Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет45/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77

94 
 
өз  бойында  біріншіден,  көркем  шығармадағы  бейнелі  тілдік  оралымдардың 
қызметін  тани алу және қабылдай білу дағдыларын қалыптастыруы; екіншіден, 
оқушы көркем шығармасы арқылы жазушы жасаған өмір картинасын қиялмен 
көз  алдына  елестете  білу  дағдыларын  меңгеруі;  үшіншіден,  әртүрлі  жанрдағы 
шығармалардағы  себептік  және  салдарлық    мәселелердің  даму  логикасын, 
әдеби  персонаждардың  қызметін,  жазушы  қиялымен  жасалған  көркемдік 
бітімнің түпкі тамырларына бойлауы; төртіншіден, көркем шығарманың идеясы 
мен  ондағы авторлық позицияны көре білуі шешуші рөл атқарады. 
 
2.2  Эпикалық  шығармаларды  оқытуда  оқырмандық  қабілетті 
дамытудың әдістемелік жолдары   
Жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  оқытудың  өзіндік  ерекшеліктері 
сабақтың  сан  алуан    түрлері  барлығымен  сипатталады.  Олар  дәстүрлі  және 
дәстүрлі  емес  сипатына  қарай  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Алайда,  сабақтың  бір 
жүйемен реттелген түрлері әлі де нақты  айқындалған жоқ.  
Оқытуды  зерттейтін  мамандар  қай  пәнді  болмасын    оқыту  сабақ    дұрыс 
ұйымдастырылғанда  ғана  межесіне  жететінін  жақсы  біледі.  Сондықтан  әр 
мұғалім  сабақтың  нәтижесін  көрсететін  әдіс  –  тәсілдерді,  оқыту  әдістемесін  
таңдайды. Оқыту әдістемесі деп оқушыларға білім беруде олардың  танымын 
арттыру,  тұлғалық  қабілеттерін  дамыту  білімді  қабылдауды  үйренуге 
дағдыландыру  мақсатында    мұғалімдердің  қолданатын  әдіс-тәсілдері  мен  
оқыту  құралдарының  жиынтығын  айтады.  Зерттеу  жұмысы  барысында 
эксперимент  үш  кезеңнен  тұрды.  Біріншісі:  анықтау  кезеңі,  екіншісі:  оқыту 
кезеңі,  үшіншісі:  қорытынды  кезеңі.  Осында  анықтау  кезеңінде  оқушылардың 
эпикалық  шығармалар  жайында  мағлұматы  және  оған  деген  қызығушылығын 
анықтау  мақсатында  оқушылардан  сауалнама  алынып,  сарапталды.  Кейін 
оқушылардың  білімін  анықтау  мақсатында  әдеби  сұрақтар  қойылды.  Мұнда 
сыныпқа қойылатын сауалнамалық сұрақтардың бір түрі мынадай болды: 
Оқырмандық  қабілетті  дамытудың  жолдарын  анықтау  үшін 
сауалнамалар жүргізілді: 
1.  Оқулықтағы    эпикалық  шығармалардың  толық  нұсқасын  оқыдыңыз  
ба?  
2. Сыныптан тыс оқуға ұсынылған кітаптардың барлығын  оқыдыңыз ба? 
3. Кітап таңдауда тақырыбына немесе авторының атына қызығасыз  ба?  
4. Кітапханадан кітапты қалай таңдап аласыз? 
5. Өз кітапханаңда қанша және қандай  кітаптар  бар? 
6. Жақсы көретін, есіңде қалған кейіпкерлерің бар ма? 
7. Олар саған қандай іс-әрекеттерімен, мінез-құлқымен ұнады? 
8. Кітап оқығанды қаншалықты ұнатасың? 
9. Соңғы рет кімге кітап сыйладыңыз? Кітапты сыйға берген дұрыс па? 
10. Егер туған күніңізге кітап сыйласа қандай көңіл күйде болар едіңіз? 
11. Кітаптың мәтінін түсіну үшін не қажет деп ойлайсыз? 
12. Кітапты қайда: кітапханада, үйде, интернеттен оқыған ұнайды? 
13. Сіз үшін кітаптың авторы маңызды ма? 


95 
 
14. Кітап оқып шаршағанда, қандай жаттығу жасауды ұсынасыз? 
15. Кітаптағы кейіпкерлер сіз үшін маңызды рөл атқарады ма? 
16. Сізді қай елдің, қандай  кітаптары қызықтырады?  
Сауалнама  сұрақтарына  берілген  жауаптардан  жоғары  сынып 
оқушыларының  көркем    шығармаларды    өз  бетінше  оқу  дағдыларының 
қалыптасқандығы,  оқырмандық  қабілет  пен  талғамдарының  бар  екендігі 
анықталды. Сонымен қатар сауалнама жауаптарына сүйенетін болсақ,   жоғары 
сынып  оқушыларының    қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  жайында  жазылған 
шығармалар  мен  тұрмыс-салт  жырларын  қызыға  оқитынын  байқадық.  Қазақ 
халқының тарихы, қол бастаған батырлары, ел бастаған хандары, сөз бастаған 
шешендері жайы қызықтыратыны байқалды.Мысалы, олар қоғам өмірін, тарих 
асуларын,  табиғат  көріністерін,  еңбек  рахатын,  сезім  тазалығын  көрсететін 
жанды  образды,  тартымды  сюжет,  шұрайлы  тілмен  жазылған  әдебиеттерді 
ұнатады.  Олар  өз  халқының,  елінің  бақыты  үшін  күрескен  ерлер,  әнші-күйші 
композиторлар,  өнер  адамдары  жайында  жазылғандарға  қызығады.  Сондай-ақ 
экология,  табиғат  мәселелері  толғантады,  қайта  оралған  есімдер  тағдыры 
(Шәкәрім,  Мағжан,  Жүсіпбек,  Ахмет,  Міржақып  т.б.)  да  олардың  назарын 
аударады. 
Дегенмен, 
қазіргі 
мектеп 
оқушыларының 
басым 
көпшілігінің 
классикалық  туындыларды  мектеп  бағдарламасында  болғандықтан    өзбетінше 
көп  оқи  қоймайтындары  анықталды.  Оқып  жүрген  эпикалық  шығармалары 
қатарында  оқушылар  Ғ.Мүсіреповтың  «Ұлпан»,  Ә.Нұрпейісовтің  «Соңғы 
парыз»,  З.Қабдоловтың  «Менің  Әуезовім»,  Ш.Мұртазаның  «Ай  мен  Айша», 
М.Мағауиннің  «Мен»,  Ә.Таразидің  «Жаза»,  «Қара  жұлдызға  сапар», 
Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Б.Мұқайдың «Өмірзая», К.Сегізбайдың «Беласқан», 
Б.Нұржекеұлының  «Әйелдің  жолы  жіңішке»,  С.Жүнісовтің  «Аманай  мен 
Заманай», 
М.Шаханов, 
Ш.Айтматовтың 
«Құз 
басындағы 
аңшының 
зары»,Д.Исабековтің 
«Ай-Петри 
ақиқаты», 
А.Алтайдың 
«Алтай 
новелласы»,Т.Нұрмағамбетовтің  «Айқай»,  Ж.Шаштайұлының  «Жаңғырық», 
Д.Амантайдың  «Гүлдер  мен  кітаптар»,  «Мен  сізді  сағынып  жүрмін»  атты 
романдары,  А.Кемелбайдың  «Қоңыр  қаз»,  Т.Шапайдың  «Айна  сарай»  атты 
әңгіме-повестерін атады.  
Көптеген  оқушылардың  поэзия  жанрын  сүйіп  оқитындары  олардың 
Абайдан  бастап,  қазіргі  ақындардың  өлеңдерін  оқып  қана  қоймай,  сол  сияқты 
оларды 
жаттап 
алып, 
өз 
өмірлеріндегі 
әрқилы 
жағдайлармен 
байланыстыратындарын  көрсетті.  Бұл  кездейсоқ  емес,  өйткені  жоғары  сынып, 
яғни  біздің  зерттеуіміздің  нысаны  10-11  сынып  оқушыларының  жас 
ерекшеліктеріне  саятын  болсақ,  олар  бұл  шақта  жақсы  көру,  махаббат,  
сүйіспеншілікті  басынан  өткеру  сияқты  жағдайлармен  ұшырасады.  Сүйіп 
оқитын  ақындары  ретінде  М.Мақатаев,  Қ.Мырза-Әли,  Ф.Оңғарсынова, 
К.Салықов,  М.Шаханов,  Иран-Ғайып,  К.Ахметова,  Н.Оразалин,  Е.Раушанов, 
Б.Үсенов, А.Елгезек т.б. аталды.  
Сонымен  қатар  олардың  әлемдік    әдебиетке  қызығушылықтарының 
басым екендігі байқалды. Сауалнамаға қатысқан оқушылар  қазақ әдебиетінен 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау