Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет51/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77

106 
 
технологиясын баяндайды: өзара сұрау, сынып ұжымы білімін оқушы тексеруі, 
кеңесшілер  қателіктерді  анықтайды  т.б.  Ол  үшін  оқушы  әрекеттендіретін 
тапсырмалар дұрыс құрастырылуы қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 4 – Оқушылардың оқырмандық қабілеті мен шығармашылық 
қызығушылықтарының даму іс-әрекеттік нәтижесі 
 
Тапсырма  –  танымдық,  ізденушілік  және  шығармашылық    әрекеттердің  
бастамасы.    Ол   ойдың оянуына, пайда  болуына  түрткі болады.   Алайда,    біз  
көп  жағдайда  оқушыларға  тек  репродуктивтік  тапсырмалар  берумен 
шектелеміз. Ал ондай тапсырмалар оқушының ойлау әрекетін дамытпайды, тек 
бір    сұрақ  төңірегіндегі  жауаптарға  ғана    бағыттайды.  Тапсырмалардың  аз 
пайызы ғана оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін 
Әдеби көркем шығарманы  
таңдай білу, оқырмандық 
қызығушылық таныту 
 
Танымдық қабілет, интеллект 
Кітап  оқу әрекеттері 
Оқырмандық 
құзыреттіліктер 
Мен – 
тұжырымдама
сы 
Ынталану 
Іздену 
 
Күтілетін нәтиже 
Көркемдік 
әдебиетті 
қабылдауы 
Оқырмандық  қабілеттің   
дамуы 
Оқушының өзін-өзі 
бағалауы 
 
Оқырмандық жетістіктері  
Оқырмандық мәдениет 


107 
 
дамытуды  көздейді.  Оқу  үдерісін  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін 
дамытуға  бағыттау  арқылы  мәселені,  сұрақты  жаңа  қырынан  көре  білуге, 
қарастыра білуге, шешімнің әр түрлі нұсқаларын таба білуге, себеп-салдарлық 
байланысты  айқындай  білуге,  тұжырым  жасай  және  оны  іс-жүзінде  тексере 
білуге,  алынған  білімді  тәжірибеде  қолдана  білуге  үйретуге  болады.  Мұғалім 
әрбір  оқушының  даралық,  өзіндік  қасиеттеріне,  жетістіктеріне    көңіл  бөлуі  
тиіс. Эпикалық шығармаларды оқыта отырып, оқырмандық қабілетті дамытуда 
ізденушілік пен кітап таңдай білу де маңызды, өйткені оқушы таңдаған кітабын 
оқу  арқылы  ғана  өзінің  оқырмандық  қабілетін  ұштайды  және  оның  
оқырмандық мәдениеті де қалыптасады.  
Құзыреттіліктер 
түріндегі 
тапсырмалар 
көмегімен 
оқушының  
шығармашылық,  оқырмандық  қабілетін,  өзіндік  жұмысын,  өнімді  іс-
әрекеттерін    және    оқырмандық  мәдениетін  қалыптастыруға  болады.  Кітап 
оқуға    деген    қызығушылықты  дұрыс  ұйымдастырылған  өзіндік  жұмыс  әдеби 
білімді  тереңдетуге,  толықтыруға,  дағды  мен  іскерлігін  қалыптастыруға, 
танымдық  әрекетті,  қызығушылықты  туғызуға,  оқу  қабілеттерінің  дамуына, 
шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.  
Мектеп  оқушысының  әдеби  шығарманы  қабылдауына,  әдеби  білімін 
тереңдетуіне  құрылған  сабақтардың  да  өзіндік  жүйесі  қалыптасқан.  Олар  әр 
сабақтың  мақсат-міндеттеріне  сай  кіріспе  сабақ,  әдеби  шығарманы  талдау 
сабақтары, қорытынды сабақ болып жіктеледі. 
Мұғалім  кіріспе  сабақта  жаңадан  таныстырылғалы  отырған  ақын-
жазушының  өмірі  мен  шығармашылығы,  шығарманың  тақырыбы  мен  идеясы, 
тарихи-әлеуметтік  сипаты  жөнінде  қысқаша  мәлімет  береді.  Онда  ол  көмекші 
сұрақтар  қоя  отырып,оқушылардың  жаңа  шығармаға  деген  қызығушылығын 
оятуды, ықыласын аударуды мақсат тұтады. Сонымен бірге мұғалімнің алдағы 
шығарманы талдау сабақтарында қандай бағыт-бағдар ұстауы қажеттігі, қандай 
әдіс-тәсілдер  қолданғанда  тіиімді  нәтиже  беретіндігі  оқушылардың  кіріспе 
сабақ  үстінде  қай  деңгейде  шығармашылық  белсенділік  танытқандығына, 
қандай  психологиялық  көңіл  күйде  болғандығына,  яғни  олардың  алғашқы 
қабылдауының  дәрежесіне  тікелей  байланысты.  Осы  тұрғыдағы  оқырман-
шәкірттің  шығарманы  талдауға  дейінгі  алғашқы  қабылдауының  белгілері 
мұғалімге шығарманы талдаудың негізгі бағытын, нақты механизмін айқындап 
алуына,  туындыны  түсінудің  жас  ерекшелігіне  сай  болуын,  психологиялық 
дербес  сипаттарын  анықтауына  мүмкіндік  береді.  Кіріспе  сабақта 
оқушылардың  алғашқы  қабылдауының  осы  ерекшеліктерін,  психологиялық 
қажеттіліктерін,  беталыс  ыңғайын  айқындап  алмай,  шығарманы  талдау 
сабағының әдеби-әдістемелік жоспарын жасау мүмкін емес.  
Қазақ  әдебиеті  пәнінің  оқу  бағдарламасына  ең  алдымен  классикалық 
шығармалар, 
халыққа 
танымал 
қаламгерлердің 
үздік 
туындылары 
енгізілгендіктен 
бұл 
ақын-жазушылардың 
әрқайсысы 
жұртшылыққа 
шығармашылық  тұлға,  шығармалары  –  шығармашылық  құбылыс  ретінде 
қабылданады.  Нақты  шығарманы  оқытудың  әдеби-әдістемелік  жоспарын 
жасаудың  бір  тірегі  –  мұғалімнің  ғылыми,  көркемдік  танымының  кеңдігі, 


108 
 
шығармашылық  қабілет-дарыны  болса,  екінші  тірегі  –  жоғарғы  сынып 
оқушыларының  әдеби  білімі  мен  ғылыми  ойлау  дәрежесі  арқылы  көрінетін 
шығармашылық  белсенділігі.  Өйткені,  кез  келген  шығарманы  оқытудың 
тиімділігін  арттыру  жолындағы  әрбір  әрекет  оқушының  білім,  білік,  түсінік 
дәрежесіне сәйкес жүргізіледі.  
Әдебиет пәні мұғалімінің кіріспе сабақтан алатын мәліметтерінің алдағы 
талдау  сабақтарына  бағыт-бағдар  беретіндігін  профессор  Н.Д.Молдавская 
ерекше көңіл аударады. «Әдебиеттің әдістемесі, – дейді ол, – осы мәліметтерді 
жетекшілікке  ала  отырып,  көркем  шығарманы  талдаудың  белгіленген  мектеп 
жасына сай келетін әдістері мен тәсілдерін ойластырады» [71, 224 б]. 
Белгілі  бір  шығарманы  оқытудың  әдеби-әдістемелік  жоспарының 
тұжырымдамалық  және  бағдарламалық  сипаты  шығарманы  талдау  үдерісінде 
көркем  туындыны  образдар  жүйесіне,  түрліше  эпизодтарға,  арқилы  көркемдік 
бөлшектерге  бөлумен  әуестеніп,  сонымен  оны  жинақтай  алмаушылыққа 
ұрынудан  сақтандырады,  талдау  барысында  бағыт-бағдардан  ауытқымай, 
тұтастықтың сақталуына жағдай жасалады. 
Әдіскер  ғалымдар  көркем  шығарманы  қоғамдық-әлеуметтік,  тарихилық, 
философиялық,  көркемдік  ерекшеліктері,  дәстүрлі  сабақтастық  тұрғысында 
қарастырған  жағдайда  ғана  шығарма  турасында  ғылыми  ойлау  дағдыларын 
қалыптастыруға, сонымен бірге, көркем туындыны бар қасиет құнарымен бойға 
сіңіруге,  оқырмандық  қабылдауды  тереңдетуге  болатындығын  айтады. 
Бұләрине,  көркемдік  таным-түсінігі  мол,  белгілі  дәрежеде  оқырмандық 
тәжірибесі дамыған ересек оқырмандарға арналған жағдай. Соған байланысты 
көркем шығарманың ішкі, сыртқы табиғатын терең таныту, жан-жақты талдау, 
баға  беру  мақсатын  көздейтін  мұндай  ауқымды  үлгіні  мектепте  әдебиет  пәнін 
оқыту  ісіне  еш  өзгеріссіз,  осы  қалпында  қабылдай  салу  мүмкін  емес.  Сабақта 
оқушылардың  жас  ерекшелігін,  өмірлік,  оқырмандық  тәжірибесін,  жекелік 
қасиеттерін  бірінші  кезекте  игеруді  міндеттейтін  оқыту  әдістемесі  өтілетін 
шығарманың әдеби-әдістемелік жоспарын жасауда шәкірттерге берілетін білім 
көлемінің оқушының қабылдау мүмкіндігіне сәйкес болуына мән береді. 
Белгілі  бір  шығарманы  сыныпта  өтпей  тұрып-ақ,  мұғалім  оқушылардың 
алдын-ала  таныса  беруі  үшін  тапсырма  бергенмен  де,  жоғарғы  сынып 
оқушылары  өмірлік,  оқырмандық  тәжірибелерінің  шектеулілігіне,  образды 
ойлау  қабілеттерінің  әлі  де  қалыптасу  үстінде  екендігіне  байланысты  олар  өз 
бетімен оқып шыққан туындыны толық түсінуіне шамасы жетпейді. Сондықтан 
да  шығарма  кейіпкерлеріне  өзіндік  дүниетанымы,  өмірлік  ұстанымдары 
деңгейінде  қарау  арқылы  назар  аударылады.  Сол  үшін  бағдарламалық 
шығарманы  сыныпта  өтпей  тұрп-ақ,  оқушыларға  алдын-ала  өз  бетімен  оқып 
келу  тапсырылады.  Кіріспе  сабақта  мұғалім  оқушылардың  шығарманы 
қаншалықты  дәрежеде  түсінгендігін,  қабылдау  деңгейін,  оқушының  шығарма 
арасындағы  жаңадан  пайда  болған  рухани  атмосфераны  анықтау  арқылы  сол 
шығарманы  оқып-үйренудің  әдеби-әдістемелік  жоспарын  жасау  мақсатын 
көздеп,  әр  шығарманың  өзіндік  ерекшеліктеріне  сай,  шамамен  төмендегіше 
сұрақтар қоюы мүмкін:  


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау