37
сыныптардың игі нәтижеге жетуі барысында төмендегіше талаптарды ескеруді
ұсынады. Олар:
а) әдебиеттен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар қазіргі кездегі өмір
талабымен тығыз байланыста болуы қажет;
ә) сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастырылуы мектептің
оқу-тәрбие жоспарының міндеттеріне
сәйкес болуы керек;
б) сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың өткізілетін уақыты, күні,
орны нақты белгіленіп отырғаны дұрыс; оқушыны шаршатпайтын,
жалықтырмайтын жақтарын ескеру керек;
в) әдебиеттен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар оқушының жас
ерекшелігіне, білім деңгейіне сай болуы керек.
Сонымен қатар ғалым әдебиетке байланысты жүргізілетін сыныптан тыс
жұмыстардың ең бір өзекті саласы – сыныптан тыс оқуда әдеби білім аясы
толықтырылатынын, ол шәкірттердің әдеби талғамын ұшқырлай түсетінін, тілін
байытып,
білімін
кеңейтетінін,
мұнда
ең
бастысы
кітап
оқуға
қызығушылықтары оянатынын алға тартады. Бүгінгі күнге дейін қазақ әдебиеті
оқу бағдарламаларында орта мектептегі әдебиет пәні бойынша сыныптан тыс
оқу ауқымының үш түрі көрсетіліп келеді:
1. Міндетті оқуға және
талдауға ұсынылатын шығармалар;
2. Өздігінен оқуға және сыныпта пікір алысуға
арналған шығармалар;
3. Сыныптан тыс ерікті оқуға арналған әдеби туындылар.
Жалпы алғанда оқудың осы үш түрінің де құқығы бір-бірімен деңгейлес,
шамалас. Олар нақтылы жағдайға сәйкес бірінің орнын бірі алмастыра да
алады. Қазіргі кезеңде оқушының өздігінен көркем шығарма оқуға ықыласы
азайып бара жатқаны мұғалімдер қауымын алаңдатуда. Оқушыға жан-жақты
күнделікті нөпір болып тасқындап құйылып жатқан ақпараттар ағымы аз емес.
Оқушының біраз бөлігі соны қанағат тұтып, құлағы естіп, көзі көріп, қалған
ағымдағы ақпаратпен, теледидар экранынан, интернеттен алған біліммен
қанағаттанып жүре береді. Мұндайда оқушының кітап оқуын өмірлік
қажеттілігіне айналдыру, оған зәрушілік туғызу өте күрделі проблема болып
табылады [75,165 б].
Сондықтан пән мұғалімі мектеп шәкірттерінің ой-санасын, дүниеге
көзқарасын, өмірге құштарлық сезімін қалыптастырып, білімді де мәдениетті
оқырман тәрбиелеуде сыныптан тыс оқуды өз дәрежесінде дұрыс
ұйымдастырып, оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалана білудің оңтайлы
жолдарын іздестіріп отыруы қажет. Себебі, сыныптан тыс оқу дегеніміз:
а) ең алдымен оқушылар әдебиет сабағынан алатын білім қорын
молайтып, дүниетану қабілетін арттырады;
ә) оқыған шығармаларын жан-жақты терең талдай білуге, оның
қайталанбас
әсемдігін сезініп, қабылдай білуге үйретеді;
б) өмірге үңіле қарап, адамның мінез-құлығы, іс-әрекеті мен қоғамдық
құбылыстарды бағалай білуге, олардың өзара қарым-қатынастарының сырын
аша
білуге баулиды;
в) баланың танымдық қабілеттерін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің және