызығушылық  өте  жоғары  болса,  екінші  біреуінде  бұл  қасиет  мүлдем 
көрінбеуі  де  мүмкін.  Кітап  оқудың  өзіндік  тәртібі  мен  талаптарын  ұстанған 
оқушыда    бірте-бірте  оқырмандық  мәдениет  қалыптасады,  сөйтіп  оның 
қабілеттіліктері  де  арта  түседі.  Дегенмен  кез  келген  адам,  әсіресе  
жасөспірімдер  кітап  оқуды  дұрыс  біле  бермейді,  оқу  мәдениеттілігінің 
элементтерімен  де  таныс  емес.  «Оқу  мәдениеттілігі»  ұғымына  әртүрлі 
анықтамалар берілген.  Н.Е.Добрынина оқу мәдениеттілігін:  «ол басылым көзі 
мен  ақпаратқа  айналдыруды  дәлелдеу  сферасымен  байланысты,  предфаза; 
мәтінмен  тікелеу  қарым-қатынасқа  түсетін  фазалар,  оларды  ұғыну  (қабылдау, 
түсіну)  мен  постфаза,  оқу  нәтижесімен  анықталатын  (тақырыпты  түсінумен, 
оқырман  қызығушылығын  жетілдірумен,  оқылған  шығарма  туралы  өз-ара 
пікірлесумен,  қабылданған  ақпаратты  өмірдің  әр  түрлі  саласында  пайдалану»  
деген  үш нәтиженің қосындысынан шыққан іс-әрекет түрі ретінде түсіндіреді   
[120].  
«Оқу  мәдениеттілігі  туралы»  кітабының  авторы  А.П.Примаковский 
оқырмандарға  кітаппен  жұмыс  істеудің  көп  шығын  шығармайтын,  бұл  күнде 
өзекті  болып  табылатын  қарапайым  шараларын,  әдіс-амалдарын  ұсынады. 
Өйткені  қарапайым  және  қолайлы  әдістер  жүзеге  асыру  барысында  бағалы  да 
дұрыс  нәтиже  береді.  Өз  кітабында  ол  оқу  мәдениеттілігіне  мынадай 
түсініктеме  береді  –  «бұл  техника  жетістіктерін  және  ой  еңбегі  гигиенасын 
есепке  ала  отырып,  оқу  және  кітап  мазмұнына,  оқу   мақсатына,  уақытына 
байланысты 
кітаппен 
жұмыс 
істеудің 
әртүрлі 
әдістерімен 
дұрыс 
ұйымдастырылған оқу. Одан әрі ол «оқу мәдениеттілігі мәтінді дұрыс түсінуге 
жоғары талап қойылуымен, оған қажетті анықтамалық әдебиеттерді (сөздіктер, 
энциклопедиялар,  көрсеткіштер  т.б.)  пайдалана  білумен  түсіндірілетіндігін» 
ескертеді.  Оқылғанды  түсінуде  –  оқырманның  үнемі  ана  тілін,  сондай-ақ  шет 
тілдерін  тереңдетуге  тырысуы,  өзінің  сөздік  қорын,  ойын  терминдермен 
байыту,  есімдер  мен  атаулардың  тарихына,  шығу  тегіне  үңілу  (ономастика), 
ұғымдар  мен  белгілердің  және  т.б.  шығу  эволюциясы   тәрізді  тіл  мәдениеті 
үлкен рөл атқарады [121]. 
Оқу  мәдениеттілігінің  ерекшелігі  оқылған  мәліметтерді  түсіну,олардың 
ішінен    ең  негізгісін,  маңыздысын  және  бағалысын  анықтап  алудан  көрінеді. 
Бұл  ретте  логиканы,  заңдарды  және  дұрыс  ойлау  формаларын  білу,  оларды 
практикада  пайдаланып,  ойлау  қабілетін  тәрбиелеуде  елеулі  көмек  көрсетеді 
Сонымен бірге, оқырманның неғұрлым тиімді және үнемді оқу үшін оқырманға 
кітаппен  жұмыс  істеудің  техникалық  дағдыларын  білу  қажет.  Мұндай 


97 
 
дағдыларға: іштей оқу, өте баяу оқымау, оқылғанды жоспарлай білу, үзінділер 
мен  ең  қажетті  мәліметтерді  жазып  алу,  мәтінді  конспектілеу  (аңдату  және 
рефераттау 
тәсілдерін), 
анықтамалықтар, 
энциклопедиялар, 
сөздіктер 
пайдалану жатады. Техникалық дағдылар оқырманға кітапты терең пысықтауға 
және  есінде  жақсы  сақтауға  көмектеседі.  Сондықтан  осындай  дағдылар 
қаншалықты көп меңгерілсе, адам соншалықты жылдам оқиды және оқығанын 
жақсы  түсініп  алады. Мұны  ғалым  Б.А.Әрінованың  «Көркем  шығарманы  оқу 
дегеніміз  –  кітаптың  мазмұнымен  танысу,  автордың  ойын  ұғыну, 
кейіпкерлермен  етене  жақындасу  және  өздігіңнен  ойлану,  жинақталған  ой-
пікірді  өзіңнің  қажетіңе  жарату,  әдебиеттік  оқу  арқылы  сабақ  алу»  деген 
ойымен  ұштастыруға болады [122].
 
 
Білім  сапасын  зерттеуге  бағытталған  PISA  (Оқушылардың  оқу 
жетістіктерін  бағалау  бағдарламасы)  және  PIRLS  (Мәтінді  оқу  және  түсіну 
сапасын  бағалау)  халықаралық  зерттеулерінің  маңызы  зор.  Әр  үш  жыл  сайын 
Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы жасаған Халықаралық PISA 
бағдарламасының  аясында  әлемнің  әртүрлі  елдерінде  білім  беру  сапасы 
зерттеледі.  Біздің  ел  PISA  зерттеуінің  үш  цикіліне  (2009,  2012  және  2015 
жылдар) қатысудан тәжірибесі бар.  
Еліміздің  халықаралық  PISA  зерттеуіне  қатысуы,  тұлғаның  өзін  –  өзі 
дамытуды максималды түрде іске асыруы және қоғамда өзіне лайықты орынға 
ие  болу  үшін  өздігінен  ізденуге,  талдау  жасауға,  құрылымдау  негізінде 
ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.  
PISA  зерттеуіндегі  оқу  сауаттылығы  –  оқушылардың  жазбаша  мәтіндерді 
ұғына  оқу  қабілеттілігі  және  оларға  рефлексия,  олардың  мазмұнын  өз 
мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның 
белсенді  өміріне  араласуы  үшін  дамытуы.  Оқу  сауаттылығын  тексеру  оқу 
техникасы  немесе  мәтіннің  мазмұнын  нақты  түсінуін  бағалау  емес,  оқу 
барысында  меңгерген  білімдері  мен дағдыларын өмірлік жағдайларда  қолдана 
білу  ептіліктерін  бағалауға,  оқушыларды  әлеуметтенуге  және  дербестеуге 
бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау. 
Оқу  сауаттылығын  бағалау  үш  өлшемге  негізделген:  мәтіндер,  сұрақтар 
және  жағдаяттар.  Мәтіндер  мен  тапсырмалардың  жіктемесіне  қарамастан,  оқу 
элементтері өзара тығыз байланыста болады. 
Оқу  сауаттылығын  бағалау  үшін  білім  алушыларға  берілген  мәтіндегі 
материалдарды  салыстыру,  автордың  ойын  аңғару,  жауапқа  дайындалу 
барысында  нақты  дәлелдемелер  табу  ұсынылады.  Мәтіндерінің  шынайылығы 
(өмірдегі мысалдар) PISA тестілерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің 
осы  бағыты  бойынша  тест  сұрақтары  ретінде  көркем  мәтіндер  қолданылады. 
Мәтін,  жағдай  және  сұрақ  –  оқу  сауаттылығын  бағалаудың  3  негізгі  өлшемі. 
Оқуға  арналған  материалдар  әртүрлі  форматта  көрсетілген,  атап  айтқанда, 
көркем  әдебиет  және  ғылыми  танымал  мәтіндер,  ресми  құжаттар,  қоғамдық 
маңызды  жағдайлар  туралы  мәлімет,  кестелер,  графиктер,  диаграммалар  мен 
карталар форматында беріледі.   


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау